Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТиОСП.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136 Кб
Скачать
☆
  1. Пісіру түзеткіштері. Құрылымы мен жұмыс ерекшеліктері. Түзеткіш блоктың атқаратын міндеті.

Пісіру процесін тұрақты токпен жүргізу үшін айнымалы токты тұрақты айналдыр тәсілі де қолданылады. Айнымалы токты тұрақты токқа айналдыруды – токты түзету, ал осы мақсатты іскес асыратын аппараттарды – түзеткіштер деп атайды. Электрдоғалы пісіруге қолданылатын пісіру түзеткіштерінің бәріне тән ортақ элементтері бар, олар: трансформатор (үш фазалы)– пісіруге қажетті ток күшімен қамтамасыз етеді, оны – күштік трансформатор деп атайды; түзеткіш блогы – токты түзету міндетін атқаратын негізгі элементі; іске қосу, реттеу, өлшеу және сақтандыру элементтері. Сонымен қатар пісіру түзеткіштері түзеткіш блокты ауамен салқындататын желдеткішпен жабдықталады. Түзеткіш блок кремнийлі немесе селенді вентильдерден құралады. Арнайы түзеткіштерде бұдан басқа да элементтер болады, олар пісір процесін жүргізуді жеңілдетеді.

  1. Нәрлендіру көздерінің негізгі параметрлері. Нәрлендіргіштің жұмыс ережесі.

Доғаны электртогымен нәрлендіргіштердің жұмысы бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Бұл көрсеткіштер нәрлендіргіштің нақты жұмыс ережесінде анықталады және анық ереже жұмысына қатысты қаралады. Анық жұмыс ережесіне – нәрлендіргіштің бос жүрістегі жағдайы, жұмыстық жүктемемен жұмыс істеуі, тікелей түйістірілген жағдайы жатады.

Номиналды ток — нәрлендіргіштің есептелген пісіру тогы оның номиналды тогы болып саналады. Электрдоғасын нәрлендіргіштсрдің номиналды тогы элсктр тогын беретін машиналарға тән параметрлік қатарға сәйкес жасалады. Көпшілік жағдайда нәрлендіргіштердің номиналды тогы 50-1000 А аралығында болады.

Пісіру ток шамасын реттеу шегі пісіру тогының минимальды жөне максимальды шамаларын корсетеді. Әдетте максимальды ток шамасы номинальды ток шамасымен көрсетіледі. Максимальды токтың минимальды токқа қатынасы — реттеу еселігін береді. Реттеу еселігі үш, кейде одан да жоғары алынады.

Бос жүріс кернеуі нәрлендіргіште пісіру тогы (жүктемелік ток) болмаған жағдайда, нөрлендіргіштің сыртқа шығатын қосылыстарындағы кернеу шамасы. Бос жүріс кернеуінің доғаны бастамалық жалындату және қайталап жалындату шарттары үшін анықтамалық мәні бар. Нәрлендіргіштің тағайындалған мақсатына орай бос жүріс кернеуі 30—120 В аралығында болады.

Шартты жұмыстық кернеу – нәрлендіргіштің сыртқа шығатын байланыстарындағы шсіру кезінде (жүктемелі жағдайда) көрсетілетін кернеу, пісіру тогына түзу сызықты функциялы тәуелділікте деп шартты анықталады. Номиналды пісіру тогы 600 А-ға дейінгі нәрлендіргіштер үшін шартты жұмыстық кернеу төмендегі теңдеумен анықталады:

Uж =20+0,04Iп (13)

Жоғары қуатты машиналар үшін шартты жұмыстық кернеу 44 В және одан да жоғары болып келеді.

  1. Нәрлендіру көздерінің топтастырылуы. Көп орынды нәрлендіргіштерге қойылатын талаптар.

Нәрлендіргіштіерді топтастыру – оларды сипаттау ерекшеліктеріне сай әртүрлі болып келеді:

  1. Ток тегіне қарай – тұрақты және айнымалы токпен жұмыс істейтін;

  2. Сыртқы сипаттамасына қарай - күрт құламалы, көлбеу құламалы, қатаң, өрленген және аралас сипаттамалы.

  3. Токтың доғаға келтірілуіне сәйкес – доғапны үздіксіз жалындататын немесе импульсті жалындататын нәрлендіргіштер;

  4. Доғаның жалындау ерекшелігі бойынша – еркін жалындайтын доға мен сығымдалып жалындайтын доғаны нәрлендіргіштер;

  5. Бір мезгілде жұмыс істейтін орындар санына қарай – дара және көп орынды нәрлендіру көздері.

Көп орынды нәрлендірпштер, әр орынның басқалардан тәуелсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, сыртқы сипаттамасы қатаң болуы керек.

Нәрлендіргіштің сыртқы сипаттамасы құламалы болса, онда бірнеше доғаның бірдей жалындауы мүмкін болмайды. Жеке бір орында тікелей түйісу орын алған жағдайда, басқа орындарда доғаның жалындауы тоқтайды да доға сөнеді.