- •«Бактериалдық шаймалау» ұғымын қалай түсінесіз?
- •Ақаба суларды тазарту әдістерінің сыныптамасы.
- •Ерітінділер сыныптамасы мен сипаттамалары.
- •Жаңа қатты фазаның түзілуімен еру механизмі туралы айтыңыз.
- •Коагуляция және флокуляция.
- •Қатарлы жүйелер мен қабатты жүйелердің айырмашылығы неде?
- •Сыртқы диффузиялық режимнің заңдылықтары мен белгілері.
- •Тау жыныстары мен пайдалы қазбалар сипаттамасы.
- •Ұңғылы шайлау анықтамасы мен мақсаты.
- •Ұнғылы жерасты шаймалауды әзірлеудің құрамдастырылған жүйесі туралы не білесіз?
- •Физика-химиялық геотехнология әдістерінің ерекшеліктері.
- •Фхг қандай әдістері химиялыққа жатады?
Ерітінділер сыныптамасы мен сипаттамалары.
. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар.
Жаңа қатты фазаның түзілуімен еру механизмі туралы айтыңыз.
Процесс барысында жаңа қатты фаза пайда болса, процеске келесі сатылар қосылады:
реагенттің (еріткіштің) ерітінді көлемінен қатты фаза беттігіне (сыртқы диффузия диффузиясы;
реагенттің қатты өнім қабаты арқылы реакциялық беттікке (ішкі диффузия) диффузиясы;
шаймаланатын заттың беттігіндегі химиялық реакция;
еріген заттың реакциялық беттіктен қатты өнім қабаты арқылы (ішкі диффузия) диффузиясы;
еріген заттың қатты фаза беттігінен ерітінді көлеміне диффузиясы.
Жер асты шаймалау әдісінің негізгі сатылары. Жер асты шаймалау әдісі – тұйық циклдағы процесс, ол өз ішіне мынадай негізгі сатыларды қамтыған:
1. Ұңғыманы бұрғылау, техникалық құрал-жабдықтарды орнату және технологиялық полигонды құру: уранды дененің нұсқасына қарай полигонды ашудың екі: сызықтық немесе гексагональды түрі қолданылуы мүмкін.
2. Жіберу ұңғымалары арқылы әлсіз қосылымдағы күкірт қышқылы ерітіндісін кенді көкжиекке енгізу. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кен орындарының көпшілігі саз балшықтан тұратын жоғарғы және төменгі су өткізбейтін жыныстарға ие, бұл шаймалауды тек ураны бар аймаққа шоғырландыруға септігін тигізеді.
3. Негізгі үдерістің бәрі жер қойнауында жүзеге асады, сол жерде уран өнімді қойыртпаққа айналады.
4. Өнімді қойыртпақ жер бетіне көтеріліп, ион алмасатын тізбектерде сорбция және десорбциялаудан өтеді. Сонан соң тауарлы десорбат сары кек алынғанша тұндырылып, кептіріледі. Айталық, жылына 500 тонна табиғи уранды қайта өңдейтін кешені бар жерасты шаймалау кеніші дәл сондай қуатқа ие кәдімгі гидрометаллургиялық зауыттың төрттен бір аумағына сыйып кетер еді.
5. Сары кек Қазатомөнеркәсіптің үш аффинаждау зауытының бірінде уран тотығы-шала тотығына айналдырылып өңделеді.
6. Болашақта уран өндіруші барлық кәсіпорындар өндіріс орнының өзінде ASTM сапалы уран концентраты түріндегі түпкі өнімді шығаруды жоспарлап отыр.
Кенді үйінділер мен қалдықты үймелерде шаймалау.
Кешендер түзеп еру процесіне мысалдар келтіріңіз.
кешендер түзей отырып еру. Бұған мысал алтынның цианид ерітінділерімен шаймалану реакциясы:
2 Au + 4KCN + Н2О + 0,5О2 = 2KAu(CN)2 + 2KOH (17)
немесе никель сульфидін аммиак ерітінділерімен шаймалау:
Ni3S2 + 10NH4OH + (NH4)2SО4 + 4,5О2 = 3[Ni(NH3)]4SО4 + 11Н2О. (18)
Шаймаланатын металды кешенді қосылысқа өткізу көбінесе селективті бөліп алуды жоғарылатады. Кешен түзу металдың берілген еріткіште ерігіштігін арттырады, демек, концентрациясы жоғары ерітінділер алуға мүмкіндік береді, және олардың тұрақтылығын жоғарылатады. Бұл қарапайым тұздар ерімейтін немесе ыдырайтын жағдайларда металдың еритін қосылыстарын алуға келтіреді.
