Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жамбыл обл лекция.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437 Кб
Скачать
☆

Лекция №14 Тақырыбы: Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастырылуы

1. Жамбыл облысы геожүйелерінің экологиялық шиеленіс деңгейлері.

Физикалық географияда аудандастырудың ғылыми принциптері көп-ақ. Соның шінде профессор А.В.Чигаркин комплекстілі принцип негізінде жасалған аудандастыру схемасын геоэкологияалық зерттеулерге ұсынады компілекістілі принцип, кез- келген территорияны ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қарай ажыратқанда, әрі табиғи, әрі антропогендік факторларды ескереді. Табиғи факторлардың ішінде территория жер бедерінің жаратылысы, геологиялық даму тарихы, топырақ, өсімдік жамылғысының сипаты ескеріледі.

Физика-географиялық аймақ аудандастырудың ең жоғарғы таксономиялық бірлігі. Аймақ территориясының тектоникалық және геологиялық құрылысының біртұтастығы мен макрорельеф пен макроклиматтың ортақ белгілерімен айырықшаланады.

Геоэкологиялық аудандастыру барысында жоғарыдағы таксономиялық бірліктердің аумағындағы қалыптасқан экологиялық жағдайларға сараптама жасалады. Әр бір экологиялық провинция аумағында – анклав бөлінеді. Геоэкологиялық анклав А.В.Чигаркиннің пікірінше экологиялық жағдайы көршілес айнала қоршаған аумақтан үлкен ауытқулар жасайтын, провинцияның ішіндегі шағын аудан анклав – қалалы өнеркәсіпті аудандарда дамиды. Сонда геоэкологиялық аудандастырудың ең төменгі таксономиялық бірлігі – геоэкологиялық анклав.

Әдебиеттер тізімі

1. Семенова М.И., Жамбульская область. Изд-во Академик наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961.

2. Тараз. Жамбыл облысы энциклопедия. – Алматы, 2003

Лекция №15 Тақырыбы: Жамбыл облысының халқы, экономикасы, өнеркәсібі

1. Жамбыл облысының халқы.

2. Экономкасы мен өнеркәсібі.

Облыста Қазақстан халқының 6,6 %-ы (2003 ж.) тұрады. Басым көпшілігі қазақтар 64,8 %, қалғандары – орыстар 18,1 %, дүнгендер 3,1 %, өзбектер 2,3 %, корейлер 1,4 %, 10,3 % тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыс тұрғындарының 46,1 % (439,3 мың адам) қалада, 53,9 % (540,2 мың адам) ауылда тұрады (2002 ж.). Халықтың орташа тығыздығы 1-км кв. 6,8 адамның тау бөктеріндегі өңірде халық тығыз орналасқан. Облыстың солтүстік және орталық бөлігінде халық сирек (Шу өзенінің төменгі сағасында 1-км. кв. 1-2 адамнан) орналасқан. Шағын елді мекендер Шу-Іле таулары мен Қаратаудың етегінде Шу, Талас өзендерінің сағасында орналасқан.

Өнеркәсібі. Жамбыл обылысы республикасындағы өнеркәсібі жан-жақты дамыған ірі аймақтың бірі болып табылады.Халық шаруашылығының барлық дерлік салаларының өркендеуіне обылыстың табиғи-географиялық жағынан қолайлы орналасуы мүмкіндік береді. Қаратауда теңдесі жоқ бай (жалпы қоры 1,6 млрд тонна) фосфорит кені жинақталған. Мұндағы байлық обылыс өнеркәсібінде жетекші орын алады. Сонымен қатар обылыста қоңыр көмір, алтын, мыс, т.б. түсті металдар,табиғи газ, құрылыс материялдары өндіріледі. Жер асты суы қоры бойынша обылыс республикада 3-орын алады. Обылыс өнеркәсібінің негізгі саласы х и м и я ө н е р к ә с і б і. Химия кәсіпорындарының қуаты жыл сайын 80мың тоннаға дейін сары фосфор,150мың тонна минералдық тыңайтқыштар,120 мың тоннадай натрий триполифосфатын, ортофоффорлық қышқылдар өндіруді қамтамасыз ете алады. Обылыста қант шығаратн республика бойынша аса ірі «Қант»АҚ-ы, 5 ірі ұн тарту кәсіпорындары жұмыс істейді. «Тараз»АҚ-ы, Дербес шаруашылық жүргізуші субъектілер.

Облыстық стстистика басқармасының деректеріне қарағанда, 2002жылдың 1 шілдесінде шаруашылық жүргізуші 6470 заңды тқлға есепте тұрды. Олардың 1130 бөлімдері мен өкілдіктері бар. Бұлардан басқа,жаңадан қабылданған азаматтық кодекстің күшіне енуіне байланысты әлі де тіркеуден өтпеген 2318 субъект есепте тұрды. Тіркелген мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және өндірістік кооперативтердің басым көпшілігі экономикалық іс-әрекетпен шұғылданады.Тіркелгкен шаруашылық жүргізуші заңды тұлғалардың 5815-і шағын 561-орта, 94-і ірі кәсіпорындар қатарына жатады. Аталған нысандардың 5263-і жоспарлаған жұмыстарын жүргізуде, 2812-і нақты экономикалық қызыметпен шұғылданды,яғни іс-әрекеттік белсенділік танытып отыр.

65 шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 4010-ы-шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар),19455-жеке кәсіпкерлкер және шаруа қожалықтары.Шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың жалпы саны 116880адам, оның ішінде шағынкәсіпорындарда 20835 адам.

Әдебиеттер тізімі

1. Семенова М.И., Жамбульская область. Изд-во Академик наук Казахской ССР. Алма-Ата, 1961.

2.Тараз. Жамбыл облысы энциклопедия. – Алматы, 2003