- •1 Су тазарту ғимараттар құрамы
- •1.1 Су тазарту станциясының биіктік схемасын құрастыру
- •1.2 Табиғи суларды тазартудың технологиялық сұлбалары
- •2 Тазарту станциясының негізгі ғимараттарының сипаттамасы
- •2.1 Араластырғыш
- •Сурет 2 тік құйын тәрізді араластырғыштың схемасы
- •2.2 Реагенттер туралы жалпы мәліметтер
- •2.2.2 Әк сүтін дайындайтын қондырғылар
- •2.2.1 Реагенттердің ерітіндісін дайындауға арналған қондырғылар
- •Сурет 3. Коагулянтты сұйық күйде сақтау схемасы
- •2.2.3 Реагенттер қоймасы
- •2.2.4 Реагенттердің ерітіндісін мөлшерлеу
- •3 Қалқыма тұнбалы мөлдірлеткіш
- •Сурет 4 Коридорлы мөлдіреткіштер
- •Сурет 4 Жедел сүзгі
- •5 Суды зарарсыздандыруға арналған жабдықтарды есептеу және таңдау
- •Сурет 5 лонии-100 хлораторы
- •6 Зертханалар мен басқа да қосымша бөлмелердің тізімін келтіру
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер
2.2.1 Реагенттердің ерітіндісін дайындауға арналған қондырғылар
Суды тазалауда көбінесе түйір реагенттерді пайданалады, оны суға ұсатылған ұнтақ түрінде (құрғақ мөлшерлеу) немесе белгілі концентрациялы ерітінді түрінде (ылғалды мөлшерлеу) қосады.
Құрғақ мөлшерлеу қазіргі уақытқа дейін біздің станцияларда онша көп пайдаланбайды. Су тазарту ғимараттардың құрамына реагенттерді ылғалды мөлшерлеуде ерітінділерді дайындап оны сақтайтын арнайы қондырғылар кіреді. Оларға ерітінді және шығынды бактер жатады. Ерітінді бактерде реагенттерді сумен барботаж (сығылған ауамен), механикалық бұлғауышпен араластырады (Сурет 3).
Суды енгізетін орын жер бетінен бірталай биіктікте орналасады, сол үшін ерітінді мен шығынды бактердің биіктік орналасуының үш варианттары бар.
Бірінші вариант бойынша ерітінді мен шығынды бактер тазарту қондырғылардың ғимараттарында үстіңгі қабаттарда орнатады. Сонда реагенттердің ерітіндісі мөлшерлеу құрылғылар арқылы өз бетімен ағып тазаланатын суға барады.
Екінші вариант бойынша ерітінді бактерді төменде орналастырады, ал шығынды бактерді жоғарғы қабатта ортанады. Реагенттердің ерітіндісін жоғары бактерге қышқылдарға төзімді сорғыштармен көтереді. Сосын мөлшерленгеннен кейін суға өздігінен ағып барады.
Сурет 3. Коагулянтты сұйық күйде сақтау схемасы
1- коагулянт ерітіндісін сақтауға аралған; 2- коагулянт қабаты; 3 – колосникті тор; 4 –суды беру; 5 –ауа беру; 6- шығынды бактегі коагулянт ерітіндісін әкету; 7 – қышқылды сорғыш
Үшінші 1 ең ыңғайлы деп есептелетін вариант бойынша ерітінді мен шығынды бактер ғимараттың төменгі қабаттарында орналасады. Реагенттердің ерітіндісін арынды мөлшерлеу құрылғылар арқылы суды тазарту ғимараттарға жеткізеді.
2.2.2 Әк сүтін дайындайтын қондырғылар
Судың сілтілігін жоғарылату үшін оған әкті сүт (суспензия) түрінде қосқан дұрыс болады. Станцияға жеткізілген сөндірілмеген әкті сөндіретін қондырғыға жібереді. Одан кейін концентрацияланған әк сүті арнайы бакке барып, онда концентрациясы 5%-ке дейін төмендетіледі. Оған жету үшін бактегі әктің бөлшектерін қалқыма қалпында үзіліссіз араластыру қажет.
Ол үшін мынадай әдістерді қолдануға болады: а) гидравликалық араластыруға және әк сүтін мөлшерлеуішке жеткізуге циркуляциялық сорғышты; б) ауа үрлеуіштен келетін сығылған ауаның әсерімен араластыру; в) тік өсінде айналатын қалақ бұлғауышы бар бактерде араластыру.
Әк сүтін дайындайтын бактің көлемін мына формуламен анықтайды:
Wә=
м3
(2.3)
мұндағы, Qсағ. – судың есептік шығыны, м3/сағ;
n – дайындалатын әк сүтінің пайдаланатын уақыты, 6-12 сағатқа тең;
Мә - судың сілтілігін жоғарлатуға қажет әктің мөлшері, (2.2) формула бойынша анықталады;
δә - әк сүті концентрациясы (5%-ке дейін); γә - әк сүті көлемдік массасы, 1 т/м3-ке тең қабылдайды.
Бактың саның екеу деп қабылдаймыз. Мөлшері: ені b1 = 1,5 м, ұзындығы l1 = 1,9 м, биіктігі 1 м.
Бактерде әк сүті мен суды араластыру үшін сығылған ауаны пайдалануға болады.
