Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аяк ким ондирсинин жабдыктарын жобалау негиздери.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Әдебиеттер

  1. ЕСКД. Основные положения. ГОСТ 2.103 – 68.

  2. Колосков В.И. Колясин Б.П. Оборудование и механизация обувного производства. – М.: Легкая индустрия, 1979.

  3. Строжев В.В. Корнилов В.П. Лабораторный практикум по машинам и аппаратам обувного производства. – М.: Легкая индустрия, 1975.

  4. Шварц А.С. Химическая технология обуви. – М.: Легкая индустрия, 1972.

  5. Зыбин Ю.Ф. Технология изделий из кожи. – М.: -Легкая индустрия, 1975.

  6. Скварик В.П., Ценова Л.В. Оборудование для изготовления обуви клеевым методом. – Киев: ЦБТИКС 1964.

5.Ұлтанның шетін және өкшелерді фрезерлеу үшін арналған машиналарды жобалау

5.1.Машинаның қызметі

Фрезерлеу машинасында ұлтанды әдіппен желімдеу нәтижесінде пайда болатын артық жерлер кесіледі, ұлтанға дәлдік форма және аяқ киімнің шоғыр бөлігі мен өкше шетіне керекті профиль беріледі. Осының нәтижесінде ұлтанның шеті барлық периметрлері бойынша қабылданған үлгіге сәйкес контурды қабылдау керек: домалақ, тік т.б.

5.2. Қолдану аймағы

Машина барлық өлшемдегі ерлер әйелдер, ұлдар, қыздар, мектеп балалары, балалар, кішкентай балалар аяқ киімдерінің ұлтандарының шетін және өкшелерді фрезерлеу үшін қолданылады.

5.3. Жобаланатын машинаның түпнұсқасының қысқаша сипаттамасы

Табанның шетін және өкшелерлі фрезерлеу машинасының түпнұсқасы ФУП – 2 – 0 машинасы болып табылады. Өңделу шеткі және орта фрезалармен кезек жүргізіледі. Фрезалар жүздерін қайрайтын арнайы қондырғы бар. ФУП – 2 – 0 машинасы станинадан, екі шпиндельден және қайрау қондырғыдан тұрады. Станинаның жоғарғы бөлігіне екі шпиндель орнатылған: жоғарғысында шетін өңдейтін фреза (9) , төменгісінде бұйір тұсын өңдейтін фреза (10) орнатылған (сур.5.1.).

Шпиндельдер жазық белдікті беріліс арқылы (6) электроқозғалтқышпен (3) айналдырады. Аяқ киімге бекітілген ұлтанның шеткі беттерін айналып тұрған шетін өңдейтін және бүйір тұсын өңдейтін фрезаға қолмен қысады. Бұдан кейін аяқ киімді айналдыру арқылы барлық периметрі бойынша ұлтанның шеткі беттеріне керекті форма және тазалық беріледі.

Сур.5.1. ФУП – 2 – 0 машинасының нобайы

5.4.Жаңа машинаны өндіріске енгізудегі техника экономикалық түсініктемелері

Аяқ киімнің тауарлы түрін жақсарту үшін ,ұлтанның шетіне және өкшенің шеткі беттеріне керекті форма және тегіс беттер беру үшін оларды өңдеу керек. Бұл операцияларды орындайтын қондырғылар әрқашан жаңартылып және жаңадан құрылып отыруы керек. Мұндай өңдеудің бірінші операциясы фрезерлеу болып табылады. Бұл операцияны жобаланып машинада өткізуге болады.

5.5.Машинаның техникалық сипаттамасы

Сағатына жұп аяқ киім шығару өнімділігі 75 дейін

Шпиндельдің айналу жиілігі, айн/мин 11400 немесе 9200

Ажарлау шеңбердің айналу жиілігі, айн/мин 2760

Электр қозғалтқыштардың қосынды қуаты , кВт 2,32

Тереңдігі , мм 960

Ұзындығы бойынша өлшемі, мм 1230

Биіктігі, мм 1420

Салмағы, кг 310