Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сынық.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
180 Кб
Скачать
☆

1.13 Сүйек остеонсинтезі.

 

Бұл әдісті төменгі жақ ортасынан сынғанда қолданады. Мұнда бекітілген бұлшықеттердің тартуынан сүйекті тіккен кезде, остеопороз пайда болып, сымдар шығып кетеді. Сондықтан сынықты дәл қойып бекіту қажет. Ол үшін темір сым қолданылады. Оның көмегімен төменгі жақтың бұрышы және бұтақтың төменгі бөлігі сынған кезде жақ денесі аздап ақауланып және тіссіз сынғанда қолданады …

 

1.14 В. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы.

 

Жақтың төменгі қырының бойымен сынық аймағының ұзындығы 7—8 см тері тілінеді, сынық сызығы жалаңаштап ашады. Әр сынықтағы сүйектің сыртқы қабығын жұмсақ тіндермен қоса распатордың көмегімен ажыратады. Алдыңғы сынық — сүйектің сыртқы қабығынан 2,5—3,5 см, ал артқысы 1 —1,5 см жаңалаштанады. Сынық сызығынан 2,5—-3 см-дей алшақтап, жарықшақтың сыртқы төменгі қырының бойымен кортикалды қабатта бормен сүйектің кемігіне дейін тесіледі. Осыдан соң жарықшақтарды біріктіріп жасалған тесікке металл стержень енгізеді. Балғаның көмегімен сәл ғана соққы беріп алдыңғы жарықшақты сыныққа қарай бағыттайды. Ұшы сүйектен тыс жатқан стерженнің бос ұшы 0,5—0,7 см болуы тиіс. Стерженнің артығын тістеуікпен кесіп, өткір жиектерін тегістейді. Жарақатты антибиотиктермен өңдеп, қабат-қабатымен тігеді. Тігіс арасына 48 сағатқа резина салады. Стерженді операциядан 2 айдан соң алған жөн, жалпы стержень маңындағы тіндерге еш зақым келтірмейді, сондықтан сүйек  бітіскен соң 6—12 айдан кейін де алуға болады …

 

1.15. Ж. С. Сағатбаевтың өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.

 

Магнийдің тотығуға төзімділігі бұрыннан белгілі. Бірақ таза магний морт сынғыш келеді және тіндерге тез таралады. 1965 жылы Қазақтың клиникалық және эксперименталдық хирургия институтында негізі магний өздігінен таралатын құйма ұсынылады. Алынған құймадан сынықтарды бекіту үшін қолданылатын штифтер дайындалған. Сынықтың орналасуына байланысты ұшында бинттік жолақтары бар сымдар немесе тегіс штифтер қолданылады …

 

1.16 Гомопластикалық остеосинтез.

 (Бажанов Н.Н., Қоспанғалиев М.О. 1977). Бөліктерді бекіту үшін ортан жіліктен алынған гомологиялық формалдинденген трансплантаттар қолданылады. Сыртқы кортикалды пластинканы және сүйек бөліктерінің төменгі жиегінің бойымен сынық сызығы арқылы белгілі ендікте аралайды. Бұл пластинканың ені 4,5 мм, жақтың төменгі қырының ені 2 см, аралық ұзындығы 2-3 см. Сынықтарды мұқият орнына қойып, осы жағдайда ұстап тұрады. Сынық сызығы арқылы сыртқы кортикалды пластинкадан және төменгі қырымен ультрадыбысты кесінді жүргізеді. Кесіндіге трансплантатты тығыз енгізеді. Трансплантаттардың ұшы, өз сүйегімен пісіріліп бекітіледі …

 

1.17 Рудько аппараты.

 

Бұл аппаратты бекіту үшін сынық аумағында жақ сүйегінің төменгі қырын жалаңаштап, сынық бөліктерін тіс түйісуіне бағыттай отырып қалпына келтіріп, сүйек қысқаштарымен бекітіп, оларды бір-біріне ауыз қуысының сыртынан штангамен жалғап жараны қабаттап тігеді. Жұмсақ тіндерден шығып тұрған қысқашты йодоформды дәкемен таңып қояды. 10-12 күн өткен соң қысқаштар босап кетуі мүмкін, сондықтан олардың мықтылығын қадағалап тұру керек. Аппарат операциялан соң 30-35 күннен кейін алынады. Кей кезде аппаратты алғаннан кейін қысқаштар тұрған жердегі сүйекті кюретажды қасықпен қырып тазалау керек. Ревизиядан соң тері 1-2 жерінен тігіледі, оларды 6-7 тәуліктен соң алып тастайды.  (42-сурет)

42-сурет. Рудько аппараты.

Сіңір созылғанда, буын шыққанда, сүйек сынғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем. Сүйектің сынуы[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сіңірдің созылуы - адам абайсызда ойлы-шұқырлы жерден аяғын ыңғайсыз басудан болады. Аяқтың ұшы бұралып, сіңірі созылады. Сіңірдің созылған жері шыдатпай ауырып, ісіп кетеді. Алғашқы жәрдем - ісінген жерге суық шүберек басып, қатты таңып тастау керек. Содан соң дәрігерге көрінеді .

Мазмұны

  [жасыру] 

  • 1 Буынның шығуы

  • 2 Сүйектің сынуы.

  • 3 Шытынап сыну

  • 4 Дереккөздер

Буынның шығуы[өңдеу]

Буынның шығуы - адам жығылғанда, өте ауыр зат көтергенде, ебедейсіз қозғалыс жасағанда сүйек басының таюы. Мұндайда буын қапшығы созылып немесе жарылып кетуі мүмкін. Буын шыққанда аяқ қатты ауырып, ісініп, қозғалмай қалады. Мұнда да ауырған жерге суық шүберек басу керек. Буынның шығуын хирург-дәрігер ғана емдейді

Сүйектің сынуы.[өңдеу]

Сүйектің сынуы. Адам қатты құлағанда немесе басқаша оқыс жағдайда сүйектің сынуы мүмкін. Сүйектің сынуы 2 түрлі: морт сыну, шытынап сыну. Әсіресе ересек адамдардың сүйектері морт сынғыш, оның себебін өздерің түсіндіруге тырысыңдар. Морт сынғанды - ашық сыну деп атайды. Морт сынған кезде сүйектердің ұштары қантамырларына, бұлшықеттерге, теріге зиян келтіреді. Жарақаттанған жерге микробтар түсуі мүмкін (69, а-сурет). Сынған жері қатты ауырып шыдатпайды, сондықтан қозғалмайтындай етіп шендеуіш салып таңады. Шендеуішке кез келген қатты заттар (тақтай, таяқ, қатқыл қағаз) жарайды. Алдымен жарақаттанған жерге жұмсақ мата салады. Матаның үстіне шендеуішті қойып, аяқ немесе қолмен бірге (сынған мүше) қатты таңып тастайды. Қозғалмалы буындар орналасқан жерін де қамтиды. Кейде қозғалтпау үшін сынған қолды тұлғамен қосып таңады. Егер бассүйек жарақаттанса, жарақттанған жерін ептеп тазалап, таңып, үстіне суық шүберек басуға болады Ашық сынған жердің алдымен аққан қанын тоқтатып, жараны тазалап алып, шендеуіш салады. Дәрігердің көмегі ауадай қажет. Ашық сыну өте қауіпті, өйткені сүйектерұсатылып кетеді. Сүйектің бітіп қайта қалпына келуі сүйектің сыртқы қабына байланысты.