Стандартталған әртіс (науқас) үшін сценарий тексті және оның рөлі:
45 Жастағы әйел қаралуға келді.
Шағымдары: шаршағыштық, еңбекке қабілеттілігінің төмендеуі, оң қабырға асты аймақта ауру сезімі, периодты түрдегі буындарындағы сыздаған ауру сезімі, аяқтарындағы бөртпелер.
Сұрақ мәнісі |
Әртіске арналған сұрақты тұжырымдау |
Жауабы |
Негізгі шағымдарының пайда болу мерзімі |
Жоғарыда айтылған шағымдар қашан пайда болды? |
Шамамен 4 ай бұрын және бірітіндеп үдеген |
Жанұялық анамнез |
Туыстарыңызда бауыр, өт, өт жолдарының созылмалы аурулары бар ма? |
Жоқ |
Парентеральді анамнездің болуы |
Сізде гемотрансфузиялар, операциялар, инвазивті манипуляциялар болды ма? |
25 жасымда қан кетумен асқынған босанудан кейін – қан құю болған, 1 мед.аборт жасалған |
Зерттеулердің болуы |
Бұрын гемотрансфузияға байланысты вирусты гепатит маркерлеріне және АИВ-на зерттеулер жасалды ма? |
Жоқ сияқты, есімде жоқ. |
Дәрілік заттарды қолдану |
Соңғы уақытта сіз қандай да бір дәрілік заттарды қабылдадыңыз ба, немесе қабылдайсыз ба? |
Жоқ. |
Бауыр ауруларының дамуына алып келетін зиянды әдеттерін анықтау |
Ішімдікті қолданасыз ба? |
Ішімдікті өте сирек, аз мөлшерде қаблыдаймын. |
Созылмалы ауруларының болуы |
Сізде бүйрек, бауыр, ішек, буындардың созылмалы аурулары бар ма? |
Жоқ. |
Анамнезінде: 3 жүктілік, 2 босану, 1 мед.аборт. 25 жасында бірінші жүктіліктің асқынуларынан кейін қан құю болған. Соңғы 2 жыл кезеңді оң қабырға асты аймағында ауырлық сезімі мазалайды, майлы тамақты көтере алмаушылық, буындарындағы сыздап ауратын ауру сезімі мазалайды. Дәрігерлерге қаралмаған, тексерілмеген. Соңғы 4 айда оң қабырға асты аймағында ауру сезімінің, әлсіздік, жұмыста тер шаршағыштық, аяқтарында бір шығып, бір жоғалатын түсініксіз бөртпелердің пайда болғанын байқаған. Ата-анасы сау. Тұқым қуалайтын ауруларын жоққа шығарды.
Объективті: науқастың дене бітімі дұрыс, тамақтануы дұрыс, есі анық, адекватты. Тері жабындылары – сарғыш түсте,склераның сарғаюы, алқанында пальмарлы эритемабайқалады.
Тілі ылғалды, ақ қақпен жабылған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасы бойымен, көк бауыр ұлғаймаған. Ортнер, Кера симптомы-әлсіз оң.
Жалпы қан анализі
Компоненттер |
Нәтижесі |
Гемоглобин |
112 г/л |
эритроциттер |
4, 59×1012/л |
ТК |
0,84 |
Тромбоциттер |
180×109/л |
Лейкоциттер |
3,8×109/л |
нейтрофилдер, с/я |
49% |
т/я |
1% |
Моноциттер |
3% |
Лимфоциттер |
47% |
ЭТЖ |
10 мм/с |
Биохимиялық қан анализі
Компоненттер |
Нәтижесі |
Қалыпты |
Бірліктер |
Темір |
17,69 |
6,6 – 28,0 |
мкмоль/л |
АЛТ |
129,60 |
0,0 – 33,0 |
бір/л |
АСТ |
78,20 |
0,0 – 32,0 |
U/L |
Билирубин (жалпы) |
28,0 |
0,0 – 21,0 |
U/L |
тікелей |
10,0 |
0,0-5,1 |
мкмоль/л |
тікелей емес |
18,0 |
0,0-16,5 |
мкмоль/л |
ГГТП |
58,00 |
6,0 – 42,0 |
U/L |
Сілтілі фосфатаза |
138,00 |
35,0 – 105,0 |
U/L |
Құрсақ қуысының УДЗ: Бауыр паренхимасының диффузды өзгерістері. d.v.portae – 0,9 см. Созылмалы холецистит белгілері. Өт іркілісі.
