Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pielonefrit.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
479 Кб
Скачать
☆

Патогенезі:

Созылмалы пиелонефрит дамуындағы негізгі патогенетикалық факторлар: инфекцияның урогенді, лимфогенді немесе гематогенді жолдармен енуі, бүйрек тінінің бактериялармен, эндотоксиндермен зақымданып,инфекциялық қабынудың дамуы. Инфекциялануға бейімдейтін жағдай- уродинамиканың бұзылуы. Оның себептері: несепағар моторикасының бұзылуы, рефлюкстер, несепағар стриктурасы, нефролитиаз, қуық асты безінің аденомасы.

Клиникасы: Созылмалы пиелонефриттің өршуі жедел пиелонефритке ұқсас болады: дене қызуы 38-39С дейін көтеріледі,қалтырау, бел тұсының ауырсынуы, зәр бөлінуінің жиіленуі, жалпы қалпының нашарлауы, тәбеттің төмендеуі, бастың ауруы,іштің ауруы, жүрек айну, құсу. Созылмалы пиелонефриттің бес негізгі клиникалық түрлерін ажыратады: латентті, гипертониялық, рецидивті,анемиялық, гематуриялық.

Латентті түрі- шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, арықтау кейде субфебрильді температура.

Гипертониялық түрі- бастың ауруы, бас айналу, демікпе, тұншығу, жүрек тұсының ауырсынуы.

Рецидивті түрі- бел тұсының ауырсынуы,дизуриялық өзгерістер күшейеді,дене қызуы көтеріледі, улану белгілері болады.

Анемиялық түрі- анемия белгілері, тәбеттің төмендеуі немесе бұрмалануы.

Гематуриялық түрі- еңбекке қабілеті төмендейді, кейде субфебрильді дене қызуы, бел тұсында ауырлық сезім болады.

Зәр шығару жүйесінің ауруларының негізгі симптомдары:

  • бел тұсының ауырсынуы;

  • сыздап ауырсыну пиелонефритте;

  • бүйрек шаншуы

  • ісіктер- бүйрек ісіктері қабақтарда пайда болып, төмен қарай тарайды;

  • бастың ауруы, бас айналу, жүрек тұсында ауырсынудың болуы- ағзада сұйықтықтың тұрып қалуына байланысты АҚҚ көтерілу белгілері;

  • дизурия - зәр бөлінуінің бұзылуы;

  • полиурия - зәр мөлшерінің көбеюі;

  • анурия- зәрдің бөлінбеуі;

  • олигоурия - зәр мөлшернің азаюы (600 мл төмен)

  • поллакиурия - кіші дәретке жиі отыру және ауырсынудың болуы;

  • ишурия - зәрдің тамшылап шығуы;

  • никтурия түнгі диурездің жоғарылау;

  • зәр түсінің және сипатының өзгеруі (еттің жуынды суындай, қан аралас, лайлы);

  • әлсіздік,тәбеттің төмендеуі, еңбекке жарамдылығының төмендеуі.

Зәр шығару жүйесі ауруларының негізгі синдромдары:

  • Бүйрек шаншымасы синдромы;

  • Артериалдық гипертензия синдромы;

  • Ісіну синдромы;

  • Нефротикалық синдром;

  • Зәр синдромы;

  • Бүйрек жетіспеушілігі синромы (жедел және созылмалы).[C.Қ.Валишаева,С.Қ. Асауова "ішкі аурулар"]

Негізгі диагностикалық шаралар:

Лабораториялық тексеру

1. Қанның жалпы анализі (6 параметр), гематокрит.

2. Сандық əдіспен СРБ.

3.Креатинин, мочевина, зəр қышқылын анықтау.

4. Жалпы белок, белок фракцияларын анықтау.

5. АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, жалпы липидтерді анықтау.

6. Калий/натрий, хлоридтерді, темір, кальций, магний, фосфорды анықтау.

7. Зоонозды инфекцияларға ИФА.

8. Зəрдің жалпы анализі.

9. Зимницкий бойынша анализ.

10. Бүйрек қантамырларының допплерометриясы.

11. Гельминт жұмыртқаларына қырынды алу.

12.Копрограмма.

Инструменталдық зерттеулер: - бүйректі УДЗ: зəрді іркілу белгілері, туа біткен даму аномалиясы; - цистография - қуық- зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюкстік операциядан кейінгі жағдай; - нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошақтары; - диагноз түсініксіз болғанда - бүйректің диагностикалық пункциялы биопсиясы. 

Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер:

-нефролог,уролог; - мұрын-жұтқыншақ, ауыз қуысы жəне сыртқы жыныс органдары инфекцияларын санациялау үшін ЛОР-дəрігер, стоматолог, гинеколог; - аллергия көріністері кезінде аллерголог; -микроқантамырлардағы өзгерістерді бағалау үшін окулист;  - айқын артериалды гипертензия, ЭКГ тарапынан бұзылулар кардиолог консультацясы үшін көрсетім болып табылады; -жүйелік процесс белгілері кезінде –ревматолог;  - вирустық гепатит, зоонозды жəне құрсақішілік жəне басқа инфекциялар кезінде – инфекционист.  

Қосымша диагностикалық шаралар:

1. Жасырын қанға нəжісті зерттеу.

2. Кеуде клеткасының рентгенографиясы (бір проекция).

3. ЭКГ, эхоКГ.

4. Коагулограмма 1 (протромбиндік уақыт, фибриноген, тромбиндік уақыт,  плазманың фибринолиттік белсенділігі).

5. А, М, G, E иммуноглобулиндердің барлығына ИФА.

6. Компьютерлік томография.

7. Нефробиоптатты гистологиялық зерттеумен бүйрек биопсиясы.

 Ем мақсаты: - бүйрек тіндеріндегі қабынбалық процесстерді жою немесе азайту (антибактериалды терапия);  - симптоматикалық терапия – артериалды гипертензия, гомеостаз бұзылыстары, анемияны түзету;

- диурездік, нефропротективті терапия

 Емі:

1-Төсек режимі тек ауыр жағдайда тағайындалады, басқа кездерде пациенттің көбірек қимылдап тігінен жүргені зәрдің ағуына жағдай жасайды.

 2-Диета №7 стол. Диетада ақуыздар, көмірсулар мөлшері жеткілікті, витаминдерге бай болу қажет. Жеңіл қорытылатын тағамдар ұсынылады- сүт және сүт тағамдары, ботқалар, көкөніс және жеміс пюрелері, ақ нан, тәулігіне 2 литрге жуық сұйықтық ішуі керек. Ащы, қуырылған, майлы тағамдар берілмейді.

 3-Антибактериалды ем ұзақ өткізіледі /нитрофуран дәрілері, налидиксин қышқылының препараттары/  микробтардың сезімталдығын ескере отырып 6-айдан-1,5 жылға дейін10-15 күннен өткізіледі.

 4-Антигистаминді препараттар

 5-Витаминдер комплексі

 6-Фитотерапия - қарақаттың жапырағы, аю құлақ, жолжелкен, дала қырықбуыны, қалақай, түймедақ, жүгері желкенінің қайнатпалары беріледі.

 7-Симптомдық ем.

Мейірбикенің рөлі:

Күтімі:

  • Пациенттің күн тәртібін сақтауын қадағалау.

  • Пациенттің жалпы жағдайын бақылау (термометрия,тамыр соғысын, артериялық қысымды бақылау, тыныс алу жиілігі)

  • Пациенттің тамағын және сұйықтықты жеткілікті ішуін қадағалау.

  • Пациенттің уақытылы кіші және үлкен дәретке отыруын қадағалау.

  • Жеке  бас гигиенасын сақтау.

  • Дәрігердің белгілерін мұқият орындау.

  • Диспансерлік  бақылауға алынып емханада схемамен емдеуді жалғастыру- 10-15 күн антибактериалды терапия, 10-15 күн фитотерапия кем дегенде 6 ай бойы жүргізілу керек.

Бүйрек және зәр шығару жолдары ауруларында науқас адамның күнделікті ішетін сұйықтықтар мөлшерін және бөліп шығаратын зәр мөлшерін міндетті түрде қадағалап отыру қажет. Пациент өз бетімен немесе медицина қызметкерлері көмегімен күнделікті диурезді өлшеп отыруға тиісті, мейірбике оны температуралық параққа, мөлшерін миллиметрлеп, тіркеп отыру керек. Пациент ішкен сұйықтықтарды өлшегенде, сорпа, шай, шырындар ғана емес, дәрінің артынан ішкен су мөлшерін де, парентералдық жолмен енгізілген ерітінділерді де есептеу қажет. Пациент адамның бөліп шығарып отырған зәрінің барлығын өлшейтін ыдысқа жинайды. Ішкен сұйықтық мөлшері бөлінген зәр мөлшерінен басым түссе, диурезді теріс деп атайды. Бөлінген зәр мөлшері ішкен сұйықтық мөлшеріне тең болса немесе артық болса, диурезді оң деп бағалайды. Зәр бөлінуі бұзылыстары болған жағдайда пациентке ерекше көңіл бөлу қажет. Пациент жататын бөлме жылы болу керек, салқын тигенде зәр бөлінуі жиілейді. Энурез жағдайында пациент жататын матрас клеенкамен қапталып, үстінен ақжайма төселеді. Пациент кіші дәретке жиі- жиі шығатын болса, арнайы жаялықтармен қамтамасыз етіледі. Кіші дәретін ұстай алмайтын пациенттерге дәретке отырған сайын жыныс мүшелерін жуып отыру керек, бұл іс- шаралар ойық- жараның, тері инфекцияларының алдын алу үшін маңызды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]