- •Медбикелік үрдіс
- •25.1.Табан терісінің күтімі. Диабеттік табан
- •25.2. Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы медбикелік үрдіс і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •Іі кезең. Медбике диагнозын қою.
- •Ііі кезең. Мәселені жою мақсатымен жоспар құру.
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Медбике күтімінің нәтижесін бағалау.
- •25.3. Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында медбикелік кірісу үлгілері
25.2. Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы медбикелік үрдіс і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
Пациенттің нақты мәселелері:
әлсіздену, селқостық;
дене қызуының көтерілуі, қалтырау;
шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы;
жиі зәр шығудың себебінен мазасызданып және ұйқысының бұзылуы;
есту және көру қабілетінің төмендеуі;
ісіну және тоңу;
сырқаттың салдарынан пациенттің ой - өрісінің қабілеті төмендеп, ақыл есінің кемуі;
пациенттің денесінде әр түрлі трофикалық жаралардың дамуы.
Пациентте болуы мүмкін мәселелер:
пациент ағзасының иммунитет қабілетінің төмендеуінен түрлі жұқпалы ауруларды қабылдап, асқынулардың қауіп - қатерлік түрлерінің дамуы;
мамандықты таңдаған кезде өзінің сырқатына кедергі келтірмейтін қолайлы қызмет түрін таңдағаны дұрыс;
инсулинді өмір бойына қабылдайтын пациенттердің өздеріне деген сүйіспеншілік қабілетін жоғалтуы;
өзіне жеткілікті түрде сұйықтық мөлшерін қамтамасыз ете алмауы;
пациенттер өз сырқатының нәтижесіз екендігіне байланысты өздерінің сезімін қоршаған ортада тежегіш қалып күйінде сезінеді.
Іі кезең. Медбике диагнозын қою.
Пациенттің нақты және болуы мүмкін мәселелерінен басқа да мәселелер түрлері туындауы мүмкін.
Ііі кезең. Мәселені жою мақсатымен жоспар құру.
Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:
шөлдегіштіктің азаюы, ауыз қуысының құрғауының бәсеңдеуі;
тері қышуының азаюы;
өзіне керекті тағам және сұйықтық мөлшерін жеткілікті түрде қабылдау;
гигиеналық тазалық шараларын өткізуге қатысу.
Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:
қантты диабетпен сырқаттанған пациенттер емдәм тәртібін нақты біледі;
пациент және оның жанұясы инсулинді егу ережелерін нақты біледі;
пациенттің сапалы жұмыс істеп тұруына құнарлы тамақ маңызды болып табылады;
шұғыл жағдай кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді және күтім ерекшеліктерін өткізу шараларын пациентке және жанұяларына ақпарат беріп, түсіндіру;
жұқпалы ауруларды болдырмау және жұқтырмау шараларын өткізіп алмау.
Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
Медбикенің кірісулері:
тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, пациентті глюкозуриялық және гликемиялық графикалық сынамасын жүргізіп, нәтижесін оқу. Пациентті негізгі зат алмасу дәрісін тексеруге дайындау. Қалқанша және ұйқы бездерін УДЗ және сканер арқылы зерттеулерді өткізу.
тәуелсіз – пациентті жалпы қараған кездегі көзге көрініп тұрған өзгерістеріне және шағымдарына сүйене отырып, жағдайдың қарқындылығын бағалау. Тамыр соғуын, демін санап, қан қысымын, дене қызуын өлшеп күтім шараларын өткізу. Қажет болған жағдайларда оттегімен қамтамасыз ету. Тері ойылудың алдын алу. Кома жағдайларында, тиреотоксикалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету.
Бір – біріне тәуелділік қатынастары – емдәм және дәрі – дәрмектер мен ем жүргізу шараларын қадағалап, олардың сапалық нәтижелерін бағалау. Пациенттің дерт анықтамасына және еміне арналған шараларды өткізуге қатысу. Педагогикалық аспект әдісін қолдана отырып, жанұяларына санитарлық – ағарту жұмысын қалай өткізілетінін мәлім ету.
