- •2. Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
- •3. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы
- •"Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасы бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- •Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
- •2. Біржолғы материалдық көмек
- •4. Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға, облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге материалдық көмек
- •5. «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек
- •Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы
- •Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары
- •Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері
- •Балалар бөбекжайында, балабақшаларда және мектепке дейінгі санаторий ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыру нормалары (бір балаға күніне граммен)
- •Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын және білім алатын балаларды жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
- •Дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында, оның ішінде республикалық әскери мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыру нормалары
- •Сәбилер үйлеріндегі балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
- •Сәбилер үйлеріндегі балаларды тамақтандыру нормалары
- •Республикалық әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
- •Республикалық әскери мектеп-интернаттардың мұқтажына арналған жуғыш, тазалағыш заттардың және шаруашылық материалдардың нормалары
- •Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
- •Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмек көрсету қағидалары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Әлеуметтік мәні бар аурулардан зардап шегетін азаматтарға ұсынылатын медициналық-әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі
Әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі Нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16-бабына сәйкес әзірленді және 007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасына сәйкес Семей қаласының аумағында тұратын, тұруға ықтиярхаты бар адамдарға әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу мәселелері жөніндегі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңдылықтың қолданылуын нақтылайды. 2. Әлеуметтік көмек: 1) біржолғы материалдық көмек; 2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен наградталған немесе «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға материалдық көмек; 3) төрт және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын баласы бар отбасыларына материалдық көмек; 4) Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға материалдық көмек; 5) облыстық маңыздағы дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлерге; 6) «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы бар азаматтарға материалдық көмек ұсыну жолымен көрсетіледі. 7) қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы көлікпен тегін тасымалдау бойынша әлеуметтік көмектің қосымша түрі. 3. Әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешімді азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайды. Әлеуметтік көмек мөлшері қарастырылған бюджет қаражаты шегінде белгіленеді. Мүгедектерді көліктік тасымалдау олардың сұраныстарына сәйкес іске асады. 4. Әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – Бөлім) жүргізеді. 5. Өтініш иесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес ұсынылатын мәліметтердің толық жауапкершілікпен шынайылығына жауап береді. 6. Әлеуметтік көмек төлемі екінші деңгейдегі банктер және «Қазпошта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүргізіледі. 6-1. Уәкілетті орган қызметтерді сатып алуды қозғалу-тірек фунцияларына зақым келген бірінші, екінші топ мүгедектерін, мүгедек балаларды, сондай-ақ оларды жетектеп жүретін тұлғаларды, тегін тасымалдау бойынша мемлекеттік сатып алулар туралы Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүргізеді.
2. Біржолғы материалдық көмек
7. Біржолғы әлеуметтік көмекке (бұдан әрі – Көмек) отбасының табысы мен құрамының ескерілуімен азаматтардың мына санаттары: 1) жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен аса мұқтаж, аз қамтылған зейнеткерлер, мүгедектер, жұмыссыздар, қарауында кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар және басқа санаттағылар; 2) жан басына шаққандағы табысы жоғары емес шұғыл хирургия операциясы жасалған, онкология ауруларымен ауыратын (арнайы белсенді ем, химиялық сәуле және гормоналды терапия қабылдаушы) және аурулардың басқа да ауыр түрімен ауыратын адамдар құқылы. 8. Төлем жүргізу үшін (7 тармақ) мынадай: өтініш; жеке басын куәландыратын құжат; салық төлеушінің тіркеу нөмірі, әлеуметтік жеке код нөмірі; отбасының жиынтық табысын растайтын құжаттар; адрес бюросының анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы және материалдық көмекке мұқтаждығын растайтын басқа құжаттар қажет. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады. 9. Әр өтініш берушіге әлеуметтік карта толтырылады. 10. Табысының және отбасы құрамының ескеруінсіз мына санаттағы: 1) өрт, табиғи апат, оқыс оқиға, төтенше жағдай салдарынан өмір сүру қаражатынсыз қалған адамдар (өртке қарсы қызметінің немесе төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының қорытындысы бойынша); 2) инфляция үдерістеріне және өмірлік қиын жағдайларға (сырқат, отбасы мүшесінің қайтыс болуы және адам өз бетінше жеңе алмайтын басқа жағдайлар) байланысты халықтың әлсіз жіктері көмекке құқылы. Төлем мұқтаж азаматтардың ұсынған өтініштеріне, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының жасы, мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылардың электронды түрдегі тізімдеріне, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері ұсынған тізімдерге, ауылдық округ және кенттер әкімдерінің және қала әкімінің муниципалды округтардағы өкілдерінің өтініш хаттарына сәйкес; 3) 9 Мамыр мерекесіне – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, екінші рет некеге тұрмаған жауынгерлердің (ҰОС жылдарында қаза болған, қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жесірлеріне, құрсаулы Ленинград тұрғындарына, неміс концлагерьлерінің тұтқындарына, тыл еңбеккерлеріне (осы санат бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға) жүргізіледі. Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне сәйкес жүргізіледі. 4) Ауғанстаннан әскердің шығарылу күніне – интернационалист жауынгерлерге, Ауғанстанда қаза болған жауынгерлердің отбасыларына (жесірлеріне, аналарына). Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне және интернационалист жауынгерлердің қоғамдық бірлестігі ұсынған тізімдерге сәйкес жүргізіледі. 5) Чернобыль атом электр стансасындағы апатты еске алу күніне - ЧАЭС апатты жоюға қатысушылар мен мүгедектеріне. Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне және «Чернобыль апаты мүгедектерінің ерікті қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұсынған тізімдерге сәйкес жүргізіледі. 6) Халықаралық қарттар күніне – зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар, адамдар санатын комиссия белгілейді. Төлем зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне және қалалық Ардагерлер кеңесі, қоғамдық бірлестіктер, ауылдық округтер және кенттердің әкімдері ұсынған тізімдерге сәйкес жүргізіледі.
3. «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен наградталған немесе «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен наградталған көп балалы аналарға, төрт және одан көп кәмелетке толмаған бірге тұратын баласы бар отбасыларына материалдық көмек
11. Төлем Халықаралық 8 Наурыз әйелдер мейрамына және балаларды қорғау күніне зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының электронды түрдегі тізімдеріне сәйкес жүргізіледі.
