Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
87086321383.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
357 Кб
Скачать
☆

8.Асинхронды қозғалғыштың әрекеттік парқы.

Статордың айнымалы магнит өрісінің күш сызықтары ротор

орамаларын қиып өткенде онда электромагниттік индукция заңы бойынша ЭҚК пайда болады. Егер ротор орамасы магнит күш сызықтарын 90о бұрышпен қиып өтіп жатыр деп алса (sin90o=1), ондағы ЭҚК

E2=BlV

B-статор мен ротор арасындағы магнит индукциясы

l-орамның ойықта жатқан бөлігінің ұзындығы

V-ротордың айналмалы магнит өрісіне қарағандағы салыстырмалы сызықтық жылдамдығы.

Ротор орамалары тұйықталған тізбек құрайтындықтан, ЭҚК-тің әсерінен ротор орамасымен ток жүреді.

I2=

Z2- ротор орамасының толық кедергісі.

9.Асинхронды қозғалтқыштың синхронды жылдамдығы. Айналмалы магнит өрісінің жылдамдығын синхрондық жылдамдық деп атайды және оны nc әрпімен белгілейді. Жоғарыда қарастырған екі полюсті магнит өрісінің айналу жылдамдығы сан мәні жағынан оған берілген кернеудің жиілігіне тең, өйткені ол период iшiнде бір рет айналып шығады, яғни (айн/с) немесе (айн/мин).

Жалпы алғанда, асинхронды машинаның синхрондық жылдамдығы жұп магнит плюстерiнiң санынан тәуелдi болады және магнит полюстерiнiң саны өскен кезде магнит өрiсiнiң айналу жылдамдығы азаяды:

айн/мин, (11.7)

мұндағы р - машинаның жұп магнит полюстерінің саны.

10. Асинхронды қозғалтқыштың айналу бағытын қалай өзгертуге болады. Айналмалы магнит өрісінің айналу бағытын өзгерту үшін статор орамаларындағы токтың бағытын өзгерту керек. Өйткені орамалардағы токтың бағыты өзгерсе, онда олардағы магнит өрісінің де бағыты өзгереді. Ал токтың бағытын фазалардың реттігін алмастыру арқылы өзгертуге болады. Егер статор орамаларына берілген кернеулер жүйесінің А-В-С реттілігінде айналмалы магнит өрісі сағат тілі жүрісінің бағытымен айналып тұрса, А-С-В реттілігінде ол сағат тілі бағытына қарсы айналатын болады. Сонымен, айналмалы магнит өрісінің айналу бағытын өзгерту үшін кез-келген екі фазаның орнын алмастыру керек.

11. Асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы. Басқа да әр түрлі машиналардағы секілді, асинхронды қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы деп оның айналу жылдамдығының (жиілігінің) айналдырушы моменттен тәуелділігін, яғни графигiн айтады. Ротордың айналу жылдамдығы мен сырғудың арасындағы тура пропорционалдық байланыстан және синхронды жылдамдықтың қарастырып отырған қозғалтқыш үшін тұрақты шама екенін ескерсе, графигі мен графигінің бірдей болатындығы анық. Сондықтан асинхронды қозғалтқыш үшін сырғудың моменттен тәуелділігі де механикалық сипаттама ретінде қабылданады.

Механикалық сипаттаманың графигін тұрғызу үшін момент пен сырғуды немесе моменттi айналу жылдамдығымен байланыстыратын өрнекті табу керек

12. Асинхронды қозғалтқыштың статоры . Статор – қозғалтқыштың қозғалмайтын бөлігі. Статор (11.1, а-сурет) ферромагнит өзектен (1) және кеңістікте өзара 1200 жасап орналасқан үш орамадан (2) тұрады. Өзек арнаулы электротехникалық болаттан жасалған парақшалардан (3) жинастырылған. Парақшалардың ішкі шеңберінің бойында орамаларды орналастыруға арналған ойықтар (4) болады. Өзектегі энергияның шығынын азайту мақсатында парақшалар бір-бірінен лакпен оқшауланған да болттармен тарттырылып бекітілген.

13. Асинхронды қозғалтқыштың роторы дегеніміз. Ротор (11.1, б-сурет) өзектен (1) және орамалардан (11.2-сурет) тұрады. Өзек арнаулы болаттан жасалған парақшалардан (2) және бір-бірінен лакпен оқшауланып, қысып жинастырылады. Роторда да ойықтарда (3) жататын және кеңістікте бір - бірімен 1200 жасап орналасқан (11.2, а-сурет) үш орама (1) болады. Олар жұлдызша жалғанады да, қалған ұштары білікке кигізілген түйіскiлік сақиналарға (2) дәнекерленеді. Осындай орамасы бар роторды фазалы ротор деп, ал қозғалтқышты фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыш деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]