Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОК ПІС.МАТ.5В012.3 курс 2016ж.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Глоссарий

КАРБОНАТТАР – көмір қышқылының тұздары.

ПІСІРУ – машиналар, конструкциялар мен құрылыстардың бөлшектерінің ажырамайтын жалғасын алу процесі.

ПІСІРІЛУ ҚАБІЛЕТІ – металдар мен қорытпалардың жалғастарды құрау қабілеті.

ҚОРҒАУШЫ ГАЗДА ПІСІРУ – доғалы пісірудің түрі, пісіру кеңістігіне металды қоршаған ауадан қорғау үшін қорғаушы газдар беріледі.

ҚАПТАМАЛЫ ЭЛЕКТРОДПЕН ПІСІРУ – қаптамалы электродтарды қолдану арқылы доғалы пісірудің түрі.

ПІСІРУ ЖАЛҒАС – пісіру арқылы орындалған екі не одан көп бқліктердің қозғалмайтын ажырамайтын қосылыс.

ПІСІРУ ЖІК – пісірілетін элементтерді тікелей жалғайтын пісіру жалғастың бөлігі.

ПІСІРУ КОНСТРУКЦИЯЛАР – пісіру арқылы орындалған ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкциялар.

ФЕРРОҚОРЫТПАЛАР – темірдің басқа элементтердің қорытпалары.

ПІСІРУ ФЛЮСІ – пісіру кезінде пісіру аймақты қорғауда, жалғанатын беттерді химиялық тазалауда және жік сапасын жақсартуда қолданылатын материал.

ҚОЖ (ШЛАК) – сұйық балқыған металдың бетін жабатын балқыма. Сыртқы атмосферадан жікті қорғайды.

ПІСІРУ ЭЛЕКТРОД – пісіру, балқытып қаптау және кесу орнына токті жеткізуге арналған электроөткізгіштік материалдан жасалған бұйым.

ЭЛЕКТРОД ҚАПТАМАСЫ – балқымалы электродқа жағылған заттар қоспасы. Пісіру тұрақтылығын арттырады, жікті қоршаған ортадан қорғайды.

29