Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Буын аурулары тест.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173 Кб
Скачать
☆

*Қантамыр аурулары*3**

#1488

*!Әйел 50 жаста,жүктеме кезінде сол аяғындағы ауру сезімге,көгеруіне және ісінуге шағымданады.Анамнезінде:СВЖ 2 др.Тұқымқуалаушылығы ауыр анасы жағынан СВЖ бойынша.Ауру сезімі 3 күн бұрын пайда болды.Өздігімен гепаринды жақпа мен емделген-нәтижесіз.Об-ті:сол жақ аяғы ісінген,әлсіз цианоз.Теріге жанасуда және басқанда ауырсынады.УДЗГ-балтырдың ортаңғы үштен бір бөлігінің үлкен тері асты венасында флотирлеуші тромб.ЖТД жедел госпитализациялау үшін ЖМК шақырды.

Жедел госпитализациялау үшін көбірек не себеп болды?

*3 күн бойы ауырсыну және ісіну

* Ауыр тұқымқуалаушық

*Анамнезіндегі СВЖ 2 др

*флотирлеуші тромб

*науқастың жасы

#1489

*!Әйел 60 жаста, жүктеме кезінде сол аяғындағы ауру сезімге,көгеруіне және ісінуге шағымданады.Анамнезінде:СВЖ 3 др.Ауру сезімі бір апта бұрын пайда болған.Өздігімен диклофенак пен-жақпа мен емделген-нәтижесіз. Об-ті:айқын жақ аяғының ісінуі,гиперемия,цианоз,Мозес,Хоманс симптомдары().УЗДГ-да-беткей және терең веналардағы көптеген тромбтар. ЖТД жедел госпитализациялау үшін ЖМК шақырды.

Жедел госпитализациялау үшін көбірек не себеп болды?

*жасы

*беткей және терең веналардың симультантты зақымдануы

*СВЖ 3 др

* Перифериялық артериялардағы әлсіз пульсация

*айқын цианоз

#1490

*!Ер адам 55 жаста,аяқтың беткей веналарының тромбофлебиті бойынша ем алады.Анамнезінде-ЖИА. ЖЖ ФК 2. СЖЖ0. АГ 2 др, қауіп 4. ҚД 2 типі.Бақылау УЗДГда жалпы жамбас венасында тромб анықталды. ЖТД жедел госпитализациялау үшін ЖМК шақырды.

Жедел госпитализациялау үшін көбірек не себеп болды?

*ЖИА. ЖЖ ФК 2

*АГ 2, қауіп 4

*жоғарылаған тромбоз

*ҚД 2 типі

*Беткей веналардың тромбофлебиті

#1491

*!Әйел 56 жаста,сол аяғында сукровирлі жабындысы мен жараның пайда болыуна шағымданады.Анамнезінде:екі жыл бұрын жедел тромбофлебит пен ауырған.Амбулаторлы емделген динамикада жақсару мен-вена өткізгіштігі қалпына келген.Жағдайы соңғы екі аптада нашарлаған. АГ 2 др, қауіп 4, ҚД 2 типі, СВЖ женіл ағымда.Об-ті:сол жақ аяқ терісінің гиперпигментациясы,балтырдың ортаңғы үштен бірінде-шеттері тегіс емес екі жаралы дефект 2х3см және 1х1,5см іріңді жабынды мен және қабынумен.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

*диабеттік табан

*СВЖ кезіндегі варикозды жара

*дерматит

*посттромботикалық ауру

*қабыну

#1492

*!Әйел 46 жаста,басқан кездегі оң аяғындағы ауру сезімге,ісінуге,гиперемия және тізеасты шұңқырында температураның жоғарылауына шағымданады.Анамнезінде:СВЖ 2 др. АГ 2 др қауіп 3. Об-ті:жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Оң аяқ жағы ісінген,цианоз,жанасу кезінде ауырсыну байқалады.Мозес,Хоманс симптомдары ().ЖТД науқаста үлкен теріасты венасында флотирлеуші тромб деп күдіктеніп,аяқ веналарының УЗДГ на жібереді.

Флотирлеуші тромбты алып тастағанға дейін науқаста қандай режим болуы қажет?

*жалпы

*палаталы (комнаталы)

*жартылай төсектік

*төсектік

#1493

*!Ер адам 50 жаста,басқан кездегі оң аяғындағы ауру сезімге,ісінуге,гиперемия және тізеасты шұңқырында температураның жоғарылауына шағымданады.Анамнезінде:СВЖ 3 др. АГ 2 др қауіп 3. Об-ті:жалпы жағдайы орташа ауырлықта.Оң аяқ жағы ісінген,цианоз,жанасу кезінде ауырсыну байқалады.Мозес,Хоманс симптомдары ().Төсектік режимде.УЗДГда-балтырдың ортаңғы үштен бірінде тромб.Флотирлеуші тромб алынды.

Флотирлеуші тромбты алып тастағаннан кейін науқаста қандай режим болуы қажет?

*төсектік

* жартылай төсектік

*палаталы

* жалпы

#1494

*!Әйел 45 жаста,аяқтарындағы ауырсынуға,таңға дейін қалпына келетін,жұмыс күнінің аяғында пайда болатын ісінулерге шағымданады.Шаштаразда жұмыс істейді.Аяқтарын қарап тексеру кезінде терісі таза.Ісінулер жоқ.Бірен сараң телеангиоэктазиялар.ЖТД компрессионды іш киім киюді ұсынды.

Компрессияның қай классы науқасқа көрсетілген?

*1 класс (18-21 мм рт.ст.)

*2 класс (23-32 мм рт.ст)

*3 класс (34-36 мм рт.ст)

*4 класс ( 46 мм рт.ст көп)

*науқастың қалауы бойынша

1495. Жүктілігі 20-22 апта 25 жасар әйел келді. Шағымдары: кешкі уақытта үдейе түсетін аяқтарында ауырлық сезімі, жұмыс уақытынан соң табандарында ісіну пайда болады, ертеңгісі қалпына келеді. Анамнезінде: СВЖ 2 дәрежесі. Объективті: табандарының, сирағының үштен бірі бөлігінің домбығуы. ЖТД компрессионды іш киім киюіне кеңес берген. Жүкті әйелге компрессияның қай классын қолдануы ең ықтимал?

  1. Пациенттің қалауы бойынша

  2. 1 класс 18-21 мм с.б.

  3. 2 класс 23-32 мм с.б.

  4. 3 класс 34-36 мм с.б.

  5. 4 класс 46 мм с.б.-нан жоғары

1496. 70 жасар ер кісі ЖТД-не келесі шағымдармен келді: сол жақ аяғының ісінуі, сирақ пен санында ауыру сезімі. Дәрігерде лимфогрануломатоз диагнозымен есепте тұрады. Осыдан бір апта бұрын сирағында содан кейін санның ішкі бетінде қызару және ауыру сезімінің пайда болуын байқаған. Дене температурасы 37,6 С. Қарап тексеруде: сол жақ төменгі бөлігінің ісінуі, шап қатпарына дейін ұю сезімі, санның медиальды бетінің пальпациясында ауырлық пен гиперемия анықталды. Осы науқасты дұрыс емдеу жүргізу тактикасы:

  1. Төменгі бөлік артериясының тромбэктомиясы

  2. Антикоагулятты терапия

  3. Антибиотикотерапия

  4. Симптоматикалық терапия

  5. Төменгі бөлік венасының тромбоэктомиясы

1497

60 жасар әйел келесі шағымдармен келді: аяқтарының ісінуі, ауыру сезімі, көбіне оң жағында, оң аяғында трофикалық жара пайда болуына, аяқтарында ауырлық сезімі. Анамнезінде: АГ 3 дәреже ҚТ 4, қант диабеті 2 тип, СВЖ 3 дәреже, посттромбатикалық ауру. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, аяқтарының анық ісінуі. Аяқ терісінің индурациясы, гиперпигментация. Оң жақ сирақтың ортаңғы үштен бөлігінде ойық жара дефекті анықталды. . ЖТД компрессионды іш киім киюіне кеңес берген. Науқасқа компрессияның қай классын қолдануы ең ықтимал?

  1. 1 класс 18-21 мм с.б.

  2. Пациенттің қалауы бойынша

  3. 2 класс 23-32 мм с.б.

  4. 3 класс 34-36 мм с.б.

  5. 4 класс 46 мм с.б.-нан жоғары

1498. Артық салмағы, гиперлипидемия, метаболикалық синдромы бар 31 жасар ер адам келесі шағымдармен келді: 1 км жүрген кезде балтыр бұлшықеттерінде пайда болатын ауыру сезіміне,ал тыныштықта ауру сезімі басылады. Карап-тексеруде жалпы холестерин – 7,3 ммоль/л. ЛПИ- 0,8. Осы науқасты дұрыс емдеу жүргізу тактикасы:

  1. Гиполипедемиялық диета, физикалық активтілік

  2. Медикаментозды терапия

  3. Хирургиялық ем

  4. Гемосорбция

  5. Плазмаферез

1499. 50 жасар ер адам. Сол жақ аяқ беткей венасының жоғарлаған тромбофлебиттің тромбоэктомиясы операция жасалған. Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өткен. Ауруханадан қанағаттанарлық жағдайда емхана бақылауына шығарылған. Осы науқас қосымша қандай маман бақылауында болу керек:

  1. Хирург

  2. Ангиохирург

  3. Терапевт

  4. Тек қана ЖТД

1500. 20 жасар жүкті әйел, жүктілігі 20-22 апта. Алғашқы жүктілік. Шағымдары: жұмыстан соң аяқтарында ауырлық сезімі. Ешқандай аурумен ауырмаған. Жүктілікке дейін 2 жыл гормональды контрацептивтер қолданған. Анасында созылмалы венозды жетіспеушілік болған. Объективті: патология анықталмады. Осы жүкті әйелге ең актуальды қандай кеңес бересіз:

  1. Активті өмір сүру салты, көп серуендеу

  2. Дұрыс тамақтану, тәтті тағамдарды шектеу

  3. Жұқпалы ауруларды алдын алу

  4. Көп жүруді шектеу, тынығу

  5. Профилактика ретінде компрессионды іш киім қолдану

1501. 60 жасар ер кісі  3 жыл бойы оқтын-оқтын ақсақтықпен зардап шегеді, бірақ медициналық көмекке жүгінбеген. Емханаға 5 сағатта келер бұрын оң аяғында кенет суықтық, ұю, ауыру сезімі пайда болған. Қарап-тексеру барысында оң жақ төменгі бөлігі бозарған, суық, тері асты венасы түсуі, активті қимыл-қозғалыс шектелген, оң жақ шап қатпарында пульс анықталмайды. Осы науқасты дұрыс емдеу жүргізу тактикасы:

  1. Төменгі бөлік артериясының тромбэтомиясы

  2. Антикоагулятты терапия

  3. Антибиотикотерапия

  4. Симптоматикалық терапия

  5. Төменгі бөлік венасының тромбоэктомиясы

1502. 50 жасар әйел ЖТД-не келесі шағымдармен келді: 26 жыл бойы төменгі бөліктерінде тері асты венасының кеңеюі, 6-7 жыл бойы кешкі уақытқа қарай сирақ пен табандарында ісінуі мен ауырлық сезіміне шығымданады. Сатушы болып жұмыс істейді. 2 жыл көлемінде екі жақ сирақтарының ішкі бетінде тері түсі өзгерген, трофикалық ойық жара ашылған. Объективті: төменгі бөліктерінің терісі алқызыл түсті, сирақтың төменгі үштен бөлігінің гиперпигментациясы,терісі жұқарған /пергамент қағазы/ тәрізді. Варикозды аурудың асқынуын алдын-алу үшін ең эффективті емдеу әдісін таңдаңыз:

  1. Оперативті емдеу

  2. Максимальды физикалық активтілік

  3. Антидепресанттар қолдану

  4. Комплексті вазопротекторларды қолдану

  5. Өмір сүру салтын өзгерту, санаторлы-курорттық емдеу

1503. 56 жасар ер адам келесі шағымдармен келді: балтыр бұлшықеттерінде ауыру сезімі, ұйып қалуы, төменгі бөліктерінің суықтық сезімі. Қарап-тексеруде гиперхолестеринемия анықталды. Холестирамин тағайындалды. Осы препарат қай топқа жатады:

  1. Статин

  2. Пробукол

  3. Никотин қышқылы

  4. Өт қышқылдарының секверстанты

  5. Фибро қышқылының туындысы

1504. ЖТД-не 37 жасар әйел сол жақ сирақ пен сан венасының варикозды кеңею бойынша хирургиялық емдеуге жолдауын өтінген. Операциядан кейінгі кандай реабилитация әдісі ұсынылады:

  1. Өмір бойы эластикалық бинттау

  2. Эластикалық бинтты мүлдем қолданбау

  3. 2-3 ай көлемінде эластикалық бинт қолдану

  4. Физикалық жүктемені шектемеу

  5. Мүгедектік тобын анықтау

1505. 27 жасар әйел келесі шығымдармен келді: Аяқтарында ауыру сезімі, ісінуі, түнгі ұйқыдан кейін де мазалайды. Сатушы болып жұмыс істейді, қазіргі уақытта бір жасар баласы бойынша декретте. Объективті: Аяқтарында терісі таза, сирақтарында бірең-сараң телеангиоэктазиялар бар, табандары кішкене домбыққан. ЖТД аяқты күтіну туралы кеңес берді, компрессионды іш киімді қолдыну тәртібін түсіндірді, кешкі уақытта аяқтарын көтеріп жату туралы кеңес берген. Тағы қандай қосымша кеңес беруге болады:

  1. Аяқтарына ыстық ванна қабылдау

  2. Түрегеп тұруды шектеу

  3. Оральды контрацептивтерді қабылдамау

  4. Тағамды шектемеу

  5. Үйде аяқ киіммен жүру

1506. 50 жасар әйел кешкі уақытқа қарай аяқтарының ісінуіне,физикалық жүктемеден балтыр бұлшықеттерінің ауыру сезіміне шығымданды. Объективті: табандарында сирақтарында домбығу, тақым шұңқырында бірең-сараң телеангиоэктазиялар. Ең ықтимал комплексті терапияны таңдаңыз:

  1. Фибропротектор+аспирин

  2. Фибропротектор+Компрессия

  3. Фибропротектор+актовегин

  4. Фибропротектор+триампур

  5. Хирургиялық емдеу

1507. 40 жасар әйел физикалық жүктемеден соң және тыныштықта аяқтарында ауыру сезіміне, ұзақ уақыт тұрып тұрғаннан соң табандарының домбығуына шағымданды. Қарап-тексеруде аяқтарында паталогия анықталмады. Осы жағдайда сіздің дұрыс емдеу тактикаңыз:

  1. Фибропротектор+актовегин

  2. Фибропротектор+аспирин

  3. Фибропротектор+триампур

  4. Хирургиялық емдеу

  5. Компрессия

1508. 37 жасар әйел физикалық жүктемеден кейін балтырында діріл пайда болуына, жұмыстан соң сирақ пен табандарының домбығуына шағымданып келді. Мұғалім болып жұмыс істейді. Объективті- табанының домбығуы. Дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз:

  1. Фибропротектор+актовегин

  2. Фибропротектор+Компрессия

  3. Фибропротектор+аспирин

  4. Хирургиялық емдеу

  5. Фибропротектор+триампур

1509. 50 жасар әйел шағымдары: аяқтарында көзге көрінетін иреленген веналар, ауыру сезімі, ісінуі. Анамнезінде- 2 дәрежелі семіздік. Анасында аяқ веналарының варикозды кеңеюі болған. Объективті: екі аяқ сирақтарының тері асты вераларының кеңеюі. Веналар иреленген, 5 мм диаметрге кеңейген. Дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз:

  1. Фибропротектор+Компрессия

  2. Хирургиялық емдеу

  3. Фибропротектор+актовегин

  4. Фибропротектор+аспирин

  5. Фибропротектор+триампур

1510. 60 жасар әйел шағымдары: аяқтарында діріл, ауыру сезімі, ісіну. Анамнезінде 30 жыл бойы СВЖ. Соңғы 2 айда аяқтарында ойық жаралар пайда болған, емдеуге келмейді. Объективті: АД 160/100, жүрек тондары тұйықталған, ритмді емес. Пульс 80 рет/мин. Аяқтарында анық иреленген вена, табан ісінуі, сирақ терісінің трофикасының бұзылуы. Оң жақ сирақтың ортаңғы үштен бөлігінің ойық жаралық дефекті 1*2 см. Дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз:

  1. Фибропротектор+триампур

  2. Фибропротектор+аспирин

  3. Фибропротектор+актовегин

  4. Хирургиялық емдеу

  5. Флебосклероздау

1511. 25 жасар жүкті әйел екі жақты тобығының ісінуіне шағымданып келді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары ритмді, тұйықталған. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Пульс 76 рет/мин. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Іші 25 аптаға сай ұлғайған. Сирақтары домбыққан. ЖҚА, ЖЗА- патологиясыз. Дұрыс емдеу тактикасын таңдаңыз:

  1. Фуросемид

  2. Сұйықтықты шектеу

  3. Канефрон

  4. Зәрайдағыш

  5. Жүкті әйелді бақылау.

1512. 18 жасар қыз бетінің, қабақтарының ісінуіне шағымдалып келді. Бұл жағдай жаңа крем қолданғаннан кейін пайда болды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған ритмді. АҚҚ 130/90 мм.с.б. Пульс 96 рет/мин. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Беті ісінген, көзі сығырайған, қабағы ісінген. Бет гиперемияланған. Дұрыс алғашқы көмек тактикасын көрсетіңіз:

  1. Бақылау

  2. Димедрол б/е

  3. Супрастин per os. Бақылау

  4. Преднизалон к/т, ЖЖ шақыру

  5. Жедел жәрдем шақыру

1513. Дәрігер науқаста құрсақ қуысында сұйықтық бар болуына күмәнданып, УДЗ-ге жіберді. УДЗ-де қанша минимальды асциттік сұйықтықты анықтауға болады:

  1. 100 мл

  2. 200 мл

  3. 300 мл

  4. 400 мл

  5. 500 мл

1514. 40 жасар ер кісі ішінің ұлғаюына, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, салмақ жоғалтуына шағымданды. Өзін 3 ай көлемінде ауруымын деп есептейді.Тері қабаты бозғылт, құрғақ. Жүрек тондары тұйық, ритмді. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Пульс 84 рет/мин. Іші сұйықтық есебінен шамалы ұлғайған. УДЗ-де іш қуысында 300 мл сұйықтық анықталды. Дәрігер науқасты диагностикалық парацентезге жолдады. Науқастың асциттік сұйықтықта не анықталуы мүмкін:

  1. Бактерия

  2. Кох таяқшасы

  3. Атипиялық жасушалар

  4. Эритроциттердің жоғары мөлшері

  5. Билирубиннің жоғары мөлшері

1515. 40 жасар ер кісі ішінің ұлғаюына, аяқтарының ісінуі, әлсіздік, шаршағыштық, терісінің сарғаюына, оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне,жүрек айнуға шағымданды. Созылмалы алкоголизм. Жағдайының нашарлауы 6 сағат көлемінде. Объективті: тамақтануы төмен, терісінің сарғаюы, АҚҚ 120/80 мм.с.б. Пульс 80 рет/мин. Өкпеде везикулярлы тыныс,оң жақ төменгі бөлігінде тыныс естілмейді. Асцит. Сирақта ісіну. Өкпе рентгенографиясында оң жақтық гидроторакс. УДЗ- гепатоспленомегалия. Іш қуысында 1 л дейін сұйықтық. Осы жағдайда қай диуретиктарды қолдану тиімді:

  1. Монотерапия- фуросемид

  2. Монотерапия- этакринді қышқыл

  3. Монотерапия- спиронолактон

  4. Фуросемид+ спиронолактон

  5. Спиронолактон+энактринді қышқыл

1516. 50 жасар науқаста “Алкогольды цирроз, субкомпенсаторлы форма. Асцит” диуретиктермен терапия тағайындалды. Асцит пен ісінуі бар науқастарда диуретикотерапияның эффективтілігін көрсететін тәулігіне қанша салмақ жоғалту көрсетеді:

  1. 500 г дейін

  2. 1 кг

  3. 1,5 кг

  4. 2 кг

  5. 2 кг жоғары

1517. 40 жасар науқаста “Бауырдың вирусты циррозы, декомпенсация. Асцит.” Диуретикалық терапия тағайындалды. Асцит пен ісінуі бар науқастарда диуретикотерапияның эффективтілігін көрсететін тәулігіне қанша салмақ жоғалту көрсетеді:

  1. 500 г

  2. 1000 мл дейін

  3. 1200 мл дейін

  4. 1500 мл дейін

  5. 1500 мл жоғары

1518. 50 жасар науқаста “Алкогольды цирроз, субкомпенсация. Асцит” Дәрігер диуретикотерапия тағайындады: фуросемид, спиронолактон. Бауыр циррозы кезінде диуретик тағайындауға талап етілетін көрсеткіш:

  1. Жоғары АҚҚ

  2. Асцит пен ісіну

  1. Ауыр эликтролиттік жылжудың болмауы

  2. Бауыр функциясының бұзылуы

  3. Бүйрек функциясының бұзылуы

1519. 50 жасар ер кісі жүрек айну, ауырлық сезімі, оң жақ қабырға астында сыздап ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚҚ 130/60 ии.с.б. Пульс 80 рет/мин. Бауыр 1 см , ауырсынусыз. УДЗ-де құрсақ қуысында 200 мл сұйықтық анықталды. Осы жағдайда асцитты емдеу керек пе?

  1. Иә, фуросемид тағайындау

  2. Иә, сұйықтықты шектеу

  3. Жоқ

  4. Иә, комбинирленген диуретикотерапия

  5. Иә, парацентез жүргізу

1520. 55 жасар ер кісі жүрек айну, ауырлық сезіміне, оң жақ қабырға астында сыздап ауыру сезіміне, әлсіздікке шағымданды. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚҚ 130/60 ии.с.б. Пульс 80 рет/мин. Іші сұйықтық есебінен ұлғайған. Бауыр қабырға доғасынан шыққан, ауырсынусыз. Іш қуысының МРТ-да 1000 мл сұйықтық анықталды. Берілген жағдайда асцитты емдеу керек пе?

  1. Иә, диетотерапия

  2. Иә, диетотерапия+ диуретикотерапия

  3. Иә, диуретикотерапия

  4. Иә, парацентез

  5. Иә, парацентез жүргізу+ диуретикотерапия

1521. 60 жасар ер кісі ентігуге, ішінің ұлғаюына шағымданды. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚҚ 130/60 мм.с.б. Пульс 80 рет/мин. Іші сұйықтық есебінен ұлғайған, ішінің тері асты веналары иреленген, кеңейген. Бауыры қабырға доғасынан шығынқы, ауырсынусыз. Іш қуысының МРТ-да 3000 мл сұйықтық анықталды. Осы жағдайда тиімді емдеу тактикасы:

  1. Диетотерапия

  2. Комбинирленген диуретикотерапия

  3. Парацентез + диетотерапия

  4. Диета+ диуретикотерапия

  5. Парацентез+ диуретикотерапия

1522. 48 жасар әйел тізе буындарының ісінуіне, ауыру сезуміне, гиперемияға шағымданды. Анамнезінде: 15 жыл бойы ревматоидты артритпен ауырады. Халықтық емдеу әдістермен емделеді. Объективті: жүрек тондары тұйық, ритмді. АҚҚ 150/100 мм.с.б. Пульс 86 рет/мин. Тізе буынының анық ісінуі. Буын бетінің терісі гиперемияланған, пальпацияда ыстық. Тізе буынының қозғалуы шектелген. Осы жағдайда қай топ препараттары емдеуге көрсетілген:

  1. Диуретиктер

  2. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

  3. Глюкокортикоидтар

  4. Антибиотиктер

  5. Физиотерапия

1523. 45 жасар әйел келесі шағымдармен келді: аяқ-қолдарының ісінуіне, әсіресе ыстық мезгілде байқалады. Анамнезінде: соңғы жылы пременопауза. Объективті: жоғары тамақтану. Қабақтарының, колдарының, табанының домбығуы. Ісінулері тұрақты емес, әр уақытта пайда болады. Табандарының домбығуы ыстық ваннаға түскенде пайда болады.Жүрек тондары тұйық, ритмді. АҚҚ- 130/80 мм.с.б. Пульс 74 рет/мин. ЖКА,ЖЗА- патологиясыз.БҚА- альдостеронның шамалы көбеюі. Мүмкін болатын диагноз:

  1. Созылмалы пиелонефрит

  2. СЖЖ

  3. Идиопатиялық ісіну

  4. Лимфостаз

  5. СВЖ

1524. 45 жасар ер адам “Алкогольды цирроз, декомпенсация сатысы. Асцит” диагнозымен 2 апта көлемінде комбинирленген диуретикотерапия қабылдайды- эффективтілігі жоқ. Жалпы жағдайы ауыр. АҚҚ 190/120 мм.с.б. Пульс 92 рет/мин. Өкпенің төменгі бөлігінде тыныс тындалмайды. Екі жақты гидроторакс. Асцит есебінен іші ұлғайған. Анасарка. Аяқтарында массивті ісіну. Дәрігер парацентез жасауға жоспарлы түрде госпитализациялайды. Парацентез жасауға науқаста қандай көрсеткіш бар:

  1. Жоғары АҚҚ

  2. Жалпы жағдайының нашарлауы

  3. Декомпенсация сатысы

  4. Рефрактерлы асцит

  5. Бауыр және бүйрек функциясының бұзылуы.

1525. Пациентте “Бауырдың вирусты циррозы, субкомпенсация сатысы. Асцит” Дәрігер спонтанды бактериальды перитонитты алдын алу үшін антибиотик тағайындады. Асцит кезінде перитонитты алдын алу үшін антибиотиктың қай топ препараттары тағайындалады:

  1. Цефолоспорин

  2. Аминогликозид

  3. Фторхинолон

  4. Тетрациклин

  5. Макролид

1526. Пациентте “Бауырдың вирусты циррозы, субкомпенсация сатысы. Асцит” диагнозымен асциттык сұйықтықты зерттегенде бактериальды перитонит анықталды.Емдеу үшін антибиотиктың қай топ препараттары қолданылады:

  1. Фторхинолон

  2. Цефолоспорин

  3. Макролид

  4. Аминогликозид

  5. Карбапенем

1527. 45 жасар әйел бас ауру, бас айналу, АҚҚ 180 мм.м.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде: Вирусты цирроз, компенсация сатысы.Асцит 2 дәреже.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйық,ритмді. АҚҚ 160-80 мм.с..б. Пульс 74 рет/мин. Метеоризм есебінен іші аздап ұлғайған.Іштің бүйір жақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Сирақ ісінуі. Антигипертензивті препараттардың қай тобын осы науқасқа тағайындауға болмайды:

  1. Кальций каналының блокаторлары

  2. Диуретик

  3. Б-адреноблокатор

  4. АПФ ингибиторлары

  5. Орталық әсер ететін препараттар

1528. 40 жасар ер кісі қақырықты жөтелге, әлсіздік, дене температурасының жоғарлауына шағымданады. Анамнезінде: Алкогольды цирроз, Асцит 2 дәреже. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді. АҚҚ 110/70 мм.с.б. Пульс 9 Рет/мин. Өкпеде қатаң тыныс, төменгі бөлімінде ылғалды сырылдар. ЧДД 22 рет/мин. Асцит есебінен іші ұлғайған. Сирақтарында ісіну. Асцит кезінде антибиотиктердің қай тобы қарсы көрсетілген:

  1. Аминогликозид

  2. Цефолоспорин

  3. Карбапенем

  4. Макролид

  5. Фторхинолон

1529. 45 жасар ер кісі бас ауру, бас айналу, АҚҚ 190 мм.м.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде: Вирусты цирроз, компенсация сатысы.Асцит 2 дәреже.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйық,ритмді. АҚҚ 160-80 мм.с..б. Пульс 74 рет/мин. Метеоризм есебінен іші аздап ұлғайған.Іштің бүйір жақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Сирақ ісінуі. Антигипертензивті препараттардың қай тобын осы науқасқа тағайындауға болмайды:

  1. Орталық әсер ететін препараттар

  2. Диуретик

  3. Кальций каналының блокаторлары

  4. Б-адреноблокатор

  5. Альфа- адреноблокаторлар

1530. 60 жасар ер кісі бас ауру, бас айналу, АҚҚ 180/110 мм.м.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде: Вирусты цирроз, компенсация сатысы.Асцит 2 дәреже.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйық,ритмді. АҚҚ 160-80 мм.с..б. Пульс 74 рет/мин. Метеоризм есебінен іші аздап ұлғайған.Іштің бүйір жақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы. Сирақ ісінуі. Антигипертензивті препараттардың қай тобын осы науқасқа тағайындауға болмайды:

  1. Ангиотензин 2 антогонисты

  2. Кальций каналының блокаторлары

  3. Перифериялық вазодилятаторлар

  4. Диуретиктер

  5. Б- адреноблокаторлар

1531. Физикалық жүктемеден кейін пайда болатын ентігуден соң аяқтарының ісінуне алып келеді. Науқаста ісінудің пайда болу генезі қандай:

  1. Өкпелік патология

  2. СВЖ

  3. Жүректегі ақау

  4. Бүйректік ақау

  5. Бауырлық ақау

1532. 50 жасар әйел біп ай көлемінде тобығының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде: ИБС.СН. ФК». ХСН 0. АГ 2, р3, қант диабеті 2 тип.Д-есепте тұрады. Уақытылы ем қабылдайды. 2 жыл көлемінде моноприл қолданған. Соңғы 6 ай ішінде препараттың эффективтілігі төмендеген соң дәрігер моноприлды нитрендиринмен алмастырды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары тұйық, ритмді. АҚҚ 140/80 мм.с.б. Пульс 74 рет/мин. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Сирақтарында домбығу байқалады. Ісінудің мүмкін болатын себебі:

  1. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

  2. АГ

  3. Қант диабеті

  4. Нитредепин әсері

  5. Жастық ерекшелік