Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
перевод на 91116.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆

Ұңғыма ұғымы. Ұңғыма мақсаттылығы

Бұрғылау – тау жыныстарын бұзу арқылы ұңғыма салу процесі. Адамдарға қолжетімсіз, биіктігі диаметрінен бірнеше есе үлкен болатын дөңгелек қималы тау құрылысы ұңғыма деп аталады.

Ұңғыма жоғарғы бөлігі - сағасы, ал асты - кенжар, бүйір беті – қабырғасы, қабырғамен шектелген кеңістік – ұңғыма оқпаны деп аталады. Ұңғыма ұзындығы – оқпан осі бойынша ұңғыма сағасынан кенжарына дейінгі қашықтық, ал тереңдігі – ұзындықтың вертикаль оське түсірілген проекциясы. Ұңғыма ұзындығы мен тереңдігі тек вертикаль ұңғымалар үшін ғана сан жағынан тең. Бірақ, олар көлбеу әрі қисайған ұңғымалар үшін сәйкес келмейді.

Ұңғыма құрылысының элементтері 1-суретте келтірілді: 1. I ұңғыманың бастапқы аймағын бағыттау деп атайды. Ұңғыма сағасы жыныстардың оңай шайылатын аймағында жатқандықтан, оны нығайту қажет. Осыған байланысты бағытты былайша жүргізеді. Алдымен шурфті-құдықты тұрақты тау жыныстары тереңдігіне дейін бұрғылайды (4...8). Содан соң, оған қажетті ұзындық пен диаметрлі тріба орнатады, ал шурф қабырғасы мен құбыр арасындағы кеңістікті шойтаспен толтырып, цементті ерітіндімен 2 құйып тастайды.

1-сурет. Ұңғыма құрылысы:

1 – қаптама құбыр; 2 – Цементті тас; 3 – қабат;

4 – қаптама құбыр мен цементті тастағы бұрғылау;

I – бағыттау; II – кондуктор; III – аралық бағана;

IV – пайдалану бағанасы.

Ұңғыманың төменгі бөліктері – цилиндрлі. Бағыттаудан соң бірден тереңдігі 50-400 метр, диаметрі 900 мм-ге дейінгі телім бұрғыланады. Бұл ұңғыма телімін II кондуктор деп атайтын қаптама (болат трубадан тұратын) құбырмен 1 бекітіледі.

Кондуктор құбыры сыртындағы кеңістік цементтеледі. Кондуктор көмегімен бұрғылау процесін қиындататын орнықсыз, жұмсақ және сызатты жыныстарды оқшаулайды.

Кондукторды орнатқан соң, күрделі деңгейжиектерден өтуге, бұл ұңғымаға пайдаланылмайтын өнімді қабаттарды жабу қажеттілігіне байланысты ұңғыманы жобада көрсетілген тереңдікке дейін бұрғылауға мүмкіндік болмайды. Мұндай жағдайларда аралық деп аталатын тағы бір III бағана орнаталып, цементтеледі. Егер өнімді қабатты өте терең орналастырса, онда аралық бағаналар саны бірден көп болуы да мүмкін.

Ұңғыманың соңғы IV телімін пайдалану бағанасымен бекітеді. Ол мұнай мен газды ұңғыманың кенжарынан сағасына көтеруге немесе қысымды сақтап тұру үшін өнімді қабатқа су (газ) айдауға арналған. Мұнай мен газ жоғары қабаттарға, ал судың өнімді қабатқа ағуын болдырмас үшін эксплуатациялық бағана қабырғасы мен ұңғыма қабырғасы арасындағы кеңістікті цемент ерітіндісімен толтырады.

Қабаттардан мұнай мен газ алу үшін ашу мен ұңғыма кенжарын жабдықтаудың түрлі әдістері қолданылады. Көп жағдайда өнімді қабатта орналасқан эксплуатациялық бағананың төмен жағындағы қаптама құбыр мен цементті қабық қабырғаларына бірнеше ойық жасайды.

Тұрақты жыныстарда ұңғыманың кенжар жағындағы аймақты түрлі фильтрмен жабдықтайды және цементтемейді немесе қаптама бағананы өнімді қабаттың бетіне дейін жібереді, ал оны бұрғылау мен тасымалдауын ұңғыма оқпанына бекітпей жүргізеді.

Ұңғыма сағасы оның қызметіне тәуелсіз арматурамен жабдықталады (бағана бастиегі, тиек, крестовина, т.б).

Мұнай және газ кен орындарын іздеу, барлау және өңдеуде тірек, параметрлі, құрылымдық, іздеу-барлау, эксплуатациялық, айдағыш, бақылау және басқа да ұңғымалар бұрғыланады.

Тіреу ұңғымалары бұрын бұрғылаумен зерттелмеген аймақтарда орнатылады, оларды құраушы жыныстардың құрамы мен жасын анықтауға қызмет етеді.

Параметрлі ұңғымалар бұрын зерттелген аймақтарда олардың геологиялық құрылысы мен мұнай-газды мүмкіндіктерін анықтау үшін орнатылады.

Құрылымдық ұңғымалар перспективті аймақтарды ашу мен оларды іздеу-барлау бұрғылауына даярлау үшін бұрғыланады.

Іздеу ұңғымалары мұнай мен газдың өнеркәсіптік қойнауларын ашу үшін бұрғыланады.

Барлау ұңғымалары мұнайлы-газды өнеркәсіптік аймақта қойнаулардың өлшемі мен құрылысын анықтау, мұнай мен газ қорының бастапқы ақпараттарын алу, сонымен бірге оны өңдеуді жобалау үшін бұрғыланады.

Эксплуатациялық ұңғымалар қойнауды өңдеу сызбасына сәйкес орнатылады, мұнай мен газды жер қойнауынан алуға қызмет етеді.

Айдау ұңғымалары пайдаланатын қабатқа түрлі агенттермен (су, газ айдау) әсер ету үшін қолданылады.

Бақылау ұңғымалары қойнауларды өңдеуді (қысымның өзгеруі, мумұнайлы және газмұнайлы байланысты анықтау) бақылау үшін бұрғыланады.

Бұдан бөлек мұнай және газ кен орындарын іздеуде, барлауда және өңдеуде карталаушы, сейсмобарлау, басқа да арнайы ұңғымалар бұрғыланады.