Стандартталған әртістің (науқастың) сценарий тексті және оның рөлі:
Науқас 40 жаста.
Шағымдары: жалпы әлсіздікке, бас айналуға, еңбекке қабілеттілігінің кенет төмендеуі, шаршағыштық, жүктеме кезінде ентігу және жүрек соғуға, құлағындағы шуға.
Сұрақ мәнісі |
Әртіске арналған сұрақты құрастыру |
Жауабы |
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі |
Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? |
Шамамен 3 ай бұрын, бірітіндеп өрши бастады |
Қанды тексеру мерзімі? |
Сіз соңғы рет қашан жалпы қан анализін өткіздіңіз? |
3 жыл бұрын, қызымды босанғаннан кейін дәрігер қан анализімді қалыпты деген. |
Хронологиялық жағдайы |
Осы үш айда қандай шаралар қолдандыңыз? |
Ешқандай,көшеде есімнен танып құлағанша қаралмадым,тексеру кезінде қызыл қан түзу жүйесінің төмендеуі анықталды. |
Дәрілік заттарды қабылдау? |
Сізге дәрілік заттар тағайындалдыма ? |
Ия, гемофер, бірақ мен оны екі апта ғана қабылдадым. |
Аурудың себебі |
Осы аурудың себебі туралы не ойлайсыз |
білмеймін |
Емдәм ерекшеліктері |
Күнделікті тағам үлесінде ет, ет тағамдары болады ма? |
Ия, бірақ етті аптасына 3 реттен көп қолданбаймын. |
Қан кетулердің болуы |
Соңғы кезде сізде қан кетулер болды ма (асқазандық, мұрындық, геморроидальді, қара нәжіс)? |
Жоқ. |
Mensis кезіндегі қан кету дәрежесі |
Етекірдің келу ұзақтығы, етекір циклі жүйелі түрде келеді ме? |
Етекірі жүйелі түрде келеді, соңғы жылы 7-8 күндей келеді, соның ішінде 5 күн – көп мөлшерде қанағулар болады. |
Гинекологқа қаралуы |
Гинекологта соңғы рет қашан болдыңыз, болсаңыз оның қорытындысы қандай? |
1 жыл бұрын гинекологта болдым, диагнозымды сау деп берді, өзімнің келісімімен жатыр ішілік спираль қойылды |
Әйелдік (гинекологиялық) анамнезді нақтылау? |
Қанша жүктілік, босану және қашан соңғы жүктілік болды? |
4 жүктілік, 1 түсік - 18 жыл бұрын, 3 босану, 3 сау бала босандым, соңғы босану 3 жыл бұрын болды. |
Созылмалы ауруларының болуы |
Сізде бүйрек, бауыр, АІЖ, буындардың созылмалы аурулары бар ма? |
Жоқ. |
Анамнезінде: Кеңсе орталығында жиыстырушы болып (күніне 3-4 сағаттан) жұмыс істейді. Қалған уақытын балаларымен үйінде өткізеді. Бұрын ешқандай аурулармен ауырмаған, дәрігерге қаралмаған. Соңғы 2-3 ай бойы әлсіздік пайда болды, жұмыс істеу қиындап, күші азайған, басы айналады, жүктеме кезінде жүрек қатты соғып, тыныс алу қиындаған. Кейде бор жеуге құмарлықтың пайда болғанын байқаған. Тырнақтары сынғыш, шаштары түседі. Ата-анасы сау. Тұқым қуалайтын ауруларын жоққа шығарды.
Объективті:
ЖҚА: Нв -49г/л, Эритроциттер – 2,9*1012/ л, ТК-0,5, Ht-18%, Тромбоциттер – 354*10 9/л, Лейкоциттер – 3,9 *10 9/л, MCV -63,1; MCH-16,7; MCHC-265. Нейтрофилдер с/я – 56%, т/я – 1%, Моноциттер – 4%, Лимфоциттер – 39%, ЭТЖ – 12 мм/с. Гипохромия +++,анизоцитоз+++, пойкилоцитоз ++. |
БҚА: сарысулық темір – 6,5 мкмоль/л, сарысудың жалпы темір байланыстыру қабілеттілігі – 98 мкмоль/л, жалпы белок – 63 г/л, жалпы билирубин – 18,2 мкмоль/л, мочевина – 5,2 ммоль/л, креатинин – 64 мкмоль/л, АЛТ- 16 ед/л, АСТ-14 ед/л, глюкоза – 3,8 ммоль/л
|
ИФА: ферритин 2,24 нг/мл. |
|
Жасырын қанға нәжісті тексеру – теріс |
|
«Анемияның (ТТА) диагностикасы және науқасты жүргізу тәсілі»
