- •43. Орманды жүктерді дайынадайтын қоймаларды
- •44. Орманды жүктердің транспортық сипаттамасы
- •45. Астықты жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарды механикаландыру
- •46. Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландырудың даму беталыстарыны міндеттері және негізгі бағыттары
- •47. Жүктерді тасымалдау әдістері
- •48. Сусымалы жүктер тиеу-түсіруге арналған жабық қоймаларда құралдар мен жабдықтары
- •49. Мұнайдың терминалдардың құрылымы және орналастыру
44. Орманды жүктердің транспортық сипаттамасы
Сүйрету (ағаштарды,шыбықтарды және сортименттерді құлатқан жерден жинайтын жерге дейін тасымалдау) — орманды дайындау сатысындағы ең негізгі жұмыс.Оның үлесіне орман кесудің еңбек шығындарының 25-30 % және орман дайындаудың еңбек шығындарының 10-12 % келеді.
Ағаштарды тасымалдау кезінде қолданылатын машиналардың кең тараған түрі –сүйрету тракторлары. Олар мобильді, маневрлі, орман кұлататын жерге келе алады, құлатылған ағаштарды (шыбықтарды) жинауға және орман өнімдерін артатын жерге апаруға ыңғайлы.Қазіргі кезде арқанмен,гидроманипулятормен және іліп алғыш құралмен жабдықталған сүйрету тракторлары қолданылады .
Арту жұмыстарының көбісі қазіргі кезде жақ тәрізді орман өнімдерін артқышпен жасалады. Пакттерді бір уақытта түсіру мен оларды жан жаққа орналастыру үшін түсіретін-тарататын құрылғылар кең пайдаланады.
Пакетті түсіру үшін іліп алғыштармен эстакаданың шетіне береді, арқандармен түсіретін пакеттерді автопоезддан немесе тіркестен эстакадаға түсіреді,
Таласқа түсетін нұсқалардың біреуі ретінде мұнаралы парталды кранды қарастыруға болады Қазіргі кезде шамалы рельске жақын қоймаларда орман өнімдерін арту үшін автокөлік крандарын колдану мүмкіншіліктері бар.Автокөлік крандарының кемшіліктері бумаларды ілу және ағыту қолмен жасалынады және де ұзын жүктермен жұмыс істеу қыйын .
Су жиегіндегі қоймаларда салды-көлікті агрегаттар қолданылады.Олар дөңгелектері бар жартылай тіркемемен жабдықталған.жартылай тіркемеде жинақталған орман өнімдерінің бумасын арқанмен буады. Осылай буылған буманы жинау алаңына немесе суға тастайтын жерге жеткізеді.Су жиегіндегі қоймаларда сонымен қатарбуманы іліп алатын көтергіші бар өзі жүретін артқыштар да қолданылады.
45. Астықты жүктермен тиеу-түсіру жұмыстарды механикаландыру
Барлық астық түріндегі жүктерді негізгі үш топқа бөлуге болады :
- дәнді - бидай, арпа, тары, сұлы және т.б;
- бұршақты – бұршақ, соя, жасымақ және т.б.;
- майлы — күнбағыс, зығыр, конопляжәне т. б.
Астықтардың негізгі қасиеттері мына мінездемелермен сипатталады:
- түрі,
- тығыземестігі,
- ылғалдылығы,
- сусымалығы (қозғалыс дәрежесі),
- Тазалық дәрежесі.
Астықты жүктер құндыларға жатады және оларды тасымалдау үшін жіберуші техникалық, коммерциялық және санитарлық-гигиеналық талаптар- ды қадағалап, вагондар мен есік қоршауларының сапалы дайындығын қамтамасыз етуі тиіс. Алушылар олардың мекен – жайына келіп түскен астықты жүктердің уақытында қабылдануын және түсірілуін қамтамасыз етеді. Вагондарды тиеу маталық немесе металл тұтқыштар көмегімен жоғарғы қолтесіктер арқылы жүзеге асырылады. Тиеудің мұндай әдісі қолтесік аралық және вагонның қақпағы мен қабырғасы арасындағы кеңістіктерді тиеуге мүмкіндік бермейді. Вагодарды толық тиеу үшін арнайы бекітпе – айырғыш- тар түріндегі шашырамалы құрылғыларды қолданады. Бекітпе – айырғыш-тары бар тиеу құрылғыларын қолдану астық шығыны жоюға, вагонның жүккөтерімділігін 1,5-2,0 т жоғарылатуға және жүктің вагонда бірқалыпты таратылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Дайындықты сызықтық элеваторлар ауыл шаруашылық кәсіпорын- дарынан астықты қабылдауға және бір көлік түрінен екіншісіне асыру үшін немесе ұзақ уақыт сақтау үшін диірменді (өндірістік) немесе асулы (порттық, базистық) элеваторларға тиеуге қызмет етеді. Диірменді (өндірістік) элеваторлар дайындықтан ең алдымен астықты вагондардан қабылдауға арналған жалпы сиымдылықпен және жабдықтың жоғары өнімділігімен ерекшелінеді. Порттық және базистік элеваторлар астықты теміржолдан су көлігіне немесе керісінше асырып тиеуге мүмкіндік береді; қуатты қабылдау және түсіру құрылғылары бар. Базистік элеваторлар астықты ұзақ уақыт сақтауға қызмет етеді. Олардың астықтың күйін жүйелік бақылауға қажетті жабдығы және астықты қабылдауға және тиеуге арналған жоғары өнімді жабдығы бар. Павильонды типті астықтық қоймалар әдетте, рельстік теміржол қоймалары ретінде қолданылады. Олар астықты қабылдауға, өңдеуге және тиеуге арналған жабдықтары бар тұрақты және қозғалмалы құралдармен жабдықталады. Дайындықты астық элеваторларды төрт типті етіп салады: Л-2 х 100 (өнімділігі 100 т/сағ сызықтық), Л-3 х 100, Л-3 х 175 және Л-4 х 175 (сиымдылығы мен тәуліктік өңдірме көлемімен ерекшелінеді).
