Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
емтихан жауаптары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆
  1. Нүкте қозғалысының сызықтық және бұрыштық кинематикалық сипаттамаларының арасындағы байланыс.

    Ілгерілмелі қозғалыс

    Айналмалы қозғалыс

    Сипаттамалар арасындағы байланыс

    Радиус-вектор

    Айналу бұрышы

    Орын ауыстыру векторы

    Бұрыштық орын ауыстыру векторы

    Жол ұзындығы

    Жол ұзындығы

    Жылдамдық

    Бұрыштық жылдамдық

    ,

    Үдеу

    Бұрыштық үдеу

    Тангенц. Үдеу

    ,

    Нормаль үдеу

    ,

  2. Ньютон заңдары. Масса. Күш.

Күш – денеге басқа денелер жағынан немесе өрістер жағынан механикалық әсер етудің арқасында пайда болатын векторлық шама. Нәтижесінде күштің әсерінен дене өзінің қозғалыс күйін немесе өзінің өлшемін және пішінін өзгертеді.

Дененің массасы –ілгерілемелі қозғалыс кезіндегі дененің инерттілігін сипаттайтын физикалық шама. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса оның қозғалыс күйін өзгерту соғұрлым қиынға соғатыны дәлелденген. Классикалық механикада дене массасының қозғалыс кезінде де, басқа денелермен әсерлесу кезінде де өзгермейтіні делелденген. Демек, масса классикалық физикада өзгермейтін шама – инвариант.

1 заны: Егер денеге басқа денелер әсер етпесе немесе олардың тең әсер етушісі нольге тең болса, ол дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалыс күйін сақтап қалады.

2 заны: материялық нүктенің үдеуі оған әсер етуші күшке тура пропорционал және бағыттас, ал нүкте массасына кері пропорционал

.

3 заны: екі материялық нүктенің өзара әсер күштері модулдері бойынша тең және оларды қосатын түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған болады

.

  1. Механикадағы күштердің түрлері: үйкеліс күші, тартылыс күші.

Үйкеліс күші - дененің тіреу бетімен сырғанаған кезінде әсер ететін күш; жанасатын денелердің сұйыктар немесе газдардың қабаттарынын салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі жасайтын күш;[1], электромагниттік күштер қатарына жатады. Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады.

Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық немесе газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі. Тыныштық үйкелісі мына формуламен анықталады: Fүйк=kN

Ал дене қозғалып бара жатқанда сырғанау үйкелісі пайда болады :

Fсырғанау=kN

мұндағы, N - тіректің денеге әсер ететін реакция күші ; k - үйкеліс коэффиценті. Дененің жылдамдығы артқан сайын сырғанау үйкелісі азая түседі. Үйкелістің пайдалы әрі зиянды жақтары бар. Машиналардың көптеген бөлшектері бірімен бірі әсерлескенде олардың арасындағы үйкеліс зиянды болып шығады. Оны азайту мақсатында бөлшектерді майлайды. Кей кездері үйкеліс коэффициентін азайту мақсатында, сырғанау үйкелісін подшибниктерде қолданып , тербеліс үйкелісімен алмастырады.

Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші-балалық шағымыздан әрқайсымызға денелердің Жерге тартылуы жақсы таныс, мысалы, тебілген допта, бұтағынан үзілген алмада жерге түседі. Демек, денелерге Жер тарапынан күш әрекет етеді. Жер барлық денелерді өзіне тартады. Күнді айнала қозғалатын планеталар тартылыс өрісі әрекетінен Күнге тартылады және өздері де бір-біріне тартылады. Барлык кеңістікті жайлаған тартылыстан «Жеті қат көкке ұшсақ та», «Жеті қабат жер астына енсек те» құтыла алмаймыз. Сондықтан әлемдегі денелердің бір-біріне тартылуы бүкіл-әлемдік тартылыс деп аталады. Ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бұл кұбылысты зерттеп, табиғаттың ұлы заңы- Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Бүкіләлемдік тартылыс заңының ашылу тарихымен 9-сыныпта танысатын боласыңдар. Бүкіләлемдік тартылыс күші кәрінісінің бірі- денелердің жерге тартылу кушін. Ауырлық күші деп атайды және оны Ға әрпімен белгілейді. Жүргізілген көптеген тәжірибелерден денеге әрекет ететін ауырлык күші дененің массасына тура пропорционал болатыны анықталған. Егер, мысалы, динамометр ілгегіне кезекпен массалары Т1,Т2, Т3денелерді іліп және әр жолы динамометр кәрсетуін белгілеп отырсақ, онда төмендегі қатынастың орындалатынына көз жеткіземіз.