Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
22-23-24айс.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Кб
Скачать
☆
  1. Калориферлер. Оны қолдану.

Калориферлер жылу, желдету және кондиционирлеу жүйелерінде ауаны қыздыру үшін қолданылады. Осындай жылулық құрылғылардың эксплуатациясы кезіндегі кеңестердің бірі ауаның құрамындағы агрессивті химиялық компоненттердің мөлшері шектен аспауы керек. Калориферлер жылуалмастырғышқа байланысты сыныпталады. Калориферлер сулы, булы және электрлік болады. Сулы калориферлер аралық жылусақтағышы бар жылу-утилизаторы ретінде қолдануы мүмкін. Егер де булы калориферді қарастыратын болсақ, ол жылыту жүйелерінде ауаны қыздыру үшін пайдаланылады. Теплотехникалық және аэродинамикалық көрсеткіштерге қатысты калоферлер үш ядролы және төрт ядролы деп бөлінеді.

Калориферлер жылулық құрылғылардың танымал түрлерінің біріне жатады. Осындай жылытқыштарды таңдау кезінде келесі маңызды параметрлерді білу қажет: қуат, қысым, кіру мен шығу кезінде жылусақтағыш температурасы, сонымен қатар, қыздыру керек аймақтың ауданы. Калориферлер өндірістік кеңістіктерде қолданылатын болғандықтан оны таңдаған кезде ұқыпты болу керек. Әдетте калиферлер қабырғаға белгілі биіктікте кронштейнға бекітіледі. Сонымен қатар калориферлер өлшемдері бойынша таңдалады. Калорифердің жұмыс істеу принциптері туралы айтатын болсақ, салқын ауа құбырлары арқылы өтіп, қыздырылады. Оның конструкциясындағы бос аймақтың ені 0,5мм. Тегіс құбырлы калориферлерді қыздырылатын ауаның көлемі аз мөлшерде және қыздыру дәрежесі аз болған кезде қолданады. Калориферлерді орнату олардан өтетін ауаға байланысты паралель және тізбекі болып бөлінеді. Бірінші жағдайда ауа өзінің жолына тек бір калорифердің қарсыласумен салыстырмалы үлкен емес жылдамдықта кездеседі. Ал екінші жағдайда ауа өзжолында бірнеше тізбекте орналасқан үлкен жылдамдықтағы калориферлермен кездеседі. Калориферлерді параледь орнату ауанң көп мөлшерін қыздыру қажеттілігі туған кезде қолданылады. Ал тізбекті орнату қыздырудың жоғары дәрежесі керек кезде қолданылады.

  1. Ғимараттардың фермалары мен колонналары.

Көлденең қимасына байланысты бағандар тетікбұрышты, таңбалы пішінді және екібұтақты болады. Көлденең қима көлемі әрекеттегі жүктемеге байланысты. Мынадай біріңғайланған бағандар қиамсының көлемдері қолданылады: тікбұрыштылар үшін – 400х400, 400х600, 400х800, 500х500, 500х600, 500х800 мм;

Таңбалылар үшін – 400х600, 400х800 мм;

Екібұтақтылар үшін – 400х1000, 500х1000, 500х1300, 500х1400, 500х15000, 600х1400, 600х1900, 600х2400 мм.

Бағандар құрылыс алаңында жиналатын бірнеше бөліктен тұруы мүмкін.

Консольдері бар бағандарға кранның үстінен және атсынан жүретін бұтақтар енгізіледі. Кран үстінен жүретін бұтақтардың қимасы көбінесе квадрат немесе тікбұрышты – 400х400 немесе 500х500 мм.

Бағандар ұзындығын цехтын биіктігімен іргетастағы бітеу тереңдігін қоса санап қабылдайды, олар көпір крансыз тікбұрышты қимасы бар бағандар үшін 750 мм, көпір крандары бар тікбұрышты және қостанбалы қимасы бар бағандар үшін 850 мм, екібұтақты бағандар үшін 900-1200 мм.

Болат бағандардағы қималар биіктігі бойынша тұрақты және ауыспалы болады. Оларды болат конструкциялар зауытында өзара пісіру немесе шегелеумен құрастырылатын илектеу профилінен дайындайды. Бағаннан іргетасын көлемді аумағына салмақ жіберу үшін бағанның төменгі басына табан жасалады.

Фермалар сегменттік аркалы, параллель белдемелермен болулары мүмкін. Үшбұрышты және т.б. фермалардың төменгі және жоғарғы белдемелері арасына тіреу және қиғаш тіреулер жүйесін орналастырады.

Ферма жабының көтергіш конструкциялары – бұл үйдің маңызды конструктивті элементі. Жұмыс сипаты бойынша олар жазық және кеңістікті, ал материалы бойынша темірбетон, металл және құрастырылған болып бөлінеді.

Темірбнтон фермаларды үйлердегі аралықтар 18, 24, 30 және 36 м болған жағдайда қолданады.

Фермалардың ұстынға бұрандамалармен және бекіту элементтерін пісіру арқылы бекітеді.

Жабынның ең нәтижелі көтергіш конструкциялары болып болат фермалар табылады.

Фермалардың белдемелері мен керегеторын бұрыштықтардан немесе құбырлардан құрастырады және оларды өзара пісіру арқылы біріктіреді.

Фермалардың ұстындармен түйіндесуін негізінен топсалы қылып жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]