29 Таным деңгейлері және формалары
Ақыл, парасат , сана сезім иесі ретінде Адам қоршаған орта туралы білгісі келеді, оны қарастырады.Таным дег. Сыртқы заттар мен құбылыстардың Адамның санасында түрлі образдар ретінде қайшылыққа толы қалыптасуы.Диалекетикалық матриализмнің таным теориясы метафизикалық материализмнің таным теориясынан айырмашылығы бар.Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық теориялық деңгейлерін ажырата білу керек. Өйткені әр деңгейдің өзіне тән әртүрлі ерекшеліктері бар.Эмпирикалық деңгейде таным объектісінің қасиеттері сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады.Қазіргі ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымын кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қоыслған.Ал теориялық деңгейде таным объектісінің негізгі байланыстары ен заңдылыұтары тәжірибе жүзінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады. Ғылыми танымның эмпирикалық деңгейінде әр түрлі әдістер қолданады: бақылау, эксперимент, модельдеу, анализ, синтез, индукция, дедукция, т.б.
30 Абайдың дінге көзқарасы
Қазақтың ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениет тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл – демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы болды(1845-1904). Оның шығармашылық мұрасы өлең, поэма, ф.ялық аудармалар, проза мен әндерден тұрады.Абай сыншыл болды.Ол дүниетанымдық мәселеде Алтынсарин секілді, деизмге жақын болды. Ол құдайды оз заңдары бойынша дамып жатады деп түсінеді.Ол дінбасылар мен діни надандықты, фатализмді атеизм тұрғысынан емес «нағыз»дін немесе рационалдандырылған дін позициясы тұрғысынан сынады.абай бір жағынан Құдй бар деп, екінші жағынан дүниенің әлемнің объективті заңдылығы бар деп түсінді.Діңбасылардың насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды.
31 .Абай Құнанбаевтың адам туралы мәселесі Абай Құнанбаев (1845-1904).Адам - өз тағдырының қожасы және құрушысы.Адам тіршілігінің бірегейлігі, жердегі тіршілігінің құндылығы, әр адам жанының қайталанбас сонылығы идеялары – АБАЙ тұжырымдамасындағы негізгі идеялары.өз шығармаларында ол адамға мейірмандық көрсету, сұлулыққа ұмтылу – жоғары имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан жалықпайды.
Адамның әр түлілігі жайлы айта келіп, АБАЙ әр адамның өмірде өз табудың мағыздылығын атап көрсетеді.Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу, бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінші міндеті осы деп біледі. Осыдан кейін адам бол деген АБАЙ этикасының негігі принципінің маңынасы мен мәні ашыла түседі: әр адам өзінің шығармашылық мүмкіндігін іске асырып, өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.
32. Француз ағартушыларының философиясыИдеялық тұрғыдан жаңа философия, 17ғасыр философиясының дәстүрін жалғастырушы және оның нақтылаушысы. Философиялық ойлардың эволюциялық ерекшеліктері айқындала бастады.Ағылшын ойшылы Бэкон мен Локктың философиясын жалғастырушы француздар Дидро мен Гольбах болды.Ал Декарттың идеяларын неміс философы Кант жалғастырды.Франция бұл кезде буржуазиялық революцияны қарсы алу барысында бұрынғы феодалдық және клерикалық идеяларды терістеуде философтардың белсенді әрекетін қажет етті.Францияда философия университет қабырғасынан тысқа шығып, тыйым салынған баспаларда жариялана бастады. Философия идеологтар мен саясаткерлердің ісіне айналды. 18 ғасырда философиялық тербелістер Англияда басталып, Франция, Германияға ығысты. 18 ғасырда Франциядағы философия қоғамдық мәдени қозғалыстың дамуындағы ағартушылықтың негізгі күшәне айналды. Философ ағартушылар философиялық сананы көптеген сұрақтардың базистік инстанциясы деп түсінді. Бұл тұрғыда ұлы француз революциясының идеологтары Жан-Жак Руссо мен Вольтердің еңбектері ерекшеленеді. Вольтер ең алғаш діни фанатизмді, феодалдық абсолютизмді, наным сенім мен адасушылықты, билік пен заңның қателіктерін сынға алады. Вольтер шынайы діннің жақтаушысы болды. Шынайы дін деп, ол жалпы адамзатқа ортақ моральдік принциптерді айтады. Вольтердің ойынша, моральдің басты принципі моральдің басты принципі ертедегі данышпандардың «Өзіне тілемегенді, басқаға жасама» атты нақыл сөзіне негізделген. Вольтер шығармашылығы философияны басқа ғылымдар сияқты қолданбалы сипатының бар екенін айқындауға негізделеді. Вольтер 1791 жылы Париждегі ұлы адамдарға арналған Пантионда жерленді.
Жан-Жак Руссо да Вольтер сияқты француз ағартушылар өкілінің бірінші толқыны. Ол адамдар арасындағы теңсіздікті жеке меншік пен мемлекеттік құрылымның теріс жағынан көреді.Ол адамдарға табиғатқа оралуды ұсынады.Ғылымды жақтаушы – цеинтист, жақтамаушы – антицеинтист. Бірақ кейіннен көзқарасын біршама өзгертіп, қоғамдық келісім шартты орнату адамдар арасындағы теңсіздікті жоя алады деді. Заң шығарушы билік, оның ойынша, халықтың иелігінде болуы керек. Бұл жерде ол халық тәуелсіздігін қорғайды. 18 ғасыр Француз ағартушылар философиясының шыңы Дидро және Гольбах болып саналады. Дидроның 35 томдық идеясы ағартушылық шығармасфының айқын белгісі. Гольбах пен Дидро сияқты алғашқы энциклопедистер 1770 жылы «табиғат жүйесі» атты еңбегі библияның материализмі есебінде қабылданды.Гольбах материалист болғандықтан, материяны рухани өмірден тәуелсіз өмір сүреді деді. «Ең қиын феномен адам санасына түсіндірме бермек болғанда, оны табиғаттың модификациялануы», - деп түсіндіреді(Гольбах). «Материяның өмір сүруі - қозғалыс» (Гольбах). Қозғалысты ол механистік, химиялық, биологиялық деп бөлді.Оның ойынша, табиғат – бүтіндік, ол себеп салдардың жалғасы деп түсіндіреді.Сондықтан бұл жерде дінге орын жоқ деген. Гольбах – атеист. Барлық құбылыстар қажетті және де ол заңдар объективтілігінің салдары дейді. Оның ойныша, кездейсоқтық табиғатта жоқ. Заттардың тәртіппен орналасуынан жер бетінде өмір пайда болды. Ең жоғарғысы Адам өмірі деген.Оның ойынша, идеялар адамның тәжірибелік іс әрекетінен туындайды.
33. К.Юнг философиясындағы «архетип» ұғымы. Карл Густав Юнг (1875-1966 жж.) басында өз ұстазының (З.Фрейд) көзқарасында болғанмен, жүре келе бисаналықты басқаша түсіне бастайды.Аурулардың көрген түстерін сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгімелеріндегі кейіпкерлердің бейнелерін байқайды.Олай болса, адамның жеке басының бисаналығынан басқа, одан да терең «ұжымдық бисаналық» формалардың бар екенін байқайды.Егер жеке адамның бисаналық формалары сол адамның тәжірибесінен шыққан неше түрлі психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебіреністерден тұратын болса, «ұжымдық бисаналық» бүкіладамзаттық тәжірибені қамтиды.Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжірибесін, сонымен қатар адамға дейінгі хайуандық «жасырылған іздерді» байқауға болады.Олардың көбін халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, діни сенімдіктеріндегі бір-біріне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перілер т.с.с.көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсіне келеді.Олардың бәрін К.Юнг «архетиптер» деген ұғыммен береді.Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тірі тұлға өзінің өмір шеңберінде алған тәжірибесін сол символдарға толтырып, өзінің тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады.Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады.Сонымен қатар олардың көбі тіпті тұқым қуу механизмдері арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннің өзінде де өмірде қайталана беріледі.
34. Артур Шопенгауэр философиясы. XIX ғасырда басқа ғылымдармен қатар психологиялық зерттеулер кең өріс алып, оның жетістіктері сол кездегі философиялық концепциялардың қалыптасуына үлкен әсер етті.Сезімдік түйсінуді, немесе ақыл-ойды өз концепцияларының негізі етіп алған классикалық философияның орнына жігер, интуиция, инстинкт сияқты психикалық құбылыстарды дәріптеген және оған табынған жаңа философиялық бағытгар пайда болды.Осы ағымдардың көрнекті өкілдерінің бірі — неміс философы Шопенгауэр Артур (1788-1860жж.). Негізгі еңбектері: "Әлем жігер(ерік) және елестету ретінде", "Табиғаттағы жігер туралы"," Афоризмдер мен максималар" т.б.Шопенгауэрдің пікірінше, таным процесі кезіндегі біздің қарастырып жүргеніміз, шын мәніндегі денелер емес, тек субъектімен байланыстағы объект, немесе елестету ғана. Елестетуден басқа одан да гөрі ауқымдырақ құбылыстардың бар екенін зерттей келе таным субъектісі, яки жеке адам өз басының тәжірибесі негізінде, жігерді өзінің ішкі мәні деп таниды.Жігер әр уақытта рухани акт.Жігер кейбір құндылықтарды қалыптастырады, ал оларды құндылық ретінде мойындағаннан кейін, өзі соған ұмтылады. Жігердің өзі екі түрлі мәннен тұрады: 1) елестету ретінде немесе объективтендірілген жігер; 2) әркімге белгілі — саналы жігер, яки дененің өзіндік болмысы. Басқаша айтқанда, әмбебаптық жалпы жігер объективті тұрғыда — табиғат және адам денесі ретінде бейнеленсе, субъективті тұрғыда — саналы жігер ретінде көрінеді.Жігер тек адамдарға ғана емес, жалпы табиғатқа тән құбылыс, сондықтан ол барлық құбылыстардың ішкі мәні.Мысалы, өсімдіктің өсуін жетелеуші күш те, заттарды кристалдандыратын күш те, магнит күші де, барлық материалдық деңелерге тән салмақтылықтың арқасында оларды жерге тартатын күш те — жігерге жатады.Жігер өзіндік зат ретінде кеңістіктен де, уақыттан да, себептіліктен де тыс жатыр.Жігер себепсіз болғандықтан, оны танып білуге болмайды.Бірақ ол объект ретінде танымда елестетілетіндіктен кеңістік пен уақытта индивидуациялық қағидада (әмбебаптық жалпылықты жігердің жеке және ерекшеленген денелерге бөлгеннен кейінгі олардың өмір сүруі) бағынады және соның арқасында өмірлік жігерге айналады.Өмірлік жігер рухани акт болғандықтан, әр уақытта жігер еркіндігі, немесе өзіндік себептерді (мотив) таңдау мүмкіндігі ретінде көрінеді.Осы қасиеттерінің арқасында адамдар өз еркімен өз мүддесіне қарсы келетін, керек болса өзін-өзі құртатын, өзіндік себептерді таңдап алуы мүмкін.Мұндай қарама-қайшылық ивдивидуациялық қағидадан туындайды.Индивидуацияға байланысты қалыптасқан жаңа жағдайды түсінгенде, адамға әділеттілік пен жанашырлық қасиеттер пайда болады.Ал жанашырлық әдеіттіліктің негізі.Жанашырлық тек адамға ғана емес, сонымен бірге жануарларға да тән.Ал, индивидуацияның салдары өмір қасіреттеріне әкелсе, онда одан құтылудың жолы біреу-ақ, ол өмірге құштар жігерді құртып, индивидуациялық қағидадан құтылу.Жігер өз алдына жете алатындай мақсат қоймайды және түпкілікті қанағаттанарлыққа, бақытқа жетуге қабілетсіз, сондықтан ол ылғи да ұмтылыста болуы керек, себебі ұмтылыс оның жалғыз мәні ғана.Кеңістік пен уақыт арқылы белгіленген объектілерді, себептілік қағидасын басшылыққа алған ғылымдар қарастырады.Ал өнер данышпандары, өздерінің фантазия күшінің арқасында мәңгілік идеяларды танып-біліп, оны поэзияда, бейнелеу өнерінде, музыкада көрсете алады.Ал музыканың рөлі қалған өнер түрлерінен ерекше бөлек, себебі онда тек идея ғана бейнеленбейді, сонымен қатар, ол әлемдік жігердің бізде тікелей объективтендірілуі болып табылады.
35 Ақиқат,тәжірибе теориясы Ақиқат –танымның негізгі мақсаты.Аристотель сөзінің «Метафизикасында» ақиқатты біздің қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнелеуі деп түсінді. Ақиқатқа жету субъект пен объект арасындағы өзара байланыс.Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті.Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді-салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді-абсолюттік ақиқат деп атайды.Абстрактілі ақиқат жоқ, ақиқат ылғида нақты.Қоғамдық тарихи тәжірибе-ақиқаттың бірден бір жалпы өлшемі.Ғылымның әр түрлі саласында оның көрінуі де әр түрлі. Жалпы алғанда, таным процесі, сол сияқты ақиқат және оның өлшемі,адамның тәжірибиелік қызметін үнемі өзгерісте,қозғалыста деп түсіну керек. Ақиқат теориясы мынандай қаидаларға сүйенеді: 1) ақиқат-әлеуметтік процесс2) объективті ақиқатты мойындау-абсолютті ақиқатты мойындау деген сөз 3) ақиқат барлық жағдайда нақты 4) практика-ақиқаттың жалпы өлшемі 5) ақиқатты тану –қайшылықты, күрделі диалектикалық процесс.
36 Дін және ғылым Дін.Марксизмге дейінгі атеистер ─ XVIII ғ. Француз материалистері Гольбах, Гельвеций,Дидро т.б, дін кездейсоқ шықты, бір топ қулардың аңқау, надан адамдарды алдауъшан шықты деп түсіндірді. Сондықтан оны діннің шығуының бірден-бір себебі деп қарау міндетті түрде субъективтік идеализмге әкеліп соғады.Марксистік тарихи материализм діннің шығуын,оның мәні мен қоғамдық рөлін бірден-бір ғылыми түрғыдан түсіндіріп берді. Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты діннің де шығу себебін адамдардың материалдық түрмыс жағдайынан іздеу керек. Атап айтқанда, дін адамдардың материалдық өндіріс дәрежесі өте төмен болған алғашқы қауымдық қоғамда шықты: өндіріс қүралдарының өте төмен дәрежеде болуы салдарынан адамдар табиғаттың дүлей күштерінің алдында мүлдем дәрменсіз болды, төуелді болды: жер сілкіну, күн күркіреу мен найзағай, су тасқыны мен дауыл, қақыраған аяз бен аспан айналып жерге түсетін аптап ыстық,қуаңшылық,түрлі ауру-кеселдер және тағы басқа табиғат қүбылыстарының сырын ол кездегі адамдар түсінбеді, оларды табиғатган, адамнан тыс түратын ғаламат күштердің салдары деп білді. Сөйтіп,адамдар оларға өз тарапынан ғаламат қасиеттер беріп,"Қүдайға" айналдырды.Феодалдық қоғамда дін қоғамдық сананың басқа барлық формаларын бағындыратын үстем форма болды. Ғылымды қуғынға салды.Ғылым.Қоғамдық сананың басқа формалары сияқты, ғылым да шындықтың адам санасында бейнеленуі.Ғылымның мәнін тусіну үшін оның шығу себептерін, шындықты бейнелендіру ерекшеліктерін және қоғам дамуындағы ролін білу қажет.Ғылым дегеніміз табиғат және қогам күбылыстары мен процестері жайындағы теория түрінде бір жүйеге келтерілген білімдер.Бірақ ғылым дегеніміз тәжірибеде тексерілген теориялық білім ғана емес.Ол сонымен қатар, жаңа білімдер алуға бағытталған қызметті де, эксперимент жүргізу базасын, түрліше прибор, аспаптар сияқты таным қүралдарын да қам-тиды.Ғылымның ерекшелігі ең алдымен оның пөнімен анықталады.Адамды қоршаған сыртқы дүние — табиғат пен қоғамның, сондай-ақ ойлаудың да объективтік заңдары бар.Ғылымның міндеті осы зандарды танып білу.
37 Ы Алтынсариннің ағартушылық идеясы Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі педагог –жазушысы Ы Алтынсарин(1841-1889) Ыбырай дүниетанымы қалыптасуына туған ел халық ауыз әдебиеті прогрессивті орыс мәдениеті мен Еуропа ойшылдарының еңбектері өз әсерін тигізді. Уалиханов сияқты Алтынсарин да өз халқының артта қалушылығын жоюдың бірден-бір жолы ағартушылық деп сенді және Қазақстандағы Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсене араластыЫ Алтынсарин арнайы философиялық тақырыпта еңбек жазған, дегенмен ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арналғаншығармаларында дүнеге көзқарастық пікірлер қалыптастырды Ыбарайдың көптеген өлеңдері мен әңгімелері оның қоршаған дүниенің санадан тыс және тәуелсіз өмір сүретіндігін мойындайтынын байқаймыз. Жаз Өзен өлеңдерінде табиғатты өзінше тамашалау ғана емес сонымен бірге оны адам санасынан тыс және тәуелсіз екендігі сезіледі.Бұл – ұлы ағартушының дүние туралы көзқарасының бір жағы екіншіден Ыбырай дүниені жаратушы құдай деп білген.Бұл ойды ол көптеген шығармаларында келтіріп отырады. Мысалы Жаратқан мұнша тасын жаббар құдай!Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым! Деген өлең шумақтарында, Мұсылманшылдық тұтқасы !бүкіл дүниені , жан жануарларды атай келіп Мұның бәрі де жалғыз теңдесі жоқ , ққсасы жоқ бір Құдайдың барлығына , бірлігіне хәм кеміл жаратушы халық – қадір екеніне дәлел болса керек деп тұжырымдайды. Ойды қайырып айтқанда Ыбырай қоршаған дүниенің объективті өмір сүретіндігін мойындайды сонымен бірге дүниені жаратушы Құдай деп біледі Бұдан Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын екенін көреміз.Кей зерттеушілер Ыбырайды стихиялық материялист дінге қарсы болған деп айтып жүр. Нақтвы қарасақ Алтынсарин Шоқан сияқты татар және Бұқарадан келген молдалардң уағыздайтын дінің озбыр түріне қарсы болған НИ ИЛьиминскиге 1882 жылы 12 қыркүйекте жазған хатында татар және Бұқара молдадаларынан оқыған жастар өз діні жағынан толық мешеу оның есесіне мұсылман еместің бәріне өшпенділікпен қарайтын болып шығады деп көрсетеді.Мұндай дүмше молдалардың ақыл парасатты тек Мұхаммед дінінен тапқысы келетінін қатты сынайды.
38 Сцентизм және антисцентизм ХХ ғасыр – ғылыми техникалық революция дәуірі Осы ғылымдық дамуға байланысты 2 бағыт пайда болды .Біріншісі сцентизм деп атайды(лат ғылым) ол бағыт ғылымға ғылыми тех прогресске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді оның өмірін жеңілдетіп жақсарьады. Бұл бағыт ХХ ғас 2 жартыснда дүниеге келді .Оған көптеген жаңа ғылымдардың жаңа техникалардық технологиялық әдістерін компьютердің т,б. Дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисцентризм деп аталды.Ол ғылымғы сенбейді.Ғылыми техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тотолитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың сансын ол қыспақта ұстайды ойлау жүйесіне шектеу салады деп есептейді. Техника адамдардың барлық іс қимылын ойын бақылайтын автоматтарды есептегіш машиналарды жасанды интелектіні дүниеге әкеледі. Осылардың бәрі адамды тірі , жанды автоматқа айландырды. Оның ерекшілік қасиеттрін сөндіреді дейді. Бірақ сол ғылыми тех прогресс капитализмге дем беріп оны тез дамытқанын айтпайды. Олардың пікірінше капитализм – мәңгі өлмейтін қоғам. Бұл – мәселенің әлеуметтік жағы. Ал мәселе басқа тұрғыдан келсек бұл екі бағыттың екуі де айтқандары шындыққа жанасады. Мәселе қай жағынан келуде ғана .Сөйтіп ирационализм сайын келгенде мистикаға жоққа сенуг де ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап жақтауға не даттауға болмайды.
39.Философия және саясат Саясат дегеніміз таптар, ұлттар және мемлекеттер арасындағы қатынастарды, сондай-ақ таптардың өкімет билігі үшін жүргізетін күресін қамтитын қоғамдық қатынастар саласы.Саяси идеологияның ерекшелігі сол, ол күресуші таптардың негізгі, түпкі мүддесі — экономикалық мүддесін бейнелей отырып, олардың бір-бірімен қатынасын, мемлекетгік өкіметке деген көзқарасын, сол қоғамның сол даму сатысындағы әлеуметтік-саяси қүрылысын, басқа қоғамдар мен мемлекетгерге деген көзқарасын т.б. көрсетеді. Әрбір таптың саяси көзқарасы сол таптың мүдцесінің рухани көрінісі болып табылады. Тапсыз саяси идеология болған емес және болмайды да.Кез келген қанаушы таптың түпкі мақсаты өзі үстемдік жасап отырған кездегі экономикалық базисті сақтап, нығайта беру, демек, қаналушы таптың қарсылығын басып, қанауды күшейте түсу.Үстем таптың саяси санасының мазмүнын анықтайтын, міне, осымақсат.Мәселен, буржуазияның саяси идеологаясына капиталистік қоғамның экономикалық және саяси қатынастарын, буржуазия өкіметін нығайту идеясы тән.Қоғамда таптар жойылса, онда саяси идеология мен қүқық та жойылады.Ол кезде қүқық пен моральдық нормалардың арасында айырмашылық болмай қалады да, қоғамдағы төртіптерді орындау моральдық нормалар мен ережелер арқылы жүзеге асады.Мәселен, алғашқы қауымдық коғамда дәл солай болды.Саяси идеология мен қүқық қоғамдык, сананың барлық формаларына күшті әсер етеді.Саяси идеология таптардьщ түпкі мақсатынын тікелей керінісі, экономиканың түйдектелген көрінісі болғандықтан, ол қоғамдық сананың барлык формаларын біріктіріп, олардың коғам дамуындағы роліне бағыт береді.
40 ФНицшефил.ның ирроционолистік сипаты. (1844-1900) ШопенгауэердіңжігертуралыілімінарықарайдамытыпөзініңБиліккеұмтылғанжігердегенконцепциясынқұрды. Негізгі еңбектері: Музыка рухынан трагедияның туындау, Билікке ұмтылған жігер, Зара туштра осылай деген т.б. Оның пікірінше өркениет пен мәдениетте құлдырау процессі басталды. Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес жалпы қоғамтану. Ілімінің қоғамда болып жатқан құб дұрыс түсіне алмауы басты себеп тердің бірі. Осы тұрғыда ол өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің Өмір дегеніміз күрес заңын алды. Осы идеяны ары дамытып отырып осы деген тұжырым жасады.Осы өмірдің қиыншылықтарына соқпақтарына қарсы тұра алатындай АСА КҮШТІ АДАМ идеясын қалыптастыру керектігін дәлелдеуге тырысты.Тек осындай адамдар ғана өмір сүруге немесе билікке қмтылуға құқылы, сондықтан олар өздерінің жігерін тежейтін қоғамда қалыптасқан моральдық өлшемдерін мойындамай жақсылықтан да жамандықтан да аулық жүреді. Оарды тобырдан ерекшелейтін қасиеттері – алғырлық , жан жақты дамықан әдемілік, өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігерлік. Билікке жету, өз мақсаты мүдделерін жүзеге асыру үшін, олар қоғамдағы кездесетін адамшылдыққа, қиыншылыққа, өзіне бағытталған қастандыққа қарсы өажымас күрес жүргізулері керек.Оның ойынша абсолютті болмыс жоқ.Болмыс дегеніміз – бұрын болған сансыз қайталанған құбылыстарың мәнгілік айналымда болып қалыптасуы.Осы тұрғыдан ол Гегельдің абсолюттік идеясын аза ақыл ойын сынңа алып, адамның иррацональдық қасиеттеріне зор көңіл бөледі.Олар инстинг пен жігер.Осы қасиеттердің ең маңыздысы – жігер.Себебі ол әрі әмбебап жалпылық аболют, әрі барлық денелердің түпнегізі.Демек материалдық денелердің өмір сүруі осы түпнегіз бен абсолют жігердің арқасы.Идеялары кеиінгі кездрі саяси оилар мен практикаға үлкен әсер етті.Мысалы Гитлер Ницшенің ілімін езінің іс әрекеттерінің теориялық негізі деп есептеді.
41.Абайдың “Қара сөздері” еңбегінің мәні.Қазақ ағартушылығында, қазақ халқының бүкіл ұлағатты мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын, ойшыл-демократ, сазгер Абай Құнанбайұлы (1845-1904) болды.Абай Құнанбаев өзінің аса дарындылығы, ой-өрісінің тереңдігі, халқына деген қамқорлығымен әлемге танымал болды.Абайдың дүниеге көз қарасы ойы мен қыры мол, күрделі.Оны біржақты бағалау, бір бояумен көрсету мүмкін емес.Дүние туралы пікіріне келетін болсақ, диезмге жақын дедік. 1- ден, сыртқы дүниенің санадан тыс өмір сүретіндігің қуаттайды. Мысалы, 43- қара сөзіңде адам «..көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады», - дейді. Сонымен бірге көптеген өлендеріңде, 38-і сөзіңде жан-жануарларды, адамды, тіпті машина, фабрикаларды алла жаратты деген екен.Өлендері мен қара сөздеріңе зер салып қарасақ, көптеген философиялық мәселелерді қарастырып, өзіңдік ой-пікір, тұжырым жасағанын байқаймыз.Ендеше, философияның негізгі мәселесі Абай шығармалрында кенінен талқыланды деуге болады.
42.Философия және дін.Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі дүниеге қарастың қоғамдық – тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен міңез құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді.Алайда олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор.Мындаған жылдар бойы терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар адамдардың сны болмашы ғана болды.Философиялық пайымдауға ақыл-ой бостандығы тән.Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетік, рухани жағынан табанды адамдар ғана қаблетті болды.Ал адамдардын басым көпшілігінің дүниегекөзқарасы дің мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден, адамгершілік міңез-құлық талаптарынан тыс шыға алмады.Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандық құдайдан ғана күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстырғанда, философия бірінші орынға бұл дүниені жіне ондағы адамның орнын білім мен ақыл-ой тұрғысынан түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды.Сөйтіп, нақты бақылауға, логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделген философиялық ой-пікірлер қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біртіндеп ығыстыра берді.
43.Шәкәрім философиясы.Абай ілімін одан әрі жалғастырған қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғанын бірі – Шәкірім Құдайбердіұлы (1858-1931).Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды.Шәкәрім Абайдың немере іңісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген.Ол арнайы оқу орнында оқымаса да араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардаң дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан.Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елің қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатар қатарына қосамын деп талпынады.Оның ойынша, бұл азаматтық өтеуің басты шарты – туған елдің барлық тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану.Шәкәрімнің рухани ізднісіне ежелгі сақ-түрік заманнынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады.Тәңір, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
44.Марксизмнің тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру принциптері. Маркс пен Энгельс диалектиканы қоғамдық өмірді талдауға, зерттеуге қолданып, сонымен қатар матералистік дүниетанымның дәйектілікпен дамытылған біртұтас жүйесін дүниеге келтірді.Тарихты матералистік тұрғыдан түсіндіру – қоғамдық өмірдегі материалдық, рухани құбылыстарды, олардың жалпы даму заңдылықтарын зерттеудің тәсілі, философиялық негізі болып табылады.Маркске дейінгі материалистер өздерінің теориялық және таптық тар өрістілігінің арқасында материализмді қоғамдық өмірге қолдана алмады.Ал, Маркс пен Энгельс болса материяны белгілі бір түріне телімеді. Материализмді қоғамдық өмірге дәйектілікпен қолдана отырып, қоғамдық болмыстың негізінде матриалдық өндірістің жатқандығын тұжырымдаған еді. Ал оның бейнесі – қоғамдық сана болып табылады. Сөйтіп, қоғам туралы ғылыми-философиялық негізгі мәселесін шешу материализмнің ұғымдарын дайын күйенде қоғамдық дамуға атүсті тели слу болмай шықты. Қорыта айтқанда, тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дгеніміз диалектикалық тәсілді қоғамдық өмірді зерттеу ісіне қолданғандықтың нәтижесінде пайда болатын терең әрі жан-жақты ілім. Ол барлық қоғамдық қатынастарды шешуші маңызы бар қатынастар ретінде қарастырады.
45. Экзистенциализм фил.сы адам туралы. Экзистенциализм жеке адамдар «басқаларға» (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда «басқалардың» адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс «басқалармен өмір сүру коммуникациясы» деп аталады. Адамдар өзара байланысқа ұмтылу коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбаланумен т.б. сөзіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз «экзистенциалды» еркін тұлға бола алмайды. Еркін тұлға болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсерінен құтылып, өзіне өзінің мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз сырттың әсерінсіз еркін тандау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол – жауапкершілік. Туғаннан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнына көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өз үшін де жауапты.(Стартр). Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы «иемдену» ұғымын да қарастырды. Ал, адамды меншіктің, заттардың езіп жаншуынан қалай құтқаруға болады? Бұл сұраққа Марсель қарама қайшылықтың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп, одан шығу жолы – сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, «құрбандықта», иеленуді болмыс деңгейіне көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше, көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.
46) позитивизм философиясы. Негізгі позитивизм-«дұрыс пікір» деп аталатын ұғым болып дүниеге келеді, оның бастамасын салған Огюст Конт (1798-1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д-Юм мен И.Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты- ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда философиядан азат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғылымдарды зерттеу қажет. Былайша айтқанда әрбір ғылымда пайдалы да, пайдасыз да ойлар болады. Мақсат-дейді позитивистер,-солардын тек дұрысын, пайдалысын қабылдап пайдасызынан, күнделікті тіршіліктен тыс ойлардан арылу. Ондағы мақсаты-француз революция-сының теориялық негізі болған. ХVIII ғасырдағы француз философиясынан бас тарту. Олай, болса, позитивизм-идеалистік философия, оның ішінде субъективтік идеализм. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолы жеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күрескен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды. Оның эволюциясы бір ғасыр ішінде үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңі-позитивизм, екіншісі кезеңі-эмпирио-критицизм, үшінші кезеңі-неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Себептері алдымен позитивизмнің пайда болуына кері әсер еткен—Гегель диалектикасының дүниеге келуі. Буржуазия идеологтары содан қауіптенді. Диалектикалық метофизиканы механикалық материализм деп, кемшіліктерін айқын көрсетті.
47) Ибн-Сина фил.дағы құдай эманациясы идеясы. Ибн-Сина (980-1037)дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі білгірі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына Аль-Кинди мен Әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Европалықтарға Авиценна деген атпен белгілі болған ол. Орта Азияда, Бұқара қаласының маңында дүниеге келеді. Иран мемлекетіндегі Исфакан атты қалада философия және медицина саласы бойынша дәріс алып өз білімін жетілдіреді. Ибн-Сина жан-жақты терең білімді, философ, дәрігер, ақын әрі саяси қайраткер болған екен. Ол жүзден аса ғылыми кітаптар жазыпты. Олардың ішінде ең әлемге танымал болған атағын Шығыс пен БАтысқа танытқан «Сауығу кітабы» деп аталатын медицина жайлы жазған кітабы. Ол ғасырлар бойы Шығыс және Батыс дәрігерлері үшін баға жетпес білім көзіне айналған еді. Ибн-Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын «Сауығу кітабы» логиканы, физиканы, математиканы және философияны қамтыған. Арабтар әлемінде Ибн-Синаның аты құрметпен аталатын еді. Оны біресе «Философтар патшасы» деп атаса, біресе «Дәрігерлер атасы» деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен Ибн-Сина араб перапатетизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяна мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырды. Алайда бұл қағида діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн-Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді Ибн-Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесің ете қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді.: 1) заттарға дейін, құдүреттің ақыл-ойында; 2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні ; 3) заттан кейін адамдардың санасында.
Таным теориясында Ибн-Сина Әл-Фарабидің жолын қуып оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен оның кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. , Ибн-Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ол Әл-Фарабиден кейінгі философия тарихында өзіндік із қалдырған араб тілді мұсылман философиясының ең ірі өкілдерінің бірі деп білеміз.
48. Көшпенді мәдениеттің дүниетанымға әсері. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымы оның өмір сүрген табиғаты мен соған бейімделіп, қалыптасқан шаруашылық түрлері, өмір салтымен байланысты. Қазақта жаңа дәуірге дейінгі негізгі шаруашылық формасы көшпенді мал шаруашылығы болды. Оның ерекшеліктері: біріншіден, табиғатқа бас июді талап етті. Қазақ халқының ертеден ақ экологиялық санасы биік деңгейде болғаны анық. Екіншіден, ата бабаларымыз ерікті болып, бас бостандығын қастерледі, қазақ жерінде құлдық болған жоқ. Үшіншіден, көшпенділік теңдікті талап етеді. Дамыған феодализм болмады. Төртіншіден, көшпенді халықта әлеуметтік айырмашылық аз болғандықтан, теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы басым. Бесіншіден, байлықтан гөрі ар намысты жоғары ұстау көшпенділерден шықты. Алтыншыдан, ұжымдық мүддені жеке мүддеден жоғары ұстау. Жетіншіден, әрдайым көшіп қону болғандықтан қауіп қатерді бастан кешіру барысында ерлікті батырлықты қасиет етті. Сегізіншіден, өмірді қамшының сабына теңеді. Өмірді қастерледі. Әрбір күнді тойлау өзін шешендікке тәрбиелеген. Тоғызыншыдан, досқа адал, дұшпанға қатал болды. Қиналғандарға қол ұшын берді. Оныншыдан, ата ананың үлкенді сыйлау, құрметпен қарау. Бұлар мыңдаған жыл жиналған қасиеттер.
49) «өмір философиясы» өкілдерінің көзқарасы XIX ғасырдың үшінші ширегінде пайда болған «өмір философиясының» (Ницше, В.Дильтей, А.Бергсон) ықпалымен 20 жылдары М.Шелер (1874-1928ж.) мен О.Шпенглер(1880-1936ж.). негізгі еңбектері: «себептілік және тағдыр», «Европаның құлдырауы» және басқалардың ілімдерінің арқасында қазіргі иррационалдық (ақыл жетпейтін) философиялық ағым пайда болады. Иррационалистердің пікірінше, материя сияқты «қатты денелерге» және дерексіз ұғымдарға сүйенген рационалды (ақыл-ой) таным өзгермелі, нақты, тұрақсыз жеке «өмірді» танып-білудің бірден-бір қайнар көзі – инстинкт, интуиция, сезім. Таным субъектісіне адам жаратылған, одан тыс көптеген заттар әлемі қарсы тұрады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән заңдылықтарға ие, ал бұл заңдылықтар олардың өмір сүру және бейнелеу сияқты эмпирикалық заңдылықтарынан жоғары тұрады. Осы тұрғыдан алғанда философия ауқымы жағынан кең мәнділікті ғана қарастыратын өте жоғары сатыда тұратын ғылым (М.Шелер). Қоғамдық процестердің дамуы ирроционалдық «өміретгані», «опат болуды күту» т.с.с. күштермен бағытталады. Мысалы, Батыс мәдениеті өркениеттің белгілі бір сатысында, өзінің жойылуына аяқ басты. Бұл қозғалыс тыныштықсыз, зорлықпен, тасқын сияқты қатты екпінмен, өзінің соңғы сөресіне ойланбастан, мүмкін ойлануға қорқып жақындап келеді.( Ницше)
50.Философия тарихындағы «сана» ұғымы.Ф/я бүкіл тарихында ойлауды тек саналы қызмет деп қарағандықтан, ол туралы көптеген кнцепциялар туды. Олардың көпшілігі күнделікті тәжірибеде тұған сана, саналық хақындағы пікірлерге ғана сүйенеді. Соңғы ғасырларда ғана сананың рефлексикалық табиғаты жөнінде айтыла бастаған. Рефлексика бұрын айтқанымыздай сыртқы дүниеге қатынастың субъектіге қайта оралуы, яғни сыртқы дүние арқылы субъектінің өзінің өзіне қатынасы. Сана да осындай қатынас. Сонда адам сыртқы нәрселер жайында ғана ойланбайды, солармен бірге ж/е соларға байланысты ол өзіне де, өзінің сол қатынасын да көреді, сезінеді, біледі.Сана адам миына байланысты пайды б/ды, ал ми – оның мекені. Сана- адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі. Діни – идалистік түсініктер б/ша сана деген қайдағы бір материалдың емес субстанция- «жанның көрінісі, ол (субстанция) жалпы алғанда материяға атап айтқанда, адам миына тәуелсіз дербес өмір сүре алатын өлмейтін, мәңгі нәрсе болып табылады. Түрлі идеалистік көзқарастарға қарама- қарсы материализм сана- адам миының функциясы, оның шындықты белсенді де мақсатты түрде бейнелеуінде деген қағиданы негізге алып келді ж/е негізге ала бермек. Сонымен қатар сана проблемасы материалистік тұрғыдан пайымдаушы философтар мен психологтар үшін де өте қиын проблема б/ды. К.Маркс «сана өмір сүру тәсіл, ол- білім. Сана бірдеңені қаншалықты білсе, бірдеңе де сана үшін саналық п. б/ды. Марксизмнің айтуы б/ша адам маймылдан жаратылды. Ол 4 формадан тұрады.1) тіл 2) тік жүру 3) ойлау 4)қауым
51.Постпозитивизм философиясының пәні туралы Постпозитивизм философиясы ғылымның дайын шешімдерін, ғылыми мәнді зерттейді. Оның екі бағыты бар: критикалық рационализм және тарихи-социологиялық позитивизм. Критикалық рационализмнің негізін салушы Карл Поппер (1902-1994). «Логика және ғылыми білімнің өсуі». Оның басты мақсаты: ғылыми білімді метафизикалық ғылыми емес білімнен бөлу. Тарихи социологиялық позитивизмнің өкілі Томас Кун (1922). «Ғылыми революцияның құрылысы». Методологияға емес ғылым тарихына жақын. ХХ ғасырда барлық елдерге тән экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани өзгерістерге байланысты қоғамдық өмірдің күрделенуі, ғылыми-техникалық және технологиялық революцияның одан әрі тереңдеп өрістеуі, әмбебаптық проблемалардың шиеленісуі, көптеген социолистік елдерде тоталитарлық режимдардың қалыптасып қирауы, бірінші және екінші соғыстардың салдары, т.б. осылар сияқты маңызды оқиғалар, жалпыадамзаттық өркениеттің, мәдениеттің және адамдар тағдырының бүгінгісі мен болашағы туралы бұрыннан қалыптасқан концепцияларын басқа методологиялық қағидалар негізінде қайта қарап, кей жағдайда түбегейлі өзгерген философиялық ой төңірегінде қалыптасқан жүздеген философиялық ағымдар мен мектептер дүниеге келді.
52.Ш. Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары Қазақ ағартушыларының негізін салушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1866) – демократиялық ұлттық мәдениетіміздің көрнекті өкілі. Энциклопедист-ғалым, шығыстанушы, саяхатшы, публицист және қоғам қайраткері Шоқан Уәлиханов өз бойында шын мәнінде еуропалық білімділік пен шығыс халықтарының мәдениеті жайлы түсінікті үйлестірді және қысқа ғұмырында мол да жан жақты шығармашылық мұра қалдырды. Уәлиханов шығармашылығын 1) қалыптасу кезеңі (1855-1859 жылдар аралығы) және 2) кемелдену кезеңі (1859-1865) деп екіге бөлуге болады. Петербордан басталатын қызықты да мазмұнды соңғы кезеңі Шоқанның туған жерге қайтып оралғаннан - өмірінің соңына дейінгі жылдарды қамтыды. Омбыда кадет корпусын бітірген Шоқан өзінің 30 жылдық аз өмірінің ішінде этнография, Қазақстан және Орта Азия тарихы мен мәдениеті саласында еңбектер қалдырған ғалым, ағартушы-демократ Шоқан тікелей философиялық мәселелер жөнінде еңбектер жазбаған, алайда, көптеген шығармаларынан философиялық пікірлері мен тұжырымдарын байқауға болады. Ол «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Даладағы мұсылмандық жөнінде», «Тәңір(Құдай)» деген еңбектерінде философияның негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады. Ең алдымен, Ш. Уәлихановтың сыртқы дүниенің адам санасынан тыс өмір сүретіндігіне шек келтірмейтіндігін айту керек.
53.Адамзат тарихында формациялық және өркениеттік көзқарастар ерекшелігі Формациялық ұғым мағынасында мемлекеттердің типтері қоғамға тән экономикалық тән құрылысы бар, билік жүргізетін үстем тап мүлдесіне қызмет ететін басқару күштер құралы ретінде танылды. Формациялық типология негізінде марксистік ілімге тән марксизм- ленинизмнің саяяси- құқықтық ілімі адамзат тарихында пайда болған мемлекеттердің типтерін қоғамдық- экономикалық формацияның дамып, тарихтың бір сатысынан бір сатысына көтерілуімен тығыз байланыстырып қарайды. Формация өзгеріске ұшырағанда- мемлекеттің типі де соған сәйкес келетін формалық мағынаны қабылдайды. Формациялық мағынада мемлекетің тарихи типтері схема жүзінде былайша көрініс береді: Алғашқы қауымдық құрылыс Құлиленуші экономикалық формация Феодалдық экономикалық формация Буржуазиялық экономикалық формация Социалистік экономикалық формация. Қоғамдық өзін- өзі басқару Құл иленуші типтегі мемлекет Федалдық типтегі мемлекет Буржуазиялық типтегі мемлекет Социалистік типтегі мемлекет. Мемлекеттің формациялық типтерінің қоғамдық- экономикалық формацияның өндірістік қатынастарының жиынтығы (базисі) құрайы. Марксистік ілім бойынша қоғамдағы өндіргіш қарама- қайшылықтар пайда болғанда әлеуметтік төңкеріс болып, жаңа қоғамдық- экономикалық формация пайда болады. Бұл процесс жаңа формацияға сәйкес келетін мемлекеттік типін қалыптастырады. К.Маркс өзінің формациялық ілімі туралы былай деп жазды: «Менің зерттеулерім мені мынадай нәтижеге жеткізді: праволық (құқықтық-С.Ө.) қатынастарды, дәл сол сияқты мемлекеттердің формацияларын да өзінен- өзі де, адам рухының жалпы дамуы дейтінінен де түсініп болмайды, керсінше, олар материалдық өмірлік қатынастарға негізделеді... Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдылық және саяси қондырма орнайды... қоғамның материалдық өндіргіш күштері өз дамуының белгілі саласында сол кездегі өндірістік қатынастарға, немесе осы күнге дейін өздері солардың ішінде өркендеп келген өндірістік қатынастардың заңдық жағынан алғандағы бейнесі ғана болып табылатын меншік қатынастарға қайшы келеді. Өндіргіш күштердің даму нысандары болған бұл қатынастар енді олардың бұғауына айналады. Сол кезде әлеуметтік революция заманы басталады, экономикалық негіздің өзгерумен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл орасан зор қондырмада төнкеріс жасалады». Жалпы қарағанда мемлекеттердің формациялық типологиясы барлық халықтар мен қоғамға әмбебаптық әдістеме бола алмайды. Осы типологияның түрлерін өркениеттік мағынада түсіндіру бар. Сонымен қатар өркениеттік типологияда технологиялық бағыт дамып келе жатыр. Осы ой бойынша мемлекеттердің типтерінің деңгейі қоғамдағы ғылыми технологиялық прогресстің жетістіктерімен сипатталады. Жоғарғы технологияны енгізу мемлекеттердің әлеуметтік экономикалық деңгейін халықтың әл ауқатының жақсаруына мүскіндіктер туғызады. 17 ғасырда ойшыл Кристофор Келлер мемлекеттердің даму сатыларын ежелгі, орта және жаңа жаңа даму сатыларын үш дәуірге бөліп олардың даму заңдылыңқтарын зерттеп дәлелдеді. Орта ғасырда мемлекеттің қалыптасуы, билік ету діни ағымдардың ықпалымен қалыптасып діни мағынадағы сипатқа ұласты. Жаңа заманда мемлекетті «бірігу» «одақ» ұғымдарымен байланыстырып таныды. Мысалы айта кетсек Гуго Горций мемлекетке: «Мемлекет деген еркін адамдардың құқықтарын қорғау және жалпы пайда үшін құрылған, -жетілдірілген» одағы деп анықтама берсе, Имонуил Кант: «Мемлекет- көп адамдардың құқықтық заңдармен бірігуі» -деген ойды ұсынды.Заң ғылымында мамлекеттерді типке бөліп зерттеу арқылы олардың даму процессін , деңгейін,өркениеттің мазмұнын тануға болады.
54.Ф.Ницше фил.дағы әлеуметтік мәселелер Шопенгауердің жігер туралы ілімін немістің белгілі философы Ницше Фридрих(1844-1900) ары қарай дамытып,өзінің ,,Билікке ұмтылған жігер,, деген концепциясын құрды.Негізгі еңбектері:,,Музыка рухынан трагедияның туындауы,, Зара-туштра осылай деген,, Билікке ұмтылған жігер,, т.б.Ницшенің пікірінше,өркениет пен мәдениетте құлдырау процесі басталды.Бұған кінәлі тек буржуазиялық қоғам ғана емес,жалпы қоғамтану ілімінің қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс түсіндіре алмауы деп пайымдады.Осы тұрғыда,Н. өз концепциясының негізі етіп Дарвиннің ,,Өмір деген күрес,, заңын алды. Бұл идеяны ары қарай дамыта отырып, Н. өмір дегеніміз күрес арқылы билікке ұмтылу деген тұжырым жасады. Оның ойынша өмірдің қиыншылықтарына, соқпақтарына қарсы тұра алатындай «аса күшті адамдар» басқалардың тәрбиесімен немесе өзін-өзі тәрбиелеу арқылы емес, өзінде туғаннан бар өмірлік күштің арқасында қалыптасады. Оларды тобырлардан ерекшелейтін қасиеттер – алғырлық, жан-жақты дамыған әдемілік және билікке ұмтылдыратын өмірлік күш пен жоғары дәрежелі жігер. Осы тұрғыдан Н. «құлдық мораль» негізінде қалыптасқан дінді де, «жалған» моралді уағыздайтын буржуазияны да, барлық игілікті және құндылықтарды құртатын тобырды да сынға алып, жалпы адамзаттың мақсаты, қоғамның ұлы адамдары – «аса күшті адамдарды» дүниеге келтіру болып табылады деген тұжырым жасайды. Н-нің идеялары кейінгі кездері саяси ойлар мен практикаға үлкен әсер етті.
55.Кун-фу-цзы философиясының ерекшеліктері Конфуцзийшылдық-бұл философиялық ағымның пайда болуы және қалыптасуы,осы ағымның негізін қалаушы Кун-Фу-Цзы,оның ізбасарлары Мен-цзы және Сюнь-Цзыдың есімдерімен тығыз байланысты..К-дың негізгі қарастыратын мәселесі-адамдар арасындағы қатынас,тәрбие мәселелері.Соған байланысты ол мынадай ұғымдарға көп көңіл бөледі.Олар:»Тең орта»,»Адамгершілік» және «өзара сүйіспеншілік».Кон-Фу-Цзы философиясының пайымдауынша,осы үш ұғым бірігіп,»Дао»құрайды.Әр адам осы Даоның жолымен өмір сүруі қажет. »Тең орта»-адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті.өмірде мұндай ортаны ұстап,іс-әрекет жасау оңай емес,себебі адам-ң көпшілігі сабырсыздық көрсетсе,бір тобы тым сақ келеді.Ал «адамгершіліктің» негізі –«жень»-ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау.Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса,ол еш уақытта жамандық жасамайды.Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас,конфуцзишылдық әдептглік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы..Аталған әдептілік қағидаларын «Текті адамдар» ғана басшылыққа алып,іс-әрекет жасайды.К. философиясының ерекшелігінің бірі- барлық нәрсе өзгерісте болады,уақыт тоқтамай өтіп жатады десе де,қоғамдық өмірге келгенде,ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек.
56.Қоғамдық сана және формалары Сананың түрлері көп.Ол жеке адамныың санасы және қоғамдық,қарапайым және теориялық,ғылыми және ғылымға қарсы,прогресшіл және кері тартпа сана болып бөлінеді.Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана,мәселен,қанатты сөздер,мақал-мәтелдер, т.б. Олай болу үшін сана көптеген адамның ойын,мақсатын, мұңын, қуанышын бірдей бейнелейтін болуы керек.Ондай сананы қоғамдық сана дейді. Ғылым мен мәдениет қоғамдық сананың барлық түрлеріне өз әсерін тигізеді,өздері де олардың әсерін қабылдай отырып дамиды.Өйткені қоғамдық сана тқрлерінің бір-біріне әсер етуі – заңды құбылыс.Ғылым қоғамдық сананың барлық түрлеріне әсер етеді.Осыған орай қоғамдық сананың мынадай формалары бар:саяси сана,құқылық сана,моральдік сана, эстетикалық сана,дін және атеистік сана.
57.Ақын – жыраулар фил.дағы “өмір” мәселесі. Қазақ ақын – жырауларының дүниетанымы, философиялық даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Көптеген ақын – жыраулар өмір туралы өз ойларын айтып кеткен.Соның ішінде Шалкиіз жырау өмір туралы былай деген:Дүниеде тұрақты,мәңгілік ештеңе де жоқ дейді жырау.Өмір қысқа екен,бұл жалған басы жұмыр пенденің бәрінен де өтедіекен,демек,осы аз ғұмырды дүниедегі бар қызықты тегіс көріп думандатып өткізу керек деп,жырау өмір мәселесі жайында философиялық толғаныстар жасайды.Жырау өмірдің бар қызығы,бақыты, қуанышы о дүниеде емес,адамның бар бақыты бұл дүниеде екендігін айтып өтеді.
58.Экзистенциализм философиясы Экзистенциализм немесе ғұмыр кешу философиясы деп аталған ағым ΧΧғасырдың 20жылдарында пайда болып қалыптаса бастады. Көрнекті өкілдері Германияда М.Хайдеггер мен К.Ясперс,Францияда Сартр, А.Камью мен Г.Марсель жатады.Олар бар зейінін ғұмыр кешудің мағынасына, яғни жеке адамның күнәсі мен жауапкершілігіне,шешім қабылдау қабілетіне, адамның ғұмылық мақсаттары мен өмірге деген қатынастарын анықтауға аударды.Адамның ғұмыр кешуі(экзистенция) тұтас болмыс ретінде қарастырылады , оны ешқандай да ғылыми не философиялық жолмен танып білуге болмайтындығы туралы тұжырым жасалады.Экзистенциализмнің идеялық бастау алатын ілімдері дат мистигі Кьеркегордан басталады.Экзистенц.нің негізгі ұғымдарының бірі—қорқыныш.Тіршілік иесі өлімнен де ертеңінен де, келешегінен де қорқады.Шындығында өлімнен қорқуға болмайды, өйткені ол да өмір сияқты табиғи нәрсе, демек оны заңды құбылыс ретінде қабылдау керек.Маңызды категорияларына болмыс пен еркіндік жатады.
59.Буддизм іліміндегі 4 ақиқат және қиналыстан шығу жолдары Буддизмнің өзегін төрт ақиқат туралы ілім құрайды. Олар: 1.Пенденің ғұмыры қасірет шегумен тікелй байланысты: туылу, өлу, кесел, көкейіңдегінің жүзеге аспауы–барлығы да қасіретке жетелейді.2.Қасірет шегудің себебі–мұқтаждық. Ол қуаныш–қайғы, қасірет шегу арқылы қайта туылуға, қайта түлеуге алып келеді.3.Қасірет шегуді шектеу мұқтаждықты аластауға байланысты және де бұл іс сегіз жол арқылы жүзеге асырылады:а)дұрыс пайымдау,ә)дұрыс шешім қабылдау,б)дұрыс сөйлеу,в)дұрыс ғұмыр кешу, г)ұмтылыс,д)дұрыс зейін,ж)дұрыс сенім,е)дұрыс шүйілу4.Нәпсілікке құштарлық та, өзін–өзі азаптау да дұрыс жолдан ауытқушылықҚиналыстан шығудың бес уағызы(панчашила):1.Тіршілік иелеріне зиян келтірмеу2.Бөтен меншікке сұқтанбау,қол сұқпау3.Тиым салынған жыныстық қатынастардан бойды аулақ салу.4.Қаңқу,өтірік сөздерден тиылу5.Мас қылатын ішімдіктерден бас тарту
60. Абай философиясындағы әлеуметтік мәселелердің көтерілуі Ұлы ақын,ойшыл–демократ,сазгер Абай Құнанбайұлының қоғам өмірін түсінудегі көзқарасы, идеалистік тұрғыда болды.Ол кезде қазақ халқының әлеуметтік даму деңгейі төмен болуының себебінен қоғамның объективтік заңдылықтарын дәл анықтау өте қиын еді.Қазақ елінде бай, кедей болып бөлінген таптардың арасындағы тартысты Абай айқын көрді. Кедейлердің жоқшылық тұрмысын “Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай”,тағы басқа өлеңдерінде реалистік тұрғыдан суреттейді.Үстем тап өкілдерін: байларды, билерді болыстарды аяусыз шенеді.Халқына байларға сөздерің өтсін десеңіз еңбек етіп, оқу оқы дейді.Бақпен асқан патшаданМимен асқан қара артықСақалын сатқан кәріденЕңбегін сатқан бала артық
61.Қазақ фил.ның қалыптасу ж\е даму ерекшелік Қазақ философиясының негізгі мәселелерінің бірі–философияның пайда болу мәселесі. Негізінен бұл мәселе әлемдік философияда талай пікірталас тудырып жүр.Біріншіден, философияның дәл шыққан мерзімін белгілеу өте қиын.Екіншіден,философия деген ұғымның өзіне осы күнге дейінгі дәл де толық анықтама берілген жоқ.Үшіншіден,қазақ философиясы мәселелерінің жазбаша түрде берілген классикалық тұжырымдар мәтіндері жоқтың қасы.Қазақ тарихында философиялық құбылыстарды 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады:1.Алғы философия–объективтілік пен субъективтілікті өте нашар ажырататын сана. 2.Философиялық кезең– объективтілікпен субъективтілікті жоғары деңгейде ажырататын сана.3. Теориялық әдістемелік қасиеттермен байытылып,классикалық жүйеге ие болған және әлемдік рухани байлықпен ұштастырылған кезең. Қазақ философиясының басты ерекшелігі: парасаттан бөлінбей дамыған. Парасат философиясы 3 сипат арқылы өз мәнін ашады: 1.Сұңғылалық(интеллектуальный) 2.Кеңпейілділігі 3.Сабырлылығы (толерантность). Парасат философиясын келесідей қарастыруға болады:1.Поэзия(салт-дәстүр,әдет-ғұрып) 2.аңыз-ертегі,мақал -мәтел 3Күй.
62"Индустриалды","информациялық","ашық қоғам" Индустриалдық қоғам ең алдымен корпорациялар мен фирмалар жетекшілігіндегі өнеркәсіпке негізделеді.И.қ-ның негізгі белгілеріне өнеркәсіптің қарышты дамуы, өнеркәсіптің мүлдем жаңа салаларының пайда болуы,ғылым мен техника жетістіктерін кеңінен енгізуі,капитал салымы деңгейі ұлттық кірістің 20%-ына тең дейін жоғарылауы,қала тұрғындарының 60-90%-ға дейін өсуі,квалификациялық еңбек үлесінің артуы жатады.Ақпаратық қоғамда ұлттық байлықтың өсуі ең алдымен білім мен технология прогресіне тәуелді болады.
63. Табиғат және қоғам.Т. және Қ-ның арасындағы қарым-қатынастың мән-мағынасы, сипаты қандай, адамдар өзін қоршаған табиғи ортамен қалай байланыс жасайды, олардың бұл ортадағы орны қандай, қоғамның өмір сүруінің және дамуының басты шарты қайсы деген сияқты сұрақтардың философиялық ой толғамдар жүйесінде ерекше дүние танымдық маңызы бар.Қ, Т —дамудың жалғасы, ол екеуі тығыз бірлікте болады. Т пен Қ-ды байланыстырып та, жалғастырып та тұратын материалдық өдіріс процесі, еңбек процесі деп кәміл сеніммен айтуға болады.Қ-дық өмірдің, адамзат тіршілігінің ең әуелгі әрі басты шарты–еңбек.Еңбектің арқасында ғана адамдар жануарлар дүниесінен ажырап шыққанын, адамдық бейнеге ауысып, табиғаттың керемет құдіреті —ақыл-ойға,санаға,тілге ие болғанын жақсы білеміз.Ф.Энгельс:"адамды адам еткен еңбек" деп тұжырымдаған.Ал еңбек дегеніміздің өзі–адамның табиғатқа деген белсенді қарым-қатынасы.Т.пен Қ. арасындағы қарым қатынасты нақты әрі терең түсіну үшін географиялық орта деп аталатын түсінік қолданылады. Бұл ұғымды ғылымға XIX ғ ортасында француз географы әрі социологы Элизе Реклю кіргізген болатын,одан әрі бұл ұғым Г.В. Плеханов еңбектері арқылы ғылыми әдебиеттен орын тепті.Географиялық орта–қоғамдық өмірмен тікелей байланысқа түсіп, қарым қатынас жасайтын табиғат дүниесінің бір бөлігі.Т. пен Қ. өзара тұтастығы, өзара қарым қатынасы туралы айтқанда,тек Г.О туралы түсінікпен ғана шектелу қате болар еді.Адамның,бүкіл қоғамның өмір сүретін табиғи ортасы,әрине көп.Ол биосфера деп аталады.Биосфера–жер шарының тіршілік тараған аймағы.Басқаша айтқанда,биосфера–адамдардың тыныс тіршілігін, өмір сүруін қамтамасыз ететін орта.
64. Жыраулар фило/ң ерекшелігі. Қазақ ақын- жырауларының дүниетанымы, философия/қ даналық ойлары төл философиямыздың қалыптасуына рухани негіз бола алады. Олардың шығармаларына дәстурлі фило/қ тарихи сабақтастық принциптері анық байқалады. Әсіресе, қазақ поэзиясындағы филос/қ бағыттың негізін салушылардың бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлының (1465-1560) шығармашылығы, фило/қ ой кешу, жыр толғау әдістері ерекше. Ел аузынан жазылып алынған тарихи әнгімелерге қарағанда, Шалкиіз Батыс Қазақстанда, Ноғайлының ұлы биі Мұсаның қызынан туыпты. Тіленші- қазақ арасындағы көп шонжарлардың бірі болса керек. Шалкиіз шығармаларының өзіндік ерекшелігі- ондағы ф/қ толғаныстардың молдығы. Көркем шығарма қашан да сол заманның, сол кездің ой- өрісімен салыстырыла бағаланбақ. Шалкиіздің ф/қ ойлары ұзақ толғанып, өз заманын нәзік түсіне білуінің жемісі.Бұл ерекшеліктер жыраудың шалқар даналықтың, терең ақылдың иесі болғандығын көрсетеді. «Тауарих хамсаның» айтуынша Ақтамберді ойраттармен күрес дәуірінде қазақ қолының басында жүрген аруақты ерлердің бірі. Ақтамберді шығармалары дерлік нақыл сөздерге, афоризімдік толғауларға ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді шығармалары делік нақыл сөздерге, афаризмдік толғауларға толы келеді. Қазақ халқының болмысы, тіршілік тынысы, ерекшеліктері сол кездегі тарихи оқиғалар оның толғауларынан ерекше айқын көрінеді. Ақтамберді бүкіл ел мүддесін, ру ата намысы емес, исі қазақтың намысын қуады, елді ерлікке, бірлікке шақырады. Дұшпаннан көрген, қорлығым. Сары су болды жүрекке, Он жетіде құрсанып, Қылыш ілдім білекке, Жауға қарай аттандым, Жеткіз деп, құдай тілекке!
65.Болмыс және материя ұғымдары Болмыс категориясы шындықты бейнелейтін негізгі философиялық ұғымдарға жатады.Болмыс ұғымының мағынасы 3даму кезеңінен өтті:1.Мифологиялық тұрғыдан қаралды;2.Натуралистік онтология;3.Болмысты адамның іс әрекетімен таным арқылы байланыстырады.Ең бірінші кезеңде,болмыс құпия ,күштерге толы шындық деп танылып,образдық бейнелеу арқылы түсіндірілді.Натуралистік онтология болмысты заттар мен құбылыстар әлеміне теңестірді.Ең алғашқы болмысты енгізген көне грек ойшылы Парменид:"Болмыс–бар болу,өмір сүру,одан басқа ештеңе жоқ,ал жоқ болу–болмыссыздық."Ол әлемнің болмыс есебінде тұтастығына, тұрақтылығына,мәңгілігіне,ең бастысы бар болуына,өмір сүретіндігіне көңіл бөледі.Гераклит:"Болмыс–үзіліссіз қалыптасу.Үзіліссіз қалыптасу–космос шеңбңерінде төрт стихияның бір бірімен өзара араласуы".Платон:"Болмыс–мәңгілік өмір сүретін,өзгермейтін сана тектес рухани идеялар дүниесі.Ол 3 онтологиялық субстанциядан тұрады:1.Тұтастық,ешқандай белгісі жоқ және бөлінбейді,басы да,аяғы жоқ,қозғалмайды және кеңістіктен тысқары.2.ақыл.3.жан".Ортағасырлық философия бір ақ бомысты мойындайды:"Шынайы болмыс–жаратушы.Ол жоқты бар етіп жасады".Жаңа заман философиясы болмыс мәселесін 2 тұрғыдан түсіндірді:1Субстанционалдық тұрғыдан.2.Кант бастаған субьективтік тұрғыдан.Кант болмысты 2 бөлді:апериорлы,апостериорлы.Болмыстың формалары: әлемдік, табиғи, қоғамдық, адам, заттар, т.б.Материя ұғымы–дүниені адамның санасынан тыс,әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын материалистік дүниетанымның түп қазығы, мән мағынасы болып табылатын негізгі ұғым.Бұл ұғым материалистік ағыммен бірге пайда болып,бірге жасасып,тарихи түрде қалыптасқан.Объективті идеалистердің (Платон,Гегель) тұжырымы бойнша,материалдық дүние дегеніміз–бүкіл әлемді ұстап тұрған құдайға тән сипаты бар ақыл ойдың,абсолюттік идеяның нақты көрініс табуы,іс жүзіне асуы.Аристотель:"материя–барлық заттар құралып,жасалып шығатын материал,ол түр арқылы ғана мәнге ие болады" деген.
66. А.Эйнштейн теориясының философиялық маңызы. А.Эйнштейн 1905 ж. өзінің кеңістік пен уақыт жөніндегі арнаулы салыстырмалы теориясын жасап шығарады. Бұл теорияның негізінде ғарыштағы ең асқан жылдамдық – сәуле жылдамдығы 300 мың км.сек. деген қағида жатыр. Онымен салыстырғанда, басқа жылдамдықтарды 0-ге теңеуге болады. Мысалы, жердегі дыбыс жылдамдығы 340 м.сек. – сәулемен салыстырғанда тұрақты деуімізге болады. Егерде қайсыбір ғарыштағы үрдістің жылдамдығы сәулеге жақындаса, онда оның көлемі қысқарып, уақыт баяулап, салмағы күрт өседі. Дүниедегі жылдамдық шектелгеннен кейін, ғарышта бір уақытта болып жатқан үрдістер жоқ. Ғарыштағы әрбір жүйенің өз уақыт есебі бар. А.Эйнштейн 1916 ж. өзінің жалпы салыстырмалы теориясын жасайды. Оның түйіні ғарыштағы орасан зор объектілердің гравитациялық тартым арқылы айнала қоршаған кеңістікті қисайтуы болып табылады. Сонымен кеңістік пен уақыттың қасиеттері ғарыштағы объектілердің массасының (салмағының) бөлінуіне байланысты өзгеріп отырады екен. Олай болса, кеңістік пен уақыт жөніндегі мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген субстанциялық көзқарастың қазіргі ғылыми зерттеулерге қайшы келгенін байқаймыз. А.Эйнштейннің өзі айтқанындай: «Мәселенің түйіні мынада: егер де таңғажайып болып Дүниеден барлық материалдық заттар жоғалып кетсе, кеңістік пен уақыт қала берер еді деп бұрын есептеген болатын. Ал салыстырмалы теорияға сәйкес, заттармен бірге кеңістік пен уақыт та құрдымға кетер еді. Яғни кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материядан тыс өзіндік болмысы жоқ, олар тек оның формалары ғана».Қорыта келе, кеңістік пен уақытты Дүние болмысының ең жалпы қажетті формалары ретінде қарап, сонымен қатар оны философия, физика т.б. ғылымдардың іргетасты категорияларына жатқызуымыз керек. Дүниеде еш жерде кеңістік пен уақыттан тыс: өмір сүріп жатқан бірде-бір зат, құбылыс жоқ.
67. Орыс философиясының тарихы. Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. баста-лып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекетте-рінің Құдай нүрының шапағатына қатысты екенін негіздей бас-тайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-түрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.
Славянофилдер мен батысшылар ағымы. «Алтын Орда» мемлекетінен өз дербестігін алып, Мэскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «үлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын право-славиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде Дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негіздел-ген «Мәскеу - үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Мү_ндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс Халқының ерекше өзіндік болмысы мен мэдениеті, философиялық °й-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.
Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғол-татар боданды-РьШда екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып ^Й, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тэлім-тэрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бүл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті. Ақырында, болыиевиктер бүл шиеленісті «батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бү_л екі ағым арасындағы астыртын күрес эрі қарай жүре берді.Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз жэне қалай қарай дамуымыз керек?» деген сүрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы элеуметтік қүрылымда аз өте бай топпең қатар, негізгі халықтың қайыршылануына экеліп, XXI ғ. басында саяси элитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бүлардың көзқарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тэжірибесін (эсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн сияқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша экскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.Енді эңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық жэне рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тэртіпті. Еуропа кұндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азамат-тық еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлыққа негізделген күшке табыну, соның нэтижесінде барлық адамдардың қүлға айналуы, түлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нэрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католик-тік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтары-ның тарихи тэжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде қүруы керек.
П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор эсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына экелді-Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.В.Е.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропанын, бір ғасыры Азияға мэңгіліктей. Барлық үлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарьіп, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбеттілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, эдет-ғүрыптың нэзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып иге-руі, материяның жеңіліп, рухтың көкке қарай өрлеуі, адамның кісі-лігін сыйлап, оның қүқтарын бүлжытпай сақтауы... - бэрі де Еуропа өмірінің дамуының нэтижелері» - деп қорытады В.Е.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқа-расқа түзету енгізер ме еді, кім біледі?«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан қүтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адам-заттық құндылыктары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойын-ша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі - Қүдайға» деген қағиданы үстады. Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мэдениеттің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадағы ағартушы-лық өзінің ішкі мүмкшшілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды.Қоғамды реформалаудағы негізгі мэселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтың негізінде даму керек пе? - деген сүраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тэн нэрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің астына эрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.
68.Қозғалыс формалары, «даму» ұғымы Санның сапаға, соңғының санға өтуі қозғалыс арқылы жүреді, ал оның өзі кеңістік пен уақытты талап етеді. Олай болса, қозғалыс – бүкіл болмыстағы дүниенің өмір сүру тәсілі болып шығады да, кеңістік пен уақыт – қозғалыстағы дүниенің формасы ретінде қаралуы тиіс. Жалпы түрде қозғалысқа қысқаша анықтама беруге болады, ол – Дүниедегі қайсыбір өзгеріс, байланыс, іс – әрекет.Орта ғасырдағы ойшылдар қозғалыстың қайнар көзін Құдайдың іс әрекетінен іздейді (Өзі қозғалмайтын, бірақ басқаның барлығын қозғалысқа түсірген - Құдай).Қозғалысты материяның ішкі қайшылығынан шығатын өмір сүру тәсілі ретінде түсініп, Ф.Энгельс өзінің «Табиғат диалектикасы» деген көлемді еңбегінде оның бес түрін ашады.Олар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік қозғалыс формалары.Бүгінгі ядролық физикада ерекше қозғалыс формасына элементарлық бөлшектердің бір біріне өтуін, электромагниттік, гравитациялық, нейтрондық өрістер, атом өзегінің ішіндегі күшті және әлсіз тартыстарды т.с.с. жатқызады.Заттар мен құбылыстар құрылымының өзгеруі, қысым, жылу, дыбыс пен жарықтың тарауын т.с.с. физикалық қозғалыс формасына жатқызуға болады.Жер бетінде тарихи пайда болған тіршілік әлемі – ерекше ғажап биологиялық қозғалыс формасына жатады.Ғалымдар жер бетіндегі тіршілік пайда болғаннан бері өзгерістерді ерекше геодлогиялық қозғалыс формасына жатқызу керек деген пікір айтады.Бүгінгі таңдағы белгілі ең соңғы қозғалыс формасы – ол әлеуметтік. Оның еркешелігі – адамдардың саналы өмірінде, олар өз алдына неше түрлі мақсат қойып, бір бірімен бірігіп, айнала қоршаған ортаны өз ойына сай етіп өзгертуінде.
69. Ф.Энгельс адам жаратылысы туралы Ф.Энгельстің айтуынша, біз табиғатқа басқыншылардың жеңіліске ұшыраған халыққа жасайтын үстемдігіндей немесе табиғаттың сыртында тұрған әлдебір күш тәрізденіп өктемдік жасай алмаймыз, біз, керісінше, жан тәнімізбен, қанымызбен және миымызбен табиғатқа жатамыз, соның ішіндеміз. Бірақ туған күннен бастап адам бұрыннан қалыптасып қалған күрделі қоғамдық байланыстар жүйесінен орын алады, соның ішінде өсіп жетіледі, білім – тәрбие алады, сол жүйеде оның әлеуметтік орны, жағдайы анықталады. Оның адамдық қасиеттері: ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат тілегі, мінез құлқы, моральдік бейнесі іштен өзімен өмір сүру барысында қалыптасады. Және де бұлардың бәрі оның денесінің, организмнің, миы мен жүрегінің, бес түрлі сезім мүшелері мен қол аяғының, т.б. мүшелерінің қызметінен тысқары бір бос қуыста емес, сол қызметтің қатысуымен «дененің өз юойында» туып дамиды.
70. Шығыс философиясына тән ерекшеліктері Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Шығыс мемлекеттерінде – Қытай мен Үндістанда, Вавилон мен Египетте пайда болды. Ертедегі Қытайдағы біздің эрамызға дейінгі VIII-VI ғғ. Қалыптасқан құл иеленушілік қоғамның дамуы нәтижесінде дүниетанымда прогресшіл және консервативтік, атеистік және мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттар арасындағы күрестің барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалар (инь және ян), табиғи жолы (дао) туралы т.б. қарапайым матералистік идеялар кеңінен тарай бастады. Ертедегі Қытайдың философиялық ойлаудың бастапқы негізі Дао термині түсіндіру төңірегінде болды. Бұл терминнің басқа да мәндері болып, атап айтқанда кез келген болмыстың заңнын, ұйымдастыру сипатын да білдірді. Ол арқылы заттардың табиғи жолмен бірге, аспандағы «табиғаттан тыс» күштің әмірін, ғарыштың үйлесімді құрылымын білдірді. Дао жайындағы ілім алғашында бес элементпен тығыз байланысты қарастырылғанмен, бірақ кейіннен ол жайындағы түсініктер догматтық сипатқа ие болды. Дао жалпы заң ғана емес, сондай-ақ дүниенің пайда болу көзі, негізі. Осыдан кейін «дао – аспан мен жердің түп тамыры», «барлық заттардың анасы» деген анықтамалар туды. Даодан дүниеде бар барлық нәрселер пайда болу үшін екі бастаманың: қараңғы мен жарықтың, ұрғашы мен еркектің, жұбайлардың (инь мен ян) әрекеттесуі керек. Бұл қарама-қарсылықтарға бөлінуінің, олардың бірігуі мен терістеуінің шиелініскен түрін құрады. Ертедегі Қытай ойшылдарының пайымдауларында адамның табиғаты туралы мәселе – адам табиғаты жағынан қандай – қайырымды ма әлде мейірімсіз бе? – деген мәселе аса маңызды орын алды. Олар қоғамдық тәрбие мен жеке тәрбие мәселелеріне де үлкен көңіл бөлді.Қытай ойшылдарының алдында философияның негізгі мәселелері мен даму мәселелері кең көлемде және айқын формада қойылмады. Дегенмен, Конфуцийді, Лао- Цзыны идеалистер қатарына, ал Сюнь- Цзы, Хан Фэй, Ван-Чундыт.б. материализмге бейімдер қатарына жатқызуға болады. Лао-Цзы мен Хан Фейдің көзқарастарынан диалектиканың кейбір элементтері байқалады. Ертедегі Үнді философиясына тән негізгі сипат- адамгершілікке, риханикалыққа баса назар аудару. Қазіргі кезде «иоганы» жаттықтыру, денені машықтандыру мағынасында түсіндіру орын алуда. Ертедегі үнді философиясы үшін адамның «өз басқа барлық нәрседен және басқа барлық нәрселерді өзінен» көре білудің зор маңызы болды. Сондай-ақ адамды рухани жағынан жетілдіру мәселесін барлық философиялық пайымдаудың өзегі етіп қою арқылы ертедегі үнді философиясы адам танымға және бай тұрмысқа талпынуымен қатар, терең рухани өмірге, рухани дүниеге де талпынуы тиіс деген талап қойды. Ертедегі үнді философиясына тән екінші бір ерекшелік – онда салт-сана (дәстүрлік) мәдинеттің үстемдігіне байланысты. Бұл мәдинет ұстаздың бет-бейнесін (көзқарасын ғана емес) толық қайта жасауды, яғни оның қимыл-әрекетіне, сөйлесуіне, ойлауына еліктеу арқылы оған толық ұқсауды талап етеді.
71 Диалектика заңдылықтар мәні.Диалектика даму процесі туралы жан жақты әрі терең мазмұнды ғылым ретінде негізгі заңдармен бірге категориялар жүйесін де қамтиды. Категориялар заттардың,құбылыстар мен процестердің жалпы әрі маңызды жақтарын, байланыстары мен қатынастарын көрсететін ғылымның негізгі түсініктері болып табылады. Барлық ғылымдар өзіндік категориялар жүйесі арқылы өздері зерттейтін обьектілердің мәндік сипатын, ішкі заңдылықтарын ашып көрсетеді. Басқа ғылымдар секілді философияның да өзіндік ғылыми түсініктері, категориялары бар. Алайда философиялық категориялар қамту ауқымының кездігімен, ең жалпылама байланыстар мен қасиеттерді бейнелеуі арқылы дараланады. Олардың ішінде, әсіресе, диалектиканың өзара қатынастағы жұпталған категорияларының маңызы ерекше. Мұндай категориялар жүйесін диалектиканың негізгі емес заңдары деп те атайды. Себебі , олардың даму процесін қарастыра отырып, диалектиканың негізгі заңдарын толықтыра түседі. Енді категориялар қалай қалыптасады деген сұраққа тоқтала кетейік. Олардың қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетіліуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбіріне еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы еңбектің қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс әрекет барысында түрлі заттар мен құбылыстарды көзбен көріп, қолмен ұстап дегендей, қыр сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны адамдардың санасынан, ақылына тәуелді емес. Категориялар объекті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.
72.Марксизм фил адамның мәні туралы Ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең қазіргі марксизм деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгелс капителизмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп, сл кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В.И. Ленин капитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Осыған сәйкес Лениннің алдында жаңа проблемалар тұрды. Империализм кезінде капитализм қайшылықтары тереңдей түсті. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Оған дейін Реседе түрлі қайшылықтар шиеленісіп жатқан болса, оның үстіне капиталистік қайшылықтар қосылды. Ресей экономикасы алдынғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасауы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық демократиялық револбцияның жетекші күші пролетарият болтыны айқын байқалды. Сондай ақ, ғасырдың аяғы ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Оның мәні физика ғылымдары атом сырына, оның қасиетті ішкі дүниесіне үңілді. Осыған сәйкес материя оның жөніндегі бұрынғы ұғым өзгеріске ұшырады. Ол туралы бұрынғы ұғымның таяздығы, кемістігі байқалды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан мың есе кіші және қасиетті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы массасы ұдайы өзгеріп отыратынын көрсетті. Бұл материяның бұрын соңғы белгісіз болып келген жаңа қасиеттері еді.
73.Көне үнді фил.ның даму ерекшеліктері Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын ежелгі үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға немесе кастаға бөлінді. Олар брахмандар абыздар, әскербасылар, ауқатты шаруалар және құлдар. Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ боладыда, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алады және өздеріне ғана тән дәстүрлі мамандықтары болады. Мысалы брахмандардың үлесіне ой еңбегі, кшадриларға әскери қызмет, вайшилерге ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, саудагерлік тисе, шудраларға қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялық көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші ведаларда жиынтықталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: Самхит құдайларға арналған гимндер жинағы; Брахман Самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар, т.б; Араньянкта Орман кітабы Брахманға тән ритуалдардың орнына құдайлардың іштей сыйлау құрметтеу, олар туралы ойланып толғану туралы көзқарас; Ведалардың ең соңғы сатысы упанишадта дәстүрлі варналарды бір басты тезисі брахман туралы, ғарыштың негізінле мәңгі мәңгілік брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса брахман бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі қозғалмайды, нақты өмір сүреді бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көп түрлі болса, екіншісі жалқы. Кейбір жағдайларда брахманмен қатар синоним ретінде атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман тіршіліктің негізі; ал екеуі қосылып, барлық денелердің, ішкі бастамасы, негізі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол саналы тіршілік иесі,әлемді жаратушы деп есептеледі.
74.ҚР. дамуындағы стратегиялық бағыттар Бұл тақырыпқа біздің елбасшымыздың жолдауын қарастыруға болады. Осыдан он жыл бұрын жылы Қазақстан халқына жасалған алғашқы Жолдауында Еліміздің жылға дейінгі Дамуының стратегиясы біздің қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің болашақтағы бітімі баян етіледі. Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Мен өзіміздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғарғы бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты жеті жарғы мыналар дейді елбасшы:1, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, басекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл жекеменшік институты мен келісім шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.2, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз3 біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз4, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз5, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз.Біз исламның,басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып,осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз6, біз қазақ халқының саңғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.7, біз өз елімізді халқаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.
75.Фил-ның негізгі функциялары.Фил-ның негізгі 4 функ-сы бар. 1.Экспликация-белгілі бір мәдениет н/е адамдардың тарихи-қоғамдық өмірі тұтастай негізге алатын тәжірибе формасы.Көзқарас(ұғымдар арқылы дүниенің қателігін түсіндіреді) ең басты идеяларды анықтайды;оларды мәдениет универсалийлері д.а. 2.Рационалдық фун/сы-теориялық формасы,фил.ойды,пікірді ұғымдық ж/е логикалық формаға келтіру.Келесі функ.-жүйелеу,фил.әр түрлі формадағы адамзат тәжірибесінің нәтижелерін теориялық тұрғыдан тұжырымдайды.4.Сынау-мәдениет дамуындағы қайшылықтар мен адамзат іс-әрекетіндегі пендешіліктерді сынға алу,өмірдің мәнін анықтау,пайымдау барысында қалыптасқан өзімшілдік пиғылдарды әшкерелеу,адам мен табиғат,адам мен адам арасындағы қатынастардағы ақылға сыймайтын ой мен істің табиғатын мазмұнын ашып көрсетеді.
76Неотомизм философиясы Неотомизм – католик шіркеуінің діни философиясы. Ол негізінен католиктер шоғырланған Италияда, Францияда, Испанияда, Бельгияда, Германияда және кейбір Латын Америкасының елдерінде кеңінен тараған. Негізін салғандар: ХIII ғ. өмір сүрген әулие Августин және Фома Аквинский. Өкілдері: Жан Маритен, Г Марсель, В Соловьев, Н Бердяев т.б. Бұл діни философияның мақсаты – адам жүрегіне жол салу. Неотомистер ғылымды жоққа шығармайды; бірақ оны дінге қарсы қоймайды. Тек ғылымдардың адамзатқа тигізіп отырған кейбір жағымсыз ықпалын сынайды. «Өйткені адамдар жаратушыны ұмытқан. Барлық қатер содан» дейді олар. Неотомизм философиясы екі жұп категорияларға негізделген: потенция (мүмкіндік) және акт (нақты іс), эссенция (мән) және экзистенция (өмір сүру). Неотомизмнің басты мәселесі үшеу – құдай, адам, адамгершілік. Жаратушы жайындағы проблемаға келсек ол былай дейді: а) қозғалысты алсақ, алғашқы күш, бірінші болып қозғалыс берген күш. ойға келеді; ә) қажеттілік пен кездейсоқтықты билейтін - құдай; б) барлық салдардың да сәйкестіктің де себебі - құдай; в) дүниеде бәрі де жарасымды жаралған, оның да себебі – құдай, жамандық пен жақсылықты жасайтын – адамдар. Бірақ құдай жамандық жасағанды жазалайды дейді. Ал, енді солай-ақ болсын делік, сонда барлық табиғи сәйкессіздікті, үйлесімдікті, ассимметрияны жасайтын кім? Өйткені ол табиғатта бар. Бұл сұрауларға неотомизм тоқталмайды. Дегенмен, қоғамдағы түрлі қайшылықтарды шешу басшыларға байланысты. Олар бағынушылардың жағдайын ойлауы керек деген де пікір айтады неотомистер.
77 Диалектикалық категориялар жүйесі Диалектика - даму процесі туралы жан-жанжақты терең мазмұнды ғылым ретінде, барлық заттар мен құбылыстардың өзара байланысты екендігі және олардың үнемі жаңғырып отыратындығы туралы ойлаудың зерттеу тәсілі. Бұл термин гректің «диалогемай» - пікір таластыру - деген сөзінен шыққан. Диалектикалық категориялар жүйесінің қалыптасуы адамның өзінің пайда болуымен, өсіп-өркендеуімен, оның санасының, ойлау жүйесінің жетілуімен тікелей байланысты. Бұл процестің түбінде еңбек белгілі. Басқаша айтқанда, категориялардың пайда болып, қалыптасуы – еңбектің, қоғамдық практиканың нәтижесі. Адамдар практикалық іс-әрекетер барысында түрлі заттар мен құбылыстарды «көзбен көріп, қолмен ұстап» дегендей, қыр-сырына үңіледі, қасиеттерін, байланыстарын, ерекшеліктерін аңғарып, көкейге ұялатады, сөйтіп барып түсініктер, категориялар есебінде түйіндейді. Сондықтан да категорияларды дүниені танып білу барысындағы баспалдақтар десек, әбден орынды болады. Алайда категориялардың мазмұны санасы мен ақылына тәуелді емес. Категориялар объективьті түрде өмір сүретін құбылыстардың өзіне тән байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.
78 Шәкәрім философиясдағы «ұждан» ұғымы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) шығармаларының негігі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтыды. Батыстағы матерализм жіне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы – үшінші анықпен ұсынады. Яғни, басты мәселе – ар ілімі, моралдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің «Ар ілімі» деп атуында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі – ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейін: «Әрине, жаның өлген соң тазрып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек... Жанның екі өмірде де азығы – ождан, совесть деумен еш нәрседен кемдік көрмейді» Шәкәрімнің ожданы ежелгі гректегі «каллокагатия», Канттың «кесімді императив» ұғымдарымен аттас. Ождан дегеніміз ынсап, әдәлет, мейірім. Шәкәрім өз халқының жанқияр ұлы ретінде туған мәдениетіне өлшеусіз қызмет етті.
79 Абайдың дінге көзқарасы Абай Құнанбайұлы (1845-1904) – қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы. Ол «ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде, қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігіне жүгіндіруде» деп білді. Дүниетанымдық мәселеде Абай, Алтынсарин секілді деизмге жақын. Құдай - өз заңдары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді. Абай дін басылары мен діни надандықты, фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, «нағыз» дін немесе райионалдандырылған дін позициясынан сынады. Дін басыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды. Өз сөзімен айтқанда 13 қара сөзінде «алла табарака уатағаланың щәріксіз, ғайыпсыз, бірлігіне, барлығына,... хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел испат қыларға керек»
Сонымен бірге көптеген өлеңдерінде, отыз сегізінші сөзінде жанөжануарларды, адамды, тіпті машина фабрикаларды алла жаратты деген тұжырым жасайды. «Мен» және «менікі» деген философиялық мәселені қарастырып, өзіндік тұжырымға келеді, яғни дене өлгенімен жан өлмейді.
