- •Лауазым бейіні (бухгалтер лауазымы)
- •1. Шарттың мәні
- •2. Шарттың қолдану мерзімі
- •3. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері
- •4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
- •5. Жұмыс күні мен демалу уақыттарының тәртібі
- •6. Еңбекақы, еңбек мөлшері, кепілдіктер мен өтемақылар
- •9. Тараптардың жауапкершілігі
- •10. Басқа да жағдайлар
- •Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары
- •7. Еңбек шартын тоқтату немесе бұзу
- •8. Еңбек даулары
- •Жарғылық капитал, жобаның құны
3. Қызметкердің құқықтары мен міндеттері
3.1 Қызметкер міндеттері:
1) Өзінің лауазымдық нұсқаулығында көрсетілген еңбек міндеттерін адал атқаруға;
2) Еңбек тәртібін, нормалар талабын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар мен ережелерді, сонымен қатар Қызмет берушінің өндіріске қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша талаптарын, өндіріс санитариясын және өрт қауіпсіздігін сақтауға;
3) Жұмыс істеу барысында мекеменің мүліктеріне зиян келтірмеуге, тәртіп бойынша жабдықтар мен материалдарды, жеке және ұжымдық қорғану жабдықтары қолдануға;
4) Қызмет берушінің коммерциялық құпияларына қатысты оған сеніп тапсырылған мәліметтерді жария етпеуге және берілген мүліктерге материалдық жауапты болуға;
5) Зейнетақы жинақтаушы қорынан басқасына ауыстыру барысында жинақтаушы қорымен шарт жасасу туралы Қызмет берушіні хабардар етуге;
6) Қызмет берушінің талаптары мен мүдделеріне сәйкес әрекет етуге;
7) Осы шарт бойынша міндеттердің орындалуына байланысты Қызмет беруші арқылы берілген мүліктерге толық материалдық жауапты болу туралы шартқа қол қоюға міндетті.
3.2 Қызметкер құқықтары:
1) Еңбек кодексінде белгіленген тәртіп бойынша шартты өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;
2) Еш кемсітушіліксіз еңбегіне сәйкес еңбекақы алуға;
3) кәсіптік одаққа немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге, егер өзге заңнамалық актілерде тыйым салынбаса, өз еркімен мүше болуға;
4) демалыс алуға;
5) еңбек міндеттерін атқаруға оның денсаулығы мен мүлкіне келтірілген шығындардың өтелуіне;
6) өтемақы мен кепілдіктердің берілуіне;
7) еңбек дауларын тараптардың келісімімен немесе сот тәртібімен шешуге;
8) өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға;
9) жеке басының беделі мен абыройын сақтауды талап етуге құқылы.
4. Жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері
4.1 Жұмыс берушінің міндеттері:
1) кодекске сәйкес Қызметкерлерді еңбектің қауіпсіздік жағдайларымен қамтамасыз етуге;
2) Жұмыс берушi қызметкердi осы Шартқа қатысты барлық құжаттармен таныстыруға мiндеттi, оның iшiнде:
- «Қызметкерлер туралы» ереже;
- лауазымдық нұсқаулық;
- жұмысқа алу, ауыстыру, жұмыстан шығару, жазалау, көтермелеу, iссапар туралы және тағы басқа бұйрықтар;
- коммерциялық құпияға жататын мәлiметтердiң тiзiмi.
3) жеке еңбек шарты мен еңбек кодексінің талаптарын сақтауға;
4) еңбекті қорғау мен қауіпсіздік жағдайларын бақылауды жүзеге асыруға;
5) қызметкерлер өкілінің ұсыныстарын қарауға, келіссөздер жүргізуге және ұжымдық шарт жасасуға;
6) мекеме қаражаты есебінен, еңбек міндеттерін атқару үшін Қызметкерді қажетті жабдықтар және материалдармен қамтамасыз етуге;
7) Қызмет берушінің актілерімен, осы шартпен, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен қарастырылған еңбекақысын және басқа да төлемдерін уақытында және толық көлемде төлеуге;
8) Қызметкерге Еңбек кодексінде қарастырылған, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мен демалыстың басқа да түрлерін беруге;
9) Жұмыс берушi қызметкердiң арызы бойынша 5 күн iшiнде төмендегi құжаттарды:
- еңбек кiтапшасын немесе оны ауыстыратын құжатты;
- бұйрықтардың (қабылдау, ауыстыру, жұмыстан шығару, көтермелеу, жазалау ж.т.б.) көшiрмесiн;
- жалақы, жұмыс уақыты, лауазымы туралы анықтаманы;
- ұсыным хатты дайындап беруге міндетті.
4.2 Жұмыс берушінің құқықтары:
1) еңбек кодексінде белгіленген тәртібімен осы шартты бұзуға және тоқтатуға, толықтыруға, өзгертуге;
2) өз құзыреті шегінде Қызмет берушінің актілерін, оның ішінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелері бойынша шығаруға;
3) Қазақстан Республикасы кодексімен белгіленген тәртіпте, Қызметкерді ынталандыруға, сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын бұзған жағдайда, материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартуға;
4) Қызметкер арқылы келтірілген шығынның орнын толықтыруға;
5) өкілдік және өз құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қызмет берушілер бірлестігін құруға және соған кіруге құқылы.
