Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-сынып оқушылары үшін.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
64 Кб
Скачать
☆

9. Бала таңертең жаман оянады.

Себебі: динамикалық стереотип шынықтырылмаған.

  • Оятқыш сағатты пайдалануды үйретіңіз (балаға салтанатты түрде жеке оятқыш сағат сыйлаңыз)

  • Радио мен теледидардың даусын қаттырақ қойыңыз.

  • Баланы асықтырмаңыз (егер оны асықтырсаңыз, бала барлығын баяу істейтін болады). Дұрысы дәл уақытты белгілеген («10 минуттан соң үстелге отырамыз, 30 минуттан соң үйден шығамыз»)

  • Жалқау деп мазақтамаңыз, дауласпаңыз, 5 минут ұйқы үшін айтыспаңыз, сағаттың тілін 5 минутқа ертерек қойыңызда балаға 5 минут жатуға уақыт беріңіз.

  • Бастауыш сынып оқушыларын мектеп жасына дейінгі балалардай өзіңіз ұйықтауға жатқызыңыз. Ұйқы алдында баламен әңгімелесіңіз, мұқият баланы тыңдаңыз, жұбатыңыз, баланы түсінетіңізді көрсетіңіз (бала сізбен ашық сырласып сөйлеседі және қорқыныш сезімінен арылып, тынышталып ұйықтап қалады)

 

Баланың мектепке дайындығы.

Бірінші сынып оқушының әр ата-анасын, баласы мектепке дайын ба деген сұрақ қызықтырады? Бұл баланың оқуға, өзі-өзіне деген бағалау және құрдастары мен мұғалімге деген қарым-қатынасына байланысты. Әдетте бұл сұрақ кешенді қаралады.

Кешендік дайындық – көп құрамдық даму көрсеткіші. Баланың мектепте сәтті оқуы үшін әр құрамның жақсы дамуы қажет. Кешендік дайындық жаңа жағдайға бейімделу және мектептің бағдарламасын игеру үшін қажетті физикалық мінездемелер мен мінез-құлық дағдыларын меңгеріп алу. Келесі даму құраушылары енеді: зияткерлік, мотивациялық, емін-еркін, әлеуметтік, физиологиялық дайындық.

Зияткерлік дайындық нақты білім, дағдылар және икемділік қорының болуымен анықталады. Балада танымдық белсенділік, сәйкес сөздік дамуы, ойлау және белгілі бір елес деңгейі болуы қажет.

Мотивациялық дайындық оқу мен мектепке деген жағымды қараудың болуын болжайды. Оқуға мотивация еңбектену икемділік және танымдық қажеттіліктен жиналады. Мектеп жасына дейінгі балада тек қызықты ғана емес қызықсыз да тапсырмаларды дайындауға ынтасын қалыптастыру қажет. Болашақ оқушының оқуға деген осындай ынтасы егер бала бұның барлығы оның міндетіне кіретінін сезініп, оларды жақсы орындауға талпынса мүмкін.

Емін-еркін дайындық баланың өзің бақылау қабілетін, өзінің ішкі және сыртқы мінез-құлығы мен қозғалысын басқаруды түсіндіреді. Баладағы еріктік қасиеттер зейін қойып, ұзақ уақыт үй тапсырмасын орындауға, кез келген істі аяғына дейін жеткізіп орындауға көмектеседі.

Әлеуметтік дайындық балада, оқушы жағдайын, жаңа әлеуметтік ұстанымды қабылдауға қалыптастырады.Бала бірлескен қызметті орындауға, сынып өміріне қосылуға, ересектер мен құрдастарымен өзара қатынасты орнататын мінезді дамытуы қажет. Мектепке әлеуметтік дайындық өз қызметі мен нәтижелерін, өз қабілетіне сәйкес баға беруді көздейді.

Физиологиялық дайындық бала организімінің негізгі атқарымдық жүйесінің даму деңгейі және денсаулық жағдайымен анықталады. Физиологиялық дайындық мектеп өмірінің іргетасы болып есептеледі, себебі денсаулығы әлсіреген баланың ой-өрісі жоғары болса да мектептегі оқу барысында қиындықтар сезінеді.

 

Қамқоршы ата-аналар үшін бірнеше кеңес.

  • Балаңызды тілегіне қарсы оқуға мәжбүр етпеңіз. Мәжбүрлеу арқылы балада мектепке, оқуға деген тұрақты сүймеушілік пайда болуы мүмкін.

  • Баладан өз құрдастарынан артық болуын, білуін талап етпеңіз.

  • Сәтсіздіктер мен жайсыздыққа дұрыс сезінуді ұйретіңіз. Көңілі түңілу сәттерде көмек көрсетіңіз.

  • Балаға өзі шешім қабылдауға мүмкіншілік беріңіз. Өзі шешім қабылдау балада өзін-өзі қадірлеу және жауапкершілік сезімін дамытады.

  • Күнделікті өмірде балада дербестікті тәрбиелеңіз. Бала өзің ересек адамдай сезінеді.

  • Баланы өз заттарын ұқыпты ұстауға ұйретіңіз. Баланың мектептегі жетістіктері, үйдегі өз жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруға байланысты.

  • Мектеп туралы жағымсыз пікір айтпаңыз. Баланы мектептегі қыйыншылықтар мен сәтсіздіктермен қорқытпаңыз

  • Балаңызға қатал мұғалім болуға тырыспаңыз. Жолдастық қарым-қатынасты ұстануға тырысыңыз.

  • Ашулы күйде баламен айналыспаңыз. Алдымен тыңығып алыңыз.

  • Баламен әңгімелесу барысында түсінушілікпен мұқият тыңдаңыз. Білуге құмарлығын көтермелеңіз

 

Ата-аналар үшін тест (баланың мектепке дайындығын анықтау үшін)

  1. Сіз қалай ойлайсыз сіздің балаңыз бірінші сыныпқа барғысы келе ме?

  2. Мектепте балаңыз көп жаңа және қызықты жаңалақтарды біледі деп ойлай ма?

  3. Сіздің балаңыз біраз уақыт (15-20 минут) өз бетімен бір іспен айналысып отыра ала ма (сурет салып, мозаика жинау және т.б.)?

  4. Сіздің балаңыз бөгде адамдардың арасында ұялмайды деп айта аласыз ба?

  5. Сіздің балаңыз суретті жүйелі суреттеп, ең аздегенде бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыры ала ма?

  6. Сіздің балаңыз жатқа өлең біле ме?

  7. Балаңыз берілген зат есімді көпше түрінде айтып бере ала ма?

  8. Сіздің балаңыз буындап оқу біле ме?

  9. Балаңыз онға дейін тура және кері санай ала ма?

  10. Бірінші ондықтан бір санын қосуға немесе азайтуды біле ме?

  11. Сіздің балаңыз тор сызықты дәптерге қарапайым элементтерді жаза, кішкентай өрнектерді мұқият көшіре ала ма?

  12. Сіздің балаңыз қайшы және желімді пайдалануды біле ме (мысалы, қағаздан аппликация жасау)?

  13. Бес элементтен тұратын суреттен бір минутта тұтас сурет жинай ала ма?

  14. Сіздің балаңыз аңдар мен үй малдарын атап бере ала ма?

  15. Сіздің балаңыз өз бетімен уақыт өткізуді ұната ма, мысалы сурет салып, конструктор жинап және т.б.

Әр жағымды жауап үшін – бір балл.

Тест нәтижесі:

Егер сіз 15 сұраққа ризалық білдіріп жауап берсеңіз, демек сіздің балаңыз мектепке дайын. Сіз балаңызбен бекер дайындалған жоқсыз, егер кейін балаңызда оқу барысында қиыншылықтар туындаса, балаңыз сіздің көмегіңіз арқылы оларды жеңе алады.

Егер балаңыз жоғарыда берілген сұрақтардың 10-14 орындай алса, сіз дұрыс жолдасыз. Сабақтар барысында балаңыз көп нәрсеге үйреніп, біліп алған. Ал, теріс жауап берген сұрақтарыңыз сіздің неге назарыңызды аудару қажет екенін және баламен әлі де жаттығу қажет екенін білдіреді.

Егер Сіз, 9 немесе одан да аз сұраққа жағымды жауап берсеңіз, баланың оқуға дайындығына көп уақыт, назар бөлу қажет екенін білдіреді. Бала мектепке баруға әлі дайын емес. Сол себептен сіздің міндетіңіз – баламен жүйелі турде жаттығып, түрлі тапсырмаларды орындау қажет. Оқудың алғашқы кезеңінде баламен бірге мұқият үй тапсырмаларын орындап, өткен материалдарды қайталап тұру қажет болады, бірақ үміт үзуге болмайды – жүйелі және үздіксіз сабақтар сіздің балаңызға қажетті білімді меңгеруге көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]