Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тесты 28.10.15.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
109 Кб
Скачать
☆

63. Ісіктік процеспен аурулар арасындағы байланысты орнатыңыз:

1. Бүйрек үсті безінде орналасқан ісіктер

А. Біріншілік гиперальдостеронизм, Кушинг ауруы.

2. Бүйрек үсті безінен тыс орналасқан ісіктер

Б. Параганглиома, ренин-секрециялаушы ісік, Кушинг синдромы (АКТГ стимулдеуші гиперглюкокортикоидизм).

3. Гормондардың синтезінің бұзылысының тума ақаулары

В. Дексаметазонның синтезінің тежелуімен байланысты гиперальдостеронизм, минералокортикоидты гипертония

64.Зерттеу тәсілдерінің арасындағы сәйкестікті орнатыңыз:

1.Нысана-ағзалардың зақымдануы мен ауырлығын дәлелдейтін тәсіл

А. ЭхоКГ, аортаның, ұйқы артериясының УДЗ, көз түбінің жағдайын бағалау

2.АГ себебі болып табылатын ауруларды анықтауға мүмкіндік беретін тәсіл

Б. Бүйрек үсті безінің МРТ немесе КТ , бүйрек артерияларының, аортаның УДЗ, аортография,

адреналиннің ізашараларының, 17 ОКС-ң несеп арқылы тәуліктік экскрециясы, қан құрамында калий, альдостерон мен рениннің белсенділігін анықтау.

65. Бауырдың зақымдану синдромдары мен олардың клиникалық көріністері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз:

1. Цитолиздік синром

А. Дене салмағының азаюы; қызба; сарғаю; бауырдан тыс белгілер («бауырлық» тіл, «бауырлық алақан»), тамыр жұлдызшалары; қан сары суында альбуминнің, протромбиннің, холестериннің, қан ұю факторларының деңгейінің төмендеуі; билирубин, АЛТ, АСТ, ЛДГ, альдолаза т.б.деңгейлерінің артуы.

2. Мезенхималық-қабыну синдромы

Б. Қызба, артралгия, васкулиттер, сленомегалия, лимфоаденопатия, гамма-глобулиндер деңгейінің артуы, гипопротеинемия, тұнбалы сынамалардың өзгеруі, тіндік және клеткалық антигендерге (тегіс салалы бұлшық еттердің, митохондрийлердің, нуклеарлық) антиденелердің пайда болуы.

3. Холестаз синдромы

В. Терінің күшті қышынуы, терінің пигментациясы, ксантелазмалар, қызба, несеп түсінің өзгеруі, билирубин, холестериннің, бета-липопротейдтердің, сілтілі фосфатазаның , гамма- глутамат-траспептидазаның деңгейінің артуы

66. Бауырдың зақымдану синдромдары мен олардың клиникалық көріністері арасындағы сәйкестікті анықтаңыз:

1. Геморрагиялық синдром

А. Иектердің қанағыштығы, терідегігеморрагиялар, тромбоциттердің функциялық қасиеттерінің және санының өзгеруі, қан ұю факторларының (II,V,VII) синтезінің төмендеуі.

2. Гиперспленизм синдромы

Б. Спленомегалия, анемия, тромбоцитопения, лейкопения

3. Диспепсиялық синдром

В. Жүрек айнуы, тәбетінің төмендігі, эпигастрийдегі салмақ сезімі, кекіру, іштің кебуі, іш қату.

67. Ревматоидты артриттің рентгенологиялық сатыларын реттілікпен орналастырыңыз:

1. Буын маңы остеопорозы, буын жігінің жеңіл дәрежелі тарылуы;

2. Сүйек тінінің көптеген кисталары, буынмаңының айқын остеопорозы, бір немесе бірнеше буындардың буын саңылауының тарылуы;

3. Сүйек тінінің көптеген кисталары, бірен-саран эрозиялар (4-ке дейін), буын маңының айқын остеопорозы, бір немесе бірнеше буындардың буын саңылауының тарылуы; 4. Көптеген эрозиялар, буын аралық остеопороз, сүйек тінінің көптеген кисталары және буын бігінің тарылуы, буындардың шығуы мен таюлары, деформациясы. 5. Көптеген эрозиялар, буын аралық остеопороз, сүйек тінінің көптеген кисталары және буын бігінің тарылуы, буындардың шығуы мен таюлары, деформациясы, буындардың субхондральді остеосклероз және анкилозы.