- •Су ресурстары ластануының негізгі көздері
- •Су ресурстарының ағызылымды сулармен ластануы
- •Су ресурстарының ластануы
- •2010 Жылы республика бойынша 25896 су құбырлары апаты тіркелген. Ең көп апат Қарағанды (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында тіркелді.
- •2010 Жылы Ақтау қаласында № 2 кәріз-тазарту құрылысы салынады деп қарастырылғанымен, ол аяқталмаған, соның салдарынан 281,7 млн. Теңгеге бюджет қаражаты игерілмей қалған.
- •Ағызылымды суларды тазартудың негізгі әдістері
- •25% Құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының
- •Iстейдi.
- •Жерасты және грунтты суларлың маңызы
Су ресурстарының ағызылымды сулармен ластануы
Су ресурстарының ластануы
Өнеркәсіп кәсіпорындары және жылу электр станциялары атмосфералық ауаны ластаумен қатар су қоймалары мен өзендерді де ластап отыр. Соның салдарынан жер үсті су көздері сарқылып, Қазақстанның флорасы мен фаунасы экологиялық тұрғыдан зиян шегуде, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын асқындыра түсуде. Жыл сайын су объектілеріне шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп қалдықтары төгіледі.
Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан. Жер үсті суларының ластану деңгейі судың ластануының кешенді индексінің (ИЗВ) шамасы бойынша бағаланады, бұл индекс су сапасының өзгеру динамикасын салыстырып анықтау үшін пайдаланылады (2, 2,1-қосымша).
Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде «таза» су объектілеріне – 8 өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); «шамалы ластанған» су объектілеріне – 39 өзен (67%), 7 су қоймасы (58%), 3 көл (27%) және 3 канал (100%) жатқызылған. «Ластанған» су объектілеріне 7 өзен (12%), Күрті су қоймасы (8,3%) және 3 көл: Шалқар, Сұлтанкелді, Балқаш (27,2%) көлдері жатқызылған.
«Лас» су объектілеріне Тихая (Шығыс Қазақстан облысы), Глубочанка (Шығыс Қазақстан облысы), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері (5,1%), Кеңгір (Қарағанды облысы) су қоймасы (8,3%) жатады.
Қаракеңгір (Қарағанды облысы), Шерубайнұра (Қарағанды облысы) өзендерінің (5,1%) және Билікөл (9%) көлінің (Жамбыл облысы) су сапасының жай-күйі «өте лас» деп сипатталады.
«Аса лас» су объектісі санатына Красноярка (1,7%) өзені (Шығыс Қазақстан облысы) жатады.
Бұл ретте кейбір су объектілерінің сапасы нашарлаған. Мәселен, Глубочанка (ШҚО), Ор (Ақтөбе облысы), Ембі (Ақтөбе облысы), Бірқара (Жамбыл облысы) өзендері мен Марқакөл көлі «таза» санаттан «шамалы ластанған» санатқа ауыстырылған.
Сондай-ақ Шу және Ақсу (Жамбыл облысы) өзендері, Балқаш көлі мен Күрті су қоймасы (Алматы облысы) «шамалы ластанған» санаттан «ластанған» санатқа жатқызылды. Глубочанка өзені мен Кеңгір су қоймасы «ластанған» санатқа ауыстырылды және Билікөл көлі (Жамбыл облысы) «лас» санаттан «өте лас» санатқа жатқызылды.
Соңғы кезде республикада ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы сарқынды су проблемасы асқынып отыр.
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы республикада 298 елді мекенде кәріз жүйесі бар, бұл - республикадағы жалпы елді мекендердің (7161 бірлік) бар болғаны 4,2 пайызы.
Республика аумағында 573 кәрізді тазарту ғимараты жұмыс істейді. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша – 14678,1 км, соның ішінде бас коллекторлардың ұзындығы - 4806,8 км, таратушы кәріз желісінің ұзындығы 9871,3 км. құрайды.
Табиғат қорғау объектілерінің негізгі қорларының жай-күйі төмен дәрежеде. Су бұру жүйесінің құрылыстары мен желілерінің, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерінің басым көпшілігінің пайдалануға берілгендеріне немесе күрделі жөндеуден өткендеріне 20 жылдан асып кеткен. Желілердің 2/3-сі күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша жалпы республикада сарқынды сулар жиналатын 130 тоған мен төгінділер қабылдайтын 51 нысан бар.
Төгінділер қабылдайтын 13 нысанда тазарту құрылыстары жоқ, яғни сарқынды суларды төгу тазаланбай жүзеге асырылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарынан аққан сарқынды сулардың елеулі көлемі (жекелеген қалаларда 24%-ға дейін) тікелей қалалық тазарту ғимараттарына келіп құяды, ал бұл құрылыстар әдепкіден өнеркәсіптік сарқынды суларды тазартуға есептелмеген. Қолданыста жүрген тазарту ғимараттардың көпшілігі өздерінің пайдалану ресурстарын толық сарқыған, сол себепті оларды ауыстыру не болмаса жаңарту қажет.
Тазарту құрылыстарының айтарлықтай тозып кетуіне байланысты су құбырлары құрылыстарындағы апаттық саны артып, өнеркәсіптік сарқынды суларға құйылатын төгінділердің жалпы көлемі ұлғайып келеді.
