- •1. Адамдардың табыс салығын алудың міндеттері
- •2. Жеке табыс салығын төлеушілері; салық салу обьектілері
- •3.Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •4. Қызметкердің төлем көзінен салық салынатын табыстары, заттай нысандағы табыстары
- •5.Қандай табыстар жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды?
- •6. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан қандай табыстар алып тасталады?
- •7. Жеке табыс салығының ставкалары, ол бойынша декларацияны кімдер тапсырады?
- •Үстеме пайда салығының ставкалары
- •12. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын арнаулы төлемдер: түрлері мен есептеу тәртібі.
- •13. Үстеме пайда салығы
- •Үстеме пайда салығы салық кезеңінен кейінгі жылдың 15-ші сәуірінен кешіктірілмей төленеді.
- •14. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы
- •Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары
- •15. Ойын бизнес салығы
- •16.Тіркелген салық
- •17.Шағын бизнес субьектілеріне арналған арнаулы салық режимі
- •18.Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •19.Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі
- •20.Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі
- •21.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимі
- •22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен салық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
- •23. Алым дегеніміз не , оның қандай түрлері бар ?
- •24. Тіркеу алымдары: төлеушілері, төлену тәртібі
- •28.Телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілі спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым
- •29.Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшін алым
- •30.Төлемақы дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
- •37. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
- •38. Қалааралық және халықаралық телефон байланысын,сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы
- •39. Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
21.Бірыңғай жер салығы негізінде арнаулы салық режимі
Жер ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган берген жер учаскелерінің бағалау құнын айқындау актісі негізінде белгіленген жер учаскесінің бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.
Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі
Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай мөлшерлемелерді қолдану жолымен жүргізіледі:
№ |
Жер учаскелерінің алаңы (гектар) |
Салық мөлшерлемесі |
1. |
500-ге дейін |
0,15 % |
2. |
501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда |
500 гектардан бағалау құнының 0,15 % + 500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3 % |
3. |
1001-ден 1500-ге дейін қоса алғанда |
1000 гектардан бағалау құнының 0,3 % + 1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,45 % |
4. |
1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда |
1500 гектардан бағалау құнының 0,45 % + 1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,6 % |
5. |
3000-нан жоғары |
3000 гектардан бағалау құнының 0,6 % + 3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,75 % |
Жайылымдар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бiрыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына 0,2% мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын төлеушілер үшін салық декларациясын табыс ету мерзімдері
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, әлеуметтік салықтың, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлерге арналған декларация жер учаскесiнiң орналасқан жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi салық кезеңінің 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі
22. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен салық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі
Ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты Салық Кодексінде белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.
Көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.
Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.
Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектілерінiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
