Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АлешКасипкерлик.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
518 Кб
Скачать
☆

Диаграмма 5- Аудандар бойынша қызметкерлердің тізімдік саны

Жоғарыдағы мәліметтерге сүйенсек Жамбыл облысында аудандар бойынша қызметкерлердің тізімдік саны үлесі бойынша: Тараз қаласы 61% ,Шу 5% , Талас 4% , Сарысу 4 % , Мойынқұм 3%, Меркі 5 % , Т.Рысқұлов 4 % , Жуалы 1% , Жамбыл 1% , Байзақ 3 % ие болып отыр. Тараз қаласы бойынша қызметкелердің 2013 пен 2014 жылды салыстыратын болсақ 101,5% өскенін көруге болады. Бұл өз кезегінде Тараз қаласындағы шағын кәсіпорындарының санының 2013 жыл мен 2014 жылды салыстыратын болсақ 96,4% кеміген. Осыған орай Тараз қаласында шағын кәсіпорындардың саны азайғаны мен жұмысшылардың санынң өскенін көруге болады. Жамбыл ауданында қызметкерлердің саны есепті жыл мен базисті жылды салыстырғанда 134 –ке кем , яғни қызметкерлер саны 77,1% төмендеген. Бірақ Жамбыл ауданындағы шағын кәсіпорындарының санының 102,7% өскенін байқаймыз. Бұл кәсіпорынды қызметкерлердің санына емес, сапасына баса назар аударылуымен түсіндіріледі. Қордай ауданы аудан бойынша ең көп шағын кәсіпорындарынға ие .Бірақ есепті жыл мен базисті жылды салыстырса, қызметкерлердің тізімдік саны 83,6% кеміген. Бұл Қордай ауданындағы шағын кәсіпорныдардың 95,3 кемігендігімен түсіндіруге болады. Т.Рысқұлов ауданында қызметкерлердің тізімдік саны 120,2% көбейген ,ал Меркі ауданында 86,3% кеміген.

Кесте 6

Экономикалық қызмет бойынша барлық қызметкерлер саны,адам

Көрсеткіштер

Жылдар

Өзгеруі 2014/2013ж;

2012

2013

2014

(+;-)

(%)

Облыс бойынша барлығы

оның ішінде

20 932

22 917

22 223

-694

97

Ауыл,орман және балық шаруашылығы

1 502

1 336

1 462

126

109,4

Өнеркәсіп

3 284

3 943

3 557

-386

90,2

Құрылыс

6 062

6 028

6 470

442

107,3

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер

ді және мотоциклдерді

жөндеу

3 948

3 777

3 542

-235

93,8

Кәсіби және техникалық қызмет

2 058

2 332

2 077

-255

89

Басқалары

4078

5501

5115

-386

93

Диаграмма 6 - Экономикалық қызмет бойынша барлық қызметкерлер саны

Жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздағыдай экономикалық қызмет бойынша барлық қызметкерлердің саны есепті жыл мен базисті жылды салыстырғанда 97% төмендегенін байқауға болады. Оның ішінде:ауыл, орман және балық шаруашылығы.

7% ,өнеркәсіп 16%, құрылыс 29% , көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер және мотоциклдерді жөндеу 16% , Кәсіби және техникалық қызмет 9% , басқалары 23% ие болып отыр .

Ауыл ,орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінің саны есепті жыл мен базистік жылды салыстырғанда 109,4% өскен. Ал өнеркәсіп саласының барлық қызметкерлер саны 286-ға азайған, яғни 90,2% кеміген.

Құрылыс саласында барлық қызметкерлер саны 2014 жылы 6470 болып отыр.

Көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді жөндеу есепті жыл мен базисті жылды салыстырғанда 235-ке кеміген, яғни 93,8% азайып отыр.

Кәсіби және техникалық қызмет бойынша барлық қызметкерлердің 2013 пен 2014 жылды салыстырсақ 255-ке кеміген және де 89% азайып отыр.

2.3 Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың шетелдік тәжірибелері 

1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия" 1 деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты. 1 "Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi.

2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi.

3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды. Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шаралары: ШОБ-ты жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1,05 %-дық ставкамен); бизнес-инкубаторлар құру, салық салу, және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелерi бойынша қысқа мерзiмдi негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесiн құру; техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру; жаңа әзiрлемелердi коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми oртa, бизнес және үкiмет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау; пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттiң қатысуы және зерттеу кәсiпорындары үшiн патенттiк төлемдердi төмендету. Жапонияда зерттеулердi дамыту деңгейi бойынша жетекшi рөлдi технопарктер алады. 70 % шамасында жапондық технопарктер өңiрлердегi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарын қолдау үшiн құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнiмдер өндiруге бағытталған.

4. Германия. Германдық кластерлiк-желiлiк ұстанымды қолдаудың негізгi қағидаттары - бұл мынадай рыноктiк тетiктерге: мемлекеттік қолдауға емес шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа; тиiмсiз кәсiпорындар рыноктан кетуi керек; шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттiң қаржылай көмек беруi үшiн негiзгi талап - кредитке қабiлеттiлiкке тiрек болады.

5. Корея. Барлық компаниялардың 99,5 %-ын құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi бар. Соның iшiнде шағын компаниялардың үлесi 97 % құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзi болып табылады, өйткенi онда елдiң экономикалық белсендi халқының 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн. астам). Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесiне елдiң ЖIӨ-нiң жартысы және оңтүстiккореялық экспорттың 43 % тиесiлi.

6. Израиль. Қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кәсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк және бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия бизнестi жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i - кәсiпкердiң салған қаражаты. Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.43 Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми- техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйенi оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде жақсы дамыған. Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы технополистердiң - озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзiрлемелерi қалаларының қазiргі үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту басымдығының стратегиясы - бұл жоғары технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа салаларында iлгерiлеу. Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады. Дамыған елдердің көпшілігіне экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан – жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80 – нен 90% - ға деңгейі мөлшерді қамтып,елдің жалпы ұлттық өнімнің 50% - ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі – ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшінің айналған. Мысалы, жапондық мамандардың есептелуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден – бір себепші болған нәрсе – шаған кәсіпорындарды дамыту. 2014 жылдары Жапонияның тек өндіруші өнеркәсібінде ғана 6,5 млн. шағын және орта кәсіпорын қызмет еткен немесе бұл олардың жалпы санының 99 % - ға дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда 40 млн.адам жұмыс істейді, яғни бұл осы салада жұмыскерлердің 81 % - ы болып табылады. Концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы «аисбергінің шыңы» ғана деп айтуға болады.Бұл жерде ірі және шағын бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізінде бірін – бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар саласында, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және гелантерия өндірісінде, дәрі – дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жинап, жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алды. Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ – та да бизнес кеңінен дапып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың 99% - ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84 % - ы саны жиырмадан аспайтын, ал 80 % - да оннан аспайтын адам жұмыс істеді. АҚШ – та шағын фирмалардын өсуі жылдың өзінде ғана 1 млн. шағын кәсіпорын пайда болса, ал 2014 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған. АҚШ – та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ - нің 40 % - ын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 2,1 %, құрылыста 80 %, көтерме саудада – 86 %, қызмет көрсету – 81 %. АҚШ экономикасында олар ғылыми – техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жатысына жуығына қамтамасыз етеді. Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорындарды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айырмашылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожойын мен жұмыскер арамындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы иесі болғандықтан ғана емес, сонымен біге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оның ұйымдастыруға барлық жағынан қалыптасуынан көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтжелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтау. Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алынатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады. Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталғандай сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар.