- •І. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерінің теориялық негіздері
- •. Мектеп жасына дейінгі балалардың типологиялық ерекшеліктері
- •1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынас ерекшеліктері
- •Қарым- қатынасы нашар баламен жеке даралық жұмыс жүргізу ерекшеліктері
- •Іі. Мектеп жасына дейінгі балалардың өзара қарым- қатынас ерекшеліктерін анықтаудың практикалық негізі
- •2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын анықтау
- •Социометрия әдістемесі
- •Жауап беру бланкісі
- •Топта кімнің сенімен бірге ойнағанын қалайсың?
- •2.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым- қатынасын ойын арқылы дамыту
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қорытынды
Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.
Мектепке дейінгі мекеме тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай -балалардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.
Курстық жұмысымызда қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың өзіне тән жеке даралық психологиялық өзгешеліктеріне сипаттама берілді. Ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.
Оқшауланған баланың себептері түрлі болатындығын біздің зерттеулерімізден аңғаруға болады. Бірінші кезекте әлеуметтік оқшаланудың бір түрі - балада қорқыныш пен қобалжу кезінде көрінетін ұяңдық. Оның мотивациясы әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімімен байланысты. Әлеуметтік оқшауланудың келесі формасы - тұйықтық. Мұның мотиві болып жаңа жағдайға және әлеуметтік бағаға деген қорқыныш сезімі табылады. Бұл жақындау және алшақтау мотивтерінің күресі негізіндегі құрылған ішкі конфликт.
Ерте шақта бала мінезіндегі тежелу, яғни басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуден бас тартуға тырысушылық зерттеулер көрсеткендей оның темпераментінің ерекшелігіне байланысты, әрі темпераментінің бауыр басу типімен өзара әрекет функциясына тәуелді болады.
Алынған мәліметтерді сараптай отырып баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орнына әсер ететін тағы бір фокторын бөліп алуға болады. Ол - нәрестенің өз белсенділігінің реттеуге қабілеті және икемділігі.
Балалар арасындағы баланың әлеуметтік жағдайына, яғни топта алатын орны мен топтан тыс қалуына әсер ететін тағы бір фоктор -конфликтер. Оның ішіндегі келіспеушіліктердің бірі лидерлікке үмтылыс немесе лидерлік конфликті. Мұнда екі-үш лидерлердің және олардың топтарының топтағы біріншілік беделіне таласуы. Орта топтарда қыздардың тобымен үлдар тобының арасындағы келіспеушіліктері жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл топ немесе бір баланың бүкіл топ балаларымен конфликтке түсуі мүмкін.
О.Ситковская, О.Михайлова сияқты психологтардың бақылауынша лидерлікке жол, әсіресе жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе демонстрациялау - топтан тыс қалудың немесе балалардың келіспеушілікті балалармен қарым-қатынас жасаудан қашқақтайтынын көрсетеді.
Қорытындылай келе, топтан оқшауланған балаларға психологиялық көмек көрсетпес бұрын, оқшауланған баланы анықтап алу, оның ұжымнан шектелу себептерін жан-жақты анықтап алу міндеті тұрады. Біздің екінші тарауымыздағы материалдар бұл міндетті шешудің бірден-бір жолы деп сенеміз.
Мектепке дейінгі мекеме балалары арасындағы қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық көмек көрсету істеріне, келіспеушіліктердің алдын-алу әрекеттеріне мектепке дейінгі мекеметегі жақсы оқу тәрбие беру ұйымының болуы, тәртіптің болуы, балалардың қарым-қатынасқа түсуінің қиын жағдайларында тәрбиешінің белсенді көмек беруі негізгі роль атқарады. Бүдан басқа, балалардың келіспеушіліктерді шешу және басқара білуіне дағдылану үшін мектепке дейінгі мекеметерде балаларға арнайы оқытатын жоғарыдағы бағдарламаларды қолдануға болады.
Қарым-қатынастың бұзылуы, жанжалдасушылық пен оқшауланушылық баланың қоршаған ортаға нашар бейімделуінің белгісі.
Егер тәрбиеші балаларға дұрыс тәрбие беріп, білімдерін жоғарылатамын десе, онда ең бірінші кезекте балалардың өзара қарым-қатынасын, сондай-ақ тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынасты реттеп алған жөн.
Олай болса, біз әрбір сабақта, балалармен бірлесе жұмыс жүргізу барысында балаларды тату болуға, бірігуге үйрететін, басқаларды түсінуге, қолдауға көмектесетін ойындар мен жаттығуларды тиімді қолданудың жолдарын білуіміз керек.
Қарым-қатынасты жақсартуға арналған тапсырма мен ойындарға қатысушылардың көп болуы соғұрлым нәтижелі бола түседі. Кейбір жаттығуларды ата-аналар өз балаларымен бірге орындай алса, ал көпшілік бөлігі құрдастары, достарымен бірге ойналатын болады. Сондықтан төменде көрсетілетін ойындар мен жаттығуларды өткізбес бұрын, оны жүргізетін орындарды ұйымдастырып алған жөн. Балаларға арнап мерекелер мен ойын-сауықтарды жиі-жиі ұйымдастырып, оларға көбірек көңіл бөлу -тәрбиеші іс-әрекетін жандандыра түседі.
