Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
100.doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

2.1.Этникалық өзгерістер.

XIII ғасырда Шыңғысхан империясының құрылуы, оның біртіндеп Орта Азия жерлерін жаулап алуы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның біреуі, бұл жаулаушылық Орта Азия халықтарының құрамына, олардың этникалың мәдениетіне үлкен өзгеріс әкелді, ұзақ мерзімдік күйзеліс тудырды дейді. Екінші бір көзқарас бойынша, моңғол шапқыншылығы Орта Азия халықтарының этникалық құрылымы мен аумағына көп өзгеріс әкелген жоқ. Біздің пайымдауымызша, кеңестік ресми тарихнама моңғолдар экспансиясының Орта Азия халықтарының этникалың құрамына мәдениетінің дамуына кері әсерін асыра бағалаған. Әрине, бұл — жаулаушылықтың белгілі бір жаманшылығы, күйзелісі болды. Оны мүлде жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар бұл жаулаушылың халықтар дамуындағы этникалық үрдістерді ондаған, жүздеген жылға шегерді деген қорытынды жасау да қате болар еді.

Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғысхан әскерінің құрамында болған моңғолдардың саны туралы нақты мәлімет жоң. Шыңғысхан жорығына, оған сол кезде бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтардың, т.б. жекелеген түркі тайпаларының әскерін қосқанда, Орталың Азияға басып кірген әскердің жалпы саны 150 мыңдай адам болған. Жаулап алу барысында бүл әскер моңғолдардың және Оңтүстік Сібірдің, Алтайдың, Батыс Моңғолияның түркітілдес тайпаларының есебінен толығып отырды. Алтайдың шығысы мен жоғарғы Ертіс өңірінен ауған барлас, төлеңгіт, барын, т. б. түркі тайпалары Жетісуға қоныстанды. Жаулап алу барысында моңғол жауынгерлерінің, моңғол әскері құрамындағы түркітілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті. Моңғолдардың Батысқа жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді. 1236 жылы Шыңғысханның немересі Бату ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған моңғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде 1243 жылы Алтын Орда құрылды. Моңғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді. Моңғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этникалық құрылымына көбірек әсер етті. Моңғолдардың жаулап алуы кезеңінде Сыр өңіріндегі қала, дала халңының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас ңалаларының халқы моңғолдарға қарсы шықңаны үшін көбірек қырылған. Моңғол шапңыншылығы бүл өңірде бүрын ңалыптасып қалған шаруашылықэкономикалық, мәдениэтникалық дамуға біршама тежеу болды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этникалың қүрылымына, аз да болса, өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан, Қазақстан жеріне сырттан келген моңғол, түркі тектес тайпалар ңоныстанса, екінші жағынан, жергілікті халыңтың біраз бөлігі Шыңғыс үрпаңтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға ауды. Моңғолдардың келуімен тайпалардың басңару жүйесінде, шаруашылықта, түрмыстіршілігінде, салтсанасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстікшығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік біраз күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды.

Дегенмен де ңалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоңыраған жоқ. Жаулаушылар көбіне жергілікті халықтардың тілін, әдет-ғүрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған: «Ертеде бұл мемлекет (Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың елі болған, біраң өздерін татарлар жаулап алған кезде қыпшақтар солардың бодандарына айналған. Сонан соң бұлар олармен араласып, туыстасып кеткен де, қыпшақтардың табиғи және нәсілдік қасиеттері үстем болып шығып, олардың бәрі нақ қыпшақтар сияқты болып кеткен…»

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]