Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_baza.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61 Кб
Скачать
☆
  1. Ауыспалы айналым

2310 Қор қайтарымының есептелу формуласын көрсетіңіздер: (Ф – негізгі өндірістік капиталдың орта жылдық құны, П - өндірілген өнім құны)

  1. Фо=П/Ф

2401 Өндірістік қорлар айналымының уақыты қалай анықталады:

  1. Жыл/бір айналым уақыты

2402 Қор қайтарымы нешеге тең болады, егер де өндірілген өнім құны 1500 мың теңгені, ал негізіг капиталдың орташа жылдық құны 250 мың теңге болатын болса:

  1. 6,0

2403 Негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны нешеге тең болады, егер де өнім шығарылымы 1500 мың теңгені, ал қор қайтарымы 3-ке тең болса:

  1. 500

2404 Қор сыйымдылығы неге тең болады, егер өнім шығарылымы 1500 мың теңгені, ал негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны 300 мың теңгені құраса:

  1. 0,2

2405 Негізгі капиталды қолдану тиімділігін қай көрсеткіш сипаттайды:

  1. Қор қайтарымы

2406 Өнім шығарымының негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасы нені білдіреді:

  1. Қор қайтарымын

2407 Инвестициялық ресурстардың қозғалысы нәтижесінде өндірістік қорлардың үш сатыдан өтуін не деп атайды:

  1. Ауыспалы айналым

2408 Қайсысы айналым капиталына жатпайды:

  1. Транспорттық құралдар

2409 Айнымалы капиталдың орта жылдық қалдығының құны 5 млн теңгені құрады, ал өткізілген өнім құны 15 млн теңгені құрағандағы, айналым коэффициенті нешеге тең:

  1. 3

2410 Айнымалы капиталдың орта жылдық қалдығының құны 2480 мың теңгені, ал өткізілген өнім құны 9920 мың теңгені қалыптастырды. Бір айналымның ұзақтығын анықтаңыздар, егер де қарастырылып отырған кезең 360 күннен тұратын болса:

  1. 90

2501 Шекті шығын қалай анықталады:

  1. МС=∆VC/∆Q

2502 Өнімнің өзіндік құнын қандай шығын сипаттайды

  1. Орта

2503 Q=10, TC=35. Орта шығын қанша

  1. 3,5

2504 Өндіріс көлемі 10 бірлік, шығын функциясы ТС=100+8Q Жалпы шығын қанша:

  1. 180

2505 Тұрақты шығындар:

  1. Өндіріс көлеміне тәуелсіз шығын

2506 Өзгермелі шығын:

  1. Өндіріс көлемінің қысқаруы немесе ұлғаюы әсерінен өзгеретін шығындар

2507 Пайда қалай есептеледі:

  1. Жалпы табыс пен жалпы шығындар айырмасы

2508 Шекті шығын нені көрсетеді:

  1. Қосымша өнім бірлігіне есептелген шығынды

2509 Қосымша өнімді өткізгеннен түскен ақша сомасын не деп атайды:

  1. Шекті табыс

2510 Егер де кәсіпорынның орташа өзгермелі шығындары 100 теңге, ал орташа тұрақты шығындары 30 теңгені құраған болса, орташа жалпы шығын нешеге тең:

  1. 130

2601 Экономикалық шығындар:

  1. Сыртқы және ішкі шығындар мен қалыпты пайдадан тұрады

2602 Ұзақ мерзімде барлық шығындар:

  1. Айнымалы

2603 Тұрақты шығын өзгермесе, ал айнымалы шығындар өндіріс көлемінің өсуіне байланысты көбейсе, жалпы шығын:

  1. Өседі

2604«Қалыпты пайда» дегеніміз:

  1. Фирманың сол салада қалуына жеткілікті минималды пайда

2605 Фирманың тұрақты шығынына жатпайтыны:

  1. Кесімді жалақы

2606 ТС= 20+4Q жалпы шығын функциясы. Шекті шығын қанша:

  1. 4

2607 Қайсы тұжырым дұрыс:

  1. Экономикалық пайда бухгалтерлік пайдадан ішкі шығындарды шегергенге тең

2608 Фирма ресурс шығындарын 10%ке өсіргенде өндіріс көлемі 15%ке өссе:

  1. Өндіріс масштабының жағымды әсері

2609 Тауар бағасы 250 теңгені, ал өткізілген өнім саны 1500 дана құрағанда, кәсіпорынның жалпы табысы қаншаға тең болады:

  1. 375,0 мың

2610 Егер де жалпы шығындар 12500 мың теңгені, ал алынған жалпы табыс 15300 мың теңгені құрағанда, кәсіпорын пайда ала ма? Алса, пайда мөлшері нешеге тең:

  1. Алады, 2800

2701 Еңбекке сұраныс қисығы неліктен теріс еңкіш:

  1. Жалақы өссе,фирма жұмысшылар санын қысқартады

2702 Орындалған жұмыс және қызмет көлеміне төленетін жалақы:

  1. Кесімді жалақы

2703 Атаулы жалақы:

  1. Уақыт бірлігі үшін жұмысшы алатын ақша сомасы

2704 Нақты жалақы өзгерісін анықтау үшін атаулы жалақы өзгерісін немен салыстыру керек:

  1. Тауарлар мен қызметтердің баға деңгейімен

2705 Еңбек ұсынысының қисығы L=2500+25w/p теңдеуімен берілген. Нөлдік атаулы жалақы деңгейінде еңбек ұсынысы қанша:

  1. 2500

2706 Еңбек сұранысының функциясы Ld=100-2w/p және ұсыныс Ls=40+w/p, мұндағы w/p-еңбек бағасы. Егер мемлекет 25 доллар деңгейінде жалақы белгілесе, нарықта не болады:

  1. Жұмыссыздық 15

2707 Еңбек сұранысының функциясы Ld=10-2w/p және ұсыныс Ls=4+w/p, мұндағы w/p-еңбек бағасы.Тепе-теңдік жалақы:

  1. 2

2708 Ұсынысы қатаң шектелген жер және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшін баға:

  1. Рента

2709 Егер де жұмысшының атаулы жалақысы 68540 теңгені, ал тауар бағасының индексі 3,56 құрағанда, жұмысшының нақты жалақысы нешеге тең:

  1. 19253

2710 Егер де кәсіпорында бір өнім данасы үшін 200 теңге жалақы төленетін болса, ал жұмыскер бір ауысымда 80 дана өнім шығарса, онда оның осы ауысымдағы жалақысы нешеге тең болады:

  1. 16000

2801 Жерге деген ауылшаруашылық емес сұраныс қандай факторға тәуелсіз:

  1. Жер құнарлылығына

2802 Жер ұсынысы:

  1. Абсолютті икемсіз

2803 Басқа факторлар өзгермегенде жер рентасы өседі, егер:

  1. Жерге сұраныс өссе

2804 Белгілі уақыт аралығында ақшаны пайдалану бағасы:

  1. Проценттік ставка

2805 Атаулы проценттік ставка 10%, ал инфляция қарқыны 4% болса, нақты проценттік ставка:

  1. 6%

2806 Студенттің 100 доллары бар. Оны банкке салса бір жылдан кейін 11 доллар алады. Нақты проценттік ставка 8%, инфляция қарқыны қанша:

  1. 3%

2807 Атаулы проценттік ставка:

  1. Ағымдық курспен анықталған ақша бірлігіндегі проценттік ставка

2808 Нақты проценттік ставка теріс таңбалы болады, егер:

  1. Атаулы проценттік ставка инфляция қарқынынан кіші болса

2809 Егер де жалақы ставкасы тепе-теңдік ставка деңгейінен жоғары болса, онда еңбек нарығында қандай жағдай туындайды:

  1. Жұмыссыздық

2810 Тепе-теңдік проценттік ставка нені теңестіреді:

  1. Қарыз капиталына деген сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін

2901 ТҰӨ:

  1. ЖҰӨ- амортизация

2902 Тұтыну шығындары ЖҰӨ өлшеудің қандай әдісінде есепке алынады

  1. Шығындар бойынша

2903«Табыс» әдісі мен «шығындар» әдістері бойынша есептелген ЖҰӨ теңесуі үшін не істеу керек:

  1. Екі жақтан да аралық өнімді шегеру керек

2904 Табыстар бойынша ЖҰӨ келесі баптардан тұрады:

  1. Жалақы, рента, процент, пайда, амортизация және жанама салық

2905 ЖҰӨ құрамына кіреді:

  1. Жаңа жиһаз бағасы

2906 Шығындар бойынша ЖҰӨ -ге есепке алынбайды:

  1. Жалақы

2907 ЖҰӨ:

  1. Ел ішінде және шет елде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

2908 Атаулы ЖҰӨ:

  1. Ағымдық бағадағы ЖҰӨ

2909 Қазақстандық компания Ресейде қызмет атқарады. Оның бір жыл ішінде өндірген өнімдерінің құны қай көрсеткішке кіреді:

  1. Қазақстанның ЖҰӨ

2910 Таза экономикалық тұрмыс көрсеткішін есептеуде төмендегілердің қайсысы есепке алынбайды:

  1. Трансферттік төлемдер

3001 Жалпы ұлттық өнімінің аңықтамасың табындар:

  1. Бір жыл ішінде мемлекет экономикасында өндірілген соңғы өнімдер мен ызметтердің нарықтық құны

3002 Қазақстан территориясында шетел азаматтары өндірген өнім қандай көрсеткіште есепке алынады:

  1. Казақстанның ЖІӨ-де

3003 Қайсысы ЖҰӨ құрамына кіреді:

  1. Кітап дүкеніндегі жаңа оқулық бағасы

3004 Экономикада 100 доллар бағамен 10 тонна бидай өндірілсе және 500 доллар тұратын 2 станок өндірілсе мемлекеттегі ЖІӨ қанша:

  1. 2000

3005 Жеке табыс:

  1. Бір жыл ішіндегі жанұяның тапқан табысы

3006 ЖҰӨнің дефляторы- бұл

  1. ЖҰӨнің атаулы құнының нақты құнына қатынасы

3007 ЖҰӨ - 104,4; амортизация - 8,6; жанама салықтар - 7,0; корпорацияның табысы -10,1 құраса, ТҰӨ тең:

  1. 95,8

3008 Жалақы есепке алынады:

  1. ЖҰӨ -ді табыстар бойынша есептегенде

3009 Атаулы ЖҰӨ дегеніміз:

  1. Ағымдық бағамен өлшенетін ЖҰӨ

3010 Қолда қалған табысты есептеу үшін:

  1. Корпорацияның бөлінбеген пайдасын, пайдаға салынатын салықты, әлеуметтік сақтандыруға жұмсалатын төлемдерді таза ұлттық табыстан алып, трансферттік төлемдерді қосамыз

3101 Жиынтық сұраныс графигі нені бейнелейді:

  1. Баға деңгейімен тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын жиынтық шығындар арасындағы қатынасты

3102 Жиынтық ұсыныс қисығындағы Кейнстік бөлік:

  1. Горизанталь

3103 Жиынтық ұсыныс графигіндегі классикалық бөлік:

  1. Вертикаль

3104 Жиынтық сұраныс қисығының оңға орын ауыстыруы:

  1. Бағалық емес факторлар әсерін көрсетеді

3105«Арзан ақша саясаты» қашан қолданылады:

  1. Дағдарыс

3106«Қымбат ақша саясаты» қашан қолданылады:

  1. Өрлеу

3107 Экономикалық циклдің ауысуына әсер ететін сыртқы фактор:

  1. Инновация

3108 Өрлеу кезеңіне тән:

  1. Жұмыссыздықтың кемуі

3109 Экономикалық цикл себептерін түсіндіруде қазіргі кезде қандай теориялар қалыптасқан:

  1. Интерналды және экстерналды

3110 Экономикалық циклдың фазаларына қайсысы жатпайды:

  1. Инфляция

3201 Келесі көрсеткіштер өрлеу фазасында төмендейді және құлдырау кезінде өседі:

  1. Өңдеуші өнеркәсіптегі тауар запастарының көлемі

3202 Жақын арада жұмыс табуға сенімді адам:

  1. Жұмыссыз

3203 Экономикалық құлдырау әсерінен жұмысын жоғалтқан адам:

  1. Циклді жұмыссыз

3204 Өндіріс шығындарының өсуіне байланысты инфляцияға қайсысының қатысы жоқ:

  1. Өндірістік жұмыспен қамтудың өсуі

3205 Филлипс қисығы инфляция деңгейі мен:

  1. Жұмыссыздық арасындағы байланысты көрсетеді

3206 Болжанатын инфляция:

  1. Негізгі нарықтық агенттер беймделетін, күтілетін инфляцияны көрсетеді

3207 Өндіріс шығындарының өсуімен байланысты инфляция:

  1. Ұсыныс инфляциясына жатады

3208 Сұраныс инфляциясы:

  1. Тауар тапшылығына байланысты

3209 Егер де нақты жұмыссыздық деңгейі 20%, ал фрикционды жұмыссыздық деңгейі 3% құрылымдық жұмыссыздық деңгейі 5% құрағанда, циклдық жұмыссыздық деңгейі нешеге тең:

  1. 12%

3210 Егер де қаладағы жұмыс күшінің саны 87400 адамды, ал жұмыспен қамтылғандар саны 78690 адам құрады. Осы қала бойынша жұмыссыздық деңгейі нешеге тең:

  1. 9,96%

3301 Жұмыссыздық деңгейі:

  1. Жұмыссыздардың жұмысшы күшіне қатынасы

3302 Қандай жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру қайта даярлау мен біліктілікті жоғарылатуды талап етеді:

  1. Құрылымдық жұмыссыздық

3303 Орнын айырбастауға байланысты өз еркімен жұмыстан шыққан адам жұмыссыздықтын қай формасына жатады:

  1. Фрикциондық

3304 Табиғи жұмыссыздық деңгейі 6%, іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейі 18%. Циклдық жұмыссыздық анықтаңыздар.

  1. 12%

3305 Егер жұмысшы өз бетімен жұмыстан босатылса бірақ ол уақытша жұмыс таппаса ол қай жұмыссыздық формасына жатады:

  1. Фрикциондық

3306 Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың табиғи деңгейден 4 процентке артуы жалпы ұлттық өнімнің реалды жалпы ұлттық өнімнен қанша қалыс қалатындығын көрсетеді:

  1. 10%

3307 Толық жұмыспен қамту жағдайындағы жұмыссыздық деңгейі қандай жұмыссыздық формасын есепке алады:

  1. Фрикционды және құрылымдық

3308 Жұмысын жоғалтқан шахтёрлар (көмірді мұнай, газ, атом энергиясы ығыстырады) мамандық бойынша жұмыс таба алмайды. Бұндай жұмыссыздық:

  1. Құрылымдық

3309 Егер іс жүзіндегі жұмыссыздық деңгейі 12%, ал табиғи жұмыссыздық деңгейі 9% құрағанда, Оукен заңына сай ЖҰӨ қанша пайызы қалыс қалады:

  1. 7,5%

3310 Егер де тұтыну бағасының индексі ағымды жылы 1,2, алдыңғы жылы 1,1 құрағанда, инфляция деңгейі нешеге тең:

  1. 9,09%

3401 Оукен заңына сәйкес жұмыссыздықтың табиғи деңгейден екі процентке артуы алпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімнен қанша қалыс қалатындығын көрсетеді:

  1. 5%

3402 Жақын арада жұмыс табуға сенімді адам:

  1. Жұмыссыз

3403 Сұраныс инфляциясы

  1. тауардың тапшылығымен көрсетіледі

3404 Төменде берілген тұжырымдардың дұрысын табыңыз:

  1. Жұмыссыздық көтеріле бастағанда, инфляция бағасы мен темпі төмендейді

3405 Егер де тауар бағасы жылына 20% дейін өссе, онда бұл инфляцияның қай түріне жатады:

  1. Баяу

3406 Егер де тауар бағасы жылына 200% дейін өссе, онда бұл инфляцияның қай түріне жатады:

  1. Секірмелі

3407 Инфляция деңгейін анықтауда қандай көрсеткіш қолданылады:

  1. Тұтыну бағасының индексі

3408 Егер де алдыңғы жылғы тұтыну бағасының индексі 10, ал осы жылы 14 құраса, инфляция деңгейі нешеге тең:

  1. 40%

3409 Егер де алдыңғы жылғы тұтыну бағасының индексі 1,5, ал осы жылы 1,3 құраса, инфляция деңгейі нешеге тең:

  1. 15,4%

3410 Инфляция тауар бағасының қарқынына қарай қалай бөлінеді:

  1. Баяу, секірмелі, гиперинфляция

3501 М1 құрамы:

  1. Металл және қолма-қол қағаз ақшалар мен чектік салымдар

3502 М2 құрамына кіреді:

  1. Металл және қолма-қол қағаз ақшалар,чектік және ұсақ мерзімдік салымдар

3503 Міндетті резерв нормасы 20% банкте,депозит сомасы 1000$, қанша «жаңа ақша»жасауға болады:

  1. 800$

3504 Ұлттық банктің қандай әрекеті ақша ұсынысын ұлғайтады:

  1. Ашық нарықта мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алу

3505 М1, М2, М3 ақша агрегаттарын қандай белгіге қарап бөледі:

  1. Ликвидтілік (өтімділік) деңгейіне байланысты

3506 Қолма-қол ақша, есептесу және ағымдық шоттардағы азаматтардың қолма-қол ақшалары, талап еткенге дейінгі жинақ банкіндегі халықтың ұсақ депозитері қай агрегат құрамына кіреді:

  1. М2

3507 Айналымға қажет ақша саны қандай өлшемге тура пропорционал:

  1. Өндірілген өнім көлеміне

3508 Банктік резервті реттеу қай саясаттың құралына жатады:

  1. Ақша-несие саясатының

3509 Қандай да бір елде ақша айналымыны ұйымдастырудың тарихи қалыптасып заңмен бекітілген формасын не деп атайды:

  1. Ақша жүйесі

3510 Ақшаға деген сұраныс неден қалыптасады:

  1. Бизнес тарапынан және активтер тарапынан

3601 Х банкте 10000 теңге мөлшерінде депозит бар. Міндетті резерв нормасы 15%. Несиеге берілетін сома осы депозит есебінен қаншаға өседі:

  1. 8500 теңге

3602 Міндетті резерв нормасы 5%. Банк жүйесі 2 млн. теңге қарыз берсе, ақша ұсынысы қалай өзгереді:

  1. 1,9 млн. теңгеге өседі

3603 Мекемелер мен азаматтардың қолма-қол, есептесу шоттарындағы, ағымдық шоттардағы ақшалар, халықтың талап етуге дейінгі ұсақ депозиттері, халықтың ірі мерзімдік депозиттері қай агрегатты қалыптастырады:

  1. М3

3604 Келісім жасайтын ақша орта есеппен жылына 5 айналым жасаса, сұранысы бар айырбасты қамту үшін қанша ақша керек:

  1. Номиналды ЖҰӨнен 5 есе көп

3605 Ақша эмиссиясын қай банк жүргізеді:

  1. Ұлттық банк

3606 Тауар бағасы бұл ақшаның қай қызметінің көрінісі болып табылады:

  1. Құн өлшемі

3607 Несиелік ақшалар қандай қызмет атқарады:

  1. Төлем құралы

3608 Ақшаға іскерлік сұраныс қисығы қандай болып келеді:

  1. Вертикаль

3609 Ақша ұсынысын арттыруға және несиелік нарықтың ұлғаюына бағытталған саясат қалай аталады:

  1. Ынталандыру саясаты

3610 Ақша ұсынысын арттыруға және несиелік нарықтың ұлғаюына бағытталған саясат қалай аталады:

  1. Несиелік экспансия

3701 Солоу моделіне сәйкес халық санының өсу темпі жоғары мемлекетте болады:

  1. Шығарылым деңгейінің тұрақты және жоғары болуы

3702 Экономикалық өсу немен бейнеленеді:

  1. Өндіріс мүмкіндіктері қисығының оңға қозғалуымен

3703 Дамыған елдерде экономикалық өсудің ең мәнді себебі:

  1. Өндірістегі технологиялық өзгерістер

3704 Р. Солоу моделінде бір жұмысшыға есептегендегі шығарылым көлемінің үзіліссіз ұлғаюы немен қамтамасыз етіледі:

  1. Техникалық прогресспен

3705 Белгілі бір уақыт кезеңінде қалыптастырылған тауарлар мен қызметтер көлемінің көбеюі, елдің экономикалық қуатының өсуі дегеніміз – бұл:

  1. Экономикалық өсу

3706 Экономикалық өсудің қандай типтері бар:

  1. Интенсивті және экстенсивті

3707 Өндірістің нақты көлемінің ұлғаюы, өсудің тиімділігі мен сапасын көтеру мүмкіндіктерін анықтайтын құбылыстар мен процесстер – бұл:

  1. Экономикалық өсудің факторлары

3708 Экономикалық өсудің тікелей факторларына не жатады:

  1. Еңбек ресурстарының саны мен сапасы

3709 Экономикада экономикалық өсу қалай сипатталынады:

  1. Өндіріс мүмкіндіктер қисығының оңға қарай жылжуымен

3710 Нарықты монополизациялау деңгейі артқанда, экономикалық өсу:

  1. Тежеледі

3801 Экономикалық өсу көзі не:

  1. Инвестицияның өсуі

3802 Экономикалық өсудің экстенсивті типі немен сипатталынады:

  1. Бұрынғы техникалық негізде еңбек, табиғи ресурстар және өндірістік құралдардың қосымша санын пайдаланып өнім өндіру

3803 Экономикалық өсудің интенсивті формасына тән:

  1. Жаңа технология негізінде барлық факторларды тиімді пайдаланып өндірісті кеңейту

3804 Сапасын өзгертпестен, қолданылатын факторлардың санын көбейту арқылы өндіріс көлемін ұлғайту:

  1. Экстенсивті экономикалық өсу

3805 Экономикалық өсу моделінде:

  1. Динамикалы тепе-теңдік пен толық жұмыспен қамтамассыздық үйлесімін қамтамасыз ететін факторлар зерттеледі

3806 Неокейнстік модельдерде экономикалық өсу моделінің негізгі факторы не:

  1. Инвестиция өсуінің әсерінен жиынтық сұраныстың өсуі

3807 Харрод-Домардың экономикалық өсу моделіндегі табиғи өсу:

  1. Халықтың өсу қарқынымен анықталады және табыс өсуінің табиғи жоғары шегін көрсетеді

3808 Харрод-Домардың экономикалық өсу моделіндегі нақты өсу:

  1. Қалпына келтірілетін өндіріс факторы капиталдың қолда бар көлемі мен шектелген өсу қарқынын білдіреді

3809 Өндіріс көлемі мен жиынтық сұраныстың негізгі факторлары арасындағы байланыс қай модельдерде сипатталынады:

  1. Неокейнсиандық

3810 Экономикалық өсу қалай өлшенеді:

  1. Физикалық та, құндық түрде де

3901 Мемлекеттің экономикаға араласуы мынадай қажеттіліктен туындайды:

  1. Нарықтың механизм қызметін тиімді ету

3902 Қаржы жүйесі:

  1. Барлық қаржылық құрылым элементтерінің жиынтығы

3903 Мемлекеттік бюджет тапшылығы болады, егер:

  1. Мемлекеттік шығын кірістен артық болса

3904 Экономиканы тұрақтандыратын фискалдық саясат құралдары:

  1. Мемлекеттік шығындар мен салықтардың өсуі немесе кемуі

3905 Мемлекеттік қарыз:

  1. Артықшылықтарды шегергендегі мемлекеттік тапшылық сомасы

3906 Мемлекеттік шығындар мен салық салу саясаты:

  1. Фискалдық саясат

3907 Халыққа төленетін жәрдемақы, стипендия макроэкономикада қандай терминмен аталады:

  1. Трансферттер

3908 Экономикалық саясаттың құралы ақша массасы болып саналса, ол қай саясат болып саналады:

  1. Монетарлық

3909 Мемлекеттік табыс көзіне не жатады:

  1. Салық

3910 Өндірушіге тауар бағасын төмендету үшін берілетін арнайы төлемдер не деп аталады:

  1. Субсидия

4001 Мемлекеттк реттеу объектісіне не жатады:

  1. Жұмыссыздық

4002 Экономиканы мемлекеттік реттеу субъектісін анықтаңыздар:

  1. Салық комитеті

4003 Мемлекеттің фискалды саясаты қандай әдіске жатады:

  1. Экономикалық

4004 Экономиканы құқықтық реттеу нені қамтиды:

  1. Құқықтық нормалар жүйесі

4005 Экономикалық мемлекеттік реттеу нені қамтиды:

  1. Монополияға қарсы іс-шаралар

4006 Мемлекетпен баға деңгейін тұрақтандыру саясаты қалай аталады:

  1. Дефляциялық саясат

4007 Экономиканы әкімшілік мемлекеттік реттеуге не жатады:

  1. Лицензиялау, квота белгілеу

4008 Трансферттік төлемдерге не жатады:

  1. дотация

4009 Міндетті мемлекеттік төлемдер не деп аталады.

  1. Салықтар

4010 Мемлекеттік бюджет тапшылығы қай кезде пайда болады:

  1. Мемлекет шығындары оның табысынан артық болғанда

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]