- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
Билет №14
Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
Комедиялық жаңа мен ескінің, мазмұн мен форманың, мақсат пен оған жету жолдарының, іс-қимыл мен жағдайдың, адамның шынайы табиғаты мен оның өзі туралы пікірлерінің бір-біріне сәйкессіздігінен байқалуы мүмкін. Комедия өнерде әр түрлі жанрларда кездеседі: сатира, юмор, әзіл-әжуа жөне т.б. Жазушы, өз ұғымынша, керексіз деп тапқан бір өмір құбылысын не мінез, іс-әрекеттерді күлкі ету мақсатымен сахнаға лайықтап жазған драмалық жанрдың бір түрін комедия дейді. Комедияның алғашқы элементі ескі гректерде жүзім тәңірі Диониске құрмет, ізет көрсетуге арналған сауық кештерін көңілді өткізу, біткен еңбекке қуаныш ету деп басталады. Комедия мінездегі кемістікті, істегі қателікті, өмірдегі әр алуан сорақылықтарды сынау, шенеуде ең күшті құралдың бірі саналады. Жайшылық өмірдің өзінде көп адам бір адамға күлсе, жынды қылып жібере жаздайтыны тәрізді, халық, көпшілік күлген сиымсыз мінез, іс-әрекетті кім де болса, қайталамауға тырысады. Комедияның мәні де осында. Комедияның юморлық және сатиралық түрі бар. Юморлық түріне Гогольдің «Үйленуі», М.Әуезовтің «Айман-Шолпаны» жатады. Екінші түрі - сатиралық комедия. Бұның юморлық комедиядан айырмасы зілінде, салмағында. Суреттеп отырған өмір құбылысының түп-тамырына балта шабуды нысана етуінде. Қазақ драматургиясындағы көптеген юморлық образдардың ішіндегі ерекше нұсқаларының бірі — Ғ. Мүсіреповтің, Қоңқайы (“Ақан сері — Ақтоқты”). Адал әрі аңқау, дәрменсіз әрі данғой Қоңқайдың театр сахна-сында атақты Серке Қожамқұлов жасаған бейнесі көрген адамның көз алдынан кетпей қояды. Қоңқай образының әсерлілігі сондай, ол бүгінде ел аузында қүдды Қожанасыр секілді аңызға айналып кетті.
Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды, әлеуметтік-толғаныстар Лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе, Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мұң-шер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген. Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:
Саяси-азаматтық Лирика
Махаббат Лирикасы
Көңіл күй Лирикасы
Табиғат Лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлері арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы,қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар. Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллияуайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар. Арнаулы өлшеммен жазылатын Лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Аманжоловтар қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін Лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында қазақ Лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.
