- •1.1 Көтеру-тасымалдау машиналарының жіктелуі
- •1.2 Портальды крандар
- •1.3 Порталды кранның сипаттамасы
- •Порталды кранның құрылғысы мен тағайындалуы
- •2 Есептеу бөлімі
- •2.1 Порталды кранның тексерілген жебе металлқұрылымдарының есептеулері.
- •2.1.1 Порталды кранның техникалық сипаттамасы
- •2.2 Қауіпті қималарында жебенің тексеру беріктілігі
- •2.4 Төзімділік қима жерінде ілінген жүкті есептеу
- •2.5 Шектелген қызмет мерзімін есептеу
- •2.3 Порталды кранда хоботтың металлқұрылымының
- •2.3.1 Порталды кранға әрекет ететін жүктемелер
- •2.3 Қабырға қаттылығын сығылу арқылы тексереміз
- •2.3.2 Порталға әрекет ететін жүктемелер
- •(Бірінші жағдай а комбинациясы)
- •2.3.3 Кранның тұрақтылығын есептеу
- •2.4 Түрлі жүктемелердің тұрақтылығын есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Портальды крандар
Порталды крандар құрылымдарының түрлері негізінен бұрылатын бағанамен немесе порталға салынған бұрылмалы шеңберге тіреле отырып айналатын бұрылатын бөлік құрылғысына және жебелі құрылғы түріне тәуелді бөлінеді. Қорапты қиманың ірі элементтердің аз саны көмегімен крандық металлқұрылымдардың қалыптасуының қазіргі заман тенденциялары порталды крандар металлқұрылымдарында үлкен дәрежеде айқындалды. Порталды крандар металлқұрылымдарының негізгі тораптары жебелер, бағаналар (каркастар) және порталдар (жартылай порталдар) болып табылады. Жебелі құрылғы құрылымына тәуелді жебелер иілгіш немесе қатаң соғып ұзартылмамен түзу және шарнирлі мүшеленген болуы мүмкін. Түзу жебелер шарнирлі мүшеленгенге қарағанда жеңіл болады. Жеңіл металдарды қолдану массаны 50%-ға жеңілдетеді және ұзындығы үлкен болған сайын рационалды болады. Бұл кезде жебенің жоғарғы бөлігі ғана алюминді қорытпалардан орындалатын, аралас түрдегі құрылымдар қолдану мақсатты болады. Аққыштық шегі 1,5 есе үлкен төмен легірленген болаттарды қолдану, көміртекті болаттарды қолдануға қарағанда метал сыйымдылықты 15-20 % азайтады.
1.3–сурет-Шарнирлі мүшеленген жебе, тұмсық және соғып ұзартылған бөліктен тұратын жебелі жүйелер сүлбелері
Шарнирлі мүшеленген жебелі құрылғылар жебеден, тұмсықтан және соғып ұзартылған бөліктен құралады. Соғып ұзартылған бөлік қатаң (ферма) құбыр немесе қорапты қима, сонымен бірге иілгіш (арқанды) түрлерде болуы мүмкін. Жебе және тұмсық, ереже бойынша, ұзындығы бойынша қималары айнымалы табақшалы қорапты құрылымдар түрінде ұсынылады (1.3 сурет). Тұмсықтар үшін және иіндері үлкен жебелер үшін де шпренгельді жүйе рационалды болып табылады. Кранның бұрылатын бөлігі құрылымына тәуелді жүктемелер бағаналар немесе каркастар арқылы порталға беріледі. Бағана көбінде табақшалы құрылымды, жиі тік бұрышты қималы, ал кейде шеңберлі қималы болады. Каркастар қорапты қима элементтерінен қиғаштіреулі және қиғаштіреусіз болады. Портал (жартылай портал) сүлбесі кран арналуына және параметрлеріне тәуелді болады. Кран базасы құрылымдық ойлармен бұрылу бөлігінің өлшемдеріне, жүріс дөңгелектерінің санына және дөңгелекке түсетін жіберілетін қысымына тәуелді белгіленеді және орнақтылық шартымен тексеріледі. Порталдар (жартылай порталдар) биіктігі жұмысты жүргізу шарттары және кран жүргізушінің жан-жақты жақсы көруді қамтамасыз етумен анықталады, мысалыға, портты және кеме салу крандарында ірі кемелерге қызметкөрсету кезінде порталдар мұнаралы түрдегі құрылыс үстімен қамтамасыздандырылады, ал жартылай порталдарда ригельдің иілген пішімін қамтамасыз етеді. Құрылымды түрде порталдар қазіргі уақытта табақшалы түрде орындалады (1.3 сурет). Қорапты порталдар қорапты профиль қатаңдығы арқасында барлық бағыттарда торларды, бүйір жақтарды және кейде тартып қысу орындарын керек етпейді. Қорапты құрылымдар үшін иілген және қалыпталған элементтер сирек емес қолданылады, бұл дайындаманың қосымша түрде жеңілдуін және арзандауын қамтамасыз етеді.
1.4 – сурет -Қорап түріндегі порталдар
Құрылымдардың оптималды параметрлерін зерттеу жебелі құрылғылар үшін және порталдар үшін жеке орындалған, олар туралы көп жұмыстар шығарылған. Егер дайындау технологиясы сақталу кезінде бар құрылымның элементтері оптималданса, онда оптималдану критериі ретінде құрылым салмағы қызмет етеді; егер құрылым жаңа болса – онда дайындаудың өзіндік құны, ал дәлірек алғанда – келтірілген шығындар болады. Бұл кезде иіннің өзгеруі кезіндегі жүк траекториясы жазыңқы болуы қосымша критериялары болуы мүмкін.
