- •1. Антика философтары дүниенің бастамасы мәселесін қалай шешті?
- •1. Қытай философы Конфуцийдің негізгі идеалары қандай?
- •2. Позитивизмнің негізін салушы о. Конт қарастырған философиялық мәселелер қандай?
- •2. Қайта Өрлеу дәуірі кезеңдегі негізгі идеялар мен көзқарастар. Осы кезеңнің философтарын атаңыз.
- •3. Қоғамдық сана дегеніміз не? Оның құрылымы мен формалары қандай?
- •2.Ортағасырдағы Батыс Еуропа философиясы мен араб тілді мұсылман философияның арасындағы айырмашылықтар қандай? Танымал араб тілді философтары туралы не білесіз?
- •2. Абайдың шығармаларына («Қара сөздер») негізделе отырып, оның қарастырған философиялық пен әлеуметтік мәселелерін анықтаңыз
- •3.Диалектика- дамудың философиялық концепсиясы. Диалектика және оның әлемді теориялық және практикалық игерудегі маңыздылығы
- •1. Антикалық атомизмнің (Демокрит, Левкипп) негізгі мән-мағынасы.
- •2. Экзистенциализм, неопозитивизм бағыттарының қарастырған философиялық мәселелері қандай?
- •3.«Адам»,«индивид»,«жеке тұлға» (кісі) ұғымдарының философиялық мазмұнын ашыңыз
- •3. Сана, оның генезисі мен мәні пайда болып қалыптасуы
- •1. Платон философиясындағы негізгі идеялар
- •1. Жаңа Замандағы эмпиризмнің негізін салушы ф. Бэкон ақыл-ойдың «елестері» туралы ілімді қалыптастырды. Бұл ілімнің негізгі идеясы қандай?
- •3. Адам ақпаратты қоғамда: мәселелер мен мүмкіндіктері
2.Ортағасырдағы Батыс Еуропа философиясы мен араб тілді мұсылман философияның арасындағы айырмашылықтар қандай? Танымал араб тілді философтары туралы не білесіз?
3.Кеңістік пен уақыт және олардың негізгі сипаттамалары. Кеңістік пен уақыт – материяның маңызды атрибуттары. Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Оларды қозғалыстың көріну формалары немесе сыртқы өлшемі деуге болады. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы өлшей аламыз. Кеңістік – қозғалыстың әр сәттегі құрылымы, оның құрамды бөліктері мен формаларының арақатынасы немесе қозғалыстың әр сәттегі сыртқы нәтижесі. Кеңістік –ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын көрсетеді. Ол үш өлшемді, кез-келген 97 кеңістіктік қатынастар үш өлшем (ұзындығы, ені, биіктігі) арқылы сипатталады. Уақыт – қозғалыстың формалары мен құрамдас бөліктерінің (не элементтерінің) бірінен-бірі туындап ұласу формасы. Материя болмысының заңды, объективті формасы. Уақыт бір өлшемді, бір бағытты, үнемі алға қарай жүреді, қайта оралмайды. Материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни, материяның кеңістікте аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Материя уақыт жағынан мәңгі деудің мәні – ол жағынан алғанда, ешқашан пайда болмайды және еш уақытта жоғалып кетпейді. Материя тек бір формадан екінші формаға ауысып, өзгеріп кетіп отырады. Бұдан шығатын қорытынды – материя қозғалыс, кеңістік, уақыт формаларының бәріне қатысты.
Емтихан билеті № 8
1.Ежелгі қытай философиясының негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз. Ежелгі Қытай елінің әлеуметтік өміріндегі әр-түрлі өзгерістердің бола бастауы, ақшалай тауарлық қатынастардың қалыптасуы әртүрлі әлеуметтік топтардың, жіктердің пайда болуына алып келді. Ежелгі Қытай мемлекеті шығыстық деспоттық мемлекет болды. Мемлекет басшысы қоғамдық өмірде барлығынан жоғары тұрды. Аристократтар әртүрлі мемлекеттік қызметте болды. Олардан кейін рубасылар орын алды, ал, құлдар әлеуметтік сатыдан тыс қалды. Оларда ешқандай құқық болмады. Адамдар арасындағы қатынастар әртүрлі ритуалдық қатынастарға негізделді. Қытайлардың дүниетанымдық көзқарастары «Бес кітап» (У Цзин) деген кітапқа жазылды. Математика, астрономия, медицина секілді ғылымның кейбір салалары пайда болып, күнтізбені, уақыт есептеуді ойлап тапты. Ай мен күннің тұтылу мезгілін анықтай алды.Қытай философиясы негізінен этика және саясат төңірегінде ой қозғайды. Білім адамгершілікті жетілдіруге апаратын жол деп бағаланды. Ең жоғарғы білім ұлы адамдардың қайырымдылығы және қоғамның барлық сатысындағы жүріс- тұрыс ережелері туралы білім болып табылады. Мемлекетті басқару өнеріне, әскери өнерге үлкен мән берді. Қытай философиясы дінге бағынышты болмады. Алайда, мифологиямен тығыз байланыста дамыды. Мифологиямен тығыз байланысы қытай философиясындағы жүйеліліктің және ғылыми ойлаудың біраз жетіспеушілігінің негізгі себебі болды
2. Г.В. Гегель философиясындағы идеализм мен диалектика (дамудың заңдары мен қағидалары туралы ілім). Гегель философиясы – сана, рух алғашқы, ал, материя, табиғат екінші, тәуелді дейтін объективті идеализм. Сондай-ақ, Гегель философиясының аса маңызды жақтарының бірі – оның диалектикасы. Диалектика Гегель философиясында идеалистік сипатта өз дамуының жоғары сатысына көтерілді. Дамудың диалектикалық теориясын жасады. Оның айтуынша, даму белгілі бір жүйемен жүреді. Олар: Тезис – Антитезис -Синтез. 1) Тезис – денелердің, құбылыстардың өздігінен пайда болуы. 2) Антитезис – ол денелер дамып, пісіп, жетіліп, содан соң жоққа айналуы. 3) Синтез осы жойылып бара жатқан денелердің кейбір элементтері сақталып, басқа денеге айналуы. Барлық дамудың қайнар көзі – Абсолюттік идеяның өзіндік дамуы. Ол үнемі қозғалуда, өзгеруде және дамуда болады. Оның диалектикасында материя мен қозғалыс бірлігі, кеңістік және уақыттың өзара байланысы, қарама – қарсылықтының күресі мен бірлігі, сан өзгерісінің сапа өзгерісіне ауысуы жан-жақты мазмұнын ашады
3. Философия тарихында адам мәселесі қалай қарастырылады? Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі болса да, ол ең алдымен - рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы - шексіздікке кетеді. Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі -адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыс танушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы Жарылыстың» негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды, тудырады екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - «Ноmо Sapiens» - саналы адам, яғни ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар. Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Politikon» - қоғами жануар деген болатын. Ол да - адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан алуан қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі - адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатынды. Жалғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай, жыртқыштарға жем болады.И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Ноmо Morales» деген анықтама берген болатын.
Емтихан билеті № 9
Дүниеге көзқарастың (дүниетанымның) тарихи түрлерінің (мифологиялық, діни, философиялық, ғылыми) ерекшеліктерін айқындаңыз . Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б. Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше. Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.
2. Ф. Ницше философиясындағы «билікке деген ерік» және «асқан адам» туралы тұжырымдары. Жетілген Ницше философиясында қфсқаша айтатын болсақ оның билікке деген ерікін айтуға болады.Ницшенің өмірлік мақсаттарының және өмірлік мағынасы болды.Филосов үшін ерік дүниенің негізі болып табылды және ол идея оны «асқан адам»ойлап табуға құштар етті. Ф. Ницше ұсынған "Асқан адам" тұлғаның негізгі ерекшелігі: Өзінен үздіксіз асып өтетін, әлсіздікті жеңетін, өзін толық әйгілейтін, тобырларға жол сілтейтін асқан адам; Бірегей ақиқат пен этиканың жаңа арқаны, ереже мен құндылықтың жаратушысы; ол еркін, өзімшіл, жетілген, кемел; Бірегей адамзаттың ең негізгі қайғысы мен ең ұлы үмітіне өкілдік етеді; Ол жайсыз орта шектемесін бұзып шығушы, оған деген өшпенділік, қызғаныш, күдік, қаталдық, ашкөздік, зұлымдық дегендер оны тіпті де күшейтеді. Демек, ол бейшара әлжуаз емес, ол толыққанды түбегейлі адам. Ф.Ницше Бірегейді обсолютті Құдай деп есептемеген, ол Ақырласқан адамға салыстырмалы айтылған, ол соңғы жетілген нұсқа емес, үздіксіз жетілуге құштар тұлға
3,Қазіргі заманғы өркениет пен мәдениеттің қалыптасуы мен дамуындағы ғылым мен техниканың рөлін көрсетіңіз. Ренессанс («ренессанс» — француз сөзі — қайта жаңғыру) мәдени дамуда орасан зор роль атқарды. Дінге дейінгі дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне басты назар аударылады. Осының нәтижесінде өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда, дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.
Емтихан билеті № 10
1. Қайта Өрлеу кезеңіндегі гуманизмнің ерекшелігі қандай? Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманистік ойлар: «Гуманизм» терминін (латынның humanitas ─ адамшылық) белгілі Римнің саяси қайраткері, Цицерон б.з.д І ғасырда қолданды. Оның ойынша humanitos – адамның тәрбиесі және білімі, оның жоғарғы дәрежеге жетуіне мүмкіндік туғызады. Адамның рухани табиғатының жетілуінде негізгі рөл грамматика, риторика, поэзия, тарих, этика пәндеріне беріледі. Атап айтқанда, ренессанс мәдениетінің теориялық негізі ─ осы пәндер. Оларды studia humanitas (гуманитарлық пәндер) деп атады. Гуманизмнің негізін қалаушы-ақын, философ Франческо Петрарка (1304-1374жж.). Өз шығармаларында католик шіркеуінің рухани қыспағынан құтылуға ұмтылуды, адамдардың бостандығы туралы идеяны қозғады. Петрарка антикалық мұраны бағалауда жаңа тәсіл қолданды. Ол әдебиет, өнер, ғылымның жаңа сатыда дамуы үшін, негізін қалаушылардың ойына еліктеуден гөрі, антикалық мәдениеттің жоғарғы сатысына ұмтылуды, сонымен бірге қайта ой толғай отырып кей жағдайда одан басым болуға шақырды. Петрарка салған жолда антикалық мұра, гуманизмнің жетекшісі болды. Қайта өрлеу ─ дәуірдің басты субъектісі ретінде адамды қойды. Джованни Пико Дела Мирандолла (1463-1494 жж.). Шіркеу қағидаларына қарамай, ол адамды құдай өзіне ұқсас етіп жаратпаған, адам өзін-өзі жасаған деді. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді биік дәрежеге көтеру, абыройын қорғау ─ әр адам алдына қойылған мақсат, ол оның ғана жетістігі мен бақыты болып есептеледі. Жалпы алғанда, қайта өрлеу философиясында гуманистік дәстүр, тек қана антикалық мұрамен емес, Рухани және Христиандықпен де көп байланысты болды. Феодалдық қоғам ішінде өндіріс пен ғылымды дамытуға мүдделі болған күштер пайда бола бастады. Бұл жаңа туып келе жатқан буржуазия еді, олар феодалдық тәртіптерге, дін іліміне және схоластикалық философияға қарсы шықты. Шіркеудің зорлық-зомбылықтарына қарсы батыл күрес, әсіресе, XV-XVII ғасырларда, Қайта өрлеу дәуірінде күшейе түсті. Бұл кезең Батыс Еуропа елдерінде табиғатты танып білуге ұмтылушылық, ертедегі Грецияның тәжірибелі білімі мен алдыңғы қатарлы философиясына көңіл аударушылықтың қатты күшейген уақыты болды.
2.Жаңа Заман философтары қандай мәселелерді қарастырды? Жаңа Заман философиясының көрнекті өкілдері. Жаңа заман философиясы XVII- ғасырдан басталды. Бұл дәуірдегі қоғамдық өмірдегі үлкен өзгеріс өндіргіш күштердің қарқынды дамуы болды. Бұл өз кезегінде феодалдық өндіріс тәсілінің капиталистік өндірістік тәсіліне ауысын қажет етті. XVII ғасырдың ортасында (1640-1688) өнеркәсібі аса дамыған Англия мемлекетінде буржуазиялық революциялар өрлей түсті. Мануфактуралық өндіріс дами бастады. Мануфактура өз кезегінде еңбек өнімің арта түсуіне алып келді. Жаңа буржуазиялық қоғамның орныға бастауы, экономикада ғана емес, саясатта да, рухани және әлеуметтік өмірде де, ғылымда да үлкен өзгерістер алып келді. Ғылым мен материалистік философия дамуына қажетті жағдайлар жасалынды. Философия мен ғылымды схолистикалық шырмаудан арылта басталды. Өндіргіш күштер дамуы, техниканың өсуі, зерттеудің тәжірибелік және математикалық әдісін қажет етті. Бұл – сол заманның талабы еді. Жаратылыстану ғылымдары табиғат құбылыстарын бір – бірінен оқшау алып, байланыссыз қарастырды. Жаңа қоғамдық құрылыс шындық дүние туралы дәл ғылыми білімдерді, алдымен, механика, математика, астрономия білімдерін қажет етті. Осы міндеттерді 56 орындау механика, экспериментальды – математикалық жаратылыс тану ғылымдарының дамуын тездетті. Қоғамдық сананың өзгеруінің маңызды факторы – ғылым болып саналады. Сондықтан, XVII ғасырды ғылыми революциялар ғасыры деп бекерге аталмаған секілді. Материалистер, дененің кеңістік пен уақытта орын ауысын материя қозғалысының бір формасы деп, жай құбылыстар жай механикалық қозғалысқа, ал күрделі құбылыстар күрделі механикалық қозғалысқа байланысты деп тұжырымдады. XVII ғасырдың философиясы алдында тұрған мәселелерді түсіну үшін – біріншіден, ғылымның сол кезде қалана бастаған жаңа түрі экспериментальды математикалық жаратылыс танудың ерекшелігін білу керек, екіншіден, ғылым – сол дәуірдің дүнтанымда алдыңғы шекте болғандықтан, философияда бірінші орынға таным теориясы – гносеология шықты. Сонымен, қорыта айтқанда, Жаңа Заман философиясында негізгі назар ғылымға ауғандықтан ғылыми әдіске көбірек көңіл бөлінді. Таным мәселесі алға шықты, ақиқатты тануда тәжірибелік, ақыл -ой арқылы алынған білімге сүйенді.
3.Материя және оның атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя атрибуттары: қозғалыс, кеңістік, уақыт. Материя болмысының үш атрибуты бар – кеңістік, уақыт, қозғалыс. Материя үшін заттың формасы оның негізгі емес, негізгі формасы – қозғалыс. Бұл материяның барлық формаларына қатысты. Ол материяның сыртқы емес, ішкі, ажырамас қасиеті, ол объективті, мәңгілік және абсолютті. Қозғалыс табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді түгел қамтиды. Қозғалыс өзін кеңістік пен уақыт формасында айқындайды. Оларды қозғалыстың көріну формалары немесе сыртқы өлшемі деуге болады. Қозғалысты біз кеңістік пен уақыттың арақатынасы арқылы өлшей аламыз. Кеңістік – қозғалыстың әр сәттегі құрылымы, оның құрамды бөліктері мен формаларының арақатынасы немесе қозғалыстың әр сәттегі сыртқы нәтижесі. . Кеңістік –ол әртүрлі жүйелердің көлемге ие екендігін, өзара орналасқандығын, құрылымдылығын көрсетеді. Ол үш өлшемді, кез-келген 97 кеңістіктік қатынастар үш өлшем (ұзындығы, ені, биіктігі) арқылы сипатталады. Уақыт – қозғалыстың формалары мен құрамдас бөліктерінің (не элементтерінің) бірінен-бірі туындап ұласу формасы. Материя болмысының заңды, объективті формасы. Уақыт бір өлшемді, бір бағытты, үнемі алға қарай жүреді, қайта оралмайды. Материя кеңістікте шексіз, уақыт жағынан мәңгі. Яғни, материяның кеңістікте аяқталатын немесе таусылатын шегі жоқ. Материя таусылмайды. Материя уақыт жағынан мәңгі деудің мәні – ол жағынан алғанда, ешқашан пайда болмайды және еш уақытта жоғалып кетпейді. Материя тек бір формадан екінші формаға ауысып, өзгеріп кетіп отырады.
Емтихан билеті № 11
1.И. Кант философиясындағы сынға дейінгі және сыни кезеңдерінің айырмашылықтары қандай? Неміс классикалық философиясының негізін салушы Иммануил Кант (1724-1804) Шығыс Пруссияның астанасы Кенингсберг қаласында туылған. Кенинсберг университетін бітірген. Негізгі еңбектері: «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл-ойды сынау», «Пайымдау қабілетін сынау» т.б. Екі докторлық диссертация қорғаған. Университет профессоры, сосын ректоры болып жұмыс істеген. Ғылымның барлық саласынан хабары бар энциклопедиялық білімі болған адам. Канттың ғылым өмірі 2 кезеңнен тұрады: 1) сынға дейінгі кезең (1746-1769) 2) сын кезеңі (1770 жылдан – өмірінің соңына дейін). Кант сынға дейінгі кезеңде университетте физика, математика, антропологиядан дәріс оқып, материалистік көзқараста болған. Ол аспан денелері, күн жүйесі табиғи жолмен, материяның даму нәтижесінде пайда болғандығы туралы ғылыми гипотеза айтқан. Канттың табиғи – ғылыми дәлелдерге негізделген бұл Космогониялық теориясы ғылыми ой дамуындағы үлкен ірі жетістік болды. Кант таным мәселесі бойынша философияда үлкен өзгеріс әкелді. Ол танымды өз заңдары арқылы жүретін іс-әрекет ретінде қарастырды. Таным субъектісі – таным тәсілін анықтайтын басты фактор. Ал, сын кезеңінде Кант идеализмге бой бұрады. Біздің танымдық қабілетімізді, оның табиғатын, мүмкіндігін білу үшін бірінші кезекте сыни тұрғыдан талдау жасауымыз керек. Кант табиғатты екіге бөледі: 1. «Біздік зат» – адам қолымен жасалған заттар. 2. «Өзіндік зат» – табиғат заттары. Адам, субъект – тек өзі жасап шығарған заттарды ғана танып біледі. Ал, «өзіндік заттарды» тану мүмкін емес. Әрине, таным сезімдік түйсінуден басталады. Бірақ, олар бізге заттың өзін емес, тек көріністерін ғана береді. Біздің санамызда бейнеленген заттар құбылыстар деп аталады. Адам тек құбылыстарды ғана танып біле алады. Ал, заттың өзін, оның сапасын, қасиеттерін, бізден тыс болатын қатынастарын, адам ешқашан біле алмайды.
