Ас қорыту жүйесі
Асқазан секрециясын реттеуге қатысатын ас қорыту жолдарының негізгі гормондарына сипаттама беріңіз.
Пилоруста G жасушаларынан гастрин гормоны бөлініп шығады. Гастрин шығару үрдісін белок ыдыраған кезде пайда болатын өнімдер мен экстративті (ет, көкөніс сорпасы) заттар үдетеді. Гастрин қанға сіңіп, ол арқылы қарын бездеріне жетіп, олады тітіркендіреді. Әсері гастринге ұқсайтын 2-ші химиялық зат гистамин. Ол қарын сөлінде тұз қышқылын молайтады. Гистамин қарынның шырышты қабығында гистидиннен түзіледі. Оны медиаторға жатқызамыз. Қанда гастрин мен гистамин көбейсе қарынның сөл шығару қабілеті арта түседі. қарында ішек пен бауырда гистаминді ыдырататын фермент гистаминаза болмайды, сондықтан қарыннан бөлініп шыққан гистамин алдымен қанға сіңеді де қақпа венасына, одан бауырға , осы арада қан тамырларын айналып қарын артериясына , одан әрі қарын бездеріне жетіп оларға әсер етеді.
Аталған заттар мен қатар ішектің шырышты қабығында энтерогастрин , бомбезин гормондары бар. олар қан арқылы қарын бездерін тітркендіріп, сөл шығару үрдісін үдетеді.
Асқазаннан он екі елі ішекке ас қалай эвакуацияланады? Осы процестің жыдамдығын қандай факторлар қамтамасыз етеді?
Қарынның моторлық іс әрекетінің ерекшелігі:
1) қарын қабырғасының бірыңғай салалы бұлшықеті жасушаларының автоматизмі
2) ұзақ уақытты тонустық жиырылу мен босаңсу
3) күшті және кіші интенсивті перистальтикалық толқандардың болуы.
Осы аталған барлық ерекшеліктердің бірыңғай қызметінің нәтижесінде қарындағы тағам 12 елі ішекке қарай жылжиды. Астың 12 елі ішекке өтуі антральдық бөлімнің пропульсивтік күшті жиырылуына байланысты бөлек бөлек сығымдалған түрінде жылжиды. Химустың 12 елі ішекке жылжу жылдамдығы қарындағы ас кесегінің консистенциясына, осмостық қысымына, тағамның хим.құрамына және 12 елі ішектің толу деңгейіне байланысты. Қарыннан 12ішекке ең жылдам көмірсулі тағам жылжыса, кейінірек наруыздық тағам жылжиды. Ал майлы тағам ең ұзақ уақыт кідіреді. Ас кесегінің қарыннан 12ішекке ауысуында пилорикалық сфинктердің ашылып жабылу механизмі басты рөл атқарады. Бұл мезанизмнің қызмет атқаруы негізінде метасимпатикалық ЖЖ қызметі жатыр. Ол өзара байланысқан афференттік , қондырма, эфференттік нейрондардың жиынтығы. Олар жергілікті рефлекстік принцип бойынша жұмыс жасайды. Тағам қарынға түскенде пилорикалық сфинктер жабылады. Қышқыл химустың қарынның антральды бөлігіне жылжып, оның шырышты қабатындағы хеморецепторларға әсер етуінен сигнализация афференттік , қондырма, тежеуші нейрондарға жетіп, эфференттік қоздырғыш нейрондарға келеді, сфинктер бұлшықетінің жиырылуын реттейді. Оның тежелуі жүреді де соның есебінен сфинктер ашылады, химус 12 елі ішекке эвакуацияланады.
Асты қабылдаудың өттің түзілуі мен өттің шығарылуына қандай байланысы бар? Қандай гуморальдық және тағамдық заттар аталған процестерді ынталандырады?
Өт бауыр жасушаларында түзіліп, 12елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Өт аш қарында өт қабына ал тамақ ішкен соң 12 елі ішекке құйылып тұрады. Өт өзегінің 12елі ішекке ашылатын жерінде одди сфинктері қоршайды. Осы сфинктер ашылғанда өт 12елі ішекке ағады. Аш қарынға одди сфинктері жиырылып, өт қабында өттің жиналуына себепші болады.
Бауыр гепоциттерінде өттің түзілуі жіәне 12елі ішекке құйылуы жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Кезеген жүйке өт түзілуін күшейтеді, ал симпатикалық жүйке тежейді. Тамақты көргенде иісін сезгенде және де тамақ жайлы әңгіме болғанда өт өзегінен 12елі ішекке шартты рефлекс түрінде өт құйыла бастайды. Ішек қарынға түскен сәттен бастап , өттің 12елі ішекке құйылуы шартсыз рефлекске бағынады.
Өт қышқылдары мен секретин өт түзілуін күшейтеді. Өт қабын жиырып өттің 12елі ішекке құйылуына панкреозимин де өз әсерін көрсетеді. Сонымен бір қатарда өт құйылуын тежейтін одди сфинктерін жиыратын бірнеше гормондар бар, олар: глюкагон, кальцитонин , антихолецистокинин, ВИП.
Аш ішек моторикасының негізгі түрлерін атаңыз. Оның реттелуі қалай жүзеге асырылады?
Ішек қимылы бірыңғай салалы ет талшықтарының үйлесімді жиырылуына байланысты 5 түрге бөлінеді: маятник тәрізді, ырғақты-бунақты, перистальтика, тонустық, антиперистальтика.
Маятник тәрізді қимыл нәтижесінде ұзыннан ұзақ орналасқан ет талшықтары біресе жиырылып, біресе босаңсиды да ішектің біраз бөлігі біресе қысқарып, біресе ұзарады.
2. Ырғақты-бунақты қимылы кезінде сақина тәрізді ет талшықтары бірден ішектің бірнеше жерінде жиырылып, сегменттерге бөледі. Ішекті бунаққа бөлу ырғақты түрде қайталанып, оның бір жерінен екінші жеріне көшіп отырады.
3. Перистальтика қимылын жасауға ішек етінің екі түрі де қатысады. Ішек бөлігінің жоғарғы жағында сақина тәрізді көлденең еттер жиырылып, ішек қуысын тарылтады, төменгі жағында ішекті бойлай орналасқан еттер жиырылып, ішек қуысын кеңітеді. Ондағы химус енді ішек қуысының тарылған жерінен кеңиген жеріне қарай жылжиды.
4. Кері перистальтика (антиперистальтика) қимылы ішектегі химусты кері қайтарып, қарынға қарай жылжытады.
5. Тонустық қимыл өзгеріп отырады. Еттер тонусы күшейсе ішек қусы тарылады, төмендесе керіснше ішек қуысы кеңейеді.
Зәр-жыныс жүйесі
Шумақтық фильтрация деген не? Шумақтық фильтр қандай құрылымдардан құралған? Шумақтық фильтрдің өткізгіштігі қандай факторларға тәуелді?
Несеп алдымен шумақтық сүзгіден өтеді. Яғни қан –бүйрек (геморенальдық) тосқауылы (барьер) арқылы қан шумлянский боумен капсуласына сүзіледі. Мальпигий шумағынан қан плазмасының еріген басқа да заттары қан қысым әсерінен капсуланың ішіне өтеді. Геморенальды тосқауылға байланысты эндотелий тесікшелерінен базальдық мембранамен капсуланың ішкі қабырғасынан үлкен молекулалы заттар өтеді. Шумақтық сүзгіден молекулалық салмағы 70 000 Д және одан да көп заттар - глобулин, фибриоген, гемоглобин өтпейді. Сондықтан шумақтық сүзінді құрамында белоктар өте аз болады. Шумлянский боумен капсуласынан алынған алғашқы немесе провизорлық несеп, құрамы жағынан ультрасүзінді қан плазмасымен бірдей оның құрамында қан жасушалары және үлкен молекулалы белоктар болмайды. Аздаған альбумин басқа заттардан қант, аминқышқылдар, тұздар болады. Олардың концентрациясы қан плазмасындағыдай. Алғашқы несеп көлемі өте көп, тәулігіне 150-180л.
Шумақтағы сүзілу деңгейі тәуелді факторлар:
1. капсуладағы
2. түтікшелердегі
3. бүйрек түбегідегі несептің гидростатикалық қысымы
Шығарылу табалдырығы деген қандай ұғым? Глюкозаның шығарылу табалдырығы нешеге тең?
Бүйректің сыртқа шығару табалдырығы деп толық қайта сіңіріле алмаудан соңғы несепте пайда болатын, алғашқы несеп және қан құрамындағы зат концентрациясын айтады.
Глюкозаның шығару табалдырығы 150-180мг\л немесе 8-9ммоль\л.
Генле ілмегі бойымен жылжу барысында түтікшелік сұйықтықтың осмолярлығы қалай өзгереді?
Генле ілмешігінің төмендеу иініндегі эпителий ерекшелігі тек суды ғана өткізіп, натрийді жібермейді, өйткені мұнда ион тасушы ферменттер болмайды: сукцинатдегидрогеназа жоқ. Ал өрлеу иінің эпителийі натрий иондарын қайта сіңіреді , яғни натрийді түтікшелердегі несепті интертициальды сұйықтыққа өткізіп, ондағы осмос қысымын жоғарылатады. Генле ілмешігінің өрлеу дәне төмендеу иіндерінің эпителий өткізгіштігінің ерекшеліктеріне байланысты, яғни төмендеу иінінде судың қайта сіңуі күшейеді де натридің сіңуі тоқталғандықтан несеп бірте-бірте қоюланып концентрацияланады. Судың интертицияға өтуінен осмос қысымының өте жоғары болуынан несептің ең көп осмостың концентрациясы өрлеу төмендеу иінінде бұрылатын жерінде байқалады, яғни генле ілмешігің ең жоғарғы аймағында несептің осмостық концентрациясы өте көп 290-310 ммоль\л болса, төмендеу иінінің бұрылатын жерінде 2000ммоль\л көтеріледі. Бұл өте жоғары гипертониялық несеп. Кейін қалған гипертониялық несеп ілмешектің өрлеу бөліміне түседі де , одан ары натрийдің концентрациясы төмендейді. Өйткені бұл бөлім эпителийі натрий ионын белсенді түрде қайта сіңіреді. Сондықтан несеп қайтадан изотоникалық н\се гипотоникалық болады. Оның мөлшері едәуір кемиді және дистанттық иірім түтігі несеп жинайтын түтікке түседі.
Түтікшелік секреция деген қандай ұғым? Секрецияланатын заттарға мысал келтіріңіз.
Несеп сөлінісі (секрециясы) белсенді үдеріс. Ол ферменттер көмегімен және АҮФ жұмсалуымен Н+, NН3, холин, парааминогиппур қышқылы, дәрілік заттар қаннан несепке өтеді. Міндетті (облигатты) сөлініс проксимальды түтікшелерде, ал факультативті сөлініс дистальды түтікшелерде жүреді.
