- •Кәсіби қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Сілемейлі қабат, гинекологиялық аурулар, бөгде заттар, жатыр экстирпациясы, жатырдың төмен түсуі, лапароскопия, лапаротомия.
- •3 Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Терминдерге назар аударыңыз. Сұрақ-жауап арқылы өзара сұхбат құрыңыз
- •4 Тапсырма. Суреттерге қарап, диалог құрастырыңыз.
- •5 Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Мәтінді ііі жақта баяндап, мәтінде кездесетін терминдермен глоссарий құрастырыңыз.
- •6 Тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің маңынасын түсіндіріңіз, мағыналас сөздермен ауыстырыңыз.
6 Тапсырма. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің маңынасын түсіндіріңіз, мағыналас сөздермен ауыстырыңыз.
Клиникалық көрінісі және диагностика.Субмукозды миомадақан ұйындыларымен, ұзақ ұақыт келетін етеккір (меноррагия), етеккіраралық кезеңдермен жалғасады (метроррагия).Жатырдан қан кетуанемияға алып келеді. Жатырлық қан кетумен қатар, іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді және төмен тартып ауыруы байқалады. Субмукозды миоманың 0 түрінде миоматозды түйіннің өздігінен экспулсиясы орнауы болады. Туылып жатқан миоматозды түйін кезіндегі ауыру сезімі қарқынды және толғақ тәрізді болуы мүмкін. Жатырдың субмукозды миомасы бедеулік пен жүктілікті көтере алмаушылықпен жиі қатар жүреді.
Көрші жатқан ағзалардың қызметінің бұзылысы субсірнелі түйіндердің орналасуына байланысты болады.Егер миоматозды түйін алға қарай өссе дизуриялық белгілер пайда болады: науқас кіші дәреттің жиілеуіне, дәреттен кейін қуықтың толық босамауына, кіші дәретке императивті шыққысы келу, несептің жіті кідіруіне шағымданады. Ал миоматозды түйіннің жатыр мойны аймағында орналасуы тікішектің қысылуы мен дефекацияның бұзылысына алып келеді. Субсірнелі түйіндердің көлемі ұлғайып, жатырдың бүйірінде,төменгі және ортаңғы бөлігінде орналасуынан несепағардың топографиясы бұзылып, зақымданған жақта несептің пассажы бұзылады, гидроуретра мен гидронефроздың дамуына алып келеді. Субсірнелі миоматозды түйіндер етеккір қызметінің бұзылысын сирек тудырады. Бірақ олардың саны көп болған жағдайда миометрийдің жиырылғыштық қасиеті бұзылып, менометроррагия дамиды.
Жатыр миомасы бар науқастарда созылмалы қан кету және жатырлық жіті қан кету себебінен анемия дамиды. Етеккір циклінің бұзылысы болмаса, анемия ұлғайған миоматозды түйінде қанның депо болып жиналуы себебінен пайда болады. Жатырдың үлкен көлемді миомасы бар науқаста (20 апталық жүктілік және одан көп көлемді) жүректің қатты соғуы мен жату қалпында ентікпенің пайда болуымен көрінетін төменгі қуыс венаның қысылу синдромы дамуы мүмкін. Науқас ауыру сезіміне, іштің үлкеюіне, несептің жіті кідіруіне және гидронефрозға шағымданады. Ал субмукозды,субсірнелі және интерстицийлік түйіндер бірге болса, жеке миоматозды түйінге қарағанда клиникалық көрінісі әр түрлі болады.
Әр түрлі авторлардың мәліметіне сүйенсек, жатыр миомасын диагностикалауда УДЗ ақпараттылығы92,8–95,7%-ды құрайды. Кеңейген жатыр қуысындағы сілемейасты миоманың түйіні домалақ немесе сопақ пішінді, орташа эхогенді, шеттері тегіс түзіліс ретінде көрінеді. Эндометрийполипіне қарағанда, сілемейасты миомасының дыбыс өткізгіштігі жоғары болады. Субмукозды жатыр миомасын УДЗ ақпараттылығы тәжірибеде арнайы құрылғы арқылы жатырішілік эхография жасаумен жоғарылайды.
7- тапсырма.Тест сұрақтарына жауап беріңіз және жауапты толықтырыңыз.
1.Герпетикалық инфекцияның жұғу жолы: тұрмыстық, жыныстық….
-ИӘ
-ЖОҚ
2 Герпетикалық инфекцияның ішінде қолданылады: антибактериалды терапия, қабынуға қарсы терапия
-Иә
-Жоқ
3.Папиловирусты инфекцияның себебіне иммундық жүйенің жетіспеуі жатады
-Иә
-Жоқ
4. Гонококктар көбінесе зәршығару жүйесін зақымдайды
-Иә
-Жоқ
5. Урогенитальды хламидиоздың жиі клиникалық формасы –хламидиялық сальпингит,сальпингофорит
-Иә
-Жоқ
6.Уреоплазмоздың берілу жолы: ауалы-тамшылы,тұрмыстық-қатынастық
-Иә
-Жоқ
7. Трихоманадтты колипке кремтәрізді сұр түсті бөлінділер,«ми балық» тәрізді жағымсыз иіс тән :
-Ия - Жоқ
8. Микоплазмалық инфекция емінде тетрациклин тобы,макролидтер,саңырауқұлаққа қарсы және протозойға қарсы антибиотиктер қолданылады
-Иә
-Жоқ
9. Хламидиялық инфекция бедеуліктің жиі себебі болады
-Ия
-Жоқ
10. Генитальды туберкулезде 1 ші орында жатыр түтіктерінің зақымдануы алады
-Иә
-Жоқ
Негізгі әдебиет
1. Көзденова Р.Ә., Сейітмәмбетова Н.Қ. «Гинекология» Алматы, 2001ж
қосымша
2.Нұрқасымұлы Жомарт. Гинекология - Алматы, 2007ж.
3. Ошибаев Н., Нұрқасымұлы Ж. Акушериялық және гинекологиялық операциялар- Алматы, 2006ж.
Қосымша
1.Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология, С-Петербург, 1995, книга 2, стр 11-21, 45-64.
2.Л.А. Лысак. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Ростов на Дону, Феникс, 2004.- С 251-316.
3.А.Н. Стрижаков, А.И. Давыдов и др. Избранные лекции по акушерству и гинекологии.-Ростов на Дону, 2000.
7. Бақылау(тесттер,ситуациялық есептер)
