- •Жалғас Тіленов
- •Құрылымы мен пішініне байланысты буындардың жіктемесін жазыңыз. Буындардардың жазықтықтарда қоғалу түрлері.
- •Иық белдеуі бұлщықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Ымдау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
- •Көпір: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Мишық: сыртқы және ішкі құрылысы, аяқшалары.
- •Сопақша ми: сыртқы және ішкі құрылысы.
- •Бас миының ақ затының анатомиясы мен топографиясы. Ассоциативті, комиссуральды және проекциялық өткізгіштік жолдар. Сүйелді дене мен күмбездің құрылысы.
- •Жұлын: топографиясы, сыртқы және ішкі құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі.
- •Мидың үлкен жартышарларының жоғарғы-латералды, медиальды және төменгі беттерінің жүлгелері мен қатпарлары.
- •Ортаңғы ми: бөлімдері, ішкі құрылысы. Ортаңғы ми ядролары мен өткізгіш жолдарының орналасуы.
- •Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Мұрын қуысы: қабырғалары, мұрын жолдары, мұрынмаңы қойнаулары, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.
- •Көмей: шеміршектері, дыбыстық байламдары, қуысы, дыбыс саңылауы, бұлшықеттері.
- •Үшкіл жүйкесі: топографиясы, тармақтары, жүйкелендіретін аймағы.
- •Көз және көмекші аппараттары. Көз алмасы: қабықтары және олардың құрылысы
Құрылымы мен пішініне байланысты буындардың жіктемесін жазыңыз. Буындардардың жазықтықтарда қоғалу түрлері.
Буын бетінің шеміршегі, cartilago articularis, гиалин шеміршегінен немесе дәнекер тканды шеміршектен түрады. Қызметі: буын қуыстығына қараған сүйектердің буын бетін көмкеріп, буында болатын үйкелісті азайту мен қатар, салмақты жеңу қызметін атқарады. Буын шеміршегінің перифериялық бөлігі орталық бөлігіне қарағанда биіктеу болып келеді.+ 2. Буын қапшығы, capsula articularis, олбуын бетінің айналасынан шеңбер бағытымен басталып, тұйықталынып, саңылаусыз орналасқан қабықша. Буын қапшығының негізі ірі талшықты дәнекер тканынан және синовиальды қабаттантұрады. а) сыртқы фиброзды қабаты, tunica fibrosa, өте тығыздау болып орналасқан дәнекер ткандардан тұрады. Қызметі: буын қапшығының беріктігін сақтау. б) Синовиальды қабаты, tunica synovialis, немесе синовиальды жарғақ, membranasynovialis, деп аталады. Ол сыртқы фиброзды қабықша-ның ішкі қапталында орналасқан. Синовиальды қабықша деп аталусебебі, бойынан сарғыштүсті синовий, synovia, сұйықтығын бөледі Қызметі: а) буынның қозғалысы кезінде үйкелісті азайту. ә) екіншіден буын бетінің шеміршектік тканын қоректендіру, б) үшіншіден синовиальды сұйық-тықтың қоюлығына және оның жабысқақтығы-на байланысты буында болатын қозғалысты өзгерту. Синовиальды қабықшаның буын қуысына қараған бетінің көлемі, синовиальды қабықшаға байланысты болып қоймай, синовиальды өсінділерге де, villisynoviales, байланысты. 3. Буын аралық қуыстық, cavitas articularis, немесе сыртқы ортамен байланыспайтын, ішінде синовий сұйықтығы бар тұйық қуыс.
Арқаның беткей бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының дорсалды бөлімдерінен пайда құрайды, оған бастан және қолдан арқаға ауысқан бұлшықеттерқабаттасады, соның себебінен олар екі беткей және терең-қабат болып орналасады.
Беткей бұлшықеттерИық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттерҚабырғаларға бекитін бұлшықетте бұлардың екеуі де тұлғаның кейін қарай ығысқан вентралды бұлшықеттерінің туындылары. Олар бас сүйек нервтерінің алдыңғы тармақтарынан нервтендіріледі
Сан бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
Сан бұлшықеттері
Сан бұлшықеттері ұзын сүйекті рычагтарды қозғалысқа келтіре, тік жүруге әрі денені тік қалыпта ұстауға қатысады. Олар осымен байланысты ұзарып, бір ортақ сіңірі болатын қомақты массаға тұтасып, көпбасты бұлшықеттер (мысалы, екібасты және төртбасты сан бүлшықеттері) түзеді. Сан бұлшықеттері 3 топқа бөлінеді: алдыңғы (негізінен жазғыштар), артқы (бүккіштер) және медиалды (әкетушілер). Соңғы топ ұршық буынына әсер етеді, ал алдыңғы екеуі оған қоса және басым түрде тізе буынына әсер етіп, оның фронталды білігін айнала қозғалтады, бұл олардың санның артқы және алдыңғы бетіне орналасып, сираққа бекуіне байланысты.
Арқаның терең бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.
Терең бұлшықеттер Арқаның беткей бұлшықеттері: Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер екі қабат болып орналасады, олардың ең беткісі екі жалпақ бұлшықеттен тұрады:Трапеция тәрізді бұлшықет Арқаның аса жалпақ бұлшықеті Ромбтәрізді бұлшықет Жауырынды көтеретін бұлшықет Артқы жоғары тісті бұлшықет Артқы төменгі тісті бұлшықет.
Мойын бұлшықеттері: топографиялық орналасуына байланысты жіктелуі, құрылыс ерекшеліктері.
Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Артқы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады. Мойын бұлшық еттері орналасуына байланысты беткей және терең еттер болып бөлінеді. Беткей еттеріне а) төс-бұғана-емізікше еті жатады, ол төс және бұғанадан басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді; б) тері асты-адамда қалдық ет болып саналады, сүт қоректілерде жақсы жетілген. Ол үлкен көкірек еттерінің жоғарғы жағынан басталып, жақтың төменгі жерінен бекиді; в) жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзеді. Төменгі жақ сүйектен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Беткей еттеріне иек-тіл асты без-тіл асты т.б. еттер жатады. Терең еттер мойын омыртқаның алдынғы және бүйір жағында орналасқан. Бүйір еттерге алдынғы ортанғы және артқы сатылы еттер жатады, олар 3-4 мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, 1-2 қабырғаларға бекиді. Мойынның алдынғы терең еттеріне бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады, олар шүйде сүйегінен басталып, көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекиді
