Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция экономика.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
679 Кб
Скачать
☆

№10 Лекция. Өндірістік ағын

1.Өндірістік ағынды ұйымдастыру түрлерін анықтайтын маңызды факторлар.

2.Энергетикалық, қоймалық және көлік шаруашылығын ұйымдастырудағы ағындар классификациясы.

Өндірістік үрдістің ұзақтығы еңбек және табиғи үрдістерді орындау уақыттары мен өндірістік үрдістерде болатын үзілістер уақытынан тұрады. Еңбек үрдістері кезінде технологиялық және технологиялық емес операциялар орындалады.

1. Өнім өндірудің өндірістік циклы. Өндірісте еңбек заттарын дайын өнімге айналдыруда көптеген негізгі, қосымша және қызмет көрсету үрдістерінен тұрады. Бұндай үрдістер өндірістік үрдістерді ұйымдастыру нысандарына, мамандандыру деңгейіне, өндіріс түріне, кәсіпорындағы қалыптасқан өндірістік құрылымға байланысты уақыт бойынша қосарланған (параллельді), қосарланған тізбекті немесе тізбекті болып бөлінеді. Мұндай үрдістердің жиынтығын өндірістік цикл деп атайды. Оның негізгі сипаттамасына оның ұзақтығы мен құрылымы жатады.

Өнім өндірудің өндірістік циклының ұзақтығы дегеніміз шикізат, негізгі материалдар, жартылай фабрикаттар дайын өнімге айналуыүшін кететін календарлық уақыт мерзімін айтады. Демек, өндірістік үрдістің басталғанынан бастап дайын өнім немесе бөліктер (детальдар) партиясы, құрастырылған бірліктер дайындалып біткенге дейінгі уақыт аралығын айтады.

Өндірістік циклдің ұзақтығын дұрыс анықтау:

  1. кәсіпорын және оның бөлімшелерінің өндірістік бағдарламаларын есептеу үшін;

  2. өндірістік үрдістің басталу уақытынан бастап аяқталғанға дейінгі уақытты анықтау;

  3. аяқталмаған өндірістің дұрыс шамасын есептеу үшін қажет.

Өндірістік циклдың ұзақтығы еңбек және табиғи уақыттарынан, сонымен бірге өндірістік үрдістегі үзілістер уақыттарынан тұрады.

Технологиялық операциялар негізінде еңбек заттарының сыртқы түрі мен ішкі мазмұны өзгереді, сонымен қатар оларға дайындау-аяқтау жұмыс уақыттары жатады. Оның ұзақтығы өндірістің түрінен, оның техникамен жабдықталуынан, технологияның прогрессивтілігі және еңбек әдістері мен тәсілдеріне тікелей байланысты болады.

Өндірістік циклдегі технологиялық операцияның орындалу уақыты технологиялық цикл (Тц) деп аталады.

Бір операцияның орындалу уақытында бір деталь (бөлік), бірдей бөліктер партиясы немесе бірнеше әр түрлібөліктер дайындалатын болса, онда оны операциялық цикл (Топ) деп атайды.

Технологиялық емес операцияларға еңбек заттарын тасымалдау, өнімнің сапасын бақылау уақыты жатады. Табиғи уақыттарға термоөңдеуден шыққан бөліктерді суыту, бөліктерді бояған соң кептіру немесе ескіргенметалдардың бетін бояу және т.б. жатады.

Өндірістік циклдің ұзақтығы

Еңбек үрдістерінің уақыты

Табиғи үрдістер уақыты

Үзілістер уақыты

Технологиялық операциялар

Технологиялық емес операциялар

Операцияаралық үрдістер

Цехаралық үзілістер

Кезекаралық үзілістер

3-сурет. Өндірістік циклдың ұзақтығы.

Өндірістік цикл

Операциялардың орындалу уақыты

Үзілістер уақыты

Негізгі операциялар (технологиялық цикл)

Көмекші операциялар

4-сурет. Өндірістік циклдың құрылымы.

Ал үзілістер оның пайда болу себептеріне қарай операция аралық, цехаралық және кезек арасындағы болып бөлінеді.

Операция арасындағы үзілістер партиялық уақытқа, яғни оны күтуге байланысты болады, операциядағы бөліктердің партиясын өңдеу сипатына байланысты.

Партиялық үзілістер дегеніміз әрбір бөлік партия құрамында жұмыс орнына келіп түскенде екі рет жатып қалады: өңдеу басталғанға дейін, екінші рет өңдеу аяқталғанға дейін-яғни осы операцияны партия толықөшкенге дейін орындайды.

Күту үзілістері технологиялық үрдістегі қатар орналасқан екі операцияның орындалу ұзақтығында болатын сәйкессіздіктен туындайды. Бұл үзілістерарасындағы операциялар ертерек бітіп, келесі операцияны орындауға арналған жұмыс орны босап қалады.

Цехаралық үзілістер құрамдас бөліктерді өндіруді аяқтау уақыты әр түрлі цехтарда әр түрлі, сондықтанда бөліктеу комплектілеуді күтіп қалудан туындайды.

Мұндай жатып қалулар (комплектілеу үзілістері) жоспарлаудың комплектілі-түйінді жүйесіндепайда болады.

Кезекаралық үзілістер кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің жұмыс режимімен байланысты. Оларға дамалыс, мейрам күндері, кезекаралық үзілістер, түскі үзілістер жатады.

Өндірістік циклдың ұзақтығын қысқартудық экономикалық маңызы жоғары.

Технологиялық үрдісті жетілдіру дегеніміз кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, жылдамдық режимде жұмыс істеуді қамтамассыз ету және т.б.

2. Жай үрдістің өндірістік циклының ұзақтығын талдау және септеу. Жай үрдісте бөліктер көп жағдайда партиямен дайындалады, сондықтанда бөліктер партиясының тізбекті орындалатын операцияның барлық жиынтығы арқылы қозғалуын ұтымды таңдау туралы мәселе ең маңызды мәселе қатарына жатады.

Қозғалудың мұндай түрін таңдау өндірістік үрдістің үздіксіздігі мен қосарлылығын анықтайды және бөліктер партиясының өндірістік циклының ұзақтығын көрсетеді.

Операциялық циклдың жиынтығы соныменбірге қатар орындалатын операциялық циклдардың уақыт бойынша үйлестірілуі және оның бөліктері көп операциялы технологиялық циклдың уақытша құрылымын құрады.

Көп операциялық технологиялық циклдың ұзақтығы операциялық циклдың және оның бөліктерінің уақыт бойынша үйлестіру әдістеріне байланысты болады және операуиялар бойынша бөліктер партиясының қозғалуының анықталған түріне байланысты болады.

Бөліктер партиясының операциялар бойынша қозғалуының үш түрі бар: тізбекті, қосарлы-тізбекті, қосарлы. Қозғалудың тізбекті түрінің мазмұнына әрбір келесі операция алдындағы операцияда бөліктердің барлық партиясы дайындау аяқталғаннан соң басталады. Бір операциядан келесі операцияға беру партиялармен жүргізіледі. Бөліктер партиясынөңдеудің операциялық технологиялық циклының ұзақтығы келесі сызба бойынша анықталады:

О перациялар нөмірі

n ∙t1

n ∙t2

n ∙t3

n ∙t4

Тц(тізб)=19,5мин

0 2 4 6 8 10 12 14 16 18 20 22

5-сурет. Операциялар бойынша бөліктердің тізбекті қозғалуының технологиялық циклының сызбасы

m

Тц(тізб)= n ∙t1 +n ∙t2 +...n ∙tт= n ∑ti ;

i=1

n-өндіруші партиядағы бөліктер саны,дана

ti-і операциясындағы бірлік уақыт, мин

m-технологиялық үрдістегі операциялар саны

Бір немесе бірнеше операцияларда бір уақытта бірнеше жұмыс орындарында (Спр) жүргізілсе, онда технологиялық циклдың ұзақтығы келесі формуламен есептеледі:

Тц(тізб)= n

Мысал: бөліктер партиясы n=3 болсын, технологиялық үрдіс т=4 операциядан тұрады делік, олардың орындалу ұзақтығы t1 =2,t2 =1,∙t3=1,5, t2 =2 мин. Барлық операциялар бір жұмыс орнында орындалады.

Бөліктердің партиясын өңдеу циклының ұзақтығы:

Тц(тізб)=3∙ (2+1+1,5+2)=19,5мин

Қозғалудың тізбектік түрінде бөліктердің партиясын өңдеудің технологиялық циклі операциялық циклдардың қосындысына тең. Технологиялық циклдардың ұзақтығы партияның размері мен операцияны орындау уақытына пропорционалды. Сонымен қатар мұнда партиялардың үзілістері саңызды орын алады.

Партияның әрбір бөлігі бірінші мен соңғыны есептемегенде әрбір операцияда бөліктер өңделмей жатып қалады. Осы кезде барлық операцияларда бір бөліктің партия ішілік жатып қалуының жалпы уақыты былай есептеледі:

m

tnp=(n-1) ∑ti = Тц(тізб)-tобр

i=1

tобр -технологиялық үрдістің барлық операцияларындағы бір бөлікті өңдеудің жиынтық уақыты (2+1+1,5+2=6,5мин).

Бұл мысалда

tnp=19,5-6,5=13мин.

Партияның барлық бөліктерінің жатып қалуының жалпы уақыты (аяқталмаған өндірістің шамасы) мына формуламен анықталады:

Тnp=п·tnp=3·13=39мин

өндірістік цикл технологиялық циклға қарағанда ұзағырақ, құрамына онда басқа бақылау, тасымалдау уақыттары және табиғи үрдістер мен әр түрлі үзілістер кіреді.

Бірақ практикада уақыт шығындарының барлығы да олардың шамасының елеусіз болғандығынан өндірістік циклдың ұзақтығын есептегенде ескеріле бермейді.

мұнда

tМО-бір операция аралық үзілістің орташа ұзақтығы (партиялық үзілісті санамағанда), мин;

R-жұмыс күндерін календарлық күндерге аудару коэффициенті , жұмыс күндерінің санын календарлық күндер санына бөлу арқылы есептеледі.

tсм-бір кезектің ұзақтығы, мин

S-тәуліктегі кезек саны, тәулікпен.

Бөліктер партиясының тізбекті қозғалуының артықшылығына барлық операцияларда жұмысшылар мен құрал-жабдықтардың жұмысында үзілістер болмайды.

Бірақ мұндай қозғалыстың кемшіліктері де бар. Біріншіден, партиялық үзілістерге байланысты ұзақ уақыт бойы бөліктер жатып қалады. Сондықтанда аяқталмаған өнім көлемі көбейіп кетеді. Екіншіден, технологиялық операцияның қосарлы орындалуынан ұзақ болады. Сондықтан да тізбекті қозғалу бірлік және аз сериялы өндірісте қолданылады.

Тізбекті-қосарлы қозғалыстың мазмұнына әрбір жұмыс орнында жұмыс үзіліссіз орындалады, қатар операцияларда бір партияның бөліктері параллелді түрде өңделеді. Алдыңғы операциядан келесі операцияға бөліктер партиялармен (п) емес, бірлік немесе тасымалдау партияларымен (р) беріледі, тасымалдау партиясының саны р =1.

1 2 3

1

2 1 2 3

3 1 2 3

4 Тц(ПП)=12,5мин 1 2 3

0 2 4 6 8 10 12 14 Т

6-сурет. Операция бойынша бөліктердің тізбекті –қосарлы қозғалуының технологиялық циклының сызбасы.

Бұл сызбаны тұрғызғанда технологиялық үрдістің операциялары бойынша бөліктердің қозғалуында жақын орналасқан операциялардың орындалу мезгілін үйлестірудің келесі түрлерінескеру қажет:

Егер де жақын орналасқан (алдыңғы және соңғы) операциялардың орындалу мерзімі бірдей болатын болса, онда олардың арасында бөліктердің параллельді өңдеу уйымдастырылады, алдыңғы операциядан келесі операцияға өңдеуден өткен юөліктер бірлік немесе тасымалдау партияларымен беріледі.

Тізбекті-қосарлы қозғалыста партияның бөліктерін дайындаудың технологиялық циклының ұзақтығы мына формуламен анықталады:

Егер де жеке операцияларда бөліктерді өңдеу бірнеше жұмыс орындарында жүргізілсе:

Тц(пп)=3·(2+1+1,5+2)-(3-1)·(1+1+1,5)=12,5мин

Партияның бөліктерін дайындаудың өндірістік циклын ұйымдастырудың мұндай түрінде біріншіден, өңдеу ұзақтылығы тізбекті қозғалысқа қарағанда қысқа, екіншіден, құрал-жабдықтар мен жұмысшылардың жұмысында үзілістер болмайды, үшіншіден, бөліктердің мұндай қозғалысында бөліктердің жатып қалуының жалпы уақыты тізбекті қозғаласқа қарағанда анағұрлым аз болады.

Технологиялық үрдістің барлық операцияларында бір бөліктің жатып қалу уақыты:

tnp= Тц(пп)-tобр=12,5-6,5=6мин

барлық операциядағы партияның барлық бөліктері жатып қалуының жалпы уақыты:

Тnp= п·tnp=3·6=18мин

Тізбекті-қосарлы қозғалыстың операциялар бойынша өндірістік циклдың ұзақтығы мына формуламен есептеледі:

2.Егерде келесі операцияның ұзақтығы алдыңғыға қарағанда аз болса, (t2<t1) онда келесі операцияда құралдардың тоқтамауы осы операцияның үздіксіз орындалуын қамтамассыз ететін бөліктер запасының жиналып қалуын қамтамассыз етеді.

Бұл үшін келесі операцияның басталу уақытын анықтау үшін, алдыңғы

операцияның барлық партияны (п) өңдеп болған нүктесінін бастап оңға қарай бір тасымалдау партиясын (р) орындау уақыт аралығына тең (t2), солға қарай-алдыңғы тасымалдау партияларын өңдейтін келесі операциялар ұзақтығына тең.

3. Егер келесі операцияның ұзақтығы алдыңғыға қарағанда артық болса (t3>t2және t4<t3)_, мұндай жағдайдатасымалдау партиясын (р) келесі операцияға алдындағы операциядан өңдеп болғаннан кейін тез арада беру қажет.

Біріктіру (қосарлану) уақыты:

τ=(п-р)·tкр

tкр -операцияны ең аз уақытта орындау уақыты.

Барлық технологиялық үрдісті біріктірудің жиынтық уақыты:

3. күрделі үрдістің өндірістік циклының ұзақтығын талдау және есептеу.

Күрделі (құрастыру) үрдістің өндірістік циклы деп күрделі үрдіске кіретін бұйымдар меноның партияларды қарапайым үрдістерінуақыт бойынша үйлестіру кешенінің жалпы ұзақтығын айтады.

Машина жасау өндірісі жағдайында күрделі үрдістің мысалына телевизор, металл, кесетін станок, электронды-есептуіш машина немесе түйіндер, блоктар, ұсақ құрастырушы бірліктер жасауды жатқызуға болады.

Күрделі үрдістің өндірістік циклына барлық бөліктер, барлық құрастыру бірліктерін жинау, бұйымды жинау, бақылау, реттеу және күйге келтіру кіреді. Күрделі өндірістік циклда жоғарыда қарастырылған еңбек заттарының операциялар бойынша қозғалысы – тізбекті, тізбекті-қосарлы, қосарлы жатады.

Жеке өндіріс жағдайында бірыңғай циклға өнімді өндіру және құрастыру ғана емес, оны жобалау және өндірісті дайындау үрдістері де кіреді.

Күрделі өндірістік үрдіс құрастыру, монтаждау, реттеу-келтіру операцияларынан, қарапайым үрдістер операцияларынан сияқты көптеген үрдістерден тұрады. Күрделі үрдістерден құралатын өндірістік үрдістерді үйлестіру мақсатына құрал-жабдықтарды, жұмыс орындарынжәне жұмысшыларды толық жүктеу арқылы өндірістің тоқтаусыз және толық комплектілігінқамтамасыз етуді айтады.