Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
19 тақырып Психологиялық аутқулар.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

3 Тапсырма. Мәтінмен танысыңыз. Терминдерге назар аударыңыз. Сұрақ-жауап арқылы өзара сұхбат құрыңыз

Ерте жастағы аутист балалардың педагогикалық психологиялық сипаты

Балалық аутизм жасөспірімнің қоршаған ортамен байланысының жоқтығымен немесе жоғалуымен сипатталады. Қоршаған ортаға қызығушылығын жоқтығымен, тітіркендіргіштерге эмоционалдық реакцияның жоқтығымен, тіпті әуелі мақсат бағытына және қызмет орындауға белсенділіктің ешқандай түрінің болмауымен білдіріледі.

Негізгі клиникалық болмыстары: әлеуметтік өзара әрекеттердің бұзылуы; сөйлеу ерекшелігі; теңестіру симптомы; патологиялық қорқыныштар; аутостимуляциялар; өзін-өзі зақымдау мінез-құлқы; ерекше ептілігі; парасат ерекшеліктері; күйзеліс саласының бұзылуы.

Аутизм - дегеніміз шындықтан ауытқу, өз-өзіне кету, немқұрайлық немесе сыртқы құбылыстарға қимыл әрекеттердің болмауы. Ортамен қарым-қатынаста өте сезімталдық  танытады.  Аутизм симптом ретінде көптеген психикалық бұзылыстарда кездеседі. Көбінесе баланың ерте шағында (туғаннан кейін бірінші жылы немесе бірінші айларында білінеді), баланың  психикалық дамуына кері әсер көрсетеді, клиникалық сараптауда негізгі орын алады. Мұндай жағдайда ертелік бала аутизмнің синдромы туралы айтылады. Бұл ауру психикалық даму бұзылуының ерекше түрі болып табылады. Бұл ауруда жекеше психикалық функциялары жай дамиды, ал басқа функциялар керісінше тез дамиды. Көбінесе гнозистің дамуы, керсінше психикалық даму тұрақты болады. Кейде жасына сай емес сөздік қоры өте бай болса, сөйлеу қабілеті төмен болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда ерте балалық аутизм диагнозын қою үшін клиникалық мінездемесі көбінесе толық байқалмайды. Бірақ балаға түзеу жұмысы жүргізілгенде арнайы аутизммен ауыратын балаларға осы ауруға арнайы әдіс тәсілдер жүргізілу қажет. Мұндай кезде тұлғаның аутистикалық сипаттауы туралы айтылады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау мекемелердің сараптауы бойынша тұлғаның аутистикалық ауытқуында төмендегідей өзгерістер белгіленеді:

Әлеуметтік қарым-қатынас сфера ортасында сапалы бұзылыстар;

Қарым-қатынасқа түсу қабылдаудың сапалы бұзылысы;

Бала тәртібінің,  қызығуының және іс-әрекет түрлерінің қайталануы және шектелуі.

Аутизм жекеше түрде кезігетін зағиптық немесе саңырауларға қарағанда аутизм жиі кездеседі. Бірақ статистикалық көрсеткіштер бойынша аутизмнің тарауы әр түрлі, оған төмендегідей себептер бар:

1. Диагностикалық сараптаудың жетіспеушілігі,  олардың сапалық сипаттары талданбаған;

2. Жас шектеуінің ерекшелігі (Ресейде 15 жасқа дейін, АҚШ, Жапония және Батыс Еуропада жас шектеусіз);

З. Ерте балалық аутизм синдромының ұғымындағы ерекшелік себептері оның соңғы жылдары шетелдік және Отандық әдебиетте он мың жаңа туған нәрестенің ішінде 15-20 бала аутизммен ауыратыны туралы көрсетілді, оның ішінде ұлдарда аутизм синдромы қыздарға қарағанда 4-5 есе жиі кездеседі. Көбінесе аутизм синдромының өсуі  ұлттық, нәсілдік географиялық және басқадай көптеген құбылыстарға байланысты емес, сондықтан бұл синдром жекеше емес, дуниежүзілік мәні бар.

Бала аутизмін қазіргі кезде зерттеу бала аутизмінің полиэтологиясы (туындаудың көптеген себептері) мен оның полинозологиясын (әр түрі патологиялар аясында пайда болуы) дәлелдейді. Аутистік бұзылыстар әр түрлі этиологияға шартты болуы мүмкін.

  1. Эндогендік – тұқым қуалаушылық (конституциялық, процессуальды). Бұндай жағдайда аутизмнің түрі шизоидті, шизофрениялық аймақтың бұзылысына шартты тұқым қуалаушылық болады.

Әр түрлі мәліметтер бойынша аутист сиблингтердің (бірге туған аға, қарындастар) шамамен 2% инфантильді аутизммен зардап шегеді (қалыпты популяцияларға тән деңгейден 50 есе артық). Біреуі аутизммен зардап шегетін монозигодтық (біржұмыртқалық) егіздердің жағдайында, екіншісінің ауру мүмкіндігі 36% болады. Ал дизигодтық (түрлі жұмыртқалық) егіздерде бұл қауіп 10% аспайды. Ауру балалардың ағалары мен қарындастарында (егіздерден де басқа) сөйлеу тілінің тежелуі мен ақыл-ойының дамымауы жиі кездеседі. Аспергер синдромы бар балаларға тұқым қуалаушылық факторының ролі үлкен.

  1. Хромосомдық абберрация және зат алмасудың туа біткен аурулары. Кейбір генетикалық синдромдармен алмасу аурулары әр түрлі клиникалық симптомдардан басқа өзіне аутистікті де қоса алады. Бұл ауруларға қатыстылар: сынғыш Х-хромосом («фрагильді»), бас миы қыртысының склерозы. Нейрофиброматоз (фон Реклингаузен ауруы), Ито гипомеланозы, Ретта, Мебиус, Корнелия де Ланге, Лоренса-Муда-Биедла синдромдары, фенилкетонурия, мукополисахаридоз және тағы да басқалары.

Бұл аурулармен ауыратын балаларда бала аутизмнің классикалық синдромдары емес, ерекше белгілері оларға ұқсас, аутистік тәрізді деп аталатын синдромдар байқалады.

  1. Экзогенді-органикалық этиология орталық жүйке жүйесінің төмендегілердің әсерінен органикалық зақымдалуына байланысты:

а) жүктілік кезінде, туған кезде және постнатальді кезеңдегі әр түрлі патогендік факторлардың (нейроинфекция және жұқпалы инфекция, жарақат, асфикция және т.б.) әсер етуі.

Бұндай жағдайларда аутизм жүйке жүйесінің аурудан кейінгі резидуальді – органикалық жағдайы ретінде қаралады.

б) биохимиялық, нейрохимиялық және метабиликалық бұзылыстар.

Арнайы зерттеулер (ми мен жұлындық сұйықтықты, қан мен зәрді тексеру) аутистік симптомдардың серотонин, катехоламин (қан плазмасында адреналин мен норадреналин деңгейінің өсуі) және дофаминнің алмасуының бұзылу салдарынан туындауы мүмкін екенін анықтады. Аутист балалардың қанында адренокортикотроптық гормон мен кортизолдың жоғары екені анықталды. Аутизм кезіндегі биохимиялық ауытқушылықтарға қатысты кейбір мәліметтер дофамин, серотонин және норадреналин секрециясының деңгейімен аутмзмнің агрессивті түрде байқалуымен аффекті қозуының сатысының арасындағы байланысты белгілейді.

Кейбір жағдайларда аутизмнің туындауын метаболиялық бұзылыстармен байланыстырады. Ішек қабырғасының жоғарғы өткізгіштігі немесе гематоэнцофалиялық кедергілердің немесе кейбір тамақ өнімдерінің, жиі жағдайда бидай глютені мен басқа да астық тұқымдарының, сонымен бірге казеиннің (сүт және сүт өнімдеріндегі) толық ыдрамауының әсерінен туындаған опиоидтардың артықтығы жүйке жүйесінің әр түрлі бұзылыстарына, соның ішінде аутистік симпоматикалық пайда болуына әкеліп соқтырады. Жүргізілген зерттеулер барысында аутист балалардың ас мәзірінен опиодтық белсенділіктің деңгейін өзгертетің тамақ өнімдерін шығаруға бағытталған әлеуметтік диетотерапияның жағымды әсері байқалды.

в) егу еккен кездегі, жағымсыз экология, дұрыс тамақтанбау және т.б. кездеріндегі ауыр металл тұздарының уландырғыш әсері (сынап, қорғасын).

Ұлыбританиядағы Autism Research Institute(ARL) зерттеу институтының аутизмді зерттеудегі соңғы нәтижелері аутизмнің туындауына жиі жағдайда қоршаған орта мен тамақ өнімдері арқылы ауыр металлдар мен улармен улану себепші болатыны анықталады. Аутизмнің туындауына мүмкін болатын себептердің бірі ретінде балаларды егу мен иммундық дисфункцияларға да зерртеу жүргізіледі. Уланудың көзіне құрамында сынаптың тимерсолмен біріккен конервантты бар вакцина болуы да мүмкін екені туралы айтылады. Колифорния штатында (АҚШ) құрамында бар егуді қолдануды шектегеннен кейін аутизмнің пайда болуы 25% дейін төмендегені туралы мәліметтер бар. Сонымен бірге аутизмі бар балалардың басым көпшілігіне ешқандай егу жасалмады, олардың қанындағы сынаптың құрамы жоғары емес.

Сонымен жоғарыда көрсетілген аутизмнің барлық экологиялық факторлары, сонымен бірге олардың резидуальды-органикалық әсерлері, нейрохимиялық бұзылыстары ерекше емес, яғни олар аутистік бұзылыстарға ғана тән емес. Бала ағзасының дамуының белгілі бір сатысында әсер ететін бір ғана емес, біріккен бірнеше факторлардың (тұқым қуалаушылық, органикалық, биохимиялық,әлеуметтік) болуы мүмкін.