Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
gtu_tolyk-1.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
12 Мб
Скачать
☆

4)Жану камерасы,түрлері және жұмысы

ГТҚ жану камерасының атқаратын қызметі –жанған өнімді алу мақсатында осьті компрессордан немесе регенератордан келетін ауа ағындарын толық жағу.

Жану камерасы көптеген талаптарды қанағаттандыруы тиіс – отынның толық жануын қамтамассыз ету, сенімділік және іске бір қалыпты қосу, қысымның кең диапазонында өзгеруі, отынның тұрақты жануын, ауа ағынының жылдамдығын және отын/ауа қатынасын жану процесі кезінде қысымның соғуын болдырмау, жану камерасы жолында қысымның жоғалуын азайту, камера қиындысында температура, өрісін бір қалыпты ұстау, конструкциясы арзан және моторесурсы көп.

Үлкен және орташа қуаттылықтағы стационарлы жетекті ГТҚ – ларда негізінен екі түрлі жану камерасы қолданылады – шығыңқы (выносный) және дұрыс тізілген (встроенный).

Шығынқы жану камерасы көбінесе ауаның жылуын қайта қалпын келтіретін циклды ГТҚ – ларда қолданылады.

Тізілгенжану камерасы сақина тәрізді компрессор мен турбина арасында секциялы түрде жайғасқан, бұның өзі қондырғының салмағын және өлшемін (размер) азайтады, конструкцияның біріктірілуі артады және қондырғыны К.С – ға орналастыруды жеңілдетеді.

Тізілген жану камерасында ауа ағынының қозғалыс бағыты әртүрлі болуы мүмкін: компрессордағы ауа ағынының бағытын сай тура және қарама-қарсы немесе бұрыштық. Бірақ ауа қозғалыс ағынының сұлбасының айырмашылығы камерадағы қысымның жоғалуы және отынды жағудың жұмыстық процесі өзгермейді.

Жану камерасының принципиалды сұлбасы 27- суретте көрсетілген. Жану камерасының негізгі элементтеріне мыналар жатады: 1 – корпус, 2 – ыстыққа төзімді құбыр, 3-оттық құрылғы және араластырғыш, 4-жану камерасының ПӘК – деп, ауаға берілген жанған отын жылуының жалпы жылу мөлшеріне қатынасын айтады, қазіргі заманғы жану камераларының ПӘК – ті 0,97 - 0,98.

27-сурет. Жану камерасы

Ауа компрессордан немесе регенератордан кейін жану камерасына келеді де екі бағытқа бөлінеді. Ауаның аз бөлігі Gв (бірінші ағын) радиалды қондырылған құйындатқыш қалақша арқылы ыстыққа төзімді құбыр газ оттығынан келетін отынды құйындатып жануын мүмкіндік жасайды.

Құйындатқыштын мақсаты - камераға жаңадан келіп жатқан газ-ауа қоспаның жануын мүмкіншілік жасайды. Жанып тұрған факелдың температурасы 1500 ... 1600ºC жетеді. Бұдан жоғары жану температурасында улы азот тотығады, ол қоршаған орта үшін өте зиянды.

Ауаның ең көп бөлігі Gв (екінші ағын) корпус пен ыстыққа төзімді құбырдың арасынан тесік және жарықтар арқылы өтіп, оның ішкі бөлігін салқындатады. Ауа ағынының қалған бөлігі араластырғыш (4) арқылы ыстыққа төзімді құбырға (2) келеді және жанған өнімнің Tz температурасы шамасында төмендетеді. Корпус және ыстыққа төзімді құбыр қабырғасы арасында ауаның екінші рет өтуі тура сұлбада іске асуы мүмкін, бұл жағдайда ауа қозғалысының бағыты жанған өнімнің қозғалыс бағытымен бірігеді және қарама – қарсы сұлбада ол жану камерасының конструкциялық сұлбасына тәуелді.

28 – суретте осьтік компрессордан кейін радиалды ағынды сақина тәрізді жану камерасы көрсетілген.

28-сурет. Сақиналы жану камерасы

Ауа компрессордан кейін барлық жану камерасына бір қалыпты тарайды және гидравликалық қысым пайда ету үшін нақты араластырушы диафрагмалар қондырылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]