Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Іс жргізу сессия сратары.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
54 Кб
Скачать
☆

VI ғасырда Қазақстан аумағында іс жүргізудің бастаулары

VI ғасырда Қазақстан аумағында Түрік қағанаты құрылды.Сол кезеңдерде Түрік қағанатында іс жүргізудің элементтерінің пайда болуын- “Орхон-Енисей”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” бітік тастарынан көре аламыз. Түркі бітік тастарындағы жазулар үлкен тастарға қашалып жазылған.

Орхон ескерткіштері (VII-VIII ғғ.)Біздің ендігі әңгімеміз ежелгі түрік мәдениет ескерткіштерінің ең бір кереметі, бүкіл әлемге әйгілі болған ақын тас, жыршы тас-Орхон ескерткіштері(VIII ғ.) жайында, Білге Қағанға, Күлтегінге, Тоныкөкке арналған құлыптастағы жазулар жайында болмақ.Бұл ескерткіштер Селенге, Орхон өзендерінің бойынан табылған. Көздің жасымен, жүректің қанымен құлыптастарға қашалып тұрып жасалып, қаймағы бұзылмай бізге жеткен осы бір ғажайып руналық жазулардан кейде жоқтау, кейде мадақтау ыңғайында айтылған шешендік сөздердің, өлеңдік ұйқастардың, мақалды тіркестердің не бір көне үлшгілерін көреміз.Онда VIII ғасырдың іргелі мемлекеті-Түрік қағанатының құрамындағы толып жатқан рулардың өзара есепсіз жауласуы, сабылған жорықтары мен соғыстары суреттелді

XVIII ғасырдың басы еді.Орыс армиясының қолына түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жағалай жоғары өрлеп келе жатты.Бір кезде сонау көз ұшынан булдырап сағымға малтыққан кереметті көзі шалғандай болды. “...Зәулім тастар, белісіз таңбалар, тас болып қатып қалған адамдар... Әйтеуір, ұзына юойы созылған, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шек жоқ.Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ әлде адамның сиқырлы қолынан туған құдірет пе?!” Содан бері үш жүз жылдай уақыт өтті, бірақ ол меңіреу тастар “Орхон ескерткіштері” аталып, дүние жүзі ғалымдарынәлі күнге дейін тамсандырып келеді

Орхон ескерткіштеріндегі құпия жазуларды алғаш рет орыс ғалымы Н.Ядринцев оқыған болатын.Ядринцев тасқа мынадай сипаттама береді: “Биіктігі - 3,5 метр, төменгі ені - 1,32 метр, жоғарғы жағының ені - 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген.Тастың төрт жағы бірдей жазылған.Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған” (Н.М.Ядринцев. Отчет и дневник о путешествии по Орхону в южный Хангай в 1891 г. / Сб. Трудов Орхонской экспедиции.V т. - СПб, 1991. - II т.) [1.26].

В.Томсен Орхон жазбаларын қалай ашады?

Ол үшін Томсен екі шеткі таңбасы бірдей (ұқсас), ортаңғысы одан бөлек

Түркі халықтары ру, тайпа күйінде жасаған ерте кездерде көне түркі жазу дәстүріне ие болса да, кейінгі дәуірлерде мәдени даму дәрежесі жағынан да басқа халықтардан артта, кежелеп алғандығы мәлім[2.20]. Түркі тайпаларының өз тарихын анықтауда Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріндегі материалдар көмектеседі.Ежелгі түркі тайпалары туралы мәліметтер өте аз. X ғасырдан бастап түркі тайпалары туралы мәлімет орыс жылнамаларында кездесе бастайды [2.21 ].

5. Алтын Орда тұсындағы іс жүргізудің белгілерін ашыңыз

Алтын орданың қоғамдық құрылымы. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді: ► Оң қанат - Батый хан билігі. ► Сол қанат - Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы). Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат кұрамына енді. Басқару құрылымы: Сұлтандар - ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы. Құрылтай - ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Құрылтайда хан жариялау жэне таққа отырғызу рэсімдері жасалды. Диуан - ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мэселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды. Беклербек - эскери істерді басқарушы. Уәзір - азаматтық істі басқарушы Мәлік - азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік эулетінен). Даруғалар - салық жинады, халық санағын өткізіп, эскер жинады, байланыс қатынасын ұйымдастырды. Басқақтар - басқару қызметін атқарды, эскери бақылау жүргізді, салық жинады. Білікшілер, хатшылар - іс қағаздарын жазушылар Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -эскербасылар. Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді. Феодалдық жер иелену түрлері. Інжу – Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге берілетін үлестік жер. Сойырғал - әскер немесе азаматтық қызмет атқарғаны үшін шартты түрде сыйға берілген үлестік жер. Вакф – Мұсылман дінбасыларының жері Мильк – Жер иеленудің жеке меншік түрі. Тархандық құқық – улестік жер иелерінің мемлекет пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз пайдасына салық жинауы. Тағар - әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жиналатын егін және мал салығы. Ұшыр – мал салығы Харадж – егіншілерден жиналатын салық Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы, қолөнершілер мен Саудагерлерге де салынады Аваиз – төтенше салық Әскери міндеткерлік – 10 түтіннен 1 жауынгер алынады. Алтын орданың гүлденуі мен ыдырауы. ХІІІ-ХІV ғ.-да Алтын Орда күшті мемлекет болды. Батый хан тұсында (1227-1255) Алтын орда Моңғол империясына тәуелді болды. Берке хан (1257- 1267) тұсында тәуелсіздігін жариялады. Мөңке хан (1267-1280) өз атынан теңге шығарды. 1260ж. – Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады. ХІV ғ.- ң бірінші жартысында Өзбек (1312-1342) және Жәнібек (13421357) хандар тұсында мемлекет күшейді. Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет, Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды. 1312 - Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. 50 ж.-дың ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен кейін “ұлы дүрбелең” басталды. 1357-1380 жж 25 хан ауысты 1380ж Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской әскерінен жеңілді. Тоқтамыс(1380-1395) осыны пайдаланып хан болды. 1382 ж. Мәскеуді өртеді. 1389,1391,1395ж. Әмір Темір шабуылдап Алтын Орда әлсіреді.

  • Зерттеуші А.Ибатов «ХІV ғасырдағы хан жарлықтарының тілі» аталатын еңбегінде Алтын Орда дәуірінде жазылған түркітілді жарлықтарды, әсіресе қазақ тілінің тарихы үшін құнды нұсқалар ретінде «Тоқтамыстың жарлығы», «Темір-Құтлұғтың жарлығы», «Тоқтамыстың екінші жарлығы» дегендерді атайды . Оларға толық тілдік талдау жасай отырып, қазақ іс қағаздарының тарихы ХІV ғасырдан басталатынын дәлелдейді.

  • 1243ж Алтын Орда құрылып, алып империяға айналады.Ең жоғарғы билік-хан.Хан кеңесі болды,оған мүше болып кіргендер-бітікшілер.Алып империяны басқару үшін орда хандары өздерінің жарлықтарын,жерге байланысыт ережелер,шешімдер,қаулылар шығарыа отырған.Оы империямен байланыс орнату үшін көптеген елдер елшіліктерін жіберіп байланыс орнатуға тырысқан,яғни осы кезде і.ж процесінің маңыздылығы бақалады.Мемлекет ұсақ әкімшілік аймақтарға бөліндіоын –тумандар деп атады.Олардың басында түркі-монголдік белгілі әулеттер тұрды.Осы мемлекет өзінің басып алған аумақтарын басқару үшін реформалар шығарып отырған.

  • Алтын Ордадағы хат алмасу тілін Шпулердің көрсетуі бойынаша «Египеттен келген грамоталар араб тілінде болаған,бірақ көп жағдайларда монғол тілінде болды.Ал Ресей Ордамен монгол,түрік,орыс тілдерінде арласты».Мемлекет ішіндегі хат алмасу белгілі бір әдепті сақтады.Егер бір адам дәрежесі жоғары адамағы хат жазсса онда оның лауазымымен ғана шекелді.Ал лауазымы төмен болса онда оған «мырза» деп,лауазымдарын бірге жазды.Елдің хандары да осы әдепті сақтады.

  • 1321ж ақша реформасының шығуы нәтижесінде ақшаның мемлекеттегі шаруашлық жағдайы белгіленіп, осы кезде күміс ақша жүйесі айналымға енгізілді ,ол-динар деп аталынды.Ордадағы басқару жүйесінде басты орында даруғалар мен басқақтар иеленді.Даруғалар ақша салықтарын жинап,оларға бақылау жасады.Мемлекетті басқару арнаулы атқару билік органымен жүзеге асты,оны –диуандар деп атды.Олардың құрамына –хатшылар,жазатын адамадар,салықты бақылйтын шенеуніктер,елдегі қаржы жағдайын бақылайтын шенеуніктер және олардың көмекшілері.Елдегі әскери іске бақылау жасайтындар-беклер-бектер.Оның жұмысына әкімшіліктік-аумақтық қадағалу,мемлекеттік істерде жоғарғы сот билігін де атқарды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]