Автоматты ауа ажыратқыштар
Автоматты ауа ажыратқыштар (автоматтар) бұл асқын жүктеме кезінде электр тізбегін автоматты түрде ажырату, КТ, кернеудің төмендеуі, қуат бағытының өзгеруі және т.б.,сонымен қатар бұл сирек қолдан қосылатын және ажыратылатын номинальды токтағы жүктемелерде қолданылады.
Автоматтарға келесідей шарттар қойылады:
Автоматтың ток жүргізетін тізбегі ұзақ уақыт ішінде номиналды токты өткізу керек. Ұзақ қосылу режімі автомат үшін қалыпты жағдай.
Автомат қысқа тұйықталуда ток шегін көптеген ажыратумен қамтамасыз ету керек, ол жүздеген килоамперге дейін жетуі мүмкін. Бұл токтарды автомат ажыратқаннан кейін ол номиналды тоғын ұзақ өткізуіне жарау керек.
Электр динамикалық және термиялық төзімділікке энергетикалық қондырғыны қысқа тұйыұталу токтан пайда болатын бұзылу және басқа жағдайларды азайту үшін қамтамасыз ету керек, автомат аз уақытта ажыратылу керек.
Автоматтың қорғау элементтері керекті ток пен қосылу уақыты мен талғаулықпен қамтамасыз ету керек.
Автоматтардың классификациясы
Әсер етуіне байланысты:
максималды ток автоматтары,
минималды ток автоматтары,
кернеудің минималды автоматтары,
кері ток автоматтары,
токты шығаратын максимал автоматтар,
полярлы максимал автоматтар (түзу бағытта ток артқанда токты өшіреді)
токтың әр бағытта өсуін реттейтін полярсыз автоматтар болып бөлінеді.
Кез келген автоматтарда мынадай негізгі түйіндер бар:
ток жүргізетін тізбек,доға сөндіретін жүйе, автомат жетегі, автомат механизмі, бос ағытқыш механизмі және қорғаныс элементтері – ағытқыштар.
Автоматтың негізгі параметрлері:
өзіндік өшіру уақыты,
толық өшірілу уақыты,
номиналды токтың ұзақтығы,
номиналды кернеу,
өшірілетін токтың шегі болып табылады
Автоматтың өзіндік өшіру уақыты – токтың іске қосылу шамасы Iі.қ. жеткенде, түйіспе ажырауының алдындағы уақытты көрсетеді.
Автоматтың толық ажырау уақыты
tажыр = to+tl+ t2
Егер t1 >0,01с болса автоматты жай (тез қозғалмайтын) деп атайды.
Тез әрекет ететін автоматтарда t1 уақыты 0,002 – 0,008 с дейін қысқарады және түйіспелердің ажырауынан ток қондырылған шамаға жетеді. Ток жылдамдығының өсуімен ток шектеуіш эффектісі кішірейеді, себебі түйіспелердің ажырауына дейін ток үлкен шамаға тең болады. Бұл автоматтарда ток шектеуішті алу үшін жылдамдықтың өсуіне токқа байланыссыз құрылғы орнатылады.
Магниттік іске қосқыш
Магниттік іске қосқыш электромагниттік контакторлар типіне жататын, тұрақты және айнымалы тоқтағы жүктемесі жоғары тізбектерді коммутациялауға арналған электрлік аппарат. Магниттік іске қосқыш тізбекті жиі ажыратып қосуға бейім.
Магниттік іске қосқыштар негізінен үшфазалы асинхронды қозғалтқыштарды реверсивті басқаруға болады, және сонымен қатар ол қашықтыұтан басқару сұлбаларында, компрессорлар, кран-балкалар, кондиционер, ленталық конвейерлерде және тағы да басқа қондырғыларды коммутациялауға кеңінен қолданылады.
Магниттік іске қосқыштың жұмыс істеу принципі.
Қолданылу
аймағының кеңдігіне қарамастан Магниттік
іске қосқыштың жұмыс істеу принципі
өте қарапайым: магниттік іске қосқыштың
орамасына кернеу беріледі, және ол
орамада магнит өрісі пайда болады. Пайда
болған магнит өрісінің әсерінен күштік
контактілер бекітілген магнит өзекшелер
бір біріне тартылып осы контактілер
арқылы электр тоғы ағып өтеді. Магниттік
іске қосқышты «Пуск», «Стоп», «Вперед»
«Назад» тетікшелерімен басқарады.
Магниттік іске қосқыштың құрылысы.
Магниттік іске қосқыш екі бөліктен тұрады: ол магниттік іске қосқыштың қзі және түйіспелер блогы. Түйіспелер блогы магниттік іске қосқыштың негізгі бөлігі болмағанымен, қозғалтқыштың реверсивті басқаруында, қосымша түйіспелер қажет сұлбаларда, магниттік іске қосқышпен қосылатын қосымша жабдықтарды қосқанда аса қажетті бөлігі.
Түйіспелер
блогының контактілері қалыпты тұйықталған
және қалыпты ажыратылған контактілерден
тұрады.
Магнитті қосқыштарды, контакторларды, қосқыш реостаттарды, автоматтарды тексеруді ерекше мұқият жүргізеді, өйткені олардың жүмысынан технологиялық жабдықтың жүмысы тэуелді болады. Тексеру кезінде жүмысшы байланыстар мен қосқыш аппараттың доғалы өшіретін қондырғысының, жылжымалы байланыстардың майысқыс байланыстарының жағдайына, автоматты өшіру тогының номиналды токқа сэйкестілігіне, магнитті қозғалтқышта қысқа ток қашудың орамының болуына көңіл аударады.
