Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
комм маш шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
280 Кб
Скачать
☆

38. Мұз және тығыздалған қарды оюға арналған машиналар. Жалпы құрылысы.

1 — алаң; 2 - негізгі рама; 3 - қайырма; 4 - пышақ; 5 – төрт буынды механизм рамасы; 6 – пышақ гидроцилиндрі; 7 - төрт буынды механизм рычагы;

8 - клапан

3-сурет - Д-447 жарғыш-қар тазалағышы

39. Мұз және тығыздалған қарды оюға арналған машиналар. Олардың өнімділігін есептеу.

Машинаның үздіксіз жұмысы және қардың үздіксіз ұзын жолағын жару кезінде алынатын, жарғыштың техникалық өнімділігі (м2/сағ.), мына формула-мен өрнектеледі

Пт = 3600bvм, м2/сағ.

Пайдаланылу өнімділігін анықтау кезінде шектес өткелдер ара жабынының қажеттілігі салдарынан машинаның қармау енінің азаюын, сонымен бірге машинаның уақытта пайдаланылуын есепке алу керек. Сөйтіп, пайдала-нылу өнімділігі (м2/сағ)

Пэ = 3600(b-b1) vм Кв, , м2/сағ

мұнда b1 – шектес өткелдердің ара жабыны, м, 0,1-0,3 м-ге тең;

Кв, - машинаны уақытта пайдалану коэффициенті, 0,75-0,85 тең. Жол әдетте бірнеше өткелде тазартылатын және жолдағы қар қабатының биіктігі есептіктен жоғары болғандықтан, машинаның нақтылы пайдаланылу есептілігі (м2/сағ)

Пэ = 3600(b-b1) vм Кв/n , м2/сағ

мұнда n – жолды толық тазарту үшін қажетті өткелдер саны.

40. Минералды және химилық материалдарды көлік жолдарына құюға арналған машиналар. Жалпы құрылысы.

ПР-53 құм шашыратқышы (1-сурет) қысқы уақытта сырғанақтықты жою үшін көшелер мен жолдарға құм себуге арналған. Қалағы бар соқа-щеткалы қар тазарту жабдығы жетілдірілген жол төсемдерінен қарды сыпыру және оны біліктер мен үйінділерге үю үшін машинаны пайдалануға мүмкіндік береді. Машина жазғы уақытта сусымалы жүктерді тасымалдауға арналған самосвал ретінде пайдаланылады.

Құм шашыратқыш жабдық ГАЗ-53А сериялық автомобилінің шассиіне жинақталады (1-сурет). Құм шашыратқыш жабдық шанақтан, артқы жиектен, қырнауышты конвейерден, лақтырушы дискіден және жұмыстық трансмис-сиядан тұрады.

Тұтас-металл, пісірме, сыйымдылығы 2,2 м3 шанақ қимасында трапеция түрінде болады. Шанақтың артқы бөлігіне болттармен құмды беруге арнал-ған бағыттаушы шұңқыры және шағылдырғышы бар болт бекітіледі. Шанақ-қа үлкен өлшемді фракциялардың түсуін болдырмау үшін, онда металл тор орнатылған.

Шанақтың алдыңғы бөлігінде, бағыттаушы тілімшелерде, жұлдызшалары және тарту құрылғысы бар қырнауышты конвейердің жетектегі білігі жинақталады. Біліктегі жұлдызшалар сырғанау мойынтіректерінде орнатыл-ған.

Сырғанау мойынтіректеріндегі артқы жиектің бүйірлік қабырғаларындағы шанақтың артқы бөлігінде жұлдызшалары бар конвейердің жетекші білігі орнатылады, олар жұлдызшаларды белгілі қалыпта бекітетін, кілтектер мен тіреу болттарда отырады.

41. Минералды және химилық материалдарды көлік жолдарына құюға арналған машиналар. Қызметі. Жіктелуі. Қырнауышты конвейер жетекші және жетектегі білік арасында тартыл-ған, екі зәкір шынжырларынан тұрады. Шынжырларға пісірме конструк-циялы қырнауыштар бекітіледі. Тарту станциясы ашалардан, серіппелерден, гайкалардан және тіреулерден тұрады. Білігі бар ашалар серіппелердің әсері-нен шанақтың бағыттаушылары бойымен жылжиды және шынжырларды тартады. Серіппелердің қысатын күші кілттің көмегімен гайкаларды айнал-дырумен реттеледі.

Артқы жиегі және транспортері бар шанақ рама үстінде бекітіледі және оған автомобиль өнеркәсібімен шығарылатын сериялы самосвалдардағы сияқты топсалы бекітіледі. Бұдан басқа ол шанақ фиксаторлары арқылы өтетін саусақтармен және рама үстіндегі саңылауларға бекітіледі. Қар тазарту жабдық соқадан, щеткадан және оларды тасымалдау қалпына көтерудің гидравликалық жетегінен тұрады. Соқа щеткамен бір уақытта жұмыс істегенде қардың негізгі массасын соқа ығыстырады, ал щетка қардың қалған шағын қабатын сыпырады.

Соқа машинаның алдына орнатылады. Ол тіркеу және итеру рамалары арқылы автомобильдің лонжерондарымен қосылған. Соқа автомобильдің көлденең осіне қатысты екі жақтағы 35 және 40 градус бұрыштармен орнатылатындай конструкцияланған.

ПР-53 құм шашыратқышы (1-сурет) қысқы уақытта сырғанақтықты жою үшін көшелер мен жолдарға құм себуге арналған. Қалағы бар соқа-щеткалы қар тазарту жабдығы жетілдірілген жол төсемдерінен қарды сыпыру және оны біліктер мен үйінділерге үю үшін машинаны пайдалануға мүмкіндік береді. Машина жазғы уақытта сусымалы жүктерді тасымалдауға арналған самосвал ретінде пайдаланылады.