Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKSh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

Проблемалық оқыту.Жоба жұмысы. Оқу жобасына қажетті талаптар

Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады. Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.  Оқу жобасына төмендегідей талаптар қойылады:жоба нақты қажетті, әлеуметтік маңызды мәселеге арналады;жобаны жоспарлау мәселені шешуге бағытталады;қандай өнім алатындығы белгіленеді (нәтиже, мерзімі және оған жауаптылар көрсетіледі);білім алушылардың зерттеушілік қызметі міндетті шарт. Яғни, ақпарат іздеу, талдау оны білім алушыларға тарату; нәтижесі, өнім болып шығуы тиіс: мақала, модель т.б.жобаны ұсынған адамға нәтижені көрсету, жобаны қорғау, презентациялау.

Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар мұғалімнін тапсырмасы бойынша жекеше түрде немесе топпен бірге бірігіп оқушылардың міндетті түрде орындайтын практикалық жұмыстар

Шәкірттерді топтарға бөлгенде олардың оқуға және жұмысқа деген қабілеті ескеріледі. Оқуға қабілеттілік деп оқушының неғұрлым қысқа мерзім ішінде білімнің биік деңгейіне жету қабілетін түсінеміз. Бұл белгі бойынша оқуға қабілеті жоғары,орташа,төмен деп үш топқа бөлуге болады. Оқушылардың жұмысқа қабілеті деп олардың өнімді оқу қызметімен шұғылдануын айтамыз. Жұмысқа қабілеттілік дәрежесі оқушылардың психо-физиологиялық мүмкіндіктерімен,оқуға ынтасы және іскерлігімен анықтайды. Жұмысқа қабілттілікті арттыруда оқу дәйектілігі, оқуға құлшынысы, денсаулық жағдайы,табандылығы,сезімталдығы, оқудың тиімді тәсілдерін қолдану тағы басқалары елеулі роль атқарады. Жұмысқа қабілеттілігінің де жоғары,орташа,төмен деңгейлері бар. Оқушыларды топтарға бөлу үшін мұғалімдер мен сынып жетекшілер төмендегі бағытта жұмыстар жүргізеді:

а) оқушылардың жеке құжаттарын,мінездемесін, сынып журналын зерттеу.

Ә) оқушының сабақтағы, сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасау,талдау.

Б) әр түрлі формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып шәкірттің білім деңгейін айқындау.

В) оқушы білімін өздігінен жетілдіру іскерлігі мен дағдыларының бкастапқы деңгейін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстарын жүргізу.

Сабақтың оқу мақсаттары және оны құрастыру жолдары (смарт)

SMART мақсаттары мен міндеттері

SMART оқыту мақсаты мен міндеттерін анықтауда қолданылатын, 1981 жылы Джордж Доран енгізген ұғым. Автордың айтуынша, SMART аббревиатурасының құрамында оқыту мақсаты мен міндеттерін сипаттауға тиіс сын есімдер қамтылған. «Smart» сөзін ағылшын тілінен қазақшалағанда ақылды, тіпті қу немесе тапқыр, епті деген мағынаны білдіреді [3, б.18-19].Алайда, біз әңгіме жасағалы отырған жағдайдағы SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы  Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура.

Specific- арнайы, нақты;

Measurable-өлшеуге болатын, шектеулі талап етушілік;

Attainable-қолжетімділік;

Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі;

Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.