Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жоба .docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438 Кб
Скачать
☆

Маркетинг жоспары

Бәсекелес ортаны қарастырмастан бұрын тұтыну нарығының жағдайына тоқталу керек.

Алдыңғы жылдары және соңғы 5 жыл ішінде сұлулық пен денсаулық қызметтеріне сұраныс қарқынды өсуде, оның ішінде шаштараз-сәнгерлер қызметі де. Көптен-көпке “эксклюзивті” шаш киюлар, шаш үлгілер және макияждарға танымалдылық (популярность) өсуде.

Алматы қаласының көптеген салондарының бағасы орташадан көтеріңкі, осы себепті сапалы салон қызметтері көпшілікке қол жетімсіз болып келеді.

Мәліметтер бойынша Алматы қаласында 1090 сұлулық салондар бар. Ол үлкен басекелестікті білдіреді, бірақ әлемде және Қазақстанда дағдарыс болып жатыр, сол себепті сұлулық салондардың келімдері (посещаемость) азая түсті, сондықтан біздің маркетингті жүрісіміз (ход), ол қызметтердің бағаларын төмен түсіру және ерекше адамдар қатарына(инвалид, жетім балалар, зейнеткерлер және т.б.) жеңілдіктер көрсету, сонымен қатар көп адамдардың біздің қызметтерімізге назарын аудару.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен азаматтары арасында cұлулық салоны және олардың қызметі туралы дұрыс ой-пікір қалыптастыру шараларды жүргізуді талап етіп отыр. Ол үшін нақты іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Атап айтқанда:

-мектеп, балабақша, университет және өзгеде оқу орындарында сұлулық салонының қызметін жарнамалау;

-буклет, брошюра қағаздарын басу арқылы жарнамалау;

-арнайы журналдар мен газеттер, интернет сайттарда(әлеуметтік жүйелерде) жарнамалау.

Негізі қандайда бір қызмет пен кәсіпті жарнамалау арқылы істі алға қарай жылжытудың негізгі жолы болып табылады.

Қосымша жарнамалау ретінде түрлі белгілі шарттар бойынша акциялар жүргізуге болады. Мысалы, сыйлықтар жасау, қызметке, жеңілдікке сертификаттар сыйлау. Осындай істер жарнамаға жақсы әсер етеді. Акцияға қатысқан адамдар өз арада біздің салон жайлы ақпарат тарататын болады. Сондай акциялады 1 рет 2 аптада немесе 1 айда жасау жоспарланып отыр.

Алматы қаласы бойынша сұлулық салондарының қызметінің орташа бағасы:

2 Кесте.

№

Сабақ түрі

Бағасы

1

Шаш кию Ер, Әйел

1500-3000теңге

2

Шаш бояу

1200-10000теңге

3

Қас түзету

300-500теңге

4

Хим. бұйралау(завивка)

3500-6000теңге

5

Мелирование

3000-5000теңге

6

Кірпік өсіру (жабыстыру)

3000-13000теңге

7

Шаш түзету

3000-5000теңге

8

Және тағы сол сияқтылар

Сұлулық салонның негізгі клиенттері балалар, жасөспірімдер, жастар, орта жастағы адамдар және зейнеткерлер. Олардың мақсаттары өзін күту, әдемі әрі сәнді көріну болып табылады.

Бүгінгі күні нарықтағы күшейіп келе жатқан бәсекеге қарамастан сұлулық салонының болашағы бар бизнес ретінде қарастыруға болады.

Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері

Сұлулық салонын ұйымдастыруға қажетті негізігі құрал жабдықтар:

  • Шаштараз кресло;

  • Шебердің жұмыс үстелі;

  • Шаш жуу раковинасы;

  • Радио;

  • Құралдарды залалсыздандырғыш аппарат ;

  • Ілгіш;

  • Қалқа (ширма);

  • Стол;

  • Орындық;

  • Ұзарытқыштар мен жалғастырушылар;

  • Сыпыртқылар;

  • Басқа жабдықтар;