Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курстық.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
673 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Атом құрылысы, атом ядросы, ғарыштық сəулелердегі процестер, үдеткіштерде алынған зарядталған бөлшектердің реакциялары, зерттеулер нəтижесінде көптеген мөлшердегі ұсақ бөлшектер бар екендігін анықтады, оны қарапайым бөлшектер деп атады.

Табиғаттағы барлық заттар, бөлшектер бiр-бiрiмен әсерлеседi. Бiр қарағанда осындай сан-алуан болып келетiн әсерлесулер негiзiнен iргелi әсерлесу теп аталатын төрт түрлi әсерлесудiң нақтылы жағдайда көрiнiс табуы болып табылады. Iргелi әсерлесуге гравитациялық, электромагниттiк, күштi және әлсiз әсерлесулер жатады.

Бөлшектердiң қасиеттерiн қарастырғанда олардың бiр-бiрiмен әсерлесу сипатын бiлудiң және осы әсерлесу кезiндегi олардың сан алуан түрленулерiн т.с.с. зерттеудiң маңызы зор. Ол үшiн бiз оларды тiркеп, әрi бақылай бiлуiмiз қажет. Сондықтан, ядролық физиканың туындылап, даму кезеңiнен бастап-ақ бөлшектердi тiркеп, оны бақылаудың әдiстерi де қалыптаса бастады.

Эксперименттің мақсаттары мен оны жүргізетін жағдайларына қарай, негізгі сипаттамалары жөнінен бір-бірінен айырмашылығы бар, əртүрлі тіркегіш құрылғылар қолданылады. Осы қарапайым бөлшектерді тіркеуге арналған құралдардың қасиеттеріне қысқаша тоқталайық.

Визуалды əдіс - оптикалық əдістердің ішіндегі ең қарапайым əдіс болып табылады.

Сцинтилляциялық санауыш - сцинтилляциялық санауыштың ажырату қабілеті өте жоғары. Олар сцинтиллятор арқылы өткен бөлшектердің бір-бірінен уақыт айырмашылығы қандай болатындығын, яғни 10–8 секунтқа дейінгіні ажырата алатындығын байқаймыз.

Иондау камерасы жəне санауыш – ядролық бөлшектерді рентген жəне гамма (γ) сəулелерін бақылауға əрі тіркеуге арналған.

Черенков санауышы - жоғары энергиялы зарядталған бөлшектердің жылдамдығын өлшеу үшін үлкен қолдау тапқан құрал болып табылады.

Вильсон камерасы жəне диффузиялық камера - шапшаң қозғалатын зарядталған бөлшектерді тіркейтін ерекше əдістердің бірі болып табылады.

Қалың қабатты фотоэмульсия əдісі - бұл əдіс шапшаң бөлшектердің реакциясын қарастыруда үлкен маңызы бар.

Гейгер – Мюллердің газ разрядты санауышы – бөлшектерді автоматты түрде санайтын құралдардың ең бастыларының бірі.

Пайдаланылған əдебиеттер

Негізгі əдебиеттер

1. П. Полатбеков. Оптика. - Алматы: «Мектеп», 1981.

2. К. Б. Жұманов. Атомдық физика негіздері. - Алматы: «Қазақ

университеті», 2000.

3. Н. Қадыров. Ядролық физика негіздері. - Алматы: «Қазақ

университеті», 2000.

4. Т. Б. Куренкеев, Б. Т. Куренкеев. Кванттық физика.

5. Ф. А. Королев. Курс физики «Оптика атомная и ядерная физика». -Москва: «Просвещение», 1974.

6. П. Е. Калпаков. Основы ядерный физики. - Москва: «Просвещение», 1969.

7. Н. Қойшыбаев. «Оптика, атом, ядро жəне элементар бөлшектер». -Алматы: «Зият – Пресс», 2006

Қосымша əдебиеттер

8. Н. В. Савельев. Курс общей физики. - Москва: «Высшая школа», 2004.

9. Ж. Абдулаев. Жалпы физика курсы. - Алматы: «Ана тілі», 1991.

10. Э. В. Шпольский. Атомная физика. т. I-II. -Москва: «Наука», 1984.

11. К. Н. Мухин. Экспериментальная ядерная физика. Физика

атомного ядро. - Москва: «Энергоатомиздат», 1993.

12. К. Н. Мухин. Введения ядерную физику. -Москва: «Атомиздат», 1965.

13. К. В. Шалимова. Физика полупроводников. -Москва: «Энергия», 1971.

14. Ч. Уэрт, Р. Томсон. Физика твердого тело. -Москва: «Мир», 1969.

15. Т. Н. Трофимов. Курс физики. -Москва: «Высшая школа», 2004.

28