Эпикриз
Науқас Муслимов Ибрагим 13.10.2013жылы 3-рет приступпен Кентау қалалық орталық ауруханасына жедел жәрдеммен жан сақтау бөліміне жеткізілді.
Шағымдары: Науқастың өзінің айтуы бойыша, сол қолы мен сол аяғының қимыл қозғалысының шектелуіне және үздіксіз ықылық атуына шағымданды.
Науқастың ауру тарихында: Науқастың айтуы бойынша, 2012 ж. Наурыз айында іс-сапармен поездбен жолға шыққан. Жолда жол серікпен ұрыс керіс нәтижесінде қатты ашуланып, есінен танып құлаған. Шу қаласының орталық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, оң жарты шардың геморрагиялық инсульты диагнозы қойылып, АҚҚ 190\120 мм.с.б. емделген. Жалпы жағдайының біршама тұрақталуына байланысты Шу қаласынан шығып, Кентау қаласына келе жатқанда, жолда Шымкент қаласына жеткенде 2-рет приступ беріп, орталық облыстық ауруханаға жатқызылды. Облыстық ауруханада 12 күн ем алу нәтижесінде жағдайы тұрақталған. 13.10.13ж. 3-рет приступпен Кентау қалалық орталық ауруханасына жедел жәрдеммен жан сақтау бөліміне жеткізілді. Жағдайы тұрақталғаннан соң неврология бөліміне ауыстырылған. МӘС қорытындысымен II топтағы мүгедектік берілген.
Anamnesis vitae: Науқас, Муслимов Ибрагим 6.02.1968ж Кентау қаласында жағдайы орташа отбасында дүниеге келген. Отбасында 3қыз, 2бала. Оның ең кенжесі. Өз қатарымен өсіп жетілген. Зиянды әдеттері темекі шекпейді, арақ тойларда 1-2 ст ішеді. Вирусты гепатит, терілік инфекциялық аурулармен, туберкулезбен ауырмаған. Соңғы 6 айда гемотрансфузия болмаған. Никотинге, лидокаинге аллергиясы жоқ.
Тұқым қуалаушылық ауруы : әке-шешесі АГ мен ауырып, дүниеден озған. Әпкелеріде АГ мен ауырып, дүниеден озған. Ағасы АГ мен ауырады.
Status praesens objectivus:
Аурудың жалпы жағдайы орташа ауырлықта, санасы дұрыс, төсектегі қалпы шектелінген, бет пішіні оң жақ бетіне қарағанда, сол жақ беті қалыңқы, дене бітімі нормостеникалық, терінің түсі бозғылт тартқан, теріде патологиялық өзгерістер жоқ, терінің серпімділігі серпімді, терісі ылғал, денесінде патологиялық пигментациялар жоқ, тері тургоры сақталған, тері асты шел май қабаты орташа, көзге көрінер шырышты қабаты бозарған, склерасы ақ.
Лимфа түйіндері: мойынның, жақасты, бұғана асты және үсті, қолтық асты, шат аймағы, тізе асты лимфа бездері пальпацияда сезілмейді. Жалпы бұлшықет жүйесінің жетілуі жасына сай. Пальпацияда ауырсыну жоқ.
Осының негізінде клиникалық диагноз: А. Негізгі ауру: Оң жарты шардың геморрагиялық инсульті (2012) Сол жақты гемиплегия. Жалған бульбарлы сал. Симптоматикалық эпилепсия «Gran mall» ұстамаларымен, жиілігі айына 2рет.
Б. Фондық ауруы: АГ III дәрежесі
Осы диагнозбен 15.10.- 28.10.2013ж. аралығында Кентау қалалық орталық аурухананың неврология бөлімшесінде ем қабылдап, гемодинамикада жалпы жағдайы тұрақталуына байланысты үйіне шығарылды.
Науқасқа кеңес.
Режим: диета сақтау, психоэмоциональдық көңіл күй бұзылыстарынан сақтану, физио ем және массаж қабылдау.
Тұрғылықты жері бойынша невролог дәрігердің бақылауында болу.
