- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар облысының білім беру басқармасы павлодар бизнес - колледжі
- •1.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық туралы
- •Бағалы қағаздар нарығындағы инвестициялық белсенділіктің өсуінің факторлары
- •Экономикалқ бөлім
- •1) Техникалық құралдар кешеніне кеткен шығындар:
- •2) Алгоритмді өңдеуге кеткен шығындарды есептеу:
- •3) Бағдарламаны жазуға және жөндеуге кеткен шығындарды есептеу:
- •4) Бағдарламаны енгізуге кеткен шығындарды есептеу:
- •5. Жобаның өтелу мерзімі мен техника – экономикалық көрсеткіштері
1.Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 20 наурыз N 1610. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.07.18. N 2367 жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес және ұлттық валютаның енгiзiлуiне байланысты қаулы етемiн: 1. Былай болып белгiленсiн: - бағалы қағаздар, атап айтқанда: еңбек ұжымының акцияларынан, 1992 жылғы КСРО мемлекеттiк iшкi заемның облигацияларынан, КСРО мемлекеттiк қазыналық мiндеттемелерiнен, КСРО Жинақ банкiнiң сертификаттарынан, Қазақстан Республикасының Үкiметi шығаратын бағалы қағаздардан басқа түрлерiне, айналым шарттары мен номиналына қарамастан акциялар /акциялар сертификаттары/, облигациялар, вексельдер сатып алу-сату және оларды құрылтайшылары арасында орналастыру жөнiндегi операциялар салық салу объектiлерi болып табылады; - бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салық мынадай жағдайларда салынады: - эмитенттен - бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiсiн тiркегенде - эмиссияның номинал құнының 0,5 процентi мөлшерiнде: - мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлесiн жасағанда - әрбiр 10 теңгеден 1 тиын мөлшерiнде; - бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлесiн жасағанда - әрбiр 10 теңгеден 3 тиын мөлшерiнде; - бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмiлесiн жасағанда олар тiркелгеннен кейiн салық әрбiр мәміледен ақы түрiнде бағалы қағаздарды сатып алушылардан ғана алынады; - бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық клиенттiң есебiнен және оның тапсыруы бойынша бағалы қағаздармен сауда жасайтын делдалдық мекемелерге ғана салынбайды; - биржалық және биржадан тыс нарықта делдалдық мекемелер арқылы мәмілелер жасағанда бағалы қағаздар сатып алушылар бiр мезгiлде бағалы қағаздар сатып алу-сату шартын ресiмдей отырып, қор биржаларының есеп айырысу бөлiмдерiнiң, тауар және өзге де биржалардың қор бөлiмдерiнiң, делдалдық фирмалардың шоттарына салық төлейдi; - бағалы қағаздар сатып алу-сату жөнiндегi мәмiлелер тiкелей сатушылар мен алармандар арасында ресiмделгенде салықты соңғылары салықтың бюджетке дер кезiнде және толық төленуi үшiн жауапкершiлiк жүктелген сатушылардың шоттарына төлейдi; - салық төлемгерлерi тоқсанына бiр рет салық органдарына пайдаға салынатын салық бойынша тоқсандық баланстарды беру үшiн көзделген мерзiмде салық сомаларының есеп-қисабын табыс етедi. 2. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол жаңадан сайланған
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi тиiстi Заң қабылданғанға дейiн қолданылады. 3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Бағалы қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн. 4. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енгiзiлсiн
Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 сәуiрдегi "Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы" U952227_ Заң күшi бар Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 U952235_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығы негiзiнде шығарылды. 1.1. Салық төлеушiлер 1. Бағалы қағаздарға меншiк құқығының ауысуына байланысты операциялар жүргiзушi, сондай-ақ олардың эмиссиясын жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салық төлеушiлер болып табылады. 1.2. Салық салу объектiлерi 1. Акционерлiк қоғам ұйымдастырылған кезде акцияларды шығару құны мiндеттi түрде Жарғылық қордың сомасына тең болуы тиiс. 2. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салық салудың объектiлерi мыналар: 2.1. Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған бағалы қағаздардың бастапқы және қосымша эмиссиясының құны; 2.2. Қазақстан Республикасында шығарылған бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлердегi сату, сатып алу, өтемсiз беру, құрылтайшылар арасында орналастыру, айырбастау, кепiлге салынған бағалы қағаздарды кепiл ұстаушының меншiгiне беру, мұрагерлiкке алу операциялары және оларға меншiк құқығының ауысуымен байланысты бағалы қағаздар жөнiндегi басқа операциялар кезiндегi бағалы қағаздардың нарықтық құны. Қазақстан Республикасы аумағында шетелдiк эмитенттер айналысқа шығарған бағалы қағаздар осы Жарлыққа сәйкес басқа да бағалы қағаздармен бiрге тең жағдайлар негiзiнде бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салық салынады. Айналысқа отандық және шетелдiк эмитенттер материалдық, сол сияқты материалдық емес түрде шығарған акциялар, облигациялар күйiндегi бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн аталған операциялар салық салуға жатқызылады. Тiркеусiз шығарылған немесе заңсыз шығарылған бағалы қағаздар осы нұсқаулықтың 3 тармағында келтiрiлген ставка бойынша жалпы белгiленген тәртiппен салық салынуға жатқызылады. 1.3. Салық ставкалары және жеңiлдiктер 3. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi Ұлттық комиссиясы бағалы қағаздарды шығаруды /эмиссиясы/ тiркеген кезде эмиссияның көрсетiлген құнының 0,5 процентi мөлшерiнде салық төленедi. 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы шығарылған бағалы қағаздар эмиссиясының алғашқы және қосымша бағасы, қолданымдағы заңға сәйкес жүргiзiлген акционерлiк қоғамның мүлкiн қайта бағамдау бағасы акциясының эмиссиясынан басқа. <*> Мысалы: Акционерлiк қоғам құрылған кезде оның алғашқы акциясының эмиссиясы 1000 мың теңге болды. Сосын Үкiметтiң қаулысына сәйкес мүлiкке қайтадан бағамдау жүргiзiлiп оның жарғылық қоры 5000 мың теңгеге дейiн көбейдi. 4000 мың теңгеге қосымша эмиссия жасағанда акционерлiк қоғам эмиссиясының проспектiсiн қайта тiркегенi үшiн салықтан босатылады. 4. Орталық атқарушы өкiмет органдары /мемлекеттiк комитеттер, министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi өкiлдi, атқарушы органдар/ шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде олардың сатылу құнының 1000 теңгесiнен 1 теңге мөлшерiнде алдыңғы абзацта көзделген тәртiппен салық төленедi. 5. Басқа заңды және жеке тұлғалар шығарған бағалы қағаздардың қозғалысы бойынша операцияларды жүзеге асырған кезде олардың сатылу құнының әрбiр 1000 теңгесiнен 3 теңге мөлшерiнде салық төленедi. 6. Сатып алу бағасы көрсетiлген құнынан төмен болған жағдайда немесе ақысыз-пұлсыз басы бүтiн берiс, сыйға беру, мұраға қалдыру кезiнде бағалы қағаздың көрсетiлген құнынан сол мөлшерде салық төленедi. Мемлекеттiк бағалы қағаздар эмиссиясы салық салуға жатпайды. 1.4. Салық сомасын белгiлеу 7. Төлеушiлер салық сомасын эмиссия құны мен бағалы қағаздар қозғалысы жөнiндегi операциялар бойынша мәмiле сомасына және салық ставкаларына қарай дербес есептейдi. Салық сомасы эмиссияның көрсетiлген құнына сүйене отырып, бағалы қағаздардың әрбiр шығарымы бойынша бөлек есептеледi. 1.5. Салық төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi 8. Бағалы қағаздардың эмиссиясын тiркеген кезде эмитент тiркеушi органға тиесiлi салық сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат тапсыруға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен тәртiптi бұза отырып, эмитент жүзеге асырған бағалы қағаздар эмиссиясын тiркеуден бас тартылған жағдайда, төленген салық қайтарылуға жатпайды және бағалы қағаздар эмиссиясы кейiнiрек тiркелген кезде ескерiледi. Тiркелмеген бағалы қағаздар эмиссиясы жағдайларында бағалы қағаздар эмиссиясының басталуы салықты төлеу мерзiмi болып есептеледi. Бағалы қағаздардың қозғалысы жөнiндегi операцияларды сатушы немесе сатушының тапсыруы бойынша делдал жүзеге асырған кезде сатып алушы /алушы/ осы операциялардың жүзеге асырылуы сәтiнде сатушының шотына салық енгiзедi. Сатушының шотына түскен салықты ол банктiк үш күн iшiнде бюджетке енгiзедi: N 1 мысал. "А" фирмасы 100,0 мың теңге сомасында "Б" компаниясының акциясын сатып алды. Осы "А" фирмасы "Б" компаниясына бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықпен бiрге 100,3 мың теңге сомасына ақшалай қаржы аударды. "Б" компаниясының акциясын сатушының шотына келiп түскен 0,3 мың теңге /0,003х100,00/ мөлшерiндегi салық банктiк үш күн iшiнде бюджетке енгiзiлуi тиiс. Биржа нарығындағы мәмiленi жүзеге асырған кезде бағалы қағаздарды сатып алушылар /алушы/ осы мәмiлелердi бiр мезгiлде ресiмдей отырып, қор биржаларындағы есеп айырысу бөлiмдерiнiң шоттарына салық енгiзiледi. Қор биржалары салыққа тиесiлi соманы мәмiленi ресiмделгеннен кейiн банкiлiк үш күн iшiнде енгiзедi. N 2 мысал. Қор биржасында 200,0 мың теңге сомасында акциялар сатып алған "Б" фирмасы биржаның есеп айыру шотына 200,6 мың теңге бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықпен қоса ақшалай қаржы аударды. Қор биржасы 0,6 мың теңге мөлшерiнде салық сомасын банктiк үш күн iшiнде бюджетке аударуы тиiс. акциялар және облигациялар бойынша операцияларды /алушыларды/ эмитенттiң шотына салық енгiзедi. Эмитент салықтардың тиесiлi сомасын осы сома есепке алынғаннан кейiнгi келесi айдың 20-да бюджетке енгiзедi. N 3 мысал. Акционер Иванов А.А. "А" акционерлiк қоғамынан /эмитент/ 10000 теңге сомасына акция сатып алып, бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықпен қоса қоғам кассасына 10030 теңге аударды. "А" акционерлiк қоғамы /эмитент/ 30 теңге мөлшерiндегi тиесiлi салық сомасын келесi айдың 20-на дейiн бюджетке енгiзедi. Бағалы қағаздармен операциялар жасауға салынатын салық жөнiндегi декларацияны салық төлеушi салық қызметiнiң органдарына есеп берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20 күнiне дейiн Бас мемлекеттiк салық инспекциясы белгiленген нысан бойынша ұсынады.
Егер тоқсандық орташа төлемдер жылына 20 ең төменгi айлық жалақыдан
кем болса, декларация жылына 1 рет ұсынылады.
1.6. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi және салық
төлеуге бақылау жасау
9. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салықты
толық әрi уақытылы төлеу жауапкершiлiгi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
салық төлеушiге жүктеледi.
10. Салықты дұрыс есептеу және уақытылы төлеуге Қазақстан
Республикасы заңдарына сәйкес салық органдары бақылау жасайды.
