- •Мазмұны
- •4 Өндірістік ғимараттың сатылы ұстынын
- •1 Қаңқаның конструктивтік сұлбасын жобалау
- •1.1 Ұстындар торын бөлу
- •1.2 Байланыстар
- •1.2.1 Байланыстың негізгі қызметтері
- •1.2.2 Шатырдың байланыстары
- •1.3 Байланыстардың көлденең қимасын табу
- •1.4 Ұстындар байланыстары
- •2 Көлденең раманы жобалау
- •2.1 Көлденең раманы есептеу
- •2.1.1 Раманың есептеу сұлбасы
- •2.1.2 Рамаға әсер ететін күштерді жинау
- •2.1.3 Рама элементтерінің қатаңдығын қабылдау
- •2.1.4 Раманың статикалық есептелуі
- •3 Көлденең раманы есептеу
- •3.1 Көлденең раманың өлшемдерін табу.
- •3.2 Көлденең рамаға түсетін жүктер
- •3.2.1 Тұрақты жүктер
- •3.2.3 Көпірлі кранның жүгі
- •3.3 Көлденең рама элементтерінде пайда болатын ішкі күштерді табу
- •3.3.2 Қар жүгінің әсерлері
- •3.3.3 Көпірлі кранның әсерлері
- •3.3.4 Көпірлі кранның көлденең әсері
- •3.4 Көлденең рама элементтеріндегі есептік күштерді анықтау
- •4 Өндірістік ғимараттың сатылы ұстынын есептеу және құрылымдау
- •4.1 Ұстынның есептік ұзындығын анықтау
- •4.2 Ұстынның жоғарғы бөлігінің қимасын таңдау
- •4.3 Ұстынның төменгі бөлігінің қимасын қабылдау
- •4.4 Ұстынның төменгі және жоғарғы бөліктерінің түйіскен жерін есептеу және жобалау
- •4.5 Ұстынның базасын есептеу және құрылымдау
- •5 Ферманы есептеу және конструкциялау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.1.3 Рама элементтерінің қатаңдығын қабылдау
Раманы статикалық есептеу үшін элементтердің инерциялық моменттерінің өзара қатынастары керек. Бұл қатыныстарды былай қабылдауға болады:
=
5...10;
= 2...6
=
(10...30
- егер ортадағы және шеткі ұстындардың
қадымы бірдей олғанда; 20...60 - ұстындар
қадымы бірдей болмағанда);
=
(1,5...3 - егер ортадағы және шеткі
ұстындардың қадымы бірдей болғанда;
2,5...7 - ұстындар қадымы бірдей болмағанда);
мұндағы Iт , Iж - ұстынның төменгі және жоғарғы жағының инерциялық моменті;
IТО, IЖО - ортадағы ұстынның төменгі және жоғарғы жағының инерциялық моменті;
IK - қарының инерциялық моменті.
Үстінде берілген қатынастарды раманың өлшемдеріне, яғни әсер ететін жүктерге байланысты қабылдауға болады. Ұстынның қимасы өзгеретін жердегі инерциялық моменті шексіздікке тең етіп қабылданады.
2.1.4 Раманың статикалық есептелуі
Ұстын мен қары топса арқылы жалғасқан. Көп арқалықты раманы есестегенде, жүктердің әсерінен ұстынның жоғарғы ұшы қозғалмайды деп есептеуге болады. Бұл әр жүктерден жеке ұстынның қималарына әсер ететін ішкі күштерді бүкіл раманы есептемей- ақ табуға мүмкіндік береді. Бұл үшін ұстынның жоғарғы ұшындағы тіреуге әсер ететін тірек күшін тауып, «аспалы арқалыққа» сырқы күшткр және тірек күші әсер етеді, солардың әсерінен ұстынның есептелетін қималарындағы ішкі күштер табылады. Раманы статикалық есептеу үшін төмендегі жүктердің әсерін қарау керек :
жоғарғы жабынның салмағы;
жабында жатқан қар салмағы;
көпірлі кранның ең үлкен моменті Ммах;
өпірлі кранның ең кіші моменті Мmin;
көпірлі кранды тежегендегі пайда болатын күш Т ;
желдің сол жақтан әсері;
желдің оң жақтан әсері.
Көлденең раманы есептегенде тек ұстында пайда болатын иілу моменттерді тапса жеткілікті, ал сығылатын күштің шамасын жоғарыдан әсер ететін күштердің тірек күшіне тең етіп алуға болады. Көлденең қиюшы күштер шамасын иілу моменттердің эпюрасына сәйкес табу аса қиын емес.
Конструкциялардың өз салмағының әсерінен ұстынның ұшына қарының тірек күші ғана әсер етеді. Екінші қимада тірек күшін ұстынның жоғарғы жағының салмағы, егер қабырға панелі ұстынға ілінетін болса, бұл қималдан жоғары орналасқан терезелер мен қабырға панельдерінің салмағы қосылады, ал үшінші қимада кранасты арқалықтың салмағы қосылады және төртінші қимада басқа жоғарыдағы жүктердің салмағынан басқа ұстынның төменгі жағының массасы тағы да ілінген қабырға панельдерінің салмағы қосылады.
Қар жүгіне есептегенде, ұстынның бар қималарына әсер ететін сығатын күш қарының тірек күшіне тең етіп қабылданады.
Кран моменті Ммах әсеріне есептегенде ұстынның біркелкі және екінші қимасына сығатын күшті нөлге тең етіп, ал үшінші мен төртінші қимада N =Dmaxтең етіп қабылданады.
Кран моменті Мminәсеріне есептеу Ммах есептеуімен бірдей, тек үшінші мен төртінші қимада N =Dmin тең етіп алынады.
Көлденең раманы есептегенде қарының, ұстынның сыртқы қарыны 200мм жеткізілмей қойылатын ескерілуі керек. Сол себепті қарының тірек күші ұстынға белгілі бастапқы эксцентриситетпен әсер етіп, ұстын ұзынан әсер ететін иілу моментін туғызады.
Ұстынды есептеу үшін негізгі төрт қимасы қарастырылады :
ұстынның ең жоғарғы ұшы;
ұстын қимасы өзгеретін жерінен сәл жоғары;
ұстын қимасы өзгеретін жерінен сәл төмен;
ұстынның іргетасқа бекітілетін жері.
