1 Вариант
1.Бес күндік баланың анасын балада желке, қас және маңдай аймағындағы алқызыл түсті көгілдір реңді дұрыс емес формалы, жылағанда күшейетін дақтың болуы мазалайды. Сіздің диагнозыңыз://
Моңғол дақтары//
Гемангиома//
+Телеангиоэктазия//
Нейротерілік меланоз//
Адипонекроз
***
2.Босанғаннан 8 сағаттан кейін, балада сарғыштық пайда болды және ұлғаюда. 20 сағаттан кейін билирубин 344 мкмоль/л, тура емес, «жаңа туған баланың гемолитикалық ауруы» диагнозы қойылды. Төменде көрсетілгендердің қайсысы алмастырушы қан құюды өткізуге абсалюттік көрсетілім болып табылады://
Жүктілік кезінде антидене титрінің жоғарлауы//
Қан алмастыру үшін көрсеткіш жоқ//
+Билирубиннің сағат сайын өсуі//
Тура билирубин деңгейінің критикалық болуы//
Өмірінің алғашқы тәулігінде сарғаюдың пайда болуы
***
3. Қалалық перзентханада соңғы жылда ерте неонатальды өлім жоғарылап кетті. Өлімнің негізгі себебін анықтау және оны төмендету үшін BABIES матрицасы құрылды және күресу жолы анықталды, оған кірмейді://
Жаңа туған балалардың реанимациясы//
Термобақылау//
Оптимальды ана сүтімен емізу//
Жаңа туған балалардың күтіміне ата-аналарды үйрету//
+Отбасын жоспарлау
***
4. 38 күндік ұл бала. Соңғы аптада пайда болған, емгеннен кейін фонтан тәрізді көп мөлшерлі құсуға шағымданып түсті. Қараған кезде: емуі , тері жамылғысы алқызыл, бөртпе жоқ, аз тамақтанудан. Ішкі мүшелер жағынан патология анықталған жоқ. Нәжісі сары, ботқа тәрізді, күніне бір рет. Диагноз://
+Пилоростеноз//
Ішек өтпеушілігі//
Гастроэнтерит//
Пилороспазм//
Адреногенитальды синдром
***
5.Перзентханада іріңді-қабыну аурулары тіркелді. Жаңа туған нәрестелерде ауруханаішілік инфекцияны төмендетудің мүмкін болатын жолдары, біреуінен басқасы://
Ерте емшек емізу//
Перзентханадан ерте шығару//
Ана мен баланың бірге болуы//
Санитарлы-эпидемиологиялық режимді сақтау//
+Нәрестелерге қауіп топтарының антибиотиктерін тағайындау
***
6.Екі күндік қыз бала, табиғи тамақтандырылады. Баланың анасы 17 жаста, табиғи тамақтандырудың негізгі ұстанымдары бойынша кеңес алғысы келеді. Емшекке дұрыс салып отырғандығының белгілерін бағалаңыз. Біреуінен басқаның барлығы дұрыс: // баланың иегі анасының емшегіне тиіп тұр// баланың ауызы кең ашылған // төменгі ерні шығыңқы, тілі төмен түскен// +аузының төменінде ареоланың шетінің көрініп тұруы// бала терең қылып ему қимылын істеп жатыр ***
7.Үш апталық бала, салмағы 4000 гр, туылғаннан бастап жасанды тамақтандырылады (анасы аурухана ауыр жағдайда емделіп жатыр). Nestle NAN сүт қоспасын береді. Осы балаға қоспаның тәуліктік мөлшерін есептеңіз:// 600 мл//
700 мл//
+800 мл//
900 мл//
1000 мл
***
8.13 жастағы науқас стационарға бірінен соң бірі қайталанатын, ұстамалар арасында санасын жоғалту күйіндегі құрысу ұстамаларымен келіп түсті. Жанасу және ауырсыну тітіркендіргішетріне жауап бермейді, қарашық реакциясы анықталмайды. Анамнезінде осындай жағдайлар 5 жыл бойы байқалған. Сіздің қорытындыңыз?//
+эпилептикалық жағдай//
Гипергликемиялық кома//
Гипогликемиялық кома//
Наркотикалық мастану//
Аффективті-респираторлық құрысулар
***
9.5 жасар қыз балаға, бұлшықетке пенициллин ерітіндісін енгізгеннен кейін, әлсіздік, қорқыныш сезімі, санасының бұлыңғырлануы, терісінің бозаруы пайда болды. Тексерген кезде: пульс жіп тәрізді, ЖЖЖ 11О рет минутына, АҚ 60/40мм.с.б. қандай шұғыл шаралар жүргізукерек?//
+инъекция орнын 0,1% адреналин ерітіндісін айналдыра енгізу, преднизолон б/е//
инъекция орнын 0,1%адреналин ерітіндісін айналдыра енгізу, 50% анальгин б/е//
инъекция орнын 0,1%адреналин ерітіндісін айналдыра енгізу,4% димедрол б/е//
инъекция орнын 0,1%адреналин ерітіндісін айналдыра енгізу,2% супрастин б/е//
инъекция орнын 0,1%адреналин ерітіндісін айналдыра енгізу,2,4% эуфиллин б/е
***
10. Қабылдау бөліміне жылан шағылған 6 жасар бала келіп түсті. Баланың қолының үлкен саусағында жылан тісінің 2 ізі қалған. Терісі қалыпты түсте. ТЖ 20 рет минутына. АҚ 105/70 мм.с.б. ЖЖЖ 100 минутына соққы. Бірінші кезекте интоксикацияға қарсы қандай шаралар жүргізіледі?//
Аяқ қолын иммобилизациялау//
Тістелген жерден жоғары жгут орналастыру//
Шаққан жерін күйдіру//
Тістелген жерге антибиотикатерді айналдыра енгізу//
+антидот енгізу
***
11.Миелограммада: «сүйек миы мономорфты, 90% бластты клеткалар, бласттарда миелопероксидаза реакциясы теріс мәнді» қандай диагноз қоюға болады://
+жедел лейкоз, миелобластты вариант//
Жедел лейкоз, лимфобластты вариант//
Миелодиспластикалық синдром//
Созылмалы лимфолейкоз//
Лейкимоидты реакция
***
12.Бала 6 айлық.1 жүктіліктен.Мерзімі жетіп туылған ,тек емшекпен тамақтанады. 3-4 айлығында ЖРВИ-мен ауырған.Қарау кезінде самайлық және маңдайлық бұдырлар,краниотабес анықталады.Үлкен еңбегі 3,5-3,5 см, шеттері жұмсақ, шүйдесінде шаштары түскен. Кеуде қуысы екі жанынан жаншылған, кеуденің төменгі бөлігі сыртқа қайырылған, қабыртқаларында "таспиық" тәріздес бұдырлыап бар. Бұлшық ет гипотониясы. Қышқыл иіс шығады.Тістері жоқ. ЖҚА: Нb-105 г/л , БХА; Са – 1,6 ммоль/л, Р -0,8 ммоль/л , сілтілі фосфатаза – 3,1 ммоль/л. Клиникалық диагноз қойыныз://
нервті-артритті диатез//
рахит 1,бастапқы кезең,жедел ағым//
+ рахит 2,өршу кезеңі, жедел ағым//
темір жеткіліксіздік анемия,1 дәрежелі,жеңіл түрі//
ОНЖ гипоксиялық зақымдалуы
***
13.8 айлық бала.Салмағы 6900.Күні жетіп туылған 3000. 3 айға дейін тек емшекпен тамақтанған, сосын NAN қоспасын береген, 6 айында жеміс пьюресін береген. 5 айынан бастап бала мазасыз , бозарған,салмақ қосуы нашарлаған. Нәжісі күніне 2-3 рет, кейде 5 ретке дейін. Қандай ауру жайында ойлайсыз://
Лактазды жетіспеушілік //
Муковисцидоз//
Ішектік инфекция//
+ Целиакия//
Экссудативті энтеропатия
***
14. Бала 9 жаста, екі күн бұрын әлсіз, тәбет төмен, t-39,6, тері жамылғысы жер түстес,оң жақ кеудесінде ауырсыну, көп мөлшердегі қан аралас қақырықты жөтел мазалайды. Перкуссияда оң жақта жауырын астында тимпаникалық дыбыс және перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошағы анықталады, аускультацияда амфорлық тыныс, сырылдар естіледі. Алғашқы диагноз?//
+ крупозды пневмония// оң жақты бөліктік пневмония// өкпе абсцессі// плевра эмпиемасы// өкпе ателектазы
***
15 Бала 7 ай. 6 айда Жеміс шырынын енгізгеннен кейін іш өту,құсу пайда болды. Обьективті қарағанда ІІ дәрежелі салмақ жеткіліксіздігі анықталды. Болжам диагнозыңыз қандай://
экссудативті энтеропатия// целиакия// Лактазды жеткіліксіздік// муковисцидоз// +сахароза жеткіліксіздігі//
энтереколит
***
16.10 айлық бала 2 күні бойы жөтеледі, тыныс жиілігі минутына 46 рет және кеуде клеткасының жұмсақ жерлерінің тартылуы байқалады. БАБЖ (ИВБДВ) жіктеліс бойынша қандай болжам диагноз қоюға болады?//
пневмония жоқ//
жөтел және салқын тию//
пневмония//
+ ауыр пневмония //
өте ауыр қызбамен өтетін ауруы
***
1 вариант
17. Ревматизмдік миокардиттің патогенезіндегі басты механизм қандай?://
комплемент жүйесіне токсикалық әсер ету//
вегетативты реттелудің бұзылысы//
+жүрек тініндегі стрептококқа қарсы жалпы антигендік субстанциялардың болуы//
нейроэндокринді реттелудің бұзылысы//
E) гипоксемиялық гипоксияның дамуы
***
18. Бұлшықеттерде консистенциясы қамыр тәріздес ошақты тығыздалуы қандай ауруларға тән://
Жүйелі склероз//
ЮРА//
ЖҚЖ (СКВ)//
+Дерматополимиозит//
Түйінді полиартериит
***
19. Қыз бала, 7 жаста, емханада баспа бойынша 2,5 апта емделуде. Антибиотикотерапиядан нәтиже жоқ. Әлсіздік, тез шаршағыштыққа, қызыл иектен қан кеткенге, дене қызуының 39°С-ке дейін көтерілуіне шағымданған. Қарағанда: тері жабындылары бозғылт, геморрагиялық бөртпелер байқалады. Полилимфоаденопатия II-III дәрежеге дейін. Жаралы-некрозды баспа. Қан анализінде: Нв – 85 г/л; эрит. – 2,8х1012/л; лейк. – 50,0х109/л; тромбоциты – 100,0х109/л; ЭТЖ – 65 мин/сағ; бласты клеткалары – 46%. Пероксидазамен цитохимиялық реакциясы теріс. Сіздің диагнозыңыз://
апластикалық анемия//
созылмалы миелолейкоз//
+ жедел лимфобласты лейкоз//
лимфогранулематоз//
гистиоцитоз
***
20. Тұқым қуалаушы микросфероцитоз (Минковский-Шоффар анемиясы) дамуының негізінде не жатады://
+Эритроциттер мембранасы белогының құрылымының бұзылысы//
Эритроциттер мембранасы липидтерінің құрылымының бұзылысы//
Ферменттер белсенділігінің бұзылысы//
Гемоглобин құрылымының бұзылысы//
Гемоглобин синтезінің бұзылысы
***
21. Гассер синдромына анықтама беріңіз://
+жедел үдемелі бүйрек жеткіліксіздігі, гемолиз және тромбоцитопения//
түнгі гемоглобинуриямен бірге жүретін гемолитикалық синдром //
идиопатиялық гипоконвертинемия//
эритромиелоз//
макроглобулинемия
***
22. 10 жасар балада бетінің, аяқтарының айқын ісінуі, асцит, олигоурия анықталды. Несіп анализінде протеинурия 6,0 г/л, қан б/х анализінде – гипопротеинемия, гиперлипидемия. Диагноз://
пиелонефрит//
нефритикалық синдроммен гломерулонефрит//
цистит//
тұқым қуалайтын нефрит//
+нефротикалық синдромды гломерулонефрит
***
23. 8 жастағы ұл бала 4 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Аурудың ағымы ауыр, бірнеше рет жедел түрде кетоацидоз жағдайында ауруханаға жатқызылған. Ұзақ әсерлі инсулинді алып жүр (2 инъекция тәулігіне). Қандағы және зәрдегі глюкоза мөлшеріне жүйелі бақылау мүлдем жүргізілмейді. Кешкі уақытта бала қатты мазасызданып, кешкі тамақтан бас тартты. Түңгі уақытта бала мазасызданумен, қорқыныш сезімімен оянды. Қолдарының, жақтарының дірілдеуі, тершендік байқалды. Осы жағдайдың даму себебі қандай?://
+Гипогликемиялық жағдай//
Кетоацидоз//
Диабетикалық энцефалопатия//
Лактатацидоз//
Диабетикалық нефропатия
***
24. 12 жастағы ұл балаға бір жыл бұрын он екі елі ішектің жара ауруы дегн диагноз қойылды. Бала ащы тағамдарды жақсы көреді. Әкесінде де он екі елі ішектің жара ауруы бар. Асқазанды зондау жүргізгенде тұз қышқылының базальді секрециясының дебит-уақыты 5 ммоль/л. Биоптатпен уреазды тест оң болып шықты. Он екі ішек буылтығының биоптатын морфологиялық зерттеуінде науқаста асқазанның метаплазиялық көріністері анықталды. Он екі елі ішекте асқазанның метаплазиясының дамуына әкелетін себептер://
A) Диетаның бұзылуы//
+B) Гиперацидоз, сілемей қабатқа H.pylori-дың колонизациялануы //
C) ГЭ-рефлюкс//
D) Тұқым қуалаушылық//
E) Аурудың созылмалығы
***
25. 12 жастағы ұл бала назар аударуының және жадысында сақтаудың бұзылуымен, оқу үлгерімінің төмендеуімен, сабақ кезінде жиі дәретханаға сұрануымен байланысты педиатрға жолданған. Педиатр жазбасына сай бұл бала 6 ай бұрынғы салмағымен салыстырғанда салмағы 2,5 кг азайған. Жалпы қарау кезінде тамыр соғысы минутына 110 рет, АҚҚ 130/50 мм с.б.б. Қалқанша безі қалыптыдан 2 есе ұлғайған. Бұл өзгерістер қандай патологияның әсерінен болуы мүмкін://
Хашимото тиреоидиті//
Қалқанща безінің медуллярлы карциномасы//
I типті қант диабеті//
Ювенильді гипотиреоз//
+ Тиреотоксикоз
***
26. Он екі елі ішектің жара ауруы бар науқаста ауырсынудың түрі өзгерді,ауырсыну ас қабылдағаннан кейін күшейе түсті,тез жүргенде және жүгіргенде пайда бола бастады. Қабынудың лабораторлы көріністері анықталды. Аталған клинико-лабораторлы көріністер келесі асқынулардың дамуын көрсетеді://
Қан ағу//
Перфорация//
Пенетрация//
+ Перивисцерит//
Асқазан қақпасының тарылуы
***
27. 8-жасар Саша сол жақ жаурын және бел аймағына берілетін (белді айнала ауыратын) эпигастрия аймағының ауырсынуына, жүрек айнуға, құсу, шөлдеуге, іштің кебуіне шағымданады. Жағдайының нашарлағаны диета бұзғаннан кейін болды. Ауырғанына 2-і жыл. Ауру тарихынан – 6 жасында эпидемиялық паротитпен ауырған. Дене қызуы 38,8 градус. Сипағанда эпигастрия, сол қабырғаастындағы ауырсыну, Кача, Мейо-Робсон, Керте, Воскресенский симптомдары – оң. Қан зерттеуінде: Нв-120г/л, эр-3,95*1012 /л, л-11,0*10 9///////л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Зәрдегі диастаза – 132 бірлік. Қандағы қант – 6,8 ммоль/л.
Сіздің диагнозыңыз?://
+созылмалы панкреатит//
созылмалы энтероколит//
созылмалы холецистит//
созылмалы гастродуоденит//
жедел аппендицит
***
28. Науқаста артриттің белгілері бар және сонымен бірге ішінің толғақ тәрізді ауырсыну, қан аралас іш өту, тенезмдер байқалады. Ректороманоскопияда ішектің сілемейлі қабаты гиперемияланған, ісіңкі, бірен-саран ойық жаралар анықталған. Сіздің диагнозыңыз?://
ревматизм//
жедел аппендицит//
+ арнайы емес жаралы колит//
жүйелі қызыл жегі//
жедел сальманеллез
***
29. 11 жастағы қыз бала 1,5 ай бойы ауырған. Бетінде «көбелек»тәрізді бөртпе шыққан, қайталамалы полиартрит көріністерімен білінеді, бірақ буындары деформацияланбаған. Ауыз қуысында ұсақ жаралар бар. Аускультацияда перикард үйкеліс шуы естіледі. НЬ - 73 г/л, Эр – 2,8 г/л, ЭТЖ - 61 мм/сағ. Протеинурия - 0.33-0.66 г/л. Бұл көріністер қандай патологияға тән:// + жүйелі қызыл жегі// ювенильді ревматоидты артрит, жүйелі түрі//
түйінді периартериит// ревматизм// дерматомиозит
***
30. Бала Т. 3 жаста. Ауруханаға түскендегі диагнозы: ЖРВИ. Ауру басталғаннан 3-ші тәулікте науқаста ентігу, күрт әлсіздік, жіп тәріздес пульс, ауызы көпіршікті қақырыққа толы жиі жөтел мазалайды. Аускультацияда екі жағында өкпенің төменгі аймағында ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада: өкпенің альвеолярлы ісігі көрінеді, бірақ ошақты көлеңкелер жоқ. ЭхоКГ: сол жақ қарыншаның насостық қызметі төмендеген. Қандай асқынудың дамуы жайлы ойлауға болады://
перикардит//
жедел пневмония//
+ жедел сол жақ қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі//
жедел оң жақты қарыншалық жүрек жеткіліксіздігі//
тоталды жүрек жеткіліксіздігі
***
31. Гипотиреоз кезінде неге анемия дамиды://
Гемоглобин тізбегінің құрылымы бұзылады //
Ми-сүйек кемігінің тежелуі байқалады //
Ретикулоциттердің мөлшері төмендейді//
+ Эритропоэтиннің бөлінуі төмендейді//
Эритроциттер өмірінің ұзақтығы төмендейді
***
32. Қант диабет кезіндегі құрғақтық және қатты шөлдеу немен байланысты, БІРЕУІНЕН БАСҚА://
A) қанда қанттың концентрациясының жоғарлауымен//
B) диурездің көбеюімен//
C) гипернатриемиямен//
+D) несептің меншікті салмағының азаюымен //
E) сілекей бездерінің қызметітнің тежелуімен
***
33. 1 жастан 2 жасқа дейінгі дені сау ұйымдаспаған балалар бөлімшелік дәрігермен бақыланады?://
жылына 2 рет//
+тоқсан сайын 1рет//
6 айда 1 рет//
жылына 1рет//
жылына 3 рет
***
34. Күні жетіп туған балада рахиттің алдын алу басталады://
2 айлығында//
+ 1 айлығында//
3 апталығында//
3 айлығында//
жүргізілмейді
***
35. БЦЖ вакцинасын қатаң түрде енгізеді://
+ тері ішіне//
тері үстіне//
бұлшық етке//
тері астына//
пероральды
***
36.Рахиттің патогенезінде жетекші болып саналады://
+ Д витамині мен оның метаболиттері түзілуінің бұзылысы//
ішекте қоректік заттардың сіңірілуінің жоғарлауы//
В тобының гиповитаминозы//
қандағы Са түзілуінің бұзылысы//
барлығы дұрыс//
***
37.Бөлімшелік дәрігер нәрестені қарау кезінде кіндіктен серозды бөліністі байқады. Сіздің алғашқы диагноз://
іріңді омфалит//
кіндік фунгусы//
+ ылғалды кіндік//
кіндік венасының флебиті//
сепсис
***
38.Амбулаторлық жағдайда хаттама бойынша пневмонияны емдеуде көбірек қолданылатын антибиотиктер тобын көрсетіңіз://
+ пенициллин қатары//
тетрациклин//
цефалоспориндер//
аминогликозидтер//
макролидтер//
***
39. 2 жасар балаға бөлімшелік дәрігер шақырылды. Бала жедел ауырған: дене қызуы 39 градусқа көтерілген, катаральды белгілер, мазасыздық пайда болған. Кенеттен қысқа мерзімді құрысулар болған. Алғашқы диагноз://
эпилепсия//
+ фебрильді құрысулар//
спазмофилия//
менингит//
вирусты энцефалит
***
40. Оң жақ қабырға астында сыздап, кернеп ауырсыну, күшті қобалжулар, диетаны бұзу кезінде күшейе түседі. Диспепсиялық белгілер. Спазмолитиктер қабылдау жағдайын жақсартпайды. Сіздің диагноз://
өт шығару жолдарының дискинезиясы, гипертониялық типті//
+ өт шығару жолдарының дискинезиясы, гипотониялық типті//
созылмалы панкреатит//
созылмалы энтерит//
созылмалы колит
***
41.Бір жасар бала жедел ауырған, дене қызуы 38,9 С-қа көтерілген, инспираторлы ентігу пайда болған, жиі үрлемелі жөтел, тахипноэ минутына 60 рет. Бұл жағдайда мына ауруды ойлауға болады://
ЖРВИ, обструктивті бронхит//
+ ЖРВИ, ларинготрахеит, көмей стенозы II дәрежесі//
ЖРВИ, бронхопневмония//
ЖРВИ, ларинготрахеит//
жоғары тыныс жолдарының бөгде денесі
***
42. Ерте жастағы баланы объективті қарау кезінде бой ұзындығы қалыпты болғанмен дене салмағының төмендігі анықталды. Бұл қандай жағдай?://
гипостатура//
+ гипосомия//
гипотрофия//
гипоплазия//
эйтрофия
***
43.Гипотрофияның І дәрежесінде негізгі тағам ингредиенттері бойынша тамақтануды есептеу жүргізілуі тиіс://
қазіргі салмағына//
орташа салмағына//
+тиісті салмағына//
жүргізілмейді//
алғашқы 12 күн бойы қазіргі салмағына, кейіннен тиісті салмағына
***
44. АКДС – вакцинасының бірінші егуін жүргізгеннен кейін алғашқы екі күнде аллергиялық бөртпе, құрысу, дене қызуының 39 градусқа көтерілуі, «милы айқай» туындаған. Сіздің тактикаңыз://
жеке күнтізбе бойынша егу//
қалыпты мерзімдерде егу//
АКДС вакцинасын енгізуге қарсы көрсетілім//
иммунизация АДС-М анатоксинімен жалғастырылуы мүмкін//
+ абсолютті медициналық қарсы көрсетілім (қарсылық)
***
45. Анамнезінде фебрильді құрысулары болған 4 айлық балада жедел респираторлы аурудың симптомдары анықталады. Бұл клиникалық жағдайда қызуды түсіру емінің тактикасын анықтаңыз://
дене қызуы 39,0 градус деңгейіне жеткенде қызуын түсіру//
+дене қызуы 38,0 градус деңгейіне жеткенде қызуын түсіру//
дене қызуы 38,5 градус деңгейіне жеткенде қызуын түсіру//
қайталамалы фебрильді құрысу кезінде ғана қызуын түсіру//
қызуды түсіру емі 39,0 градустан асқанда жүргізіледі
***
46.2 жасар бала ойнап отырып кенет жөтеліп, көгеріп кетті; жөтел 10 минутқа созылып, одан әрі қайталанған жоқ. Келесі күні жөтел (ұстама тәрізді емес) қайта пайда болды, оң жақта көп мөлшерде құрғақ сырылдар естіледі. Диагнозды нақтылау үшін диагностикалық тексерудің қандай әдісі тағайындалады://
+бронхоскопия//
спирография//
пикфлоуметрия//
жалпы қан анализі//
флораға қақырық себіндісі
***
47.8 жасар бала. Анамнезінде жиі ЖРА, баспалар. 3 жасынан бастап созылмалы тонзиллит бойынша диспансерлік есепте тұрады. Баспамен ауырғаннан кейін 3 аптадан соң шаршағыштық, артралгия, тізе буындарының ісінуі, тахикардия, жүрек шекараларының кеңеюі, систолалық шу пайда болды. Жалпы тәжірибе дәрігерінің алғашқы диагнозы мен тактикасы://
ревматизм, амбулаторлық ем//
инфекциялық-аллергиялық миокардит, ауруханаға жатқызу//
инфекциялық-аллергиялық миокардит, амбулаторлық ем//
+ ревматизм, ауруханаға жатқызу//
туа пайда болған жүрек ақауы, ауруханаға жатқызу
***
48. Бес жасар бала. Тыныс демікпесінің жедел ұстамасы, ұзақтығы 2 сағат. Ата-анасы балаға бромгексин мен эуфиллин берген. Сіздің іс-әрекетіңіз://
эуфиллинді вена ішіне енгізу//
ингаляциялық кортикостероидтар қолдану//
+ қысқа әсерлі ингаляциялық В2-агонисттер қолдану//
ұзақ әсерлі ингаляциялық В2-агонисттер қолдану//
кромонглицин қышқылын тағайындау
***
49. Ерте жастағы балалардағы шигеллез ағымының ерекшелігі://
энтероколиттік синдром//
тенезммен//
+дистальды колитпен//
айқын интоксикациямен//
сусызданумен
***
50. Камила, 12 жаста, субфебрильді температура, қан және сілемей аралас нәжіспен жедел ауырған. Анамнезінде: анасы баласын кешке қарай шикі тауық жұмыртқасымен тамақтандырған. Түскенде: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпе және жүрек жағынан патология жоқ. Іші жұмсақ, тығылдалған сигма аймағын пальпациялағанда сезімтал, анусы жабық. Нәжісі көп мөлшерде, жасыл түсті «батпақ балдыры» тәрізді, қан және кілегей аралас. Сіздің диагнозыңыз?//
+сальмонеллез//
эшерихиоз//
дизентерия//
клебсиеллез
протеоз
***
51. Ротавирусты инфекцияны ажырату диагностикасындағы ең маңызды белгі://
тенезм, «ректальды түкірік» тәрізді нәжіс//
«күріш қайнатпасы» тәрізді нәжіс//
«батпақ-балдыры» тәрізді нәжіс//
+сулы, көпіршікті сипатты, сұйық, көп мөлшердегі нәжіс//
«танқурай желесі» тәрізді нәжіс//
***
52. Iшек инфекциясы кезінде сусыздану дәрежесін БЖАИЖ бойынша бағалауда аса маңызды болып келеді://
дене салмағының жетіспеушілігі//
+көздің кіртиуі//
гемодинамикалық көрсеткіші//
тері қабатының жағдайы//
сілемей қабатының жағдайы//
***
53. 8 айлық балада мазасыздану, көз кіртиуі, тері қатпарларының баяу 2 сек жазылуы мен сусынды құшырылана ішуі. Тағайындаңыз://
әр сулы нәжістен соң 100мл оральды регидротация//
+75 мл//кг салмағына 4 сағат ішінде оральды регидротация//
75 мл//кг салмағына 4 сағат ішінде парентеральды регидратация//
75 мл//кг салмағына 6 сағат ішінде парентеральды регидратация//
100 мл//кг салмағына 6 сағат ішінде парентеральды регидратация//
***
54. 1,5 жасар бала, жедел ауырған дене қызуының 38,5 ºС жоғарлаумен, дөрекі жөтелден, содан соң ентігу өсіп, енжарлық дамыған. Тамақтан бас тартады. Қараған кезде жағдайы тыныс жетіспеушілікке байланысты ауыр, ентігу 60 ретке дейін минутына. Мұрын қанатшаларының керілуі және кеуденің төменгі бөлігінің кірігуі. БЖАИЖ бойынша жағдайын бағалаңыз://
жөтел не суық тіу//
ауыр емес пневмония//
+ауыр пневмония//
өте ауыр пневмония//
стридор
***
55. Полиомиелиттегі салдануға тән сиптомдар, біреуінен басқа://
гипо-және атония//
арефлексия//
зақымданудың әр жерде болуы//
+сезімталдықтың бұзылуы//
бұлшықеттің атрофиясы//
***
56. Скарлатинаның экстрабукальды түрінде бөртпелер көбіне орналасады://
кілегей қабаттарындада//
аяқ-қолдарында//
дененің табиғи қыртыстарында//
бүкіл денеде
+жара немесе күйік орындарында
***
57. Жұқпалы мононуклеозде бадамшалардағы жабындының кулден айырмашылығы қандай?://
қоршаған тіндермен тығыз байланысу
«+ткань» тәрізді лас-сұр түсімен/
+қалың жабынды, бірақ тез сылынуымен//
«-ткань» тәрізді//сары түсті болуымен
ақ түсті ірімшік тәрізді болуымен
***
58. Бала 3 жаста, 6 күн бойы дене қызуы 38,0 –39,0ºС –қа көтерілуі, енжарлық, селқостық байқалған. 2-ші күні жақ асты аймағында ісіну, тамағының ауырсынуы пайда болып, мұрын арқылы тыныс алуы қиындаған. Тексеру барысында: бала бозғылт, сипағанда мойын, шүйде, қолты асты, шап лимфа түйіндері ұлғайған. Араны қызарған бадамша бездерінің беттерінде болбыр, сұр сарғыш түсті жабындылар анықталады. Іші сәл кепкен, бауыры мен талағы қабырға доғасынан 4 см төмен түскен, нәжісі қалыпты. ЖҚА , лейкоцит- 16,5 х 109/л, э-2 %, нейтрофильдер- 31 %, лимфоцит – 48 %, моноцит – 10 %, атипиялы мононуклеарлар 22 %, ЭТЖ – 28 мм сағатына. Жіктелісі бойынша диагноз қойыңыз?//
лимфогрануломатоз Ш дәрежесі//
жедел лимфобластозды лейкоз//
Ходжкин ауруы//
вирусты гепатит + баспа//
+жұқпалы мононуклеоз, ауыр дәрежесі//
***
59. Менингококкты инфекцияның диагнозын верификациялаудың әдістері, біреуінен басқа//
+жалпы қан анализы //
қанның жуан тамшы микроскопиясы//
мұрынжұтқыншақтан менингококк табу//
қаннан менингококк табу//
ликвордан менингококк табу
***
60. Жедел көмек арқылы, 3 айлық бала, стационарға «Менингококкты инфекция» диагнозымен түсті. Жағдайы өте ауыр. Үлкен еңбегі 3,0х2,5 см, томпайған, пульсация байқалады. Неврологиялық статусы: бала ессіз. Шұйде бұлшықеттінің ригидтілігі айқын. Қарағанға және егулерге жауап (реакция) бермейді. Корнеальді және жөтел рефлекстері шақырылады. Көз қарашығы тарылған, фотореакциясы әлсіз. Жағдайының ауырлығы немен түсіндіріледі?//
нейротоксикозбен//
инфекциялық - токсикалық шокпен//
гипертермиялық синдроммен//
+бас ми ісіну, ІІ дәрежелі комамен//
бас ми ісінуі, ІІІ дәрежелі комамен//
***
61. Бауыр үстілік сарғайуда қан сарысуында көбейеді://
+ бос билирубин//
Байланысқан билирубин//
Тимол сынамасы//
АЛТ//
протромбинді индекс
***
62.Бала 10 жаста, айқын сарғайған, терісінде шамалы қышыну, киімдерінің қысқан жерінде бірліжарым петехиялар көрінеді. Бауыр 4-5 см үлкейген, тығыз консистенциялы. Талақ қабырға доғасы қырында. Билирубин 200 мкмоль/л, тікелей 160 мкмоль/л, тимол сынамасы – 7 Б, сулема сынамасы- 1,5 мл, протромбин индексі – 60 %, HBsAg, HBeAg, анти-HBs IgM анықталды. Диагноз қойыңыз://
ВГА орташа ауыр түрі//
ВГА ауыр түрі//
ВГВ жеңіл түрі//
+ВГВ ауыр түрі//
атипті түрі
***
63. HCV инфекциясының перинатальды жұғу мүмкіндігі//
+5%//
20%//
40%//
60%//
80%
***
64. Көкжөтелде нейролептиктер тағайындаудың мақсаты://
дегидратация//
+ОНЖ-іне дабыл (сигнал) беретін орталыққа бағытталған тізбегті үзу үшін //
құрысу синдромын жою үшін//
гипертермиялық синдромды түсіру үшін//
седация мақсатында
***
65.Омыртқа жотасы жарақаттанған ауру қалай тасымалданады?://
Етбетімен (ішіне жатқызылып)//
Шалқасымен (арқасына жатқызылып)//
Қырымен жатқызып//
отырғызып//
+ қалқанға (щитке) шалқасымен жатқызылып
***
66.Жүрек-өкпе реанимациясы кезінде жүргізілетін бастапқы іс-әрекет://
жүрек массажы//
+ тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету//
жасанды өкпе желдетуі//
жүрек тоқтау механизімін анықтау//
анамнез жинау
***
67. Желілік бригада белгісіз ертінді ішіп қойған далада жатқан 14 жастағы балаға шақыртылды. Жағдайы өте ауыр, есі бұзылған. Дәрігер токсикологиялық анамнез жинаған соң және экзогенді токсикоз клиникасын көрген соң хлорофоспен жедел улану деп диагноз қойды. Қандай клиникалық белгілер хлорофоспен улануға тән болып табылады?//
қозу, тері құрғақтығы, хоресид типті гиперкинездер, қарашықтың кеңеюі//
+ қозу, тершеңдік, миофибрилляция, бронхорея, қарашықтары тарылған//
эпилептиформалы тырысулар, қарашығы кеңеюі//
құсық, іші ауыруы, гемоглобинурия//
коматозды жағдай
***
68. Бас-ми жарақаты болғанда баланы мына жағдайда тасымалдайды://
басын төмен түсіру немесе аяғын жоғары көтеріп арқасына жатқызу//
+ басын көтеріп қою//
ішіне жатқызу//
қатаң түрде отырғызу//
жартылай отырғызу
***
69. Қандай патология аллергиялық реакцияға ЖАТПАЙДЫ://
Поллиноз//
бронх демікпесі//
Квинке ісігі//
анафилактикалық шок//
+стрептодермия
***
70. Жгутты салу ұзақтығы://
+ жазда 2 сағат,ал кыста 1 сағат//
жазда 1 сағат,ал кыста 2 сағат//
жаз бен қыста 2 сағат//
жазда 1,5 саат,ал қыста 0,5 сағат//
жылдың қай мерзімінде де 30 минуттан аспау керек
***
71. Асқазанды толық шайғаннан кейін дегидратация мақсатында енгізу керек://
кордиамин//
седуксен//
+ лазикс//
глюкоза//
жүрек гликозидтерін
***
72.Жұқыншақтың 2-3 дәрежелі стенозында төмендегі препараттың қайсысы БІРІНШІ КЕЗКТЕ тағайындалады://
алаңдататын заттар (горчичник, сілтілерді ішу)//
эуфиллин//
десенсибилизациялаушы дәрілер//
дезинтоксикациалық ем//
+ кортикостероидтар
***
73. Құлақ маңы, шүйде, мойын арты лимфа түйіндеінің үлкеюі қай жұқпалы ауруға тән://
тұмау//
қызылша//
скарлатина//
бөртпе сүзегі//
+қызамық
***
74.Дәрімен уланған 6 жасар балаға асқазанды шаюға қажетті судыың максимальды көлемі://
литр//
3 литр//
+ 6 литр//
9 литр//
10 литр
***
75. Ерте жастағы балаларда бронх демікпесінің ұстамасында басым болатын патогенез тізбегін білу керек://
біріңғай салалы бұлшық еттердің жиырлып тарылуы//
+ бронх сілемейінің ісінуі//
бронхтардың гиперраетивтілігі//
ОНЖ тыныс орталығының жетілмеуі//
ларингоспазм
***
76. Бронхтың бөгде денесіне ТӘНЕМЕС белгі://
жөтел//
экспираторлы ентігу//
тері цианозы//
+ «барабан таяқшасы» тәрізді саусақтар//
арақашықтықтан естілетін бронхтық стридор
***
77.Квинке ісігі кезінде көрсететін шұғыл жәрдемге ЖАТПАЙДЫ://
адреналин тері астына енгізу//
димедрол б/етке//
преднизолон көк тамырға//
+ пенициллин б/етке//
лазикс б/етке
***
78.Ауруханаға дейінгі кезеңде асқазанның перфоративті жарасында ЖАСАУҒА БОЛМАЙДЫ://
+асқазанға зонд енгізу//
САҚ 90 мм. сынап бағанасынан төмен болса инфузионды ем//
асқазанды шаю//
шұғыл госпитализациялау//
зембілмен тасымалдау
***
79. Реанимациялық шаралар жүргізгенде баланың жағдайы бағаланады://
реанимация басталғаннан 30 минуттан кейін,сосын әр-бір 2-3 минут//
реанимация басталғаннан 15 минуттан кейін,сосын әр-бір 5-7 минут//
+ реанимация басталғаннан 1 минуттан кейін,сосын әр-бір 2-3 минут//
реанимация басталғаннан 10 минуттан кейін,сосын әр-бір 5 минут//
реанимация басталғаннан 5-8 минуттан кейін,сосын әр-бір 2-3 минут 5-8 минут
***
80. Фебрильді құрұсулар жие қай жаста кездеседі://
10-15 жаста//
7-8жаста//
+0-5 жаста//
1-7 жаста//
9-12 жаста
81. Жаңа туған нәрестенің некрозды флегмонасының жергілікті емі неге негізделген//
Кебетін антисептиктермен ылғалданған таңғыш салу//
Барлық үстіңгі қабатты крест тәрізді тілу//
Гиперемия ортасын тілу//
Тері асты шел майын пункциялау және қуысты антибиотиктермен жуу//
+ Сау теріге ауыса отырып шахмат тәртібінде көптеген кесінді- тіліктер салу
***
81. ІІ-ші дәрежелі сколиоз кезінде қисаю бұрышының көлемі тең//
- 5 градусқа дейін//
- 10 градусқа дейін//
+ 10-25 градусқа//
- 25-40 градусқа//
- 40 градустан жоғары
***
83. Емшек жасындагы балалардағы күйіктік жараның қандай көлемі госпитализацияға көрсетілім болып табылады//
+ 5%//
- 10%//
- 15%//
- 20%//
- 25%
***
84. Аталғандардың қайсысы рефлюксэзофагиттің себебі болып табылады//
- Өңештің стенозы//
- Өңештің ахалазиясы//
+ Өңештің халазиясы//
- Пилоростеноз//
- Өңеш дивертикулы
***
85. Ерте кезеңді біріншілік туберкулезді инфекциясы бар туберкулезбен ауыру қауіпі жоғары науқастарды тексеру мерзімі (диспансерлік тіркеудің III тобы)//
+1 жыл//
2 жыл//
3 жыл//
4 жыл//
5 жыл
***
86. Анықталған туберкулин реакциясының «виражына» байланысты техникалық колледж оқушысын тексергенде рентгенографияда: оң өкпенің S6 диаметрі 4 см дейін фокусты түзіліс табылған. Қан анализінде: ЭТЖ – 22 мм/с, лимфопения 20% дейін, лейкоциттер – 9,1×109/л. Қақырықта бактериоскопия арқылы микобактерийлер анықталмаған. Болжамды диагнозын анықтаңыз//
оң өкпенің ошақты туберкулезі//
түбірлік оң жақты пневмония//
+оң өкпенің S6 инфильтративті туберкулезі//
оң өкпенің S6 фиброзды-кавернозды туберкулезі//
оң өкпенің S6 кавернозды туберкулезі
***
87. Вакцинациядан кейінгі және инфекциялық туберкулиндік аллергияның ажырату анықтамасында НЕНІ есепке алмайды?//
2 ТБ Манту сынамасында инфильтраттың өлшемі//
+2 ТБ Манту сынамасында гиперемия өлшемі//
былтырғы жылы туберкулин реакциясы теріс болуы//
алдыңғы жылы БЦЖ егуі//
туберкулез науқаспен байланыс
***
88. Туберкулин сынамасы оң мәнді болған 5 жасар баланы тексергенде: Туберкулин сынамасының «виражы» деген диагноз қойылды (біріншілік туберкулез инфекциясының ерте кезеңі). Емдеу профилактикалық мекемелердің қандай мамандары осы жағдайда бақылау қажет?//
емханадағы дәрігер-пульмонолог//
емхана немесе балалар мекемесіндегі бөлімшелік педиатр//
+диспансердің фтизиатры//
емхананың дәрігер-инфекционисті//
аллерголог
***
