Реакция жалғастыр...
+-------> CH+ HC
Ректификация? Ректификаттау – екінші айдау. Мұнайдан қайнау температуралары өзара біршама жақын жататын фракцияларды алу үшін қолданылады. Екіншілік айдау арқылы автомобильдер мен авиа жанармайларын, бензин жанармайларын алу үшін қолданылады. Бензин фракцияларынан ары қарай ароматты көмірсутектер, бензол т.б заттарды алуға болады.
Ректификация? Ректификаттау , ректификация (лат. rectіfіcatіo — түзету, дұрыстау) — көп компонентті сұйықтық қоспасын жекеленген компонеттерге бөлу процесі. Ректификаттау процесі диффузия және тепе-теңдіктің сақталу заңдарымен басқарылады; Ректификаттау арнайы қондырғылар — ректификац. колонналарда жүргізіледі. Биікт. 14 м ректификац. колоннада қысым мен температураны қоспаның түріне байланысты өзгерте отырып, іске асырылады. Ректификаттау арқылы металл балқымалары, ауа, этан-пропилен, жоғары май қышқылы, мұнай, т.б. қоспаларды бөлу орындалады.
С3Н8 қанша изомері бар? 1 изомері бар.
Табиғи және серіктес газдар. Табиғи газ – жер қойнауындағы және жер атмосферасындағы газдар.Гегізінде таб газдар органикалық заттардың ыдырау және олардың ары қарай геохимиялық өзгерістердін натижесі болып табылады.Таб газдар жерасты ж/е жерүсті суларда, мұнайларда бірен-саран еруі,жыныс коллекторларда өзбетінше газ кеніш күйінде шоғырлануы немесе мұнаймен серіктесуі, көмірлермен ж/е сазды жыныстармен сорбциялануы мүмкін. Таб газдар- биохимиялық, вулканды, метаморфты,ауадан ж/е химиялық жолмен түзілген,радиоактивті және термоядролық процесстердің газдары болып бөлінеді. Серіктес мұнай газдары – мұнайдың құрамында еріген және мұнай өндірген кезде бөлініп шығатын ілеспе таб газдар.Ерекшелігі –метан аз мөлшерде, ал этан,пропан ,бутан ж/е КС жоғары ауырлау өкілдері біршама көп мөлшерде болады.Әетте этаннан бастап ауыр КС-ң үлесі 20-40 дейн, кей кезде 60-80дейн жетеді.Сонымен қатар құрамында күкіртті сутек ж/е жанбайтын компоненттері – азот, көмірқышқыл газы, гелий,аргон болады.
Терең-насос әдісі. біршама кең тараған мұнай өндіру әдісі болып саналады. Ол қатағы қысым күрт азайғанда қолданылады. Мұнайды штангалы насостар арқылы жер бетіне көтеру үшін ұңғымаға ішінде цилиндр мен сорушы клапан бар трубаларды түсіріп, орнаастырады. Цилиндр ішіндегі плунжерді жоғары-төмен қозғалтқанда мұнай біртіндеп жоғары көтеріледі. Насос әдісімен мұнай өндіргенде ұңғыманың белгілі бір тереңдігіне насос түсіріп орналастырады да, оларды әртүрлі әдістер арқылы берілетін энергия арқылы іске қосады. Дүние жүзінің көптеген мұнай ен орындарында штангалы (аспалы) насостар қолданылады. Тереңнен соратын штангалы насостардың ұңғыманың 200-400 м тереңдігіндегі өнімділігі 500м3/тәулік, ал 3200 м тереңдіктегі өнімділігі бар-жоғы- 20 м3/тәулік. Мұнайды штангалы емес насостар арқылы өндіру әдістері де бар. Бұл кезде насосқа электр энергиясын ұңғыманың оқпаны арылы арнайы кабельмен жеткізеді немесе энергия көзі болып табылатын сұйық (сығылған газ, жылу көзі) ағынын пайдаланады.
Төмендегі реакцияда «Х» қандай қосылыс болып табылады? CH2=CH2+X => CH3-CH2-OH Этен Этанол CH2=CH2+HOH => CH3-CH2-OH
Төмендегі реакцияда <<Х>> қандай қосылыс болып табылады?
CH =CH - + X ----> - CH – CH -
| |
Br Br
CH = CH - + ----> - CH – CH -
| |
Br Br
Тиолдардың(меркаптандар) жалпы құрылысы,химиялық қасеттер. Тиолдар (тиоспирттер) мен алкилсульфидтер (тиоэфирлер) спирттер мен жайэфирлерге үқсас, бүлардың молекулаларыыда оттек атомының орнында күкірт атомы болады: R— ОН R— SH R—OR' R—S—R' спирт тиол эфир алкилсульфид
Тұтқырлық? Тұтқырлық – сұйықтар мен газдардың негізгі қасиеттерінің бірі. Зат тұтқырлығы Сұйық немесе газ түріндегі заттың ығыстыру деформациясына қарсылық көрсету қабілеті. Судың тұтқырлығы Судың қозғалысы барысында оның үйкеліс күшін туындату қабілеті. Судың тұтқырлығы температура мен сулы ерітіндінің үйірімділігіне тәуелді, оның мөлшері тұтқырлық коэффициентімен бағаланады. Газ тұтқырлығы Бір-бірімен жарыса, бірақ әр түрлі жылдамдықтармен жылжыған газ қабаттары аралығында пайда болатын олардың ішкі үйкеліс күші (тұтқырлығы). Сұйықтың тұтқырлығы Сұйықтың қозғалысы барысында оның өз өңірінде үйкеліс күшін тудыру қабілеті. Сұйықтың тұтқырлығы қатты жылдамдықпен қозғалған сұйық қабаттарының қозғалысын азырақ жылдамдықпен қозғалған сұйық қабаттарына беруге қабілетті. Динамиқалық тұтқырлық – газ немесе сұйықтықтың бір қабаттының екінші қабатына қатысты жылжу кедергісінің сандық сипаттамасы. Сұйықтың динамикалық түтқырлығы. Ауданы 1 см2 сұйық (су) қабатының 1 см/с жылдамдықпен 1 см қашықтыққа қозғалуына қарсылық көрсету күші. Қойнауқаттық су тұтқырлығы Мөлшері температура мен ерітінді үйірімділігіне тәуелді болып келетін, судың қозғалысы барысында үйкеліс күшін тудыру қабілеті. Қойнауқаттық мұнай тұтқырлығы Мұнайдың қойнауқаттық жағдайлардағы қозғалмалық дәрежесін анықтайтын, сөйтіп мұнай жатынын игеріп алудың өнімділігі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер ететін сол мұнайдың өзіндік қабілеті.. Сұрыпталған мұнайдың тұтқырлығы Белгілі бір күш әсер еткенде газдан арылған қалыпты жағдайдағы мұнай тамшыларының қозғалыстарына жасалатын кедергі; кинаматикалық (см2/сек) немесе динамикалық тұтқырлықтар түрінде есепке алына отырып, әр түрлі мұнай жатындары үшін МПа.сек бірлігінің ондаған бөлігінен жүздеген, тіпті мыңдаған бөлігіне дейінгі аралықтарда өзгереді. Тығыздықты анықтау әдістері? Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтаудың бірнеше әдістері бар. Тығыздықты ареометрмен, Мор Вестораль гидростатикалық таразысымен немесе дәлірек пикнометрлік әдіспен анықтайды.
Хлорлы тұздардың құрамын анықтау әдістері: Жерастынан өндірілген мұнайдың құрамында әрқашан жерасты суы, және әртүрлі механикалық қоспалар болады. Мұнай кен орындарының жер асты суда еріген күйде әр түрлі мөлшерде минерал, тұздар, газдар, кейбір органикалық қосылыстар болады. Олар, әсіресе , мұнайдың құрамында болып тасымалдау, өндеу кезінде құбырлардың, аппаратураның коррозиясын тұғызып, мұнайдың тұтқырлығын арттырып, зиянды әсер етеді. Сондықтан мұнайды тасымалдау және өңдеу алдында даярлау керек. Мұнайлар даярлау дәрежесі арқылы құрамында судың, хлорлы тұздардың, механикалық қоспалардың, хлорорганикалық қосылыстардың үлесі және көмірсутектердің қаныққан бу қысымы бойынша үш топқа бөлінеді: Мұнайдың даярлау дәрежесі бойынша жіктелуі
|
Мұнай тобының нормасы |
||
1 |
2 |
3 |
|
Судың массалық үлесі, %тен көп емес |
0,5 |
0,5 |
1,0 |
Хлорлы тұздардың концентрациясы, мг/дм3 |
100 |
300 |
900 |
Механикалық қоспалардың массалық үлесі, %-тен көп емес |
0,05 |
||
Қаныққан бу қысымы, кПа (мм. Сынап б.), көп емес |
66,7 (500) |
||
Хлорорганикалық қосылыстардың мөлшері, млн-1 |
нормаланбайды |
||
Циклоалкандар Қаныққан көмірсутектердің тағы бір тобына циклоалкандар жатады. Циклоалкандар — құрамындағы көміртек атомдары өзара дара байланыстар арқылы байланысқан, жалпы формуласы СnН2n болатын циклді қаныққан көмірсутектер. Жалпы формуладағы n ≥ 3. Циклоалкандар — молекуладағы көміртек атомдары өзара σ-байланыс арқылы жалғасқан алициклді көмірсутектер. Циклоалкандағы көміртек атомдары алкандардағы сияқты sp3 гибридтелген күйде болады. Циклоалкандарды циклопарафиндер немесе нафтендер деп те атайды. Жалпы формуласынан циклоалкандар құрамының сәйкес алкандардан айырмашылығы — олардың молекуласында сутектің екі атомы кем болатынын байқауға болады. Ең қарапайым циклоалкан үш мүшелі сақинасы бар циклопропан С3Н6. Келесі мүшелері: циклобутан С4Н8 және циклопентан С5Н10, циклогександар С6Н12, т.б.
