Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13 тақырып ісік аурулары.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать
☆

2 Тапсырма. Мәтіннің мазмұнын тірек сызба арқылы айтып беріңіздер.

Канцерогенез - қалыпты жасушаның қатерлі жасушаға айналуы, жасушаның бласттрансформация үдерісі.

Қалыпты жасушаның трансформацияланған жасушаға ауысуы көп сатылы үдерісі.

1. Инициация. Әрбір ісік жеке жасушаның ДНҚ-ның бұзылуынан басталады. Бұл генетикалық дефектіні канцерогендер немесе онкогендік вирустар тудыруы мүмкін. Адам ағзасында тіршілік барысында адам ағзасындағы жасушаларының ДНҚ зақымдануы жүреді. Ісіктік инициациясына протоонкогендердің зақымдануының өзі ғана жеткілікті. Осы зақымданудың өзі-ақ сома жасушалардың ісік жасушаларына ауысуын анықтайтын өте маңызды фактордың бірі болып табылады. Ісіктің инициациясына антионкогеннің (онкосупрессор-гені) зақымдануы да алып келуі мүмкін.

2. Ісіктің промоциясы ісік-тудырушы факторлармен зақымданған жасушалардың көбеюіне алып келеді. Бұл үрдіс көп жылдарға созылуы мумкін.

3. Ісіктің прогрессиясы — бұл өзгерген жасушалардың көбеюі, инвазиясы, метастаздар қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі.

Ісік жасушаларынның трансформациялануына алып келетін әр түрлі орта факторларын канцерогендік факторлар, деп атайды.

Канцерогендік қасиеттері бар физикалық факторлар (радиация), химиялық факторлар (ауыр металдардың тұздары, қышқылдар), биологиялық факторлар (вирустар).

Жасушалардың бөлінуі мен өсуін реттейтін «қалыпты» ген, протоонкогендердің ісік жасушаларына өтуі, онкогенге айналуы ісік жасушаларының негізгі механизмдерінің бірі болып отыр.

3

Кейбір вирустардың геномында онкогендер болады. Ағзаның вирусты инфекцияны жұқтыруы және онкогенді тасамалдаушы вирус геномы жасушаның генетикалық материалына ісіктің трансформациялануын іске қосатын күрделі және ұзақ үдеріс.

Қатерлі ісік жасушаларының негізгі қасиеттерінің бірі оның бақылаусыз бөлінуі, моноклондылығы және ісіктің өсуінің автономдылығы.

Фармакогенетика ағзаның дәріге жеке реакциясының генетикалық факторларының рөлін зерттейді. Ағзаның реакциясы бір жұп генмен (моногенді бақылану), көптеген гендермен (полигенді бақылану) генетикалық бақыланады. Қазіргі уақытта бес препараттың метаболизмі моногенді бақыланатындығы анықталынған. Көптеген дәрілік препараттардың метаболизмі бір генмен емес көптеген гендермен бақыланады.

3 Тапсырма. Мәтіннің мазмұнын толықтырып айтып беріңіз.

Ісіктің түрлері.

               Ісіктің қазіргі кездегі халықаралық түрлері ісік гистогенезі негізінде құрылған; яғни ісікті әртүрлі топтарға бөлгенде оның қайсы тіннен пайда болған-дығы, қатерсіз не қатерлі екендігі есепке алынады. Организмнің кез келген ағзасы немесе тіні ісік көзі бола алады. Қазіргі уақытта барлық ісіктерді 7 топқа бөледі:

             1. Арнайы даму орны жоқ эпителийлі ісіктер (жеке ағзаға тән емес ісіктер).

             2. Сыртқы және ішкі секреция бездері мен жамылғы эпителий ісіктері (жеке ағзаға тән ісіктер).

             3. Мезенхималық ісіктер.

             4. Меланин түзуші тін ісіктері.

             5. Жүйке жүйесі мен ми қабықтарының ісіктері.

             6. Қан жүйесінің ісіктері.

             7. Тератомалар.

Қалқанша без ісіктері. Қалқанша бездің қатерсіз ісіктеріне аденома жатады. Оларфолликулалы, сорғышты, В және С - клеткалықаденомаларболыпбөлінеді.

Липома - май тінінің қатерсіз ісігі. Олкесіпқарағандасарынемесеақшылсарытүсті. Липома көлемі мен пішініәртүрлі май клеткаларынантүзілген. Егермайменбіргедәнекертінөсіпкетсеісіктіфибролипомадепатайды. Липома құрамындақанжасаушыэлементтерболса оны миелолипомадейді.

 Гибернома қоңыр май тәрізді өте сирек кездесетін ісік. Қоңыр май қалдықтары ұшырайтын жерлерде: омыртқа, бүйрек, бүйрекүсті безі айналасында, жауырын аралығында, мойында, қолтық астында дамиды.

Лейомиома біріңғай салалы бұлшықет ісігі, көбінесе жатырда, асқазан-ішек жолдарында кездеседі. Ісік құрамында дәнекер тін басым болса, ол ісік фибромиома деп,қан тамырлары көп болса - ангиомиома деп аталады.

 Рабдомиома көлденең жолақты бұлшықет ісігі жүректе, аяқ-қол бұлшықет-терінде өседі,оның көлденеңі 10-15 см-ге жетеді.

Фибросаркома - дәнекер тіннің қатерлі ісігі, ол аяқ-қолдың жоғарғы бөлігінде, жұмсақ тіндердің арасында түйін түрінде байқалады.4

Дерматофибросаркома - терімен байланысты ісік, арқада, иықта және балтырда тері астынан томпайып тұрған түйін түрінде байқалады.

 Қатерлі лейомиома - бірыңғай салалы бұлшықет ісігі.

Рабдомиосаркома - өте қатерлі ісіктердің бірі, көптеген метастаз береді.

Ангиосаркома - қан тамырларынан өсіп шығатын аса қатерлі ісік.

Остеосаркома - сүйектің қатерлі ісігі. Ол негізінен ұзын сүйектерде кездеседі.