Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аударма ДҚ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
52 Кб
Скачать
☆

1.5 Show logs

SHOW LOGS күйі бойынша бар журналдар файлының мәліметін шығарады. Қазіргі уақытта тек Berkeley DB журналының файлы бойынша мәліметтер шығарылады.

  • File журнал файлына толық жолды бейнелейді.

  • Type журнал файлының түрін бейнелейді (BDB - Berkeley DBжурналдарының файлы үшін )

  • Status журнал файлының күйін бейнелейді (FREE-егер файл өшіріліп қалса, немесе IN USE, егер файл транзакция ішкі жүйесіне керек болса)

1.6 Show processlist

SHOW [FULL] PROCESSLIST командасы дәл қазір қандай ағындар іске қосылғанын көрсетеді. Бұл мәліметті mysqladmin processlist командалары көмегімен алуға болады. Егер сізде SUPER айрықша белгісі болса, онда барлық ағындарды көруге болады, керісінше жағдайда – тек өз ағындарын. Егер FULL параметрі қолданылмаса, әр сұраудың тек бірінші 100 символы көрсетілетін болады.

Бұл команда өте ыңғайлы, егер too many connections' (өте көп байланыс) қателігі жайлы хабарлама берілетін болса және не болып жатқанын анықтау керек. Сізде әрқашан жүйеге кіру мүмкіндігі болу үшін және тексеріс жүргізу үшін (сіз бұл айрықша белгіні барлық жеке қолданушыларыңызға таратпайды деген болжаммен) MySQL SUPER айрықша белгісімен берілген клиент үшін бір қосымша байланысты сақтап қояды.

Кейбір күйлерді әдетте mysqladmin processlist-де көруге болады.

  • Checking table. Ағын кестені тексеруді жүзеге асырады [автоматты түрде].

  • Closing tables. Ағын өзгертілген кесте мәліметтерін дискіге жазып алады және қолданыстағы кестені жабады. Бұл операция тез жүзеге асырылады.

  • Connect Out. Басты компьютерге жалғанған, бағынышты компьютер.

  • Copying to tmp table on disk. Уақытша нәтиже жиынтығы tmp_table_size-ді арттырды, және енді жадыны сақтау үшін ағын жадыда орналасқан уақытша мәліметтер кестесін өзгертеді.

  • Creating tmp table. Сұраныс үшін нәтиже бөлігін сақтау үшін, ағын уақытша кесте құрады.

  • deleting from main table. Бірнеше кестені өшірудің бірінші бөлігін іске қосу кезінде өшіру тек бірінші кестеден бастап өндіріледі.

  • deleting from reference tables. Бірнеше кестені өшірудің екінші бөлігін іске қосу кезінде басқа кестелермен сәйкесінше жолдар өшіріледі.

  • Flushing tables. Ағын FLUSH TABLES командасын іске қосады және барлық ағындар өз кестелерін жабқанша күтеді.

  • Killed. Біреу ағынды жабу командасын бағыттады, және ағын келесі тексеріс кезінде жабылады. Флаг MySQL-дің әр негізгі циклінде тексеріледі, бірақ ағындарды жабудың кейбір жағдайында біраз уақыт алу мүмкін. Егер ағын басқа ағынмен құлыпталынса, онда жабылу басқа ағын құлыпталуды алғаннан кейін дереу іске асады.

  • Sending data. SELECT операторы үшін, ағын жолдарды өңдейді, және де мәліметтерді клиентке бағыттайды.

  • Sorting for group. GROUP BY-пен сәйкесінше ағын реттеуді жүзеге асырады.

  • Sorting for order. ORDER BY-пен сәйкесінше ағын реттеуді жүзеге асырады.

  • Opening tables. Кестені ашу.

  • Removing duplicates. Сұрау SELECT DISTINCT командасын мына жағдайда қолданды, яғни MySQL бастапқы кезеңде оңтайландыруды жүргізе асыра алмау.

  • Reopen table. Ағын кестені құлыптады, бірақ құлыптағаннан кейін құрылым өзгергенін байқады. Ол құлыптауды алып тастап кестені жапты және енді оны қайтадан ашуға тырысуда.

  • Repair by sorting. Индекстерді құру үшін қайта құру коды реттеуді қолдануда.

  • Repair with keycache. Кэш кілттері арқылы, қайта құру коды кілттерді бірінен соң бірін құруды қолдануда. Repair by sorting-ге қарағанда ақырын орындалады.

  • Searching rows for update. Ағын бірінші кезеңді жүзеге асыруда –содан кейиңн оларды жаңарту үшін барлық сәйкес жолдарды іздеуді шығарады.

  • Sleeping. Ағын клиент жаңа команданы жібергенін күтеуде.

  • System lock. Ағын кестенің сыртқы жүйелік құлыпталуын алуын күтуде.

  • Upgrading lock. INSERT DELAYED өңдіруші жолдарды қою үшін кестені құлыптауға тырысуда.

  • Updating. Ағын жаңартылатын және жаңартылып жатырған жолдарды іздеуді шығаруда.

  • User Lock. Ағын GET_LOCK() күтуде.

  • Waiting for tables. Ағын кесте құрылымы өзгертілді және жаңа құрылымды алу үшін оған қайтадан кестені ашу керек екендігін білдіретін хабарлама алды.

Күйлердің көбісі – бұл өте тез операциялар. Егер ағындар кез келген осы күйлерде көп мөлшердегі секунд аралығында қалатын болса, онда, қандай да бір, түзету керек,қиындықтар туындауы мүмкін.

Жоғарыда айтылмаған бірнеше күйлер бар, бірақ көбі mysqld-те қателіктерді ғана табу үшін ыңғайлы.